Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 23:01, курсовая работа

Краткое описание

Нәтижелерге қайтып келу
Жаңа іздеу
Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы N 296 қаулысы

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 94.41 Кб (Скачать)

       Сонымен  қатар халықты әлеуметтiк қорғаудың  қолданыстағы жүйесiнiң бiрқатар  кемшiлiктерi болды. Проблемалар қатарында  халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi  жөнiндегi әр түрлi мемлекеттiк органдар  қызметiнiң нашар үйлестiрiлуiн  атап өткен жөн. Шешiм қабылдаудағы  көлеңкелiк, әлеуметтiк көмек алу  мүмкiндiктерi туралы ақпаратты тарату  жүйесiнiң дамымағандығы, әлеуметтiк  қызмет көрсетуге мемлекеттік  емес сектордың жеткiлiксiз қатысуы  айтарлықтай рөл атқарады.

       2002 жылғы  қаңтардан бастап "Мемлекеттiк  атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  iске асырылуы неғұрлым мұқтаждарға  мемлекеттiк әлеуметтiк көмек  көрсетуге бағытталған. 

       2003 жылғы  1 қаңтарда 1171,2 мың адам немесе  кедейлiк шегiнде өмiр сүретiн  халықтың жалпы санының 90,4%-ға  жуығы атаулы әлеуметтiк көмек  алушылар болған. Көмектiң осы  түрiн алушылар iшiнде балалар  - 56,7%, жұмыссыздар - 18,2%, жұмыс істейтiндер - 6,9%, мүгедектер - 1,7%, зейнеткерлер - 2,1%, өзге де алушылар 12,7%-ды құрайды. 

 

1.2.3. Кедейлiктiң инфрақұрылымдық  аспектiсi 

 

       Инфрақұрылым  материалдық және ақпараттық  ресурстардан шалғайлық, қатынас  құралдарының болмауы сияқты  кедейлiктiң "табиғи" себептерiн  еңсеруге мүмкiндiк бередi. Ол, сондай-ақ, экономикалық белсендiлiкке ықпал  етедi, рыноктарға және әлеуметтiк  саланың қызметтер көрсетуiне  қол жеткiзудi қамтамасыз етедi.

 

1.2.3.1. Халықтың тұрғын  үймен және коммуналдық қызметтер  көрсетумен қамтамасыз етілуi 

 

       Өңiрлер  бойынша тұрғын үйдiң әркелкi бөлiну  проблемасы орын алуда. Тұрғын  үймен қамтамасыз етiлу бойынша  жоғары көрсеткiштер - халқы көшiп  кеткен Қарағанды және Павлодар  облыстарында (бiр адамға шаққанда 17,8 және 17,3 шаршы м), төмен көрсеткiштер - Атырау және Маңғыстау (14,0 және 14,4 шаршы м) облыстарында байқалады. 89% үй шаруашылықтарының жеке  тұрғын үйi бар, алайда оның  тек 44%-ында коммуналдық жағдай  жақсартылған. Қалаға қарағанда  ауылдық жерлерде абаттандыру  көрсеткiштерi төмен. 

       Ақылы  қызметтер көрсету құрылымында  тұрғын үй-коммуналдық шығыстар  үлесi 2000 жылғы 51%-ға қарағанда  2001 жылы 53%-ды құрады. Халықтың төлем  қабiлетiнiң төмендiгiнен тұрғын  үйдi ағымдағы ұстау үшiн төлемсiздiк  деңгейi жоғары күйiнде қалып отыр.

       Күнкөрiсi  төмендерге тұрғын үй беру  арқылы көмек беру жүйесi проблеманы  бiршама жеңiлдетедi. Тұтынушылардың  жалпы берешектерiнде халықтың  борыштары 16 млрд. теңгенi (61%) құрайды,  бұл жекелеген өңiрлерде үй  шаруашылықтарын электр жарығынан  ағытып тастаудың басты себебi  болып табылуда. Ауыл шаруашылығында  электр тұтыну көлемiнiң қысқаруы  ауылдық электр желiлерi тиiмдiлiгiнiң  төмендеуiне және тарифтердiң  жоғарлауына, электр қуатын беруде iрiкiлiстерге әкеп соқтырды.

 

1.2.3.2. Халықтың сумен қамтамасыз  етiлуi

 

       Суға  қол жеткiзу кедейлiктiң негiзгi индикаторларының бiрi болып табылады. Халықтың аурушаңдық деңгейi көп  жағдайда ауыз сумен жабдықтау  жай-күйiнiң нашарлауына байланысты.

       Ел халқының  құбырдағы сумен қамтамасыз етiлуi 74% болды. Осыған қарамастан, жұмыс  iстеп тұрған су құбырларының  саны азаюда және олардың санитарлық-техникалық  жай-күйi нашарлауда. Тұтастай алғанда  республика бойынша су құбырларының 13,3%-ы жұмыс істемейдi, 23,4%-ы санитарлық-техникалық  талаптарға жауап бермейдi.

       Халықтың 50%-ға жуығы минеральдығы және  кермектiлiгi бойынша нормативтерге  сай келмейтiн ауыз суды пайдаланады, 3,9% ауыз суының сапасы бактериологиялық  көрсеткiштер бойынша стандарттарға  сәйкес келмейдi. Жерасты суларының  үдемелi ластануы су көздерiнiң  сапалық көрсеткiштерiнiң төмендеуiне  әкелiп соғуда. Орталықтандырылмаған  су көздерiнен және ашық су  қоймаларынан алынған суды тұтыну  деңгейi жоғарылап келедi. Тасымалданып  әкелiнетiн суды пайдаланатын  халықтың үлесi артуда. Бiр миллионға  жуық ауыл халқы ауыз суы  ретiнде тазартылмаған суды және  үй шаруашылықтарында, көбiне, егiстiктiң  және мал шаруашылығы фермаларының  қалдық суларымен ластанған өзендердiң  суын пайдаланады. 

       Республиканың  оңтүстiк өңiрлерiнде судың болмауы  жер телiмдерiн тиiмсiз пайдалануға  әкелiп соғуда.

 

1.2.3.3. Халықтың жолмен, көлiкпен, байланыс қызметтерiн көрсетумен  қамтамасыз етiлуi

 

       1997-2001 жылдар  аралығында жол қатынастарының  жалпы желiлерiне қосылған қатқыл  төсенiштi жолдармен байланыспаған  ауылдық елдi мекендердiң үлес  салмағы (36,8-дан 23.9%-ға дейiн)  төмендедi. Қазақстанда жолаушылар  тасымалымен қамтамасыз етудiң  орташа деңгейi тым төмен - 30%, бұл  шалғай аймақтағы тұрғындардың  әлеуметтiк қызмет түрлерiне қол  жеткiзу мүмкiндiгiн шектейдi.

       Республикада  қызметтер көрсету түрлерінің  ең төменгi әлеуметтiк-кепiлдi мөлшерiн  алу үшiн жолдың нашарлығы салдарынан  өңiрдiң әрбiр тұрғыны көтеруге  мәжбүр апта сайынғы өнiмсiз  шығындар жоғары күйiнде қалып  отыр.

       Көлiк  тасымалдарына халықтың төлем  қабiлеттiлiк сұранысының қысқаруы  жол бағыттарының жалпы санының  азаюын және барын кiшiрейтудi туғызды. Жекелеген селолық аудандарда  аз қоныстанған елдi мекендер көлiк қатынасынан үзiлiп қалған, бұл кедейлердiң жағдайын одан әрi нашарлатуда.

       Халыққа  көрсетiлетiн ақылы қызметтер  құрылымында байланыс қызметi 11,6%-ды  құрайды, ауылда халықтың төлем  қабiлетсiздiгiнен телефон станцияларының  қысқару үрдiсi және байланыс  қызметiн пайдаланудан бас тартудың  артуы байқалуда. 

 

1.2.4. Кедейлiктiң өңiрлік  және экологиялық аспектiлері 

 

1.2.4.1. Кедейлiктiк өңірлiк  ерекшелiктерi

 

       Қазақстан  аумағы бойынша кедейлiктiң таралуында  елеулi өңiрлiк ерекшелiктер бар,  бұл ең алдымен табыстың өңiраралық  саралануынан байқалуда. Республика  өңiрлерiнiң орташа жалақы деңгейi бойынша саралануы үш еседен  астам мөлшерде болып отыр.

       Жоғары  экономикалық көрсеткiштер кедейлердiң  жағдайының жақсаруынан әрдайым  көрiнiс таба бермейдi. Мысалы, халықтың  жан басына шаққанда жалпы  өңiрлiк өнiмнiң ең жоғары көрсеткiштерiнiң  бiрiне ие Маңғыстау облысында  кедей тұрғындардың ең жоғары  үлесi байқалуда. 

       Сонымен  бiрге облыстар iшiнде халықтың  ақшалай табыстарында едәуiр айырмашылық  бар. сiресе ауылдық аудандарда  халқының 46,2 %-ын кедейлер құрайтын  Маңғыстау облысында жалақының  мұнай өндiру өнеркәсiбiндегi ең  жоғары және ауыл шаруашылығындағы  ең төмен мөлшерiнiң арасындағы  оның алшақтығы 18 есенi немесе  Атырау облысында мұнай өндiрушi  Жылыой ауданы мен ауылдық  Махамбет ауданының арасындағы  алшақтық 9 есенi құрайды. 

       Сондықтан  қаражат тиiмдi түрде қайта бөлiнбесе,  экономикалық өсу өздiгiнен халықтың  жағдайын жақсартудың кепiлi бола  алмайды. 

       Өңiрлер  кедейлiк деңгейi жөнiнен де, жұмыспен  қамтылу деңгейi жөнiнен де ерекшеленедi. Өңiрлерде жұмыс күшiне сұраныстың  құлдырауы көбiне олардың әлеуметтiк-экономикалық  даму ерекшелiктерiмен, қайта құрылымдау, өндiрiстi техникамен қайта жарақтандыру  қарқынымен және басқа да көптеген  факторлармен айқындалады. 

 

1.2.4.2. Шағын қалалардағы  халық кедейлiгi 

 

       Шағын  қалаларда кедейлiк деңгейi жоғары  күйiнде қалып отыр. Тоқырауға  ұшыраған шағын қалаларда халықтың  жан басына шаққандағы ақшалай  табысы орташа республикалық  деңгейден 30-50% төмен. 

       Шағын  қалаларда кедейлiктiң өсуi негiзiнен  өндiрiстiң ұзақ уақыт құлдырауынан (шағын және орташа қалаларда  әртүрлi себептермен кәсiпорындардың  барлығы 40%-ға жуығы тоқтап  тұр) және соның салдарынан жұмыссыздықтың жоғары деңгейiнен; бюджет қаражатының және инвестициялардың жетiспеуiнен, әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым жай-күйiнiң күрт нашарлауынан, халықтың жекелеген топтарының төлем қабiлетiнiң төмен болуы салдарынан коммуналдық қызметтер ұсынудағы iркiлiстерден туындап отыр.

       Шағын  қалалардағы экономикалық белсендi  халықтың үлесi орта есеппен 58%-ды  құрайды. Жалпы жұмыссыздықтың  деңгейi 47%-ға жетедi. Жағдай бiлiктiлiгi  төмен жұмыс күшiнiң үлес салмағының  жоғары болуы себептi ушыға түсуде. Кадрлар даярлаудың, шағын қалалардың  әлеуетiн жақсартуға және бiлiктi жұмыс күшiмен толықтыруға ықпал  ететiн оқу орындарының желiсi  нашар дамыған. 

 

1.2.4.3. Ауылдық жерлердегi  халық кедейлігi

 

       Кедей  халықтың негiзгi бөлiгi ауылдық  жерлерде тұрады. 2001 жылы ауылдағы  кедейлiктiң тереңдiгi және өткiрлiгi  сияқты өлшемдер қаладағы 5,3%-ға  және 2,2%-ға қарағанда тиiсiнше  13,5%-ды және 6,0%-ды құрады. сiресе  өмiр сүрудiң әуелден қолайсыз  экологиялық жағдайлары орташа  республикалық деңгейдi алсақ  та, орташа облыстық деңгейдi алсақ  та iс жүзiнде барлық әлеуметтiк  өлшемдер бойынша межеулiкке түрткi  болатын тоқыраған селолық аудандарда  өткiр ахуал қалыптасып отыр.

       Ауыл  тұрғындарының номиналды ақшалай  табыстары қала тұрғындарынан  екi есе төмен. Соңғы бес жыл  бойы ауылшаруашылық өндiрiсi қызметкерлерiнiң  жалақысы елдегi ең төменгi жалақылардың  бiрi болып келдi.

       Ауылдың  еңбекке қабiлеттi әрбiр бесiншi тұрғыны  жұмыспен қамтылмаған. 2001 жылы ауылда  жұмыспен қамтылу 35,3%-ды құрады. Аграрлық еңбек рыногы тар  өрiстi мамандық қызметкерлерiнен  - механизаторлардан, малшылардан,  агрономдардан, зоотехниктерден  тұрады, олардың жұмыспен қамтылуы  көбiнесе өндiрiстiң маусымдылығымен  айқындалады. 

       Ауылда  денсаулық сақтау мен бiлiм  берудiң базалық әлеуметтiк қызметтерiне  қол жеткiзу деңгейi бойынша ахуал  күрделi күйiнде қалып отыр; шаруашылық iшiндегi жолдарды, коммуникацияларды  күтiп ұстау нашарлап кеттi, халықтың  көшi-қоны етек алды.

       Ауыл  шаруашылығының өндiрiс құралдарын, энергоресурстар және материалдар  берушi аралас салаларға экономикалық  тәуелдiлiгi, ауыл шаруашылығы өнiмiн  өңдеу, оны сақтау және тасымалдау  базасының дамымауы, салада кiрiстiң  төмен болуына байланысты инвестициялар  салудың тартымсыздығы ауылдық  жердегi халықтың кедейлiгiне әсер  етуде. 

 

1.2.4.4. Халық кедейлігiнің  экологиялық acпeктici

 

       Қолайсыз  экологиялық ахуал халықтың кедей  топтарының тұрмысына едәуiр әсерiн  тигiзуде. Осындай негiзгi факторлар  ретiнде судың, ауаның ластануын,  шөлейттенудi атауға болады.

       Сумен  жабдықтау проблемасы мен кедейлiк  бiр-бiрімен өзара байланысты. Қазақстанның  көптеген облыстарында халық  қауіпсіз ауыз сумен жеткiлiктi мөлшерде қамтамасыз етілмеген.  Ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз  етудiң орташа республикалық көрсеткішінің  жыл сайынғы төмендеуi 3,5%-ға жетiп  отыр, бұл халық денсаулығына, атап  айтқанда жұқпалы аурулардың, тырысқақ, сүзек, A вирусты гепатитiнiң таралуы  салдарынан келеңсіз әсер етуде. 

       Атмосфералық  ауаның ластануы халық арасында  аурулардың таралуына зор әсер  ететiн қауiптi факторлардың қатарына  жатады. Мысалы, мұнай өндiрiлетiн  аудандарда ілеспе газды жалындатып  жағу, күкiрттi ашық ауада сақтау  орын алуда. Жекелеген аудандарда  қалдық қоймаларының радиоактивтiк  және уытты қалдықтары тозаңданып, шаң болып ауаға ұшып жатыр.  Арал теңiзi өңiрлерiнде тартылған  теңiз түбiнен уытты тұздар  ауаға көтерiлiп, адамдар мен  жануарлардың денсаулығына керi  әсерiн тигiзiп отыр, сондай-ақ  су мен топырақты ластауда.

       Қазақстанның  кең-байтақ аумағы әскери полигондар  қызметiнен және ғарыш техникасын  ұшырудан зардап шектi. Семей ядролық  сынақ полигонында өткiзiлген  ядролық жарылыстар салдарынан  сәуле ауруына ұшырағандар саны  жарты миллион адамға жеттi, 2 миллион  гектарға жуық ауылшаруашылық  жерi радиоактивтiк ластануға  ұшырады. 

       Екiншi қайтара  тұздану, шөлейттену салдарынан  егiстiк жерлер құнарлылығының  төмендеуi халықтың тұрмыс деңгейiне, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығына  және жалпы түсiмiне, мал басына  және мал шаруашылығының өнiмдiлiгiне  керi ықпал ететiн бiрқатар экономикалық  проблемалар туғызуда. Санитариялық-экологиялық  жағдайлардың нашарлауы өз кезегiнде  халықтың еңбек және зияткерлiк  әлеуетiн төмендетедi.

       Кедейлiк  халықты табиғи ресурстарды жөн-жосықсыз  пайдалануға мәжбүр етуде. Көмiр,  газ, электр қуатын сатып алуға  қаражаты жоқ халық сексеуiлдердi, тоғайларды, қалқанды орман белдеулерiн  жаппай кесуде. Киiк және басқа  да тұяқты жануарларға қатысты  қаскер аңшылық етек алуда.  Ауылдың кедей халқы көбiнесе  тозған және мардымсыз суарылатын  жерлерде шаруашылық жүргiзуге  мәжбүр және агрохимиялық және  ирригациялық іс-шаралар мен pecуpc үнемдейтiн технологияларды пайдалануға  мүмкiндiктерi жоқ. 

 

1.2.5. Қоғам институттарының  халықтың кедейлік деңгейін төмендетудегi рөлі 

 

1.2.5.1. Мемлекеттік органдардың  халықтың кедейлiк деңгейiн төмендетудегi қызметiнiң тиiмдiлiгі 

 

       Мемлекет  кедейлiк деңгейiн төмендетуде  басты рөл атқарады. Бұл, бiрiншiден,  бизнеспен айналысу үшiн қолайлы  жағдайлар, оның iшiнде салық, инвестициялық  ахуал жасаудан, қаржылық және  институционалдық инфрақұрылым  жасаудан, соның iшiнде кәсiпкерлiк  субъектiлерi үшiн бәсекелестiктi дамытуға қолайлы жағдайлар жасаудан  көрiнедi. Екiншiден, әлеуметтiк даму  саласында да (денсаулық сақтау, бiлiм бepу, әлеуметтiк қамсыздандыру), қоғамдық инфрақұрылымды (қоғамдық  объектiлер, жолдар құрылысы, көлiкпен  қамтамасыз ету) қалыптастыру  да халыққа мемлекеттiк қызмет  түрлерiн көрсету бойынша бюджеттiң  шығындарын жоспарлаудан көрiнедi. Yшiншiден, халықтың әлеуметтiк осал топтарын тiкелей әлеуметтiк қорғаудан көрiнедi.

       Соңғы  жылдары әлеуметтiк салада мемлекеттiк  қызметтер көрсету тиiмдiлiгiн  арттыру жөнiнде шаралар қолданылды. Жаңа зейнетақы жүйесiне көшу  жүзеге асырылды және әлеуметтік  төлемдердi төлеу ретке келтiрiлдi.

       Елдiң  әлеуметтiк-экономикалық даму басымдықтарын  көрсететiн бағдарламалы, нысаналы  бюджет қалыптастыру қамтамасыз  етiлдi. Бюджет мемлекеттiң ағымдағы  мұқтаждарын орындауға бағытталған  бағдарламалар жүзеге асырылатын  ағымдағы бюджетке және экономикаға  бөлiнетiн инвестицияларға жұмсалатын  шығындарды қамтитын даму бюджетiне  бөлiнедi.

Информация о работе Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары