Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 07:17, дипломная работа
Елімізде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға жан-жақты шаралар қабылдануда. Еліміз кәсіпкерлердің арқасында көркейсе, кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауымен көтерілуде. Шағын кәсіпкерлік халық шаруашылықтың дамуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне, жұмысбасты халық санының артуына әсер етеді. Кәсіпкерліктің дамуы өндіріс пен нарықтың дамуына қозғаушы күш болып табылады.
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.........................................................................................................................6
1.1 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні.......................................................6
1.2 Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы түсінік.........................................13
1.3 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайы............19
2 ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ.....................................................................................48
2.1 Қазақстанда шағын кәсiпкерлiктi ұйымдастырудың шетелдік тәжiрибесi..63
2.2 Шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау.......................................48
2.3 Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимі және оларды қаржыландыру бағдарламалары.............................................................................54
3 АЙМАҚТА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАРҚЫНЫН ТАЛДАУ...............25
3.1 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерліктің салыстырмалы талдамасы....25
3.2 Қарағанды облысында шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдау шаралары..35
3.3 Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру барысында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеқабілеттілігін талдау........................42
Қорытынды.........................................................................................................68
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................72
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................75
- бизнес-инкубаторлар
құру, салық салу және менеджмент
пен персоналды басқару және
нарықтағы ахуал туралы
- техникалық көмек,
қаржылық және заңнамалық
- жаңа әзiрлемелердi
коммерциализациялауды қолдау
- пайыздық төмең ставкалар
бойынша субсидиялау және
Жапонияда зерттеулердi дамыту деңгейi бойынша жетекшi рөлдi технопарктер алады. 70% шамасында жапондық технопарктер өңiрлердегi шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындарын қолдау үшiн құрылды, бұл ретте, 58%-ы жоғары технологиялы өнiмдерді өндiруге бағытталған.
4. Германия. Германдық
кластер-желiлiк ұстанымды
- мемлекеттік қолдауға
емес шағын және орта
- тиiмсiз кәсiпорындар нарықтан кету керектігіне;
- шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттiң қаржылай көмек беруi үшiн негiзгi талабы – кредит алу қабiлеттiлiкке тiрек болады.
5. Корея. Барлық компаниялардың
99,5%-ын құрайтын 3 млн. шағын және
орта кәсiпкерлiк субъектiлерi
бар. Соныѕ iшiнде шағын
6. Франция. Экономикалық жетістіктерінен оны әлемдегі ең жоғары дамыған елдердің бірі деп болады. ЖІӨ көлемі бойынша әлемдегі төртінші орынды алуды жалғастыруда, ал халықтың 5% жұмыспен қамтылған аграрлық өнім өндірісі бойынша – әлемдегі екінші орын және Еуропадағы бірінші орын алуда. Қаржы-бюджеттік қолдау әртүрлі көздерден көптеген формаларда іске асады. Үкіметімен 1995 жылдың қараша айында қабылданған «Францияда шағын және орта кәсіпкерлік дамыту жоспары» шағын кәсіпкерлік пайдасына мемлекеттің қаржылық көмегінің бес бағытын қарастырған:
Шағын кәсіпкерлікке көрсетілетін қаржылық көмек бірнеше институционалдық эшелондардан түседі. Ұлттық жоспарда бұл орталықтандырылған бюджеттік шығындардың әртүрлі баптары және жергілікті әкімшіліктік органдар. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікке қаржылық көмек беру Еуропалық бірлестік арқылы болуы мүмкін.
7. Израиль. Қолдау инфрақұрылымының объектілерi құрылған, олардың көпшiлiгi мемлекеттiк. Кәсiпорындарды қаржыландыруға көмек беретiн мемлекеттiк және бiрнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттiк субсидия кәсіпкерлік жүргiзу үшiн қажет қаражаттың 3/4-iн құрайды, 1/4-i – кәсiпкердiң қаражаты. Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда алдымен жаңа инновациялық жобалар жасалады.
Осылайша, технопарктер
мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық
салалардың дамуын қолдайтын және мұндай
саясаттың алдына шаруашылық жүйенi
оңтайландыру мен ғылыми-техникалық
прогресс жетiстiктерiне бейiмдеу мiндетi қойылған елдерде
жақсы дамыған.
Ғылыми-өнеркәсiптiк парктер болашақтағы
технополистердiң озық технологиялары,
ғылыми зерттеулер мен жобалауды құрастыру
әзiрлемелерi дамыған елдердің қазiргі
үлгiлерi болып табылады. Өтпелi экономикада
көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер
їшiн ғылыми-өнеркәсіптік парктердi дамыту
басымдығының стратегиясы – бұл жоғары
технологиялық деңгейдiң өңiрлiк орталықтар
желiсiн дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты
зияткерлендiру негiзiнде қызметтің жаңа
салаларында iлгерiлеу. Технополистерде
ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі
ұлттық мәдениет ұйлесім тапқан және шығармашыл,
жан-жақты дамыған адамдардың жаңа қоғамдары
құрылады.
Қазақстан Республикасының нарыққа көшуінің басталуы кәсіпкерлік нысандарының өндірістік-техникалық ғана емес, сондай-ақ әлуметтік-экономикалық функцияларына қайта баға беруді қажет етті. Бірқатар елдердің тәжірибесі экономикалық реформаларды жүзеге асыруда және дағдарысты жағдайдан шығу кезінде шағын кәсіпкерліктің үлкен ролін атқаратының көрсетті.
2.2 Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимі және оларды қаржыландыру бағдарламалары
Біздің елімізде меншіктің әр түрлі формаларына негізделген экономика қалыптасуында, себебі кез-келген елде экономиканың өсу деңгейі меншіктік қарым қатынастардың пайда болуымен өзара тығыз байланыста, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің әлемдік нарыққа шығу мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президенті жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсету туралы «Жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсету туралы», «Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» туралы Заңдарды шығарды.
Бұл құжаттарда шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің
Салық жүйесі мемлекет бекіткен салықтардың және басқа да міндетті төлемдердің және қаржы ресурстарының бір орталықтандырылған және жалпы мемлекеттік қорын құру мақсатында өндірілген жиынтығын, сондай-ақ принциптерінің, тәсілдерінің, нысандарының жиынтығын, оларды өндіру әдістерінің жиынтығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі, салық кодексіне сәйкес салық қызметі ұйымдарының салықтық қатынастарын ретке келтіретін салықтың түрлерін, жинақтарын және баж салықтарын, құқықтық нормаларын енгізеді.
Төлем төлеушілердің жекелеген топтары үшін арнайы салық төлеу тәртібі қаралған, онда есептеудің және жекелеген салықтарды төлеудің, есептеулерді тапсырудың жеңілдетілген тәртібі қолданылады.
Арнайы салық режимдері
мына жағдайларда қаралады: шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне; шаруа
(фермер) қожалықтарына; ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға;
кәсіпкерлік қызметтің
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнайы салық режимінің ерекшелігі неде деген сұрақ туындайды. Арнайы салықтық режим корпоративті, жеке табыс (жалдамалы жұмыскерлердің еңбек ақысынан ұсталынатын табыс салығынан басқа), әлеуметік салық түрлері бойынша салықтық есепберуді жүргізу мен төлеудің жеңілдетілген есептеу жолын, сонымен қатар салықтық жүктемені азайтуға бағытталған жеңілдетілген ставка және басқада механизмдерді қарастыратын арнайы салықтық режим болып табылады.
Салықтық мақсатттарда, яғни шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арнайы салықтық режимді қолдану үшін Салық кодексінде табыс, саны және қызмет түрлері бойынша шектеулер қойылатын «шағын кәсіпкерлік субъектісі» деген термин қолданылады, яғни шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеке кәсіпкерлер – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар кіреді. Олар міндетті мемлекеттік тіркелімнен өтуі тиіс:
Заңды тұлға – меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді сатып ала алатын және жүзеге асыра алатын, сотта талап қоюшы және жауап беруші бола алатын ұйым.
Сонымен қатар арнаулы салықтық режимді келесі қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды және жеке кәсіпкерлер қолдана алмайды:
1) акциз өнімдерін шығару;
2) бухгалтерлік, қаржылық, кеңестік қызмет жүргізу;
3) мұнай өнімдерін жүзеге асыру;
4) шыны ыдыстарын қабылдау және жинау;
5) кен өндіру;
6) лицензиаланатын, оның ішінде:
6.1) дәрігерлік, медициналық және ветеренарлық қызмет;
6.2) тұрғын коммуналды-тұрмыстық
объектілерді газбен жабдықтау
бойынша құрылыс, жөндеу
6.3) қорғаныс, өрт сигнализациаларын
және өртке қарсы автоматты
құралдарға техникалық және
6.4) өртке қарсы техникалар мен құралдар жүзеге асыру мен өндіру;
6.5) жолаушылар лифтісіне қызмет көрсету және жөндеу жүргізу;
6.6) дизинфекция, дезинсекция
препараттары мен құралдарын
көтерме саудада жүзеге асырып
және қайта өңдейтін, оларды өндіретін,
сонымен қатар оларды қолдануме
6.7) жолаушыларды және
автокөлік жүктерін
6.8) емдік препараттарды шығару;
6.9) эксперементтік, құрылыс-монтаждық жұмыстар, құрылыс материалдарын шығару бойынша жұмыс;
6.10) алкогольді өнімдерді бөлшек жүзеге асыру.
Басқа сөзбен айтқанда, 6.1
- 6.10 пунктерінде көрсетілген
Мысалы, кәсіпкер автомобильдерді бензинмен қамтамасыз ететін станция мен шағын дүкен мен асханаға иелік етеді делік. Бұл жағдайда кәсіпкер арнайы салық режимін қолдана алмайды, себебі берілген режим мұнай өнімдеріне қолданылмайды.
Сонымен қатар, берілген салық режимін келесілер қолдануға құқықтары жоқ:
- филиалдары мен өкілдіктері бар заңды тұлғалар;
- филиалдар мен өкілдіктердің өздері;
- еншілес заңды тұлғалар мен тәуелді акционерлік қоғамдар;
- әртүрлі тұрғылықты мекендерде
құрлымдық бөлімшелері бар
Мысалы, заңды тұлғаның негізгі шарттары (табысы, жұмысшылар саны мен қызмет түрлері бойынша) бойынша арнайы салықтық режимді қолдануға толық мүмкіндігі бар, бірақ оның филиалы бар. Бұл жағдайда заңды тұлға мен оның филиалы арнайы салық режимін қолдана алмайды.
Арнайы салық режимін таңдау кәсіпкердің еркімен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектісі бюджетпен есеп айырысудың тек бір формасын ғана таңдай алады. Арнайы салық режимі шегінде түрлі қызмет түрлері бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлік формасын ескере отырып, бюджетпен есеп айырысудың үш түрі ұсынылады.
Бір реттік талон негізінде – кәсіпкерлік қызмет түрі эпизодикалық сипатта болады. Егер де, кәсіпкердің табысы болса және ол өз қызметін жүзеге асыратын болса, онда ол бюджетпен патент негізінде есеп айырысуға құқылы.
Әртүрлі қызметпен жалдамалы еңбекті пайдаланып айналысатын кәсіпкер үшін жеңілдетілген декларация негізіндегі бюджетпен есеп айырысу ұсынылады. Бюджетпен есеп айырысудың аталған формасындағы салық салудың мұндай механизімі кәсіпкерлік қызметтін даму деңгейін есептеу үшін, сонымен бірге кәсіпкерге салықтық тәртіпті үйретеді, бұдан да пайдалы бизнеске біртіндеп қадам басуына мүмкіндік береді.
Бір реттік талон негізіндегі арнайы салық режимі. Бір реттік талон қызметі кезеңдік сипатта болатын жеке тұлғалар үшін ұсынылады. Мұндай қызмет түріне өз қызметін жылына 90 күндей ғана жүргізетін қызмет жатады.
Сонымен бірге жеке тұлғалар мемлекеттік тіркеуден жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде босатылған. Мысалы, жеке тұлға бір реттік талон негізінде газеттер мен журналды сатумен айналысады. Бұл жағдайда онымен бір жыл ішінде 80 күнге талон алған (мамырда 25 күнге, маусымда 30 күнге, шілдеде 15 күнге, тамызда 10 күнге). Осылайша кәсіпкердің жыл аяғына дейін 10 күнге талон алуына болады. Егер жеке тұлға бір жыл ішінде 90 күндік талон алып, өзінің кәсіпкерлік қызметін жалғастырғысы келсе, онда ол жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуі қажетте де салық органында салық салудың басқа режиміне өтуі тиіс.
Бір реттік талон негізінде бюджетпен есеп айырысатын жеке тұлға бақылау-кассалық машинасын қолданудан босатылады, оған берілетін бір ғана талап – ол бір реттік талонның қолда болуы. Бір реттік талон құны қызметті жүзеге асырғанға дейін төленуі қажет. Талон құны жергілікті билік органымен бекітіледі. Бюджетпен бір реттік талон мен есеп айырысатын қызмет түрлері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бекітіледі.
Патент негізіндегі арнайы салық режимі. Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленген фактісін растайтын құжат. Патент негізіндегі арнайы салық режим қызметі тұрақты сипаттағы жеке кәсіпкерлер мынадай талаптарға сай келеді:
1) жалдамалы қызметкерлердің
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні