Қазақстанның металлургия өнеркәсібі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 23:13, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Экономикамыздың өсуінде металлургия өнеркәсібінің рөлі зор. Республиканың Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Республиканың отын өнеркәсібінің 2015 жылға дейінгі даму стратегиясын» қабылдады [1].

Оглавление

Кіріспе 4
Негізгі бөлім
1 Қазақстан экономикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму ерекшелігі
1.1 Нарықтық экономикаға өтуі 6
1.2 Нарықтық экономика жағдайындағы республика
экономикасының дамуы 9
1.3. Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларының ролі 10
2 Қазақстанның металлургия өнеркәсібі
2.1. Минаралды-шикізат ресурстары 14
2.2 Металлургия өнеркәсібінің 2002-2005 жылдары арасындағы көрсеткіштері 15
2.3 Металлургия өнеркәсібінің қазіргі жағдайы 17
2.4 Металлургия кәсіпорындары. 19
3. Қазақстанда түсті және қара металлургияны дамытудың
негізгі бағыттары 21
4. Минералды-шикізат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27

Файлы: 1 файл

Курстық жұмыс 2011.doc

— 194.00 Кб (Скачать)

Қазақстанда қазіргі таңда ең тауарлы өнеркәсіп саласына металлургия өнеркәсібі  жатады. Ол қара және түсті металлургиядан тұрады. Қазақстанның бүкіл өнеркәсіп үлесінің 20 пайызы металлургия өнеркәсібіне тиесілі. Оның ішінді үштен екісін түсті металлургия, үштен бірін қара металлургия алады.

Түсті металлургия тәуелсіздік жылдары үлкен дағдарысқа ұшырады. 1999 жылдан бастап жаңа  кен орындар игеріле бастады. «Қазақмыс» корпарациясы әлемдегі ең ірі он мыс корпарациясының құрамына кіреді. Республикада мыс өнімін негізгі қолданушылар Павлодардағы «Казэнергокабель» және Балхаш тау-кен металлургия комбинаты.

Қазақстанның мыс рудасы мен марганец концентратын өндіретін ірі кәсіпорын Жайрем тау-кен байыту комбинатында марганец рудасын өңдейтін металлургия заводы салынуда. Ол мырыш және қорғасын өндіретін жпабық өндірістік циклдің қалыптасуына ықпал етеді. Ақмола облысында құрамында алтыны бар руданы өндіру қайта жолға қойылып, онда ЖШС «ГОК Казахалтын» жұмыс істейді [15].

Қазақстанда қара металды  шығарумен «Испат-Кармет» акционерлік қоғамы айналысады. Мұнда республикадағы барлық қара металл мен шойын және қара металдан жасалынатын трубаның 95 % шығарылады. 1999 жылдан бастап прокат, шойын, болат өндіру көлемі ұлғаюда. Қазіргі кезде мұнда өндірілетін өнімі әлемнің 97 еліне экспортқа шығарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қазақстанда қара және түсті металлургияны дамытудың негізгі бағыттары.

 

Түсті металлургия Қазақстандағы  байырғы өнеркәсіп салаларының  біріне жатады. Оның дамуы республиканың өнеркәсібінің дамуында  үлкен рөл атқарады. Ең алғашында түсті металлургияның негізгі аудандары Шығыс және Орталық Қазақстан болған. Соңғы 20-30 жылда түсті металлургия солтүстік және оңтүстік аудандарда да дамуда. Қазақстанның түсті металдары жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. Өскеменнің қорғасыны, Балхаш және Жезқазғанның мысы Лондон биржасында эталон ретінде тіркелген.

Түсті металдың республиканың жалпы ішкі өніміндегі үлесі 2 есе өсті. Қазақстан әлемнің түсті металлургия рыногінде маңызды орын алады.

Республикада түсті металлургияның негізгі 7 саласы және 28 ірі кәсіпорындары бар.

1. Қорғасын-мырыш саласы. Оның құрамына 12 кәсіпорын, соның ішінді 3 металлургия және 9 тау-кен байыту комбинаты кіреді.

2. Мыс саласы. Оның  құрамына 3 кәсіпорын кіреді.

3. Алюминий саласы. Құрамына 3 кәсіпорын кіреді.

4. Алтын өндіретін кәсіпорындар. Оның құрамына 6 кәсіпорын кіреді.

5. Вольфрам-молибден саласы.

6. Титан-магний саласы

7. Сирек кездесетін  металдар саласы [16].

Қара металлургия аудан  құрушы маңызға ие өнеркәсіп саласына жатады. Қазақстанда қара металлургияның қалыптасуы негізгі екі бағытта жүрді.  Біріншісі - одақтық маңызға ие темір рудасының базасының негізінде, екіншісі- металлургия кәсіпорындарының құрылысы негізінде.

Қазақстанның қара металлургиясының құрамына 5 сала кіреді:

1. Тау-кен металлургиясы

2. Металлургия

3. Ферроқорытпа

4. Отқа төзімді

5. Сынықтарды өңдеу

Қазақстанда  металлургияның дамуының негізгі мәселелері: жер асты рудниктерін реконструкциялау, технологиялық процестерді жетілдіру, шикізат бағытынан өңдеу бағытына өту, мыс, қорғасын-мырыш, алюминий өнеркәсіптерін дамыту [17].

 

 

 

 

 

 

 

4. Минералды-шикізат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері

 

Минералды-шикізат ресурстары сарқылатын табиғат ресурстарына жатады, сондықтан да оларды тиімді пайдалану қазіргі таңдағы негізгі өзекті мәселелердің бірі. Қазақстан республикасы табиғи ресурстарға өте бай, оның қойнауында Менделеев таблицасында кездесетін пайдалы қазбалардың барлығы да кездеседі. Бірақ бұл байлықты ысырапсыз пайдалана беруге болмайды. Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңдылықтарға сәйкес болуы басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау жүйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші, жалпы заңдылық - табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар заңдылығы. Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар [18].

Осы заңдылықтар бойынша  табиғатты пайдалану мына төмендегі принциптер негізінде жүргізілуі керек:

  1. Басымдылық принципі. Табиғат заңдылығының қоғам заңдылығынан үстемдігі. Табиғат және қоғам жүйесінде табиғат заңдылығы қатаң ескеріліп, сақталып отыруы керек. Табиғат қоғам бірлестігі табиғат заңдылығымен берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс бұзылмау үшін адамзат өзінің табиғатпен қатынасын табиғат заңдарына сүйене отырып жүргізуі керек. Табиғатқа ықпал жасау сол табиғат заңдылығының негізінде болуы керек. Бұл принципті сақтау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады.
  2. Табиғатты пайдалануды әлеуметтік қажеттілікке бағыттау. Табиғатты адам игілігіне айналдыру болып табылады. Табиғат байлығын пайдалануда қоғам мүддесі жеке салалардағы өндірістік мүдделерден жоғары қойылуы керек.
  3. Өндірістік экологиязациялау принципі. Өндірісті экологиязациялау – табиғат қорын түгесілмейтін, оған нұқсан келтірмейтін экология арқылы өндірісті ұйымдастыру, экологиялық еңбектің өнімділігін арттыру. Өндірісті экологиязациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді сақтау, қалпына келтіру, шикізат өндірісінде озық технология қолдану; шикізат қорларын үнемді пайдалану; қалдықсыз және аз қалдықты технология қолдану; табиғат қорғау шараларын кеңейту, өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес орналастыру; табиғи ортаны ластауды азайту, жою т.б.
  4. Табиғат байлықтарының қоғамдық пайдалылығын арттыру және ұлғаймалы қалпына келтіру. Табиғат байлығын пайдаланушы салаларда ұлғаймалы өндіріс мына төмендегі шарттар сақталғанда мүмкін болады:
  • шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен болуы керек.
  • шикізатты тиімді пайдалану арқасында өңдеуші салалардың өсу қарқынынан артық болуы керек.
  • қалдықсыз, аз қалдықты технология және табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу қарқынынан басым болу керек.
  • табиғат байлығын қалпына келтіру шараларының дамуы табиғат байлығын өндіруші  салалардың өсуінен кем болмауы керек.
  • табиғатты қорғауға жұмсалатын қаржының өсу қарқыны барлық материалдық өндіріске жұмсалатын қаржының өсу қарқынынан артық болуы керек.
  1. Табиғат байлығын пайдалануды ғылыми негізде жүргізу принципі. Табиғат байлығын пайдалану, әсіресе, оның тиімділігігін арттыру мүмкіндігі ғылыми жолға қойылғанда ғана мүмкін болады. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану аса күрделі процесс. Табиғат байлығын қорғау және тиімді пайдалану процестерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ мерзімдік әсерін ғылыми негізде ғана болжауға және тиімді бағытта жүргізуге болады.
  1. Оптималдық принцип. Табиғат байлығын пайдалану мүмкіндіктері, варианттары сан алуан. Олардың ішіндегі ең тиімдісін оптималдық принципін қолданып анықтауға болады [19].
  2. Аймақтық принцип. Табиғат байлығының аймақтық орналасуы, ресурстың бір түрінің екінші түріне бір аймақта үйлесімді орналасуы, орналасу  тиімділігігі аймақтық принцип қолдануға мүмкіндік береді. Аймақтық принцип табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың тиімділігін арттырудың басты негіздерінің бірі.
  3. Кешенділігі. Табиғат байлықтары адамзаттың сан алуан қажеттілігін өтейді, оларды ұқсату, өндіру, өңдеу әдістері де сан қилы. Сондықтан кешенді пайдалануды талап етеді. Көптеген материалдық шикізат  табиғатта таза түрінде кездеспейді, қоспа түрінде болады. Сонымен қоса материалдық шикізатты өндіргенде, одан әлдеқайда мол мөлшерде тау жыныстары қазылады. Негізгі өнімдермен қатар жанама өнімдері, өндіріс қалдықтарын пайдалану кешенділік негізінде ғана жүзеге асады.
  4. Нарықтың заңдарына сәйкес барлық табиғат байлықтарын пайдалану төлемді болуға тиіс. Төлемділік принцип негізінде ғана табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігігін арттыруға болады.

Сонымен, табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бір – бірімен тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғат пайдалану деп атаймыз. Табиғат пайдалану экономикасы ғылымның жеке саласы ретінде өзге ғылымдармен байланысты дамиды және көп мәселелерді қамтитын сипатта болады. Табиғат қорғау мен пайдалануды үйлестіру қажеттілігі күмән тудырмайтыны анық. Былайша айтқанда, табиғат пайдалану міндетті түрде оны қорғау мен ұйымдастыруды талап етеді. Оның үстіне ол бүкіл әлемдік мәселе болып табылады. Сондықтан табиғат пайдалану экономикасы экология – экономикалық  байланыстарды қоғамдық өндірістің, табиғат қорғау, оның байлығын ұлғаймалы молайтудың экономикалық тиімділігін арттыру үшін саналы түрде басқару деп қарастырамыз. Табиғат пайдалану түсінігі табиғат қорғауды қамти отырып көп мағынада қолданылады. Табиғат пайдалануда жіберілген кемшіліктердің бірі – мәселені жеке биологиялық, физикалық, механикалық, географиялық, құқықтық, денсаулық сақтау, философиялық тұрғыдан қарастыру. Мәселенің әлеуметтік – экономикалық  жақтары нашарлау зерттелді. Жеке өндірістің салаларында да табиғат жүйесінің жеке заттары, оларды өсіру, қорғау, пайдалану тұрғысынан зерттелсе, табиғат қорғау назардан тыс қалдырылды және керісінше табиғат қорғау шараларын қарастырғанда тиімді пайдалану мәселесі ойластырылмады. Табиғат қорғау және пайдалану мәселелері табиғи кешендер бойынша, аймақ бойынша және жеке табиғат жүйелерін, ресурстарын пайдалану бойынша, жалпы кез – келген жағдайда кешенді қарастырылуы қажет. В.И. Вернадскийдің айтуы бойынша биосфера біртұтас зерттелуі керек. Өйткені жеке организмдердің дамуы бүкіл биосфераның экономикалық дамуымен байланысты. Табиғат тиімді пайдалану мәселелерін зерттеудің біртұтастығына жету өте күрделі. Сондықтан оған жеке мәселелерді іс-тәжірибелік тұрғыда зерттеу арқылы жетеміз. Сонымен қатар табиғат қорғау мен пайдаланудың жалпы мәселелерін қарастыру арқылы нақты мәселелердің шешімін табамыз. Жалпы заңдылықты білмей жеке мәселелер шешілмейді. Зерттеуде жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтыға, одан іс-тәжірибеге көшу әдісі қолданылады [20].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде, металлургия өнеркәсібі республика экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады.     Тау-кен өнеркәсібі мен металлургия өнеркәсібі мұнай-газ өнеркәсібімен бірге Қазақстанның экономикасының негізгі салалары болып табылады.

Республиканың тау-кен  өнеркәсібінің құрамына 70-тен астам кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. Бұл кәсіпорындар негізінде «Қазақстан түсті металдары» акционерлік компаниясы кіреді. Бұл компания «Алтыналмас» түсті металлургия кәсіпорынн басқарады. Такен металлургиясының жүйесінде бірнеше холдингті компаниялар  жұмыс істейді. Олар «Қазақмыс», «Алтай ТМ», «Өскемен титан-мангинй комбинаты», «Ақсұңқар», «Казсталь-холдинг», «Қайсар», «Казметаллургремонт», «Ертіс», «Казхром.»

Қазақстанның «2005 жылдың металлургиясы» деп аталатын жаңа программасынада минералды шикізат қорын өндіру көлемін ұлғайту негізгі мәселелердің бірі болып отыр.  Қазіргі кезде республикада пайдалы қазбалардың ақ бөлігі ғана игерілуде. Соңғы жылдары еліміздің экономикасында едәуір оңды өзгерістер болғанын байқауымызға болады. КСРО тарап, бұрынғы оның құрамында болған 15 одақтас республикалар ыдырап кеткен соң, бұрынғы шаруашылық қатынас үзіліп, экономикамыз төмен қарай құлдырап кеткен еді. 1991-1995ж.ж. аралығында республика экономикасын көтеру үшін көптеген бағытта жұмыстар жүргізілді. Мемлекет арнайы нарықтық экономикаға өтудің басты бағыттарын айқындап, сол бағытта ел экономикасын  көтеруде іс-шаралар жүзеге асырылды. 1995 жылдан бастап республика экономикасының бір шама жоғарлағандығы байқалды.

Қазақстанның әлемдік  экономикалық қатынастар жүйесіне кіруі  өндіріс көлемінің елеулі кемуіне  әсер еткені белгілі. Технологиялық  артта қалуы, өндірістердің даярсыздығы, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларын игере алмау, бәсекеге қабілетсіздік – осының бәрі көптеген кәсіпорындардың тұрып қалуына, дәстүрлі өткізу рыноктарын жоғалтуға, өндірістің құлдырауына әкеп соқты. Соның салдарынан елімізде соңғы сегіз жылда өндіріс көлемі екі еседен артық қысқарды.

Ішкі капитал мен  жинақталымдардың жеткіліксіздігінен Қазақстан шетелдік капиталға, жеке капиталға да, сондай-ақ халықаралық  қаржы институттарына да тәуелді  болып отыр. Қазіргі таңда экономиканы  көтеру инвестицияның түсуіне байланысты болып отыр.

Түсті металлургия Қазақстандағы байырғы өнеркәсіп салаларының біріне жатады. Оның дамуы республиканың өнеркәсібінің дамуында  үлкен рөл атқарады. Ең алғашында түсті металлургияның негізгі аудандары Шығыс және Орталық Қазақстан болған. Соңғы 20-30 жылда түсті металлургия солтүстік және оңтүстік аудандарда да дамуда. Қазақстанның түсті металдары  жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. Өскеменнің қорғасыны, Балхаш және Жезқазғанның мысы Лондон биржасында эталон ретінде тіркелген.

Түсті металдың республиканың жалпы ішкі өніміндегі үлесі 2 есе өсті. Қазақстан әлемнің түсті металлургия рыногінде маңызды орын алады.

    Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекелеске қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне металлургия өнеркәсісібінің де қосар үлесі мол. Өйткені республикамыздағы металлургия кәсіпорындарының көпшілігі әлемдегі металлургия гиганттарымен бәсекелеске қабілетті.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Райханұлы Н.  Экономиканың жарты жылдық қарқыны. - Ақиқат., 2004-№9.-11-12б.

2. Елшібекова Қ. Инвестициясыз экономика өрге баспайды. - Саясат.,-1998-№2.-15-18б.

3. Шыңғыс М. Экономикадағы дүбәралық. - Жас Алаш.,-2006-№12.-1-2б.

4. Сәбден О. Инвестиция салынған негізгі салалар. - Ақиқат.,-1997-№2.-15б.

5. Құлымжанов М . Нарықтық экономиканың мәні, құрылымы және тиімді жұмыс істеудің шарты. Агробизнесс теориясы мен тәжірибесі. - А.,-1997.-19-21б.

6. Райханұлы Н.  Реформаға көзқарас. (Нарықтық қатынастардың дамуы қандай?). - Ақиқат.,-1997-№5.-11-18б.

7. Құлымжанов М. Нарықтық экономика заңдары. - Ақиқат.,-2003-№7.-30-32б.

8. Әліқұлов К.А. Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы. - Жаршы.,-2004-№2.-60-62б.

9. Нұрмолдақызы Г.  Инвестицияларды қайда жұмсаған қайырлы.- Қаржы-қаражат.,-1998-№7.-23б.

10. Райханұлы Н. Нарықтық қатынастар мен ҚР-да экономиканың басты салаларында жұмсалған инвестицияның құрамы мен динамикасы. - Ақиқат.,-1998-№2.-33-35б.

11. Шыңғыс М. Қазақстан және әлемдік инвестиция. - Жас Алаш.,-2002-№9.-9б.

12. Шалғынбаев Н.  Нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы жекешелендіру. - Саясат.,-2004-№8.-49-51б.

13. Қазақстан цифрларда. Статистикалық жинақ. - Алматы.,-2005

14. Каргажанов З.К., Тлеубергенов М.А. и др. Теория и методика установления платы за использование минеральных ресурсов (на примере цветной, черной металлургии и нефтяной промышленности Казахстана). – Алма-Ата., 1992. – 155 с.

15. Каргажанов З.К., Баймырзаев К.М., Калиаскарова З.К. Платежи за пользование природными ресурсами. – Алматы, 1997. – 162 с.

16. Гирусов Э.В., Бобылев С.Н., Новоселов А.Н. Экология и экономика природопользования. – М.: Закон и право ЮНИТИ, 1998. – 455 с.

17. Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономика природных ресурсов. – М.: Аспект Пресс, 2001. – 319 с.

18. Володомонов Н.В. Горная рента и принципы оценки месторождений . – М.: Металлургиздат, 1959. – 80 с.

19. Яковец Ю.В. Методология ценообразования в горнодобывающей промышленности. – М.,1964. – 198 с.

Информация о работе Қазақстанның металлургия өнеркәсібі