Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 23:13, курсовая работа
Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады, өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап, тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда екі есе өсті. Экономикамыздың өсуінде металлургия өнеркәсібінің рөлі зор. Республиканың Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Республиканың отын өнеркәсібінің 2015 жылға дейінгі даму стратегиясын» қабылдады [1].
Кіріспе 4
Негізгі бөлім
1 Қазақстан экономикасының тәуелсіздік жылдарындағы даму ерекшелігі
1.1 Нарықтық экономикаға өтуі 6
1.2 Нарықтық экономика жағдайындағы республика
экономикасының дамуы 9
1.3. Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларының ролі 10
2 Қазақстанның металлургия өнеркәсібі
2.1. Минаралды-шикізат ресурстары 14
2.2 Металлургия өнеркәсібінің 2002-2005 жылдары арасындағы көрсеткіштері 15
2.3 Металлургия өнеркәсібінің қазіргі жағдайы 17
2.4 Металлургия кәсіпорындары. 19
3. Қазақстанда түсті және қара металлургияны дамытудың
негізгі бағыттары 21
4. Минералды-шикізат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері 22
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27
Қазақстан өзін толығымен отын-энергетикалық ресурстарымен қамтамасыз ете алады. Қазақстандағы көмір қоры 35,8 млрд. немесе әлемдік қордың 3,6 %-ін алып жатыр. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан көмірдің қоры мен оны өндіру бойынша үшінші, ал жан басына шаққандағы өндіру бойынша бірінші орынды алады. Қазақстандағы ең ірі көмір кен орындары- Қарағанды және Екібастұз кен алаптары, бұдан басқа қазіргі кезде Убаган, Юбилейное, Майтөбе, Кендірлік,Құланөтпес кен орындары келешегі мол кен орындарына жатады.
Қазақстан пайдалы қазбалардың қоры бойынша дүние жүзінде алғашқы орында алғанымен оның сапасы бойынша соңғы орындарды иеленді.
Темір рудасының
қоры бойынша Қазақстан ТМД
Марганец рудасының қоры бойынша Қазақстан дүние жүзінде ОАР мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады. Марганец рудасының барылығы Қарағанды облысының территориясында өндіріледі. Хром рудасының қоры бойынша Қазақстан дүние жүзінде ОАР-дан кейінгі екінші орында алады.
2.2 Металлургия өнеркәсібінің 2002-2005 жылдар арасындағы көрсеткіштері
2002 жылы өнеркәсіп өндірісі. 2002 жылы Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында қолданыстағы бағамен 2292 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қосқанда), бұл 2001 жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға өскен. Өндіріс көлемінің өсуі республиканың барлық өңірлерінде байқалады.
Кен өндіру өнеркәсібінде 2002 жылы 1072,9млрд. өнімі өндірілді, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға көп, өңдеуші өнеркәсіпте -1048,8млрд. теңге және 7,7 пайызға өсті.
2002 жылы темір кенін өндіру 1,3 есеге, жез-5,1 пайызға, алюминий(боксит) -1,2 есеге, қорғасын-мырыш-8,2 пайызға, хром-15,8 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібінде оның көлемінің 40 пайыздан астамы металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеудің үлесіне, үштен біріндейі –ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің үлесіне тиді.
Металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеуде 2002 жылы 411,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, соның ішінде қара және түсті металлургия өнімдері, 164,7және 228,3 млрд. теңгеге жетіп, қара металлургия өнім көлемі 7,8 пайы зға, шойынның көлемі 4,1млн. теңгеге жетіп, 4,7пайызға, болат, тиісінше -4,9 млн. тонна және 3,8 пайызға тмір мен болаттан жасалған тапталған прокат-4,0 млн. тоннаға және 3,5 пайызға көбейді. Түсті металдар өндірісі 4,9 пайызға өсті, өңделмеген алюминийдің, глиноземнің көлемі 1,4 млн. тоннаға жетті немесе 12,6 пайызға өсті, өңделмеген қорғасын,тиісінше -161,8 мың тоннаға, 1,9 пайызға, өңделмеген мырыш -286,3 мың тоннаға, 3,3 пайызға, алғашқы мыс-446 мың тонна, 2,9 пайызға, тазартылған мыс- 453,0 мың тоннаға, 6,4 пайызға өсті.
Қорыта айтқанда, өнеркәсіп өнімдерінің көптеген түрін өндірудің көлемі арта түсті. Өнеркәсіп салаларын дамытуда басты назар шикізат өндіруге бөлініп, өңдеуші саланың өнімдерін өндіруде айтарлықтай өзгеріс байқалмайды. Бұл екі көрсеткіштен –ақ тайға таңба басқандай көрініп тұр. Біріншіден,2002 жылы кен өндіру өнеркәсібінің өнімі 14,7 пайызға өссе, өңдеу өнеркәсібінің өнімі-7,7 пайызға өсті. Осы екі саланың ара-қатынасын алып қарасақ, біріншісінің үлес салмағы 51,3 пайызға, екіншісінің 48,7 пайыз. Ал екеуінің ара-қатынасында өңдеуші өнеркәсіптің үлес салмағын және өнімдерінің көлемін арттырудың жолдары мен мүмкіндіктері көп-ақ. Бұл әрине терең талдауды, нақты ұсыныстарды талап ететін кең көлемді жеке мәселе [12].
2003 жылдың өнеркәсіп өндірісі. 2003 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1615,1 млрд. теңге болды. Бұл 2002 жылға қарағанда 9,4 пайызға артық. Кен өндіру өнеркәсібінде 803,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2002 жылғы деңгейден 11,5 пайызға жоғары.
Металлургия өнеркәсібінде және металдан жасалған дайын бұйымдар өндірісінде 300млрд. теңгенің өнімі өндірілді(өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің жалпы сомасының 45 пайызы), соның ішінде қара және түсті металлургия өнімі-тиісінше 135,7 млрд. және 147,1 млрд. теңге. Қызмет түрі бойынша тұтастай алғанда өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі 104,6 пайыз құрады. Болат (11,4пайызға), ақ қаңылтыр және қалайыланған жаймалық илектер(10,7пайызға), өңделмеген алюминий, алюминий тотығын(2,8пайызға), өңделмеген мырыш(2,3пайызға) өндіру өсті.
Сонымен осы келтірілген деректерден өнеркәсіп өнімінің көлемі негізінен бағаның өсуі есебінен артып отырғанын көруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп өнімінің өсімі тағы да негізінен тау-кен өнеркәсібінің есебінен болып оның шикізаттық сипаты одан әрі күшейе түсуде екеніне көзіңіз жетеді. Мұнай өндіру артқанымен мұнай өнімдерін шығару мардымай тұрғаны да сондықтан елдегі бензин, газойли, мазут сияқты өнімдердің бағасының шарықтап тұрғаны да көңіл қынжылтады. Дайын металл бұйымдарын өндіру 2004 жылдың қаңтар-маусымында небары 11,1 млрд. теңге ғана болып, өткен жылғы осы мерзімдегімен 9,9 пайызға кеміп кеткені де келісіп тұрған жоқ.
2004 жылғы өнеркәсіп өндірісі. 2004 жылы Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындарында (шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) қолданыстағы бағамен 2634 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл көрсеткіш 2003 жылғы қаңтар-қыркүйек салаларындағы көрсеткіш деңгейінен 10,3 пайызға артық. 9ай ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсу 2003 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Ақмола облысының басқа республиканың барлық өңірлерінде байқалды.
Темір кенді шекемтастарда, темір кені де, түсті металдарда өткен жылғы осындай мерзімге қарағанда артық өндіріледі, 3,5 млн. тонна алюминий кені (боксит) өндірілді, бұл көрсеткіш 0,4 %-ға азайған.
Өңдеу өнеркәсібінде
оның жалпы көлемінің 40%-дан астамы
металлургия өнеркәсібімен
Металлургия өнеркәсібінде және металдан жасалған дайын бұйымдар өндірісінде 465,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, соның ішінде қара және түсті металлургия өнімі – тиісінше 208,9 млрд. және 228,5 млрд. теңгені құраған. Жалпы металлургия саласын тұтастай алғанда осы 9 айдағы өндірілген жекеленген өнімдер бойынша өнім көлемі төмендегідей: 3,2 млн. тонна шойын өндірілді, (бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 5,5%-қа артқан), 4,1 млн. тонна болат (9,4%), 1,21 млн. тонна ферроқорытпа (2,9%-қа), 220,2 мың тонна оқ қаңылтыр мен қалайыланған жайма илек (8,6%-қа), 42 мың тонна үлкен және шойын диаметрі құбырлар (11,6%-қа кем) өндірілді. Түсті металлдар өнеркәсібінде жекелеме өнімдер бойынша өнім көлемі мынандай: 540 тонна өңделмеген және жартылай өңделген күміс (өткен жылғыдан 13%-қа кем), 14 тонна өңделмеген және жартылай өңделген алтын (2,1% кем), 1,1 тонна өңделмеген алюминий (3,2% көп), 113,3 мың тонна өңделмеген қорғасын (16,7% көп), 228,6 мың тонна өңделмеген мырыш (3,7%), 337,3 мың тонна қарадай мыс (6,5% көп), 336,1 мың тонна тазартылған мыс (5,9% көп) өндірілді.
2005 жылғы өнеркәсіп өндірісі. 2005 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанның өнеркәсіп орындары (шағын, қосалқы кәсіпорындарында, үй шаруашылықтары секторын қосқанда) қолданыстағы бағада 3197 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 2004 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейде 104,5пайызды құрады. Өндіріс көлемінің өсуі республиканың Шығыс Қазақстан (99,4%), Қостанай (92,2%), Қарағанды (88,4%) және Қызылорда (86,9%) облыстарынан басқа барлық өңірлерде байқауда.
Бірден айтар болсақ 2005 жылғы осы айлар аралығындағы өнеркәсіп өндірісінің серпіні тым әлсіз, тек 4,5 пайыз, өйткені, өткен жылғы осындай мерзім ішіндегі өнеркәсіп өндірісі серпінінің қарқыны 9,8 пайыз болған еді.
Кен өндіру өнеркәсібінде 2005 жылдың қаңтар-тамызында 1867,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш 2004 жылдың қаңтар-тамызындағы көрсеткішпен салыстырғанда 3,1 пайызға жоғары. Осы кезеңдерде өндіріс көлемінің өсуі негізінен газ конденстор (38,6%-қа), магнит (22,4%-қа), біріктірілмеген темір (17%-ға), мыс (11%-ға), және хром (9,1%-қа) кендерін өндіруді арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Ал, табиғи газды өндіру жалпы 123,2 пайызды құрады. Сонымен қатар, өнеркәсіп өндірісінде өндірілу көлемі бойынша, құрамында алтыны бар (44%), біріктірілген темір (87,5%), мыс-мырыш өндіру (93,3%) және қорғасын-мырыш (93,9%) кендерін, темір кенді шекемтастар (76,8%), тас көмір (97,4%) өндіру төмендігі.
Металлургия өнеркәсібінде 461,8 млрд. теңгенің өнімі өндерілген, соның ішінде қара және түсті металлургия өндіру – тиісінше 179,4 пайыз және бұл көрсеткіш 247,6 млрд. теңгені құраған. Тұтастай қызмет бойынша 2005 жылдың қаңтар-тамызында нақты көлем индексі 2004 жылмен салыстырғанда 92,7 пайызды құрады. Сала үлесіне өңдеу өнеркәсібі көлемінің 40,4 пайызы келеді. Қара металлургияда жайма, илек (27%-ға), болат (25%-ға), шойын (20,9%-ға) шығаруды қысқарту есебінен өндіріс 13,3 пайызға төмендеген. Ферроқорытпалар өндірісі 6,7 пайызға өскен. Түсті металдар өндірісінде нақты көлем индексі 98,8 пайызда құрады. Мыс сым (80,3 пайызға), тазартылған мыс (6,70пайызға) сияқты өнім түрлері бойынша өндіріс көлемі төмендеген. Ал, дайын металл өндіру өткен жылғы деңгейдің 91,7 пайызын құрады [13].
2.3. Металлургия өнеркәсібінің қазіргі жағдайы
Қазақстан темір рудасының қоры бойынша ТМД елдерінің ішінде 3 орында.
Республика түсті металдарға да бай. Марганец рудасының қоры бойынша дүние жүзінде ЮАР және Украинадан кейінгі 3 орында. Хромит рудасының қоры бойынша 2 орында, вольфрам рудасының қоры бойынша дүние жүзінде 1 орында.
Тау-кен өнеркәсібі мен металлургия өнеркәсібі мұнай-газ өнеркәсібімен бірге Қазақстаннның экономикасының негізгі салалары болып табылады. Республиканың тау-кен өнеркәсібінің құрамына 70-тен астам кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді. Бұл кәсіпорындар негізінде «Қазақстан түсті металдары» акционерлік компаниясы кіреді. Бұл компания «Алтыналмас» түсті металлургия кәсіпорынн басқарады. Тау-кен металлургиясының жүйесінде бірнеше холдингті компаниялар жұмыс істейді. Олар «Қазақмыс», «Алтай ТМ», «Өскемен титан-мангинй комбинаты», «Ақсұңқар», «КАзсталь-холдинг», «Қайсар», «Казметаллургремонт», «Ертіс», «Казхром» [14].
Қазақстанның «2005 жылдың металлургиясы» деп аталатын жаңа программасынада минералды шикізат қорын өндіру көлемін ұлғайту негізгі мәселелердің бірі болды. Қазіргі кезде республикада пайдалы қазбалардың ақ бөлігі ғана игерілуде. Егер республикады 109 пайдалы қазба түрі болатын болса, қазіргі кезде соның тек 32 түрі ғана игерілуде. Тау-кен өнеркәсібінде 15 инвестициялық проект қабылданып, қазіргі таңда 2,3 млрд. қаржы бөлінді. Металлургия өнеркәсібінде 30 инвестициялық проект қабылданып, оған 4,5 млрд қаржы бөлінді. Өнеркәсіптің басқа түрлері сияқты еліміз енді ғана егемендігін алған жылдары метиаллургия өнеркәсібі де көптеген қиындықтарды бастан кешірді. Біріншіден, өндірістің төмен деңгейі сақталды. Өндірістік-технологиялық парктің жағдайы өте нашар болды; Екіншіден, өндірістің өнімі төмендеді. Өндіріс көлемі металлургия өнеркәсібінде 60 пайызға дейін құлдырады. 1994 жылдан бастап қара және түсті металлургия өнеркәсібінің өндіріс көлемі төмендеп, көптеген кәсіпорында тоқтап қалды. Жұмыссыздар саны көбейді. Үшіншіден, республиканың тау-кен металлургия өнеркәсібінің негзгі бағыты шикізат өндіру болды.
Жалпы Қазақстан көмірсутегінің мол қоры бар мемлекеттердің қатарына кіреді. Республика территориясында көмірсутегінің 208 кен орын ашылған болса, оның жартысы- мұнай, үштен бірі-мұнай-газ, қалғандары газ және газконденсаттары. Осылардың ішінен қазіргі уақытта 70-тен астам кен орындары игерілуде. Жалпы Қазақстандағы көмірсутегінің қоры 13млрд. мұнай және конденсат және 7,1 трлн. метр куб табиғи газ. Атырау және Маңғыстау облыстарының территориясында мұнай қорының 70 % орналасқан. Мұнайдың ең ірі кен орындары: Теңіз, Өзен, Қарашығанақ, Қаламқас. Газдың ең ірі кен орындарына Қарашығанақ, Теңіз, Жаңажол, және Жамбыл облысының территориясындағы кен орындарының Амангелді тобы жатады.
Қазақстан өзін толығымен отын-энергетикалық ресурстарымен қамтамасыз ете алады. Қазақстандағы көмір қоры 35,8 млрд. немесе әлемдік қордың 3,6 %-ін алып жатыр. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан көмірдің қоры мен оны өндіру бойынша үшінші, ал жан басына шаққандағы өндіру бойынша бірінші орынды алады. Қазақстандағы ең ірі көмір кен орындары- Қарағанды және Екібастұз кен алаптары, бұдан басқа қазіргі кезде Убаган, Юбилейное, Майтөбе, Кендірлік,Құланөтпес кен орындары келешегі мол кен орындарына жатады.
Қазақстан пайдалы қазбалардың қоры бойынша дүние жүзінде алғашқы орында алғанымен оның сапасы бойынша соңғы орындарды иеленді.
Темір рудасының қоры
бойынша Қазақстан ТМД
Қазақстан республикасы металл шикізатына бай болғанымен, оны өндіру көлемі өте аз. 1991 жылдары экономикалық, шаруашылық қатынастардың үзілуіне байланысты өнімді өткізу орталықтары да болмай қалды. ТМД елдеріне республикада өндірілетін титан губкасының барлығы, металдық магний, уран, вольфрам, молибден, қалайы концентраттарының барлығы дерлік, мыс, мырыш, және басқа да түсті металдардың көп бөлігі экспортқа шығарылады. Қазақстанның металлды қолдануының ішкі үлесі тек 4-6 пайызды ғана құрайды.
Қазақстан минаралды-шикізат қоры бойынша дүние жүзінде алдыңғы орындарды алғанымен, оның сапасы бойынша дүние жүзінде соңғы орындарды иеленді. Осыған байланысты металлургиялық өнімді өндіру кезінде материал мен энергетикалық шығындар көп кетеді.
2.4. Металлургия кәсіпорындары
1994 жылдан бастап, Қазақстанда банкротқа ұшырау шегінде тұрған кәсіпорындарды шетел және отандық компаниялар қарамағына беру процесі басталды. Шетел компанияларына жеті ірі тау-кен металлургия кәсіпорындары берілді. Олар: Павлодар аллюминий заводы, «Жезказганцветмет» АҚ, Соколов-Сарыбай тау-өндіріс бірлестігі, Қарағанды металлургия комбинаты, «Казхром» корпарациясы, Дон тау-кен байыту комбинаты, Ақсу және Ақтөбе феррроқорытпа заводтары. Отандық компанияларға 3 кәсіпорын: «Риддер-инвест» Лениногор полиметалл комбинаты, Ақшатау Тау-кен металлургия комбинаты, Қарағайлы тау-кен металлургия комбинаты.
Тау-кен
металлургия комбинаттарын