Алгебра элементтерін оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолдану

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 15:54, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі: Бастауыш сынып оқушыларына математика сабақтарында алгебралық элементтерді дамыта отырып оқытуды ұйымдастыру, сол арқылы оқушылардың бойында қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптың математика сабақтарында оқушыларды дамыта отырып оқытуды ұйымдастыру үшін сабақтар ұйымдастыру. Оқушылардың таным қызығушылығын қалыптастыру үшін қызмет ететін барлық әдіс тәсілдерді қолдану. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары жалпы білім беру, тәрбиелік және практикалық болып саналады. Оқушылардың математикалық ойлануын дамыту, математикалық мәдениетке тәрбиелеу; оқушылардың математикаға деген ықыласының тиянақты болуын қамтамасыз ету.

Оглавление

І. Кіріспе................................................................................................3-5
ІІ. Негізгі бөлім
А) Теориялық бөлім
1. Математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі...............................................................................................6-9
2 Алгебралық материалдардың түрлері және орны........................10-13
3 Бастауыш сыныпта алгебра элементтерін оқыту әдістемесі
3.1 Санды өрнек...................................................................................14-28
3.2 Санды теңдіктер мен теңсіздіктер...............................................29-32
3.3 Теңдеулерді оқыту әдістемесі......................................................33-47
Ә) Тәжірибелік бөлім
Сабақ жоспарлары...............................................................................48-56
ІІІ. Қорытынды..................................................................................57-58
Әдебиеттер тізімі..................................................................................59

Файлы: 1 файл

Мереке курсовой.doc

— 1.72 Мб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ 
 
 
 
 

Алгебра элементтерін оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолдану 
 

Бастауыш сыныпта  математиканы оқыту әдістемесі пәнінен  курстық жұмыс

                            
 
 
 
 
 
 

                           Орындаған: Даниярова Мереке

      Мамандығы: 0105000-«Жалпы бастауыш білім беру»

                              Тобы: ББ-П-07

               Ғылыми жетекшісі:  Сәрсен Гүлжанат

                              Курстық жұмысты қорғау бағасы: .................

                              Хаттама №........., «.............» ................ 2011ж 
 
 
 

                               Қызылорда 2011ж

      Мазмұны

І. Кіріспе................................................................................................3-5

ІІ. Негізгі бөлім

А) Теориялық бөлім

1. Математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі...............................................................................................6-9

2 Алгебралық материалдардың түрлері және орны........................10-13

3 Бастауыш  сыныпта алгебра элементтерін оқыту әдістемесі

3.1 Санды өрнек...................................................................................14-28

3.2 Санды теңдіктер мен теңсіздіктер...............................................29-32

3.3 Теңдеулерді оқыту әдістемесі......................................................33-47

Ә) Тәжірибелік бөлім

Сабақ жоспарлары...............................................................................48-56

ІІІ. Қорытынды..................................................................................57-58

Әдебиеттер  тізімі..................................................................................59 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      КІРІСПЕ

      Қазіргі заманның талаптарына сай еңбекке, қоршаған ортаға, қоғамға деген қарым - қатынастылықтар мен көзқарастарды қалыптастыру мектеп курсының барлық пәндерін оқыту процесінде жүргізіледі, орындалады. Алайда, осы бағытта математика пәнін алып қарастыратын болсақ, оның оқытудағы әдіс – тәсілді ерекшеліктеріне байланысты тәрбиелеуде өте қуатты құрал болып табылатынын сөзсіз.

      Оқытудың  жаңа технологияларын білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану білім берудің міндетіне жатады. [ ] «Сапалы білім беру Қазақстанныі индустриалдық-инновпациялық дамуыныі негізі болуы тиіс»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы. [ ]

      Математиканың әр  қадамы өмірдің қажетінен  туады, сабақта қарастыратын көп  есептер адамның практикалық дүниесіне байланысты. Сондықтан математикалық ұғымдардың нақты және тиімді болуы оқушылардың жеке тәрбиесіне байланысты, оқу жүйесіне қойылатын бірінші шарт – ол оқушылардың оқу процесі өмірімен байланысты болуы. Математикадан алған білім, біліктерін оқушылар тек еңбек және оқу әрекеттерінде қолданып қоймай, сонымен қатар мәдениеттің басқа салаларында меңгертуге де пайдалануға болады.  Математиканың тәрбиелік әсер етуі – оқушылардың бойында ой - өрісті, саналы ойлай білу ерекшеліктерін, өмірге деген көзқарастарын, танымдық ерекшеліктерін, патриоттық сезімдерін оята отырып дамыту, қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Ал, ондай жетістіктерге алгебралық материалдарды жетік меңгеру арқылы  жеткізу мүмкін .

     Дұрыс жолға қойылып шешілетін математикалық  білім  оқушының бойында өте бекем, орнықты ойлау қабілеттері мен дағдыларын қалыптастырады. Ешқандай, математикадан өзге пәндік сабақтар, оқушыға «дұрыстылық, дәлдік, әділеттілік» секілді бейтанысты тенденцияны ашып айқындап көрсете алмайды.

       Математиканы  оқытуда, біздіңше, дамыта оқытуды  қалыптастыру мен дамыту жолдарын анықтаудың негізі ретінде оқушының жеке басының іс-әрекеттін қасиетіне деген қызығушылықтың ыңғайынан алған абзал.

       Дамыта  оқыту - оқушылардың танымдық сұранысының  объективті көрінісі ретінде, яғни олардың шығармашылық есептерді орындауда білімі, біліктілік және машақтарға ие болуларына бағытталған қауырт оқу танымдық іс-әрекеті ретінде көрінеді. Осындай іс-әрекетті басқаратын, қарастырылып отырған математикалық жағдайдың (ол әртүрлі есеп, тапсырмалар, проблемалық мәселелер болуы мүмкін) шешімін табуда оқушының іс-әрекетінің шығармашылық сипатында өрбуіне жетелейтін әдістемені жасау қажеттілігінен туып отыр.

    Осы айтылғандардың бәрі мектепте математиканы оқыту процесінде шығармашылық және логикалық есептерді біртұтас және жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың дамыта оқытуында дамыту әдістемесін құрудың көкейтесті екенін көрсетеді.

    Зерттеудің өзектілігі: Бастауыш сынып оқушыларына математика сабақтарында алгебралық элементтерді дамыта отырып оқытуды ұйымдастыру, сол арқылы оқушылардың бойында қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыру.

       Зерттеудің  мақсаты: Бастауыш сыныптың математика сабақтарында оқушыларды  дамыта отырып оқытуды ұйымдастыру үшін сабақтар ұйымдастыру. Оқушылардың таным қызығушылығын қалыптастыру үшін қызмет ететін барлық әдіс тәсілдерді қолдану. Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары жалпы білім беру, тәрбиелік және практикалық болып саналады. Оқушылардың математикалық ойлануын дамыту, математикалық мәдениетке тәрбиелеу; оқушылардың математикаға деген ықыласының тиянақты болуын қамтамасыз ету.

     Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптың математика сабақтарындағы дамыта оқыту процесі.

    Зерттеу болжамы: Егер  бастауыш сыныпта оқушыларға алгебралық материалдарды  дамыта оқыту технологиясы арқылы жетік меңгерте алсақ, онда олардың  математикадан  бiлiм  деңгейi  жоғарылайды  және  т.б  пәндердi  оқушылардың  жетелей  түсiнуiне,  қазіргі заман талабына сай терең білім  алуына   ықпал  жасайды.

    Зерттеудің  міндеттері:

    -Бастауыш  сыныптың математика сабағында алгебра элементтерін дамыта отырып толық меңгерту  арқылы  оқушылардың ой - өрiсiн дамыту  мүмкiндiктерiн анықтау;

    -Теңдеулерді (теңсіздіктерді т.б.) шешу тәсілдерін қарастыратын ретпен оқытып үйрету және олардың көмегімен есеп шығаруды қарастыру, бастауыш буын оқушыларын келесі сыныптардың талабына сай дайындауды қамтамасыз ету. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Математика сабағында  дамыта оқыту технологиясын  қолданудың тиімділігі

    Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын  талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленген формалары, әдіс-тәсілдері.

    Бастауыш  білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі  негізгі талаптарға сәйкес болуы  керек.

    Оқу үрдісінде білім алушылардың  өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу;

    Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру;

    -Жеке басты дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану;

    -Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.

    Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту  технологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс-әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекі ғалымдар Л.С.Выготский, М.Я.Лернер, Л.В:Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин толық зерттеп дәлелдеген.

    В.В.Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:

     - оқу міндетін қою сабағы;

     - модельдеу сабағы;

     - түсінікті нақтылау сабағы;

     - нақтылау сабағы;

     - бағалау сабағы.

    1. Оқыту мақсаттарының нақты қойылуы.

    2. Оны шешудің жолын бірге қарастыру.

    3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

    Бұл үшеуі – дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің  негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Дамыта оқыту белгілері:

    Педагогикадағы  түсіндірмелі-иллюстративті әдісі  алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуы  – тығыз байланыста.

    Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.

    Балаға  іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.

    Балаға  қоршаған ортамен өзара қатынасқа  түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

    Тұлғаның  барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.

    Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.                                                     Дамыта оқыту – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарна сәйкестендірілген оқыту.

    Мақсаты: баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыруғ жекелік қасиетін ескеру, әрі қарй бағыттау.

    Дамыта  оқыту идеясын алғаш рет 1959-1960 жылы академик Л.В.Занков қолданды. 1990 жылы ол жалғасын тапты. Жалғастырған Выготский, Эльконин.

    Дамыта  оқыту компоненттері:

    -оқу мақсаттарының қойылуы;

    -оны шешудің жолын бірлесе қарау;

    -шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

    Ерекшеліктері:

    -оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;

    -мақсаттағы айырмашылықтар;

    -әдіс-тәсілдегі ереушеліктер;

    -оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

    -мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;

    -мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас.

    Принциптері:

    -жоғары қиындықта оқыту;

    -мидағы талшықтар/ нейрондар/ тек ойлап, әрекеті болған жерде молаяды, миды ынталандыру керек.

    Белсенді  ой қызметінсіз клеткалар бай  талшықтар құрай алмайтындықтан, қызметі төмендеп, біртіндеп сөне береді. Мысалы: аңдар арасында қалған бала қайтадан адам болмайды.

    Қарапайымға қарай жетелеу: суретін көреді, не екенін, түрі қандай екенін сұрағаннан гөрі ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білу баланы дамыту үшін тиімді. Бұрынғы ескі методикада тапсырма жеңіл болса игереді, қиындығы бар тапсырма орындау үшін бала қиналады. Ал дамыта оқытуда баланың ақыл-ойын арттырады, шығармашылығын шыңдайды.

    Қызығушылықты ояту.

    Белгілі бір тақырып бойынша оқушы  не біледі, не айта алады анықтаудан басталады. Ойды қозғау, ояту. Әрине, тақырып өтейін деп тұрған сабаққа, тақырыбына байланысты болуы керек. Қызығушылықты ояту, мұғалімнің ізденісіне байланысты. Ояту түрі, материалы, оқушыны қозғай алуы.

Информация о работе Алгебра элементтерін оқытуда дамыта оқыту технологиясын қолдану