Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 07:17, дипломная работа
Елімізде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға жан-жақты шаралар қабылдануда. Еліміз кәсіпкерлердің арқасында көркейсе, кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауымен көтерілуде. Шағын кәсіпкерлік халық шаруашылықтың дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, жұмысбасты халық санының артуына әсер етеді. Кәсіпкерліктің дамуы өндіріс пен нарықтың дамуына қозғаушы күш болып табылады.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.........................................................................................................................6
1.1 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні.......................................................6
1.2 Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы түсінік.........................................13
1.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайы............19
2 ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ.....................................................................................48
2.1 Қазақстанда шағын кәсiпкерлiктi ұйымдастырудың шетелдік тәжiрибесi..63
2.2 Шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау.......................................48
2.3 Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимі және оларды қаржыландыру бағдарламалары.............................................................................54
3 АЙМАҚТА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАРҚЫНЫН ТАЛДАУ...............25
3.1 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерліктің салыстырмалы талдамасы....25
3.2 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау шаралары..35
3.3 Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеқабілеттілігін талдау........................42
Қорытынды.........................................................................................................68
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................72
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................75
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол шағын және жеке кәсіпкерлік.
Шағын кәсіпкерлік – бұл мемлекеттік органдар және басқа да өкілетті ұйымдар көрсеткіштерімен, заңмен бекітілген анықтама негізінде нарықтық экономика субъектілерімен жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет. Әлемдік және отандық тәжірибе көрсеткендей әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарды шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде анықтайтын негізгі критерийлерге, бірінші кезекте, есепті кезенде кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің орташа саны жатады.
Бірқатар ғылыми еңбектерде шағын кәсіпкерлік – бір меншік иесімен басқарылатын кәсіпорындағы аз ғана топтың жұмыс істеуі деп түсіндіріледі. Негізінде шаруашылық қызмет субъектісін шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызу кезіндегі өте маңызды көрсеткіш болып персонал саны (жұмыспен қамтылған жұмысшылар), жарғылық капитал қоры, актив мөлшері, айналыс көлемі (табыс, кіріс) табылады. Әлемдік банк мәліметтері бойынша кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызатын көрсеткіштер саны 50-ден жоғары. Бірақ көп қолданылатын көрсеткіштер келесілер болып табылады: кәсіпорында жұмыспен қамтылған жұмыскерлер саны, жыл сайынғы айналым, актив мөлшері. Бірақ барлық дамыған елдерде кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызудың негізгі көрсеткіші жұмыскерлер саны болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде кәсіпорындарды шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатқызудың негізгі критерийлерге мысал келтірейік. Сонымен, Ұлыбританияда, мысалы, шағын кәсіпкерлікті анықтау жұмыскерлер саны мен айналым мәліметтеріне сүйенеді. Өте шағын кәсіпорындарға 1-24 адамға дейінгі жұмысшылары бар фирмалар жатады, шағын кәсіпорындарға 24 тен 99-ға дейінгі жұмысшылары бар фирмалар жатады. Орташа жұмыспен қамтылған жұмыскерлер саны – 50 адам.
Шағын кәсіпкерліктің маңызы өте жоғары Жапонияда жеке кәсіпорындарды жетіге бөліп қарастырады (1-4, 5-9, 10-29, 30-49, 50-99, 100-299 және 300-499), яғни заң бойынша шағын кәсіпорын болып – өнеркәсіпте, құрылыста, көлікте, байланыста, коммуналдық шаруашылықта 300-ге дейін жұмыскерлері бар заңдық жеке кәсіпорындар танылады.
Еуропада шағын кәсіпкерлік
деп – 200 жұмыскер бар, орта деп –
200-500 дейін жұмыскерлер бар
Францияда шағын кәсіпорынға жұмыспен қамтылғандар саны 500 аспайтын және қортынды балансты жабу сәтінде жылдық айналым 200 000 000 франктен төмең болмауы қажет. Сонымен қатар әр түрлі экономика салаларында фирма мөлшері әр түрлі бағаланады. Егер ауыл шаруашылығында және тамақ өнеркәсібінде – 200 адам жұмыспен қамтылған болса, онда ол шағын кәсіпкерлікке жатқызылады.
АҚШ-та «small business» түсінігіне жұмыспен қамтылғандар саны 100-ден аспайтын ұсақ фирмалар кіреді. Бұл фирмаларға жеке меншік, аз топ толғалар меншігі (серіктестік), корпоративтік меншік (акцияның көп бөлігін ұстанушының жоғары категориясы иемденеді) тән. Мысалы, «Мак Греухилл» компаниясында 50 жұмысшыға дейін жұмыс істейтін кәсіпорынды шағын кәсіпорындарға, 100-ге дейін – орта, ал 100-ден жоғары және одан да көп – ірі кәсіпорындарға жатады.
Анықтаманың сапалық нұсқалары бірнеше сандық көрсеткіштермен қосымшалауға болатын сапалық критерийлерді қолдануды қарастырады. Бірақ мұндай көзқарас та субъективті талқылаулар мен тәжірибеге сүйенеді, және «индуктивтік» тән компаниялар айырымына акцент жасалады. Сонымен бірге «әсерлесу» немесе ықпал ету нәтижесі мөлшерінің фирма қызметінің сипатына әсерін қарастыру арқылы кәсіпорындардың «шағын», «орта», «ірі» мөлшерін анықтау мүмкіндігі жасалады.
Жоғарыда келтірілген анықтамалардан шағын кәсіпкерліктің бір қатар үлкен артықшылықтары бар екендігін және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылатындығын көрсетті. Үлкен емес кәсіпорындардың көп санын құру жұмыссыздық мәселесін әлсірете алады, дұрыс бәсекелік орта құра алады, қаржы нарығын жандандыра алады, халықтың сатып алушылық қабілетін жоғарлата алады және бар нарықтың дамуы мен кеңеюін қамтамасыз ете алады.
Мысал ретінде Голландия экономисті Ван Хорнның анықтамасын қарастыруға болады. Шағын кәсіпорындардың стратегиялық болжау ерекшіліктерін талдағанда ол шағын кәсіпорындарға тән 5 қасиетті атап көрсетеді:
Осы критерийлер негізінде Ван Хорн Нидерландыда орта кәсіпорын деп 50-ден 500-ге дейін жұмыскері бар және 1 миллионнан 33 миллион фунт стерлинг айналымы бар кәсіпорынды атауды ұсынады.
Экономикалық анықтамаға
сәйкес шағын кәсіпорынға келесі
шарттарды қанағаттандыратын
Батыс елдердегі мамандардың
арасында шағын кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасының
Президенті «Шағын кәсіпкерліктің дамуын
жеделдету және мемлекеттік қолдау
шараларын күшейту туралы»
Шағын кәсіпорындар деп жоғары қаржы-шаруашылық тәуелсіздікке ие, салыстырмалы жоғары емес шаруашылық айналымы және өз шаруашылық бөліністерін тез қайта құруға мүмкіншілігі бар кәсіпорындарды айтуға болады.
Шағын кәсіпкерлік дегеніміз – барлық экономика саласында кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалармен, сонымен қатар тұрақты сандық және сапалық көрсеткіштермен анықталатын кез келген ұйымдық-құқықтық формадағы кәсіпорындармен жүзеге асырылатын қызмет түрі болып саналады. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қолдаумен қорғауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы» Заңға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілері болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, орташа жылдық жұмыскерлердің саны 50 адамнан аспайтын және активтердің жалпы құны жылына 60 мың еселік айлық есептік көрсеткішті құрайтын кәсіпорындар саналады.
Шағын кәсіпкерліктің дамуынан келесі мәселелер шешімін табады:
Шағын кәсіпкерліктің осындай
және басқада әлеуметтік-
Нарықтық экономиканың субъектісі ретінде шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Шетелдік және отандық шағын кәсіпкерліктің сипатын зерттей отырып, келесі артықшылықтарды көрсетуге болады:
Шағын кәсіпкерліктің бірқатар кемшіліктері де байқалады. Олар:
Кәсіпкерлік – осы қызметке барлық қатысушылар үшін өзара пайдалы нәтижелер мен табыстарға жету мақсатында жеке меншік және басқа қаражат пен мүліктің есебінен, қауіп-қатермен жасалатын бастамашылық шаруашылық қызметі. Кәсіпкерлік дәрежеде өзіндік, өтімділік, бастамашылық белсенді іздестіру, динамикалық, мобильділік тәрізді белгілермен сипатталады. Осының бәрі жинақталып келіп, экономикалық қызметке тән болуы керек. Кәсіпкерлік қызметтің жалпыға тән түрлі әрекет етуге бейім әрі нақты қабілеті, білімі, жұмыс істеу шеберлігі бар кез келген азамат кәсіпкер бола алады.
Басқа коммерциялық емес
құрылымдардан кәсіпкерлік
Кәсіпкерлікті төрт айқын
сатыдан құрылатын процесс
- жаңа идеяларды іздестіру
және бағалау. Идея
- бизнес жоспар жасау.
Бизнес жоспарға нарықтың
- қажет ресурстарды іздестіру. Бұндай ресурстарды анықтау және іріктеп таңдау: қаржы, еңбек, өндірістік және басқа; аз шығындармен қажет ресурстарды дер кезінде тарту.
- құрылған кәсіпорынды
басқару. Бұл саты нақты
Кәсіпкер өндіріс тиімділігін дамыту және жоғарлату жолдарын, жұмыс сапасын жақсарту, кәсіпорнының пайдасын ұлғайту және осы кәсіпкерлік қызметтің табысты жұмыс істеуіне және дамуына жету жолдарын іздеп табады.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметі бірнеше кезеңнен өтті:
1. 1980-1991 жылдар аралығында ҚР-да кәсіпкерлік қызмет өзінің басын КСРО кезіндегі қайта құру кезеңнен бастады. Сол кезде елімізде жеке еңбектік қызмет туралы, кооперация туралы, бірлескен кәсіпорындар туралы, заңдар қабылданды. Осы кезде мемлекет тарапынан бірнеше жеңілдік шаралары қолданылды. Осының арқасында экономикада бөлшек сауда орындары, қоғамдық тамақтандыру туралы өнімді өндеу кәсіпорындары сияқты кооперативтік қозғалыстар күрт дамыды. Елімізде тауар тапшылығы жойыла бастады яғни Қазақстанда кәсіпкерлік қызметінің фундаменті кооперативтер құруды деп атады. 80-шы жылдың аяғында 90-шы жылдың басында кооперативтердің саны 20 мыңға жуық болды. Ондағы жұмыс істейтің жұмысшылар саны 300 мың адам шамасында болды. Осы аралықта кооперативтер жалпы тауарлар мен көрсететің қызметің ¼ бөлігін астамын жүзеге асырды.
2. 1992-1994 жылдар аралығында.
Бұл аралықта шағын
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні