Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 07:17, дипломная работа

Краткое описание

Елімізде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға жан-жақты шаралар қабылдануда. Еліміз кәсіпкерлердің арқасында көркейсе, кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауымен көтерілуде. Шағын кәсіпкерлік халық шаруашылықтың дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, жұмысбасты халық санының артуына әсер етеді. Кәсіпкерліктің дамуы өндіріс пен нарықтың дамуына қозғаушы күш болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.........................................................................................................................6
1.1 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні.......................................................6
1.2 Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы түсінік.........................................13
1.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайы............19

2 ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ.....................................................................................48
2.1 Қазақстанда шағын кәсiпкерлiктi ұйымдастырудың шетелдік тәжiрибесi..63
2.2 Шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау.......................................48
2.3 Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимі және оларды қаржыландыру бағдарламалары.............................................................................54

3 АЙМАҚТА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАРҚЫНЫН ТАЛДАУ...............25
3.1 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерліктің салыстырмалы талдамасы....25
3.2 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау шаралары..35
3.3 Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеқабілеттілігін талдау........................42

Қорытынды.........................................................................................................68

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................72

ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................75

Файлы: 1 файл

ДИПЛОМ!!! оригинал.doc

— 645.50 Кб (Скачать)

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) жыл ішіндегі  табысы 2,0 миллион теңгеден аспайтын  жеке кәсіпкерлер қолданады;

Патент негізінде арнайы салық режимін қолдануға мүмкіндік  бермейтін жағдайлар туындаған  ретте салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режиміне немесе салықты есептеу мен төлеудің жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне өтініш негізінде ауысады. Аталған өтініш патент негізінде арнайы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде беріледі.

Патент жеке кәсіпкерге бір күнтізбелік жыл шегінде  кемінде бір ай мерзімге беріледі. Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыратын жері бойынша  салық органына қызмет түрін көрсете  отырып, уәкілетті мемлекеттік орган  белгілеген нысанында өтініш және Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді.

Жеке кәсіпкерлікті  лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асырған жағдайда мұндай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін  лицензиясын көрсетуге міндетті. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

Патент негізінде арнайы салық режимін қолданатын салық  төлеуші салық органдарына Мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен жинақтаушы зейнетақы  қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есептемелерді ұсынбайды. Патенттің құнын есептеуді жеке кәсіпкер мәлімделген кірістің 3 пайызы мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады.

Патент құны бюджетке мынадай түрде:

1) жеке табыс салығы  – патент құнының ½  бөлігі мөлшерінде;

2) әлеуметтік салық  – Қазақстан Республикасының  міндетті сақтандыру қорына есептелген  әлеуметтік аударымдар сомасын  алып тастағаннан кейінгі патент  құнының  ½  бөлігі мөлшерінде  төленуге тиіс. 

Жеке кәсіпкерді іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің күші жойылған мерзімге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде салықтың енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды. Нақты табыс патент алған кезде мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші бес жұмыс күні ішінде асып кеткен соманы мәлімдейді және осы сомадан салық төлейді. Салық төлеушінің өтініші бойынша бұрын берілген патенттің орнына оған табысы көрсетілген жаңа патент беріледі.

Мұндай есептесудің  формасы кәсіпкерлік қызметпен  енді айналысып келе жатқан кішкене айналымы бар кәсіпкерлер үшін тиімді. Мысалы, аяқ киім жөндеумен айналысатын шебер орташа табысы 30 мың теңгені құраса, яғни бір жылға орташа 360 мың теңге (30 мың теңге ´ 12 айға = 360 мың теңге болады).

Патенті алу үшін кәсіпкерге қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органына патент алуға жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу мен алатын табыс мөлшерін, сонымен қатар лицензиаланатын қызмет түрі болса лицензия түрін көрсетіп жазған өтініш тапсыруы қажет. Сонымен бірге, патент лицензия берілген мерзімге дейін жүзеге асырылуы қажет. Патент бойынша салық сомасы алынатын табыстың көлемінде 3% негізінде бекітіледі. Басқа сөзбен айтқанда салық төлеуші салықты өзі, ешқандай есептеу жүргізбей-ақ біртұтас ставка мөлшерінде (3% сәйкес келеді) төлейді.

Салықтық міндеттемені анықтайтын мұндай механизм кәсіпкер үшін аса қиындық туғызбайды. Мысалға, жеке кәсіпкердің күтілетін табысы 60,0 мың теңге болғанда патент құны 1800 теңгені құрайды (60,0 мың теңге ´ 3%). Патент құны (1800 теңге ¤ 2 = 900 теңге) – жеке табыс салығына (900 теңге) және әлеуметтік салыққа (900 теңге) бөлінеді де бюджетке есептелінеді. Патент салық органымен салық төлеуші патент құның бюджетке төлегендігі және жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы салымын растайтын құжаттарын өткізгеннен кейін ғана беріледі. Күтілетін табыстан алынған табыс жоғары болса, онда салық төлеуші 5 жұмыс күні ішінде жоғары болған сомада салық төлеуі тиіс. 

Мысалы, патент алған  кезде кәсіпкердің табысы 50,0 мың  теңге болсын, ал нақты табыс 80,0 мың теңгеге тең. Асып кеткен сома 30,0 мың теңгеге сәйкес келеді. Бұл жағдайда салық төлеуші 900 теңгені жеке табыс салығы ретінде – 450 теңге, ал әлеуметтік салық түрінде 450 теңгені қосып төлеуі қажет (30,0 мың теңге ´ 3%).

Егер нақты табыс  өтініште көрсетілген табыстан төмен болса, онда артық төленген соманы қайтару салық төлеушінің өтініші негізінде салық органдарымен бақылау жүргізілгеннен кейін ғана қайтарылады. Патент жеке кәсіпкердің тілегімен бір ай немесе бірнеше айға беріледі, бірақ жылдан асып кетпеуі қажет.

Жеңілдетілген декларация негізіндегі салықтарды төлеу шағын  кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекетпен  есеп айырысудың негізгі практикалық  нысаны болып табылады. Салық салудың  осы тәртібі тоқсан аяқталған  соң нақты алынған табыс бойынша  салық міндеттемелерінің есептесуі болып табылады. Мұндай да салықтар шығыны есептеусіз біріңғай ставка бойынша есептеледі. Осы режимге өту үшін кәсіпкер салық төлеушіге тоқсан басына дейін бекітілген формада қызметті жүзеге асыру орыны бойынша салық органына өтініш жазылуы тиіс.

Берілген режим келесілермен ерекшеленеді: біріншіден, салықгық міндеттемені есептеу нақты табысты алу тоқсан аяғында жүзеге асырылады; екіншіден, жеңілдетілген декларация негізіндегі салық шығындарды есепке алмай тұтас ставка бойынша есептеледі. Яғни корпоративті немесе жеке табыс салығын және әлеуметтік салықтарды есептеу үшін шығындар есебін жүргізудің қажеті жоқ.

 

Жеке кәсіпкердің табысына салық ставкалар

 

Тоқсандық табысы

Ставкасы

3000,0 мың теңгеге дейін  қоса алғанда

табыс сомасының 3 проценті

3000,0 мың теңгеден жоғары - 6000,0 мың теңгеге дейiн қоса  алғанда

90,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 4 процент

6000,0 теңгеден жоғары

210,0 мың теңге + 6000,0 
теңгеден асатын табыс 
сомасынан 5 процент

Ескерту: Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» кодексі – Алматы: Центральный Дом Бухгалтера, 2007 – 432 б.


 

Қосылған құнға салық  сомасын алып тастағанда бір тоқсанға жалпы алынған табысқа салықты  есептеу кезінде (кәсіпкер қосылған құн салығын төлейтін жағдайда) күрделі-прогресивті ставка шкаласы: үшдеңгейлі – жеке кәсіпкерлер үшін, бесдеңгейлі – заңды тұлғалар үшін. 

Салықты жеңілдетілген декларация негiзiнде есептеудi шағын кәсіпкерлік субъектiсi салық салу объектiсiне есептi салық кезеңiне тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргiзеледi.

 

Заңды тұлғаның табысына салық ставкалар

 

Тоқсандық табысы

Ставкасы

3000,0 мың теңгеге дейін  қоса алғанда

табыс сомасынан 3 проценті

3000,0 мың теңгеден жоғары - 10000,0 мың теңгеге дейiн қоса алғанда

90,0 мың теңге + 3000,0 мың 
теѕгеден асатын табыс 
сомасынан 4 процент

10000,0 теңгеден жоғары - 
18000,0 мың теңгенi қоса 
алғанда

370,0 мың теңге + 10000,0 
теңгеден асатын табыс 
сомасынан 5 процент

18000,0 теңгеден жоғары

770,0 мың теңге + 18000,0 
теңгеден асатын табыс 
сомасынан 7 процент

Ескерту: Қазақстан Республикасының  «Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдер туралы» кодексі – Алматы: Центральный Дом Бухгалтера, 2007 – 432б.


 

Жеңілдетілген декларация есеп беру жылындағы айдың 10 күніне дейін табыс етілуі керек.

Сонымен, шағын кәсіпкерліктің әртүрлі фирмаларының орнығуы мен  дамуы көбінесе аймақтардың өзіндік  ерекшеліктеріне байланысты. Шағын  кәсіпкерліктің әрекеттігімен қатар, бірінші кезекте қоғамның әлеуметтік және институтционалдық салалары қамтамасыз етіледі.

Шағын кәсіпкерлікті  дамытуда қолайлы инвестициялық  климат жасау және несиелеу жүйесін  жетілдіру басты мәселе болып  саналады. Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру нарығы салыстырмалы түрде жас болып  көрінеді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық көмекті арнайы құрылған «Қазақстанның Даму Банкі», «Ұлттық Инновациалық Қор», «Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қоғамдық қоры» және екінші деңгейлі банктер, сонымен қатар микронесиелік ұйымдар мен несиелік серіктестіктер көрсетеді.

Қазіргі кезде өте көкейкесті мәселелердің бірі болып шағын кәсіпкерлікті несиемен қамтамасыз ету мәселесі табылады. Кәсіпкерлерді несие алуға мүмкіндік беру – бұл тек шағын кәсіпкерлікті қолдап, оны «көлеңкеден» шығару ғана емес, соныман қатар жаңа кәсіпорындардың пайда болуына жол ашу.

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу 1992 жылы олардың құқықтық және әлеуметтік базасын  құру және бекітілуінен кейін басталды. 1997 жылғы 8 сәуірдегі №100 «Коммерциялық  банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілерін  несиелеудің минималды мөлшері туралы» ҚР Ұлттық Банк басқармасының Қаулысына сәйкес екінші деңгейлі банктер шағын бизнес саласын банктік несие потфелінің кем дегенде 10%-ын несиелеу міндетті.

Сондықтан да екінші деңгейлі банктердің жүргізіп жатқан несие саясатының арқасында да соңғы жылдары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер көлемінің қарқынды өсіміне қол жеткізуге мүмкіндік туды. Республика екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің жиынтық мөлшері 2004 жылдың ақпан айында 205322 млн. теңгені құрады. Екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелерінің жартысына жуық бөлігі сауда саласындағы кәсіпорындарға жұмсалды. Сауда қызметі шағын кәсіпорындарға неғұрлым қол жетерлік, себебі үлкен капитал жұмсалымын, тауарлы-материалды қорларды қажет етпейді, сондай-ақ ақша қаражаттарының тез шалымдылығын қамтамасыз етеді.     

Төмеңде Қарағанды облысындағы  шағын және орта кәсіпкерлерге несие  беретін ұйымдар мен банктердің тізімі берілген.

«Қазақстанның Халық  банкі» АҚ: Қарағандының облыс филиалы, Жезқазған аймақтық филиалы.  «Қазақстанның  Халық банкі» АҚ шағын және орта кәсіпкелікті қаржыландырудың келесі бағдарламаларын жүзеге асырады:

- ЕБРР желісі бойынша  шағын кәсіпкелікті несиелеу бағдарламасы. Шағын және орта кәсіпкелікті қаржыландыру айналым капиталының көбейту үшін, шикізат алу үшін, қосымша жабдықтарды сатып алу үшін, ғимараттарға, автокөліктерге, құрылысты қаржыландыруға және де басқа негізгі капиталға несиелер ұсынады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкелік қана несиелендіріледі. Несие тек қана жалпы қамтамасыз ету түрлері бойынша ұсынылады.

- тауар және қызметтің  отандық өндірушілеріне банктік  займдарды ұсыну бағдарламасы. Бағдарламаның  мақсаты болып экономиканың нақты  секторында отандық тауар өндірушілердің тауар ассортиментін ұлғайту мен сапасын жақсартуды, өндіріс аудандарын көбейтуді, жаңа технологиялық жабдықтарды ендіруді қаржыландыру болып табылады. Негізгі шарт: ұсынылған жобалар банкте бекітілгеннен кйін  «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорынан», Қазақстан Республикасының сауда индустрия және энергетика министрлігінен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен және Қазақстан Республикасының Үкіметінен оң баға алу керек.

«Казкоммерцбанк» АҚ әр бір клиентке жеке жолын ұсынады, қаржылық информация мен жобаның  құпиялығына кепіл болады. Экспертиза өткізу тегін жүргізіледі.

Банк Центр Кредит АҚ: Карағанды филиалы ЕБРР желісі бойынша шағын кәсіпкелікті несиелеу бағдарламасы бойынша несиелеу шартын ұсынады: несие сомасы – 30000 АҚШ долларына дейін. Несие мерзімі 1 жылға дейін, проценттік ставка – айына 1,58 %. Азяның Несиелеу компаниясының, Орта Азия-Америка Кәсіпкерлік қордың шағын кәсіпкелікті несиелеу бағдарламасы бойынша несие сомасы – 50 ден 500 мың АҚШ долларына дейін, несие мерзімі – 3 жылға дейін және проценттік ставка – жылына 18%.

Неміс несие желісі (KFW) Германия Федеративті  Республикасымен Қазақстан Республикасы  арасындағы үкімет аралық қаржылық бірлесіп қызмет атқару шегінде ашылған. Қазақстанның ірі банктерінің ішінде бұл несие желісіне Тұран Әлем Банкі және Алматы қаржы-сауда банкі қатысады. Несие желісі шегінде өндірістік, тұрмыстық-сауда қызметін көрсетудің шағын және орта кәсіпкелікке несиелер беріледі. Несие берудің базалық талаптары:

  • бір жобаға берілетін несие сомасы – 5-750 мың еуроға дейін;
  • шағын кәсіпорын зайымшылары болып 200-ден, кейде 500-ден аспайтын қызметкерлері бар кәсіпорындар;
  • несиелер ұзақ мерзімді болады – 4 жылға дейін, еурода жеңілдікпен 1 жылға 12%;
  • инвестиция пайдаланылуы керек: 70% – жабдықтар, қосалқы бөлшектер сатып алуға және 30% өндіріс шығындары;
  • Зайымшының қаржылық тұрақтылығын бекіту үшін оның несие сомасының 20% мөлшерінде жобаны жүзеге асыруға қатысуы қажет;
  • несиеге кепілдік қамтамасыз етілуі талап етіледі.

Грант беретін ұйымдардың тізімі:

Сорос-Казахстан қоры, ЕБРР өкілдігі, Еуразия Қоры, АҚШ  эксперттерінің Халықаралық Корпусы, Орталық Азиядағы кәсіпкерлікті  қолдаудың Американдық қоры, Қазақстанда  Қайрымдылықтың Халықаралық корпусы, Халықаралық еңбек ұйымы, ПРООН Ресурстық орталығы, ЮНИДО, WINROCK INTERNATIONAL.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні