Денсаулық,
бiлiм, алдағы өмiрдiң орташа
ұзақтығы, әлеуметтiк азу (маскүнемдiк,
нашақорлық, жезөкшелiк, қылмыс жасаушылық)
жөнiндегi көрсеткiштер, сондай-ақ халықтың
көшi-қоны жөнiндегi көрсеткiштер
кедейлер үшiн әлеуметтiк инфрақұрылымға
қол жетiмдiлiгiнiң жанама индикаторлары
болып табылады.
Алайда
орын алып отырған индикаторлар
кедейлiктiң барлық аспектiсiн
толық көрсетпейдi. Коммуникациялардан
шалғайлық, табиғи немесе энергетикалық
ресурстардың шектеулiлiгi сияқты
кедейлiк факторларын ашуға көмектесетiн
нақты инфрақұрылымға қол жетiмдiлiк
индикаторлары баршылық, бiрақ қажеттi
шаралар әзiрлеу барысында олар
жеткiлiктi дәрежеде пайдаланылмайды.
1.1.2. Қазақстандағы кедейлiктiң
бейіні
Кедейлiк
бейiнi - кедейлiктiң барынша айқын
көрiнiстерiнiң сандық және сапалық
сипаттамасы. 2001 жылы Қазақстанда
ол мынадай деректермен сипатталады:
халықтың
28,4%-ының табысы ең төменгi күнкөрiс
деңгейiнен төмен болды;
ел халқының
11,7%-ының табысы азық-түлiк қоржынының
құнынан төмен болды, соның
iшiнде Маңғыстау облысында - 26,7%,
Атырау облысында - 21,6%;
халықтың
неғұрлым ауқатты 10% және неғұрлым
ауқатсыз 10% топтары табыстарының
арасалмағы республика бойынша
орта есеппен 11,3 есенi құрады (шектi
көрсеткiш - 8 есенi құрайды);
кедейлiк
аумақтар бойынша шалғайдағы
ауылдық аудандар мен шағын
қалаларда орын алып отыр: ауылда
халықтың кедей тобының үлесi
орта есеппен - 38,0%-ды, ал Маңғыстау
облысында - 95,5%-ды құрады; қаладағы
кедейлiк негiзiнен тоқырауға ұшыраған
шағын қалаларда байқалады;
республика
бойынша тұтастай алғанда жұмыссыздық
деңгейi 10,4 %-ды құрады;
2001 жылы
туберкулезбен ауру 1996 жылмен салыстырғанда
78,3 %-ға өскен;
жүктi әйелдердiң
55%-ға жуығы қаны аздықтан зардап
шегуде;
табысы
аз азаматтардың жалпы санының
iшiнде табысы ең төменгi күнкөрiс
деңгейiнен төмен тұрғындардың 48,1%-ы
5 және одан да көп адамнан
тұратын үй шаруашылықтарында
тұрған;
30 мыңнан
астам мектеп оқушысы мектепке
бару үшiн 3 километрден 40 километрге
дейiн жол жүруге мәжбүр болуда,
6 мыңға жуығы жалға алынған
пәтерлерде немесе туған-туыстарының
үйiнде тұрады;
Ішкi iстер
министрлiгi тiркеген балалардың
мектепке бармау оқиғаларының 75%-ы
отбасының жайсыз жай-күйiмен
немесе нашар материалдық жағдайымен
байланысты болған;
қала
халқының 14%-ы және ауыл халқының
27%-ы сапалы ауыз суымен қамтамасыз
етiлмеген;
халықтың
4%-ы тасып әкелiнетiн суды пайдаланады,
республиканың оңтүстiк аймақтарындағы
кедейлiк, негiзiнен, суландыру
үшiн қажет судың болмауымен
байланысты;
халықтың
белгiлi бiр бөлiгi қоршаған ортаның
азуы мен ластануынан зардап
шегуде.
1.1.3. Қазақстандағы кедейлiк
кейпi
Кедейлiк
кейпi - кедейлiк тұрғысынан алғанда
халықтың әлеуметтiк жағынан барынша
осал топтарының тiзбесi мен сипаттамасы.
Қазақстанда
халықтың әлеуметтiк осал топтарына
балалар және көп балалы отбасылар,
ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер,
оқымайтын және жұмыс iстемейтiн
жастар, жалғызiлiктi қарт адамдар,
мүгедектер, межелiк топтар (баспанасыздар,
пенитенциар жүйесi мекемелерiнен
босағандар, босқындар) кiредi.
Балалардың
өз жағдайларын өз бетiмен жақсарту
мүмкiндiктерi бәрiнен аз. Кедей отбасыларында
тұратын балаларға қатысты қамсыздық
келешекте кедейлiк ауқымы өсуiнiң
асқындауының әсерiне әкелуi мүмкiн.
Талдау көп балалы отбасылардың
оңтүстiк және батыс аймақтарда,
негiзiнен, ауылдық жерлерде шоғырланғанын
көрсетiп отыр.
Ұзақ
мерзiмдi жұмыссыздық жұмыс күшiнiң
белгiлi бiр бөлiгiнiң жас шамасы,
бiлiктiлiк, психологиялық өлшемдер
бойынша рынок қажеттiлiктерiне
сәйкес келмеуiмен, сондай-ақ жұмыс
iстеп тұрған кәсiпорындарда жұмыс
орындары санының қысқаруымен,
жұмыспен өзiн-өзi қамту мүмкiндiктерiнiң
болмауымен байланысты.
Жастар
(15-19 жас) экономикалық қауқарсыз
халықтың ең үлкен үлесiн (24%),
сондай-ақ жұмыссыз халықтың едәуiр
үлесiн (12%) құрап отыр. Оқуда жоқ
және жұмыссыз жастар нашақорлық,
қылмыстылық, жезөкшелiк бойынша
қатер тобына түседi.
Жалғызiлiктi
қарт адамдардың проблемалары
коммуналдық қызметтер көрсетуге,
емделуге және басқа осындай
шығыстарға шығындардың өсуiнде
болып отыр.
Мүгедектердiң
мүмкiндiктерi шектеулi болуына байланысты
олардың арасында кедейлер қатарына
қосылу қаупi аса жоғары.
Межелiк
топтарға жататын адамдар санын
бағалау мүмкiн болмай отыр. Қоғамның
белсендi мүшелерi ретiнде бұл
адамдардан қол үзу айрықша
алаңдаушылық туғызуда. Халықтың
межелiк топтары өздерiнiң халықтың
басқа топтарына келеңсiз әсер
ету қабiлеттiлiгiнен де ерекше
назар аударуды қажет етедi.
Межелiк
халықтың саны қала өмiрiне
бейiмделе алмаған ауылдан көшушiлер,
жұмыссыздар, ашық және астыртын
көшiп келушiлер, босқындар есебiнен
өсуде.
Қылмыстың
өсуi кедейлiктiң негiзгi келеңсiз
салдарының бiрi болып табылуда.
Заңсыз жолмен табыс табуға
мәжбүр болып отырған халықтың
табысы аз топтары арасында
жалпы қылмыс жасаушылық кеңiнен
таралуда.
Мiнез-құлықтың
түрлi ауытқулары, оның ең ауыр
түрлерi: маскүнемдiк пен нашақорлық
кедейлiктiң келеңсiз салдарының
бiрi болып табылады.
Бас бостандығынан
айыру орындарынан босаған адамдар
қазiр халықтың мейлiнше әлеуметтiк
осал топтары қатарында тұр.
Олардың басым көпшiлiгi бостандыққа
шыққаннан кейiн кедейлiк шегiнде
қалатындықтан, еңбекке және тұрмыстық
орналастыруға мұқтаж болуда.
Белгiлi
бiр тұрағы жоқ адамдар үшiн
әлеуметтiк бейiмдеу орталықтары
барлық аймақтарда бірдей жұмыс
істемейдi. Елде қазiргi уақытта, шын
мәнiнде, мұндай тек 11 орталық
жұмыс iстеуде. Ашылған кезiнен
3,5 мыңға жуық, соның iшiнде бұрын
сотталған мыңға жуық адам
әлеуметтiк бейiмдеуден өткен.
1.2. Кедейлiк деңгейiн бағалау
1.2.1. Экономиканың даму
деңгейi және кедейлік
1.2.1.1. Экономикалық өсу
және кедейлік
Экономиканың
дамуы - кедейлiкпен тиiмдi күрестiң
маңызды шарты. Соңғы жылдары
Қазақстанның экономикалық көрсеткiштерi
экономиканың тұрақты өсуiн дәлелдеуде.
2001 жыл iшiнде ЖIӨ-нiң нақты өсуi
1998 жылға қатысты 28% құрады. Осы
кезеңде кедейлер үлесi 39%-дан
28,4%-ға дейiн кемiдi. Ел халқының
ақшалай табыстары көрсеткiштерiнiң
серпiнi және ең төменгi күнкөрiс
деңгейi халықтың тұрмыс деңгейiнiң
жақсаруын дәлелдейдi. 2000 жылғы тамыздан
бастап жан басына шаққандағы
халықтың тұтынуға жұмсаған орташа
ақшалай табыстарының мөлшерi ең
төменгi күнкөрiс деңгейiнен аса
бастаған. Бұл үрдiс 2001 жылы сақталды:
жан басына шаққандағы тұтынуға
жұмсалған орташа табыстың және
ең төменгi күнкөрiс шамасының
арасалмағы 121,2%-ды құрады.
__________________________________________________________________
Жыл | ЖIӨ- |Жұмыс.|Табысы
|Табысы |Кедей.|Кедей.|Квин. |Қорлар
| нің |сыз.
| ең |азық- | лік. | лік.
|тиль |коэффи.
| нақты|дық
|төменгі |түлік | тің | тің
|топ. |циенті
| өзге.|дең.
|күнкөріс|қоржыны |терең.|өткір.|тары
|(байлар.
| руі, |гейі
|деңгейі.|деңгейі.|деуі 1 |лігі
2 |бойынша|дың 10%-
| өткен|
|нен тө. | нен |
| |Джини | ының
| жылға|
|мен ха. |төмен |
| |коэф. |кедей.
| %-бeн|
|лықтың |халық. |
| | фици. |лердің
|
| |үлесі | тың
| | |циенті
3 |10%-ына
|
| |
|үлесі | |
| |табыс.
|
| |
| |
| |
|тары) 4
__________________________________________________________________
1996 100.5 13.0 34.6
11.4 5,2 0.319
1997 101.7 13.0 38.3
12.7 12.1 3.1 0.338
10.2
1998 98.1 13.1 39.0
16.2 12.8 3.8 0.347
11.3
1999 102.7 13.5 34.5
14.5 13.7 5.5 0.340
11.10
2000 109.8 12.8 31.8
11.7 10.3 4.0 0.343
11.9
2001 113.5 10.4 28.4
11.3 7.7 3.0 0.348
11.3
__________________________________________________________________
1 Кедейлiк
тереңдiгi - белгiленген өлшемнен (ең
төменгi күнкөрiс деңгейi, кедейлiктiң
азық-түлiктiк шегi және кедейлiктiң
белгiленген шегi) зерттелушi үй
шаруашылықтары мүшелерiнiң табыс
деңгейiнiң орташа ауытқуын көрсететiн
кедейлiк индикаторы.
2 Кедейлiктiң
өткiрлiгi - кедейлiк тереңдiгiнiң мейлiнше
толық сипаттамасы болатын кедейлiк
индикаторы. Белгiленген өлшемнен
зерттелушi үй шаруашылықтары
мүшелерi табыстары тапшылығының
ауытқу шаршысының орташасын
және кедейлер табыстарының әркелкi
дәрежесiн көрсетедi.
3 Джини
коэффициентi (Табыстардың шоғырлану
коэффициентi) - теңсіздiк дәрежесiн
сандық бағалауға мүмкiндiк бередi.
Ол бiркелкi бөлу желiсiнен халықтың
сандық тең топтары бойынша
табыстардың iс жүзiндегi бөлiнуiнiң
ауытқу дәрежесiн белгiлейдi.
4 Қорлар
коэффициентi - оныншы және бiрiншi
децилдiк топтар бөлiнуiнiң iшкi
қатарында халықтың салыстырылатын
топтарының орташа табыстары
арасындағы ара қатынасты өлшейдi.
1997 жылмен
салыстырғанда, 2001 жылы халықтың
өздiгiнен жұмыспен қамтылғандарының
саны 28,8%-ға өскен. Шағын бизнеспен
айналысатындар санының өсуi байқалуда.
Соңғы eкi жылда өнеркәсiп, көлiк,
байланыс және коммуналдық салаларда
істейтiндер саны бiршама өскен.
Мемлекеттiк бюджетке түсiмдер
көлемi өсуде (eгep 2000 жылы мемлекеттiк
бюджет кiрiстерi ЖIӨ-нiң 22,6%-ын құраса,
2001 жылы Ұлттық Қорға есептелген
салықтарды ескергенде, кiрiстер
ЖIӨ-нiң 25 %-ын құраған).
Тұтастай
алғанда ел бойынша халықтың
тұрмыс деңгейiнiң орнықты жақсаруы
байқалуда. Алайда, бұл үрдiс Қазақстанның
барлық аймақтарында орын алмай
отыр. Джини коэффициентi 1996 жылғы
0,319-ге қарағанда 2001 жылы 0,348-ге
өстi.
Экономиканың
соңғы жылдардағы өсуi халық
денсаулығының орташа көрсеткiштерiнiң
жақсаруына ықпал етсе де (мысалы,
өлiм-жiтiм және ауру көрсеткiштерiнiң
тұрақталуы), инфекциялар, сондай-ақ
әлеуметтiк қолайсыз аурулар (туберкулез
және басқалары) саны өскен
немесе олардың төмендеу үрдiсi
байқалмайды.
1.2.1.2. Жұмыспен қамту және
жұмыссыздық
Соңғы
жылдары Қазақстандағы еңбек
рыногы жұмыссыздық деңгейiнiң
төмендеуiмен, мемлекеттiк емес
сектордың пайдасына экономика
секторлары мен салалары арасында
жұмыс күшiнiң қайта бөлiнуiнiң
жалғасуымен, жалданып жұмыс iстейтiндер
санының өсуiмен сипатталады.
Халықтың
жұмыспен қамтылуы бойынша жүргiзiлген
таңдамалы зерттеу материалдары
бойынша 2001 жылы халықтың экономикалық
белсендi тобына қатысты жұмыссыздықтың
деңгейi - 10,4%, жұмыссыздар саны (табыс
алатын жұмысы жоқ адамдар,
белсендi жұмыс iстемейтiндер және
жұмысқа кiруге дайын еместер)
780,3 мың адамды құрады. Бұл 2000 жылға
қарағанда 126,1 мың адамға немесе
14%-ға кем. Жұмыссыздық құрылымында
әрбiр екiншi адам (56,7%) - әйелдер. Жұмыссыздардың
басым бөлiгi 15-39 жастағы адамдар,
жастар арасындағы (15-24 жастағы) жұмыссыздық
деңгейi 19,1%-ды құрады.
Ұзақ
жұмыссыздық белгiлерi күшенуде.
2001 жылы әрбiр үшiншi жұмыссыз бiр
жылдан астам жұмыс iздеп келген.
Ұзақ мерзiмдi жұмыссыздық деңгейi
7,6%-ды құрады. Жұмысқа орналасу
талаптарының күрделенуде, бұл
жұмыс тәжiрибесi және қажеттi
бiлiктiлiгi жоқ жастар үшiн жұмысқа
орналасу мүмкiндiктерiн төмендетедi.
Жұмыс
орындарының тапшылығы жағдайында,
әсiресе, еңбек рыногында неғұрлым
төмен күйдегi мүгедектердi жұмыспен
қамту проблемалары шиеленiсуде.
Еңбек
рыногындағы жағдайға мамандықтар
және бiлiктiлiк санаттары бойынша
жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың
сәйкес келмеуi әсер етедi. Бiлiктi
жұмыс күшi, әсiресе, жоғары бiлiмдi
мамандар және жоғары бiлiктi жұмысшы
кадрлар санының кемуiмен бiрге,
халықтың кетуi салдарынан, кәсiптiк
даярланбаған адамдар саны өсуде.
Сонымен бiрге, жекелеген мамандықтар
бойынша жоғары және орта кәсiптiк
бiлiмi бар жұмыссыздардың әлеуетi
сұраныссыз қалып отыр. Жұмыссыздар
қатарында 100,4 мың адамның (12,9%)
жоғары бiлiмi, 338,4 мың (43,4%) - жалпы
орта, 200,3 мың адамның (25,7%) орта
кәсiптiк бiлiмi бар.
Ең алдымен,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы
мемлекеттерiнен астыртын еңбек
көшi қазақстандық еңбек рыногына
әсер етiп отырған проблемалардың
бiрi болып табылады. Көптеген
қазақстандық кәсiпкерлер бiлiктiлiгi
төмен шетел жұмыс күшiнiң арзандығынан
астыртын еңбек iздеушiлердi оңайлықпен
жалдайды. Бұл терiс бәсекелестiкке
кезiгiп отырған жергiлiктi халықтың
жұмыспен қамтылуына әсер етiп,
"көлеңкелi" сектордың және
заңсыз жалдаудың кеңеюiне әкеледi.
Табысы
төмен жұмыс орындарының басымдығымен,
толымсыз жұмыспен қамтумен айқындалатын
"жұмыс iстеушi кедейлер" жалақысының
төмен деңгейi кедейлiк себептерiнiң
бiрi болып табылуда. Экономикалық
қызмет түрлерi бойынша жалақы
айырмашылығы 6-7 есе болады, негiзiнен,
еңбек өнiмдiлiгi және жұмыспен
қамтылғандардың бiлiктiлiгi бойынша
экономика салалары арасындағы
айырмашылықтармен айқындалады.