Алгебра элементтерін оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолдану

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 15:54, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі: Бастауыш сынып оқушыларына математика сабақтарында алгебралық элементтерді дамыта отырып оқытуды ұйымдастыру, сол арқылы оқушылардың бойында қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптың математика сабақтарында оқушыларды дамыта отырып оқытуды ұйымдастыру үшін сабақтар ұйымдастыру. Оқушылардың таным қызығушылығын қалыптастыру үшін қызмет ететін барлық әдіс тәсілдерді қолдану. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары жалпы білім беру, тәрбиелік және практикалық болып саналады. Оқушылардың математикалық ойлануын дамыту, математикалық мәдениетке тәрбиелеу; оқушылардың математикаға деген ықыласының тиянақты болуын қамтамасыз ету.

Оглавление

І. Кіріспе................................................................................................3-5
ІІ. Негізгі бөлім
А) Теориялық бөлім
1. Математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі...............................................................................................6-9
2 Алгебралық материалдардың түрлері және орны........................10-13
3 Бастауыш сыныпта алгебра элементтерін оқыту әдістемесі
3.1 Санды өрнек...................................................................................14-28
3.2 Санды теңдіктер мен теңсіздіктер...............................................29-32
3.3 Теңдеулерді оқыту әдістемесі......................................................33-47
Ә) Тәжірибелік бөлім
Сабақ жоспарлары...............................................................................48-56
ІІІ. Қорытынды..................................................................................57-58
Әдебиеттер тізімі..................................................................................59

Файлы: 1 файл

Мереке курсовой.doc

— 1.72 Мб (Скачать)

     х=3   

    15 + 3 = 32 — 14

      18 = 18

    Мұғалім теңдеуді шешу барысындағы түрлендірулер мен теңдеудің шешімін тексеруге оқушылардың назарын қайталап аударады, содан кейін 28 - х = 12 + 5, х - 6 = 7 + 8, т.с.с. теңдеулерінің шешімін табу арқылы теңдеуді шешу тәсілі, дағдылары бекітіледі. Дәл осы сияқты оқушыларды (20 + 6)–х=15 теңдеуімен және оны шешу әдісімен таныстыруға болады. Ол үшін мынадай есеп ұсынуға болады:

    «Азайғыш - 20 және 6 сандарының қосындысы, азайтқыш белгісіз, айырма - 15. Азайғышты табу керек».

    Есептің мәтіні бойынша теңдеу құрылады: (20 + 6) - х =15, мұнда мұғалім «ыңғайлылық» үшін алдымен 20+6 қосындысын есептеу арқылы азайғыштың орнына 26 санын қоюды ұсынады. Сонда тендеу 26 - х = 15 түрінде жазылады, одан әрі теңдеуді шешудегі іс-әрекеттер жоғарыдағы есепті шығару мен бірдей болады.

    Оқушылар  көрсетілген түрдегі теңдеулердің шешімін табуды үйренген соң, меңгерген білік, дағдыларын кесте түрінде берілген есептерді шығаруда қолдана білуге жаттықтырылады. Мұндай есептерді шығаруға үйрету әдістемесі көбіне өрнек құруға берілген есептерді шығаруға үйрету әдістемесіне ұқсас боп келеді. Мысалы, мынадай есеп берілсін:

    Төменгі кестедегі есепті оқы және шығар:

    1 қосылғыш х     17-9

    2 қосылғыш  8     х

    қосынды    3· 5  20

    Бұл кестеде екі есеп бар:

    1) Бірінші қосылғыш белгісіз, екінші қосылғыш - 8, қосынды - (3 • 5) өрнегі. Белгісіз косылғышты тап.

    2)- Бірінші қосылғыш - 17 мен 9 сандарының  айырмасы, екінші косылғыш белгісіз, қосынды - 20. Екінші қосылғышты  табу керек.

    Есептің осындай жеңілдетілген түрде берілуі бойынша немесе кесте бойынша да бірден есептерге сәйкес теңдеулер құрылып, олардың шешімдері табылады.

    IV сыныпта оқушылар теңдеудің х -12 + 36 = 60, 560 : х = 57 - 37

    х - 380) : 50 = 2000, 10- х = = 8 • 25 және т.б. түрдегі  жаңа түрлерімен танысады. Сол кезеңде оқушылар сюжеттік есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға үйретіледі. Мысалы: «Әйгерімнің сурет альбомының 20 беті бар, әр бетте 3 суреттен салынған. Әйгерім тағы бірнеше суретті альбомға желімдеді, сонда альбомда 78 сурет болды. Әйгерім альбомға неше сурет желімдеген?». Мұғалімнің көмегімен оқушылар есепте не белгісіз екенін анықтап алады (Әйгерім желімдеген суреттер саны) және оны х әрпімен белгілейді. Тірек сөздері таңдап алынады да, есептің шарты қысқаша жазылады:

    Болды - 3 • 20 (1 қосылғыш)

    Желімдеді - х (2 қосылғыш)

      Барлығы -78 (қосынды) 

    Оқушылар  есептің шартын түрлендіріп, қосу амалының компоненттерін қолданып оқиды: «Бірінші қосылғыш - 3 пен 20 сандарының көбейтіндісі, екінші қосылғыш белгісіз, қосынды - 78. Екінші қосылғышты табу керек».

    Бұдан теңдеу оңай құрылады: 3 • 20 + х = 78 және белгілі ереже (алгоритм) -бойынша шешімі оңай табылады.

    Мысалы, "қорапта 12 жаңғақ жегеннен кейін  қорапта 5 жаңғақ қалды. Қыз бала қанша  жаңғақ жеген?" қыз баланың жеген  жаңғақтарын х әріпімен белгілеп, 12 жаңғақ бар еді, х жаңғақ жеді сонда 5 жаңғақ қалды, теңдеу жазамын. 12-х=5. Теңдеу құрғанда оқушылар операциялардың есептің шартында айтылған рет тәртібін басшылыққа алатын болса, онда балалар есептің шарты бойынша тендеу құруға болады деген пікірге үйренеді, содан соң белгісіз компоненттер ережесі туралы білім игеріледі де теңдеу шешіледі.

    Бұдан соң теңдеу құруға құрама есептер  қарастырылады. Мысалы: "Бір ыдыста бірнеше литр сүт, ал екіншісінде 10 литр сүт болған. Бірінші ыдысқа тағы 2 литр сүт қүйғанда, глл екіншісінен 3 литр сүт құйып алғанда екі ыдыстағы сүт мөлшері бірдей болды. Бастапқыда бірінші ыдыста қанша литр сүт болған?". Бірінші ыдыста х литр сүт болсын х+21 ал екіншінде 10-3 (л.) сүт болды.

    Теңдеу  құру:                      х+2=10-3

    Теңдеудің шешу                 х+2=7

                                               х=7-2

                                                  х=5

                                                  5+2=10-3                     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Дәстүрлі оқыту технологиясына құрылған сабақ жоспары

            Сабақтың  тақырыбы:  Сандарды салыстыру. Теңдік, теңсіздік, теңдеу

        Мақсаты:  а) білімділік: Теңдік және теңсіздік тураолы түсініктерін қайталау, сандарды, сандық және әріптік есептерді салыстыру дағдыларын дамыту.

             б)тәрбиелік: Оқушылардың бойында елжандылық, еңбексүйгіштік, адамгершілік пен адалдық, шапшаңдық пен тазалық қасиеттерін қалыптырастыру. Бірінің пікірін бірі тыңдауға тәрбиелеу

             ә)дамытушылық: Оқушылардың өзін-өзі бағалауын, есептеп шығару арқылы логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Коммуникативтілік құзыреттілігін қалыптастыру. 

Сабақтың  түрі: саяхат сабақ

Сабақтың  типі: аралас сабақ

Технологиясы: дәстүрлі оқыту

        Сабақтың  әдіс-тәсілі: Көрнекілік: демонстрация, иллюстрация

        сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру

        Сабақтың  көрнекілігі: суреттер(Күнікей, Таусоғар, Желаяқ, Саққұлақ)  карточкалар, слайд беттері

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

        Пайдаланған әдебиеттер: 2 сынып математика әдістемелігі, Т.К.Оспанов «Математика», «Ойнайық та, ойлайық!» 2007ж Алматы

БАРЫСЫ:

І.Ұйымдастыру

А) Оқушылардың  назарын сабаққа аудару

Ә) Сынып  тазалағына мән беру

Б) Құрал-жабдықтарын  түгендеу

Психологиялық дайындық

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға  орын берсең басынан

Барлық  ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

-Қазір  бізде қандай сабақ?

-Математика

-Балалар,  бүгінгі сабағымызда Астана қаласына  саяхатқа шығамыз. Ол үшін берілген  тапсырмаларды толығымен орындау  керек. Астанаға бару үшін біз  поезға мінеміз. 

Поезға  міну үшін үй тапсырмасын тексерейік.

Үй тапсырмасын  тексеру

(Оқушылардан  кезек-кезегімен сұрақ-жауап арқылы  тексеру) 

-Дұрыс,  міне поезға міндік.

-Астанаға  бару үшін жолдың ақысын төлеу  керек. Яғни билет алып, Астана  қаласына түсу үшін өткен сабақты  еске түсірейік

ІІ. Өткен тақырыпты  пысықтау

«Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»  ойыны 

            • 10-ға және 20-ға дейінгі тура  және кері бағытта санаңдар
            • 5-тен кейінгі санды ата, келесі санның 5-тен нешеуі артық?
            • 9-дың алдындағы санды ата, алдыңғы санның 9-дан нешеуі кем?
            • 3,9,1 сандарының көршілерін ата
            • 6 мен 8,7 мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады?
            • 0 мен 2-нің қосындысы қаншаға тең?

-Міне пойыздан  да түстік. Пойыздан түскен кезде  алдымызда не тұрады?

-Астана вокзалы

ІІІ. Жаңа сабақ

-Ендеше бүгінгі  сабағымызда «Теңдік, теңсіздік,  теңдеу» жайлы мағлұматтарымызды, мәліметтерімзді қайта жаңғыртамыз.

Оқулықпен жұмыс

№1

Біз осы тапсырманы дұрыс орындасақ «Астана-Бәйтерек»  монументін көреміз

  • Кестені пайдаланып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр

 
 
 
 
 

-Міне балалар  біз «Астана-Бәйтерекке» де жеттік. 

 
 
 
 
 

№2

Сандарды кему ретімен жазып, орналастырып шықсақ «Ақ орданы тамашалаймыз

80, 3, 6, 10, 8, 7, 50, 40, 1, 9, 2, 4, 5, 20

 
 
 
 
 

Сергіту сәті

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ

Қосып едім екеуін,

Болып шықты 10 саусақ. 

№3

Есепті тез  әрі дұрыс шығарып, оған кері есеп құрастыру қажет, сол кезде Астананың көрікті жерін тамашалай аламыз.

 Ер бала-6

Қыз бала-? 3 артық

Шешуі: 6+3=9

Жауабы: 9 қыз  бала 
 

№4

Өзіндік жұмыс

3+x=9  10-x=3  x-3=6

40+y=80  100-x=40  x-30=50 

№5

Бұл есепті орындаған  кезде Астананың саябағын аралауға мол мүмкіндік ашылады

Терек-6

Үйеңкі-4

Барлығы-?

Шешуі: 6+4=10

Жауабы: 10 жапырақ 

ІҮ. Үйге тапсырма беру:

№6,№7

Ү. Бағалау

Фишка арқылы

                                         

                            -  5 

            -4 

                  -3 
 
 

ҮІ. Қорытындылау 

  Дамыта оқыту технологиясына  құрылған сабақ  жоспары

            Сабақтың  тақырыбы:  Сандарды салыстыру. Теңдік, теңсіздік, теңдеу

        Мақсаты:  а) білімділік: Теңдік және теңсіздік тураолы түсініктерін қайталау, сандарды, сандық және әріптік есептерді салыстыру дағдыларын дамыту.

             б)тәрбиелік: Оқушылардың бойында елжандылық, еңбексүйгіштік, адамгершілік пен адалдық, шапшаңдық пен тазалық қасиеттерін қалыптырастыру. Бірінің пікірін бірі тыңдауға тәрбиелеу

             ә)дамытушылық: Оқушылардың өзін-өзі бағалауын, есептеп шығару арқылы логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Коммуникативтілік құзыреттілігін қалыптастыру. 

Сабақтың  түрі: ойын сабақ

Сабақтың  типі: аралас сабақ

Технологиясы: дамыта оқыту

Сабақтың  әдіс-тәсілі: 

        Сабақтың  көрнекілігі: карточкалар, слайд беттері

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

        Пайдаланған әдебиеттер: 2 сынып математика әдістемелігі, Т.К.Оспанов «Математика», «Ойнайық та, ойлайық!» 2007ж Алматы

БАРЫСЫ:

І. Қызығушылықты ояту

1. Ұйымдастыру кезеңі

Ал, кәнекей, балалар,

Бері қарай қарайық.

Қажет құрал, кітапты,

Алдымызға алайық.

Алаңдамай басқаға,

Сабаққа назар  салайық.

Дұрыс есеп шешімін,

Мұқиятпен табайық.  

2.Үй  тапсырмасын тексеру

«Кубизм»  әдісі

 
 
 

Оқушыға кубикті ұсыну. Сол кубиктің түскен бағыты бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • 10-ға және 20-ға дейінгі тура және кері бағытта санаңдар
  • 5-тен кейінгі санды ата, келесі санның 5-тен нешеуі артық?
  • 9-дың алдындағы санды ата, алдыңғы санның 9-дан нешеуі кем?
  • 3,9,1 сандарының көршілерін ата
  • 6 мен 8,7 мен 9 сандарының арасында қандай сан тұрады?
  • 0 мен 2-нің қосындысы қаншаға тең?

Информация о работе Алгебра элементтерін оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолдану