Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 12:15, отчет по практике
ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігінің басты мақсаты елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ету, астық егу, жинау шаруашылығын басқарумен айналысады, сонымен қатар көлемді инвесторларды тарту болып табылады. Бұдан бөлек, жоғары технологиялық өндірісті инфрақұрылым, бәсекеге қабілетті өндіріс, өңдеу мен тауарды сату да оның міндетіне кіріп отыр.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігінің қызметі мен міндеттері
1.1 Ауылшаруашылығы Министрлігінің қызметі мен міндеттері......................5
1.2 Ауыл шаруашылығында агроөндірістік кешенді бағдарламасы..................8
ІІ. «Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» бөлімінің қызметі мен міндеттері
2.1 Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытып, үйрету теориясы...............................................................................................................20
2.2 Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете үйрету деңгейлері.....22
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
3.1 Тілдік ахуалдың сипаттамасы........................................................................24
3.2 Тілдерді функционалды дамытудың қолайлы моделі.................................24
3.3 Тіл құрылысының міндеттері.........................................................................26
IV. ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары.................................27
Қорытынды..........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................35
Тұжырымдаманы
іске асыру оған заң актілері
және ұйымдық шаралар арқылы
қолдау көрсетілген жағдайда
ғана табысты болмақ. Тұжырымдамамен
бірге талқылауға Қазақстан
Серпінді жобаларды
іске асыру, саланың тиімділігі мен
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
өте маңызды ықпалын тигізеді.
Қазақстан астығының экспорттық әлеуетін арттыру
мақсатында, Қазақстан Республикасының
Президенті астық экспортының жыл сайынғы
көлемін ұлғайту және Қазақстанның әлемдік
астық экспорттаушы бестіктің қатарына
кіруі жөнінде міндет қойды.
Осы міндетті орындау
үшін Каспий жағалауы және оған жақын
орналасқан елдердің нарықтарының стратегиялық
маңызы өте жоғары.
Қазіргі уақытқа дейін осы нарықтарға
Қазақстан астығын тасымалдау Ресей, Өзбекстан
және Түркіменстан аумақтары арқылы темір
жол бойымен жүзеге асырылады. Осыған
сәйкес, біздің астықтың экспортының бәсекеге
қабілеттілігі осы елдердің көлік саясатына
айтарлықтай дәрежеде тәуелді.
Осы мәселені шешу үшін, әлеуетті өткізу
нарықтарына отандық астықты жеткізу
және Кавказ маңындағы елдердің нарықтарында
орнықтыру үшін аса тиімді болып табылатын,
Каспий теңізі арқылы осы елдерге экспорттық
баламалы бағытты дамыту туралы шешім
қабылданды.
Айтылмыш бағытта өткен жылдан бастап
Ақтау портында астық терминалының өткізу
қабілеттілігін арттыру бойынша және
Бакуде астық терминалы мен диірмен кешенінің
құрылысының жобалары іске асырылуда.
Қазақстан астығының Каспий теңізі арқылы
экспортын әрі қарай дамыту және кеңейту
мақсатында Поти (Грузия) және Амирабад
(Иран) порттарында астық терминалдарының
құрылысы бойынша қосымша жобалар іске
асырылуда.
Сондай-ақ, астықты Еуропа елдеріне жеткізудің ең қысқа жолы — Қара теңіз (Украина) порттарының бірінен астық терминалын сатып алу жобасын іске асыру жоспарлануда. Жобаны іске асыру қазақстандық экспорттаушылар үшін өздерінің әлемдік астық нарығындағы қатысуын бекіту және кеңейту шарттарын қамтамасыз етеді.
Одан басқа, халықаралық
талаптарға сәйкес келетін дамыған инфрақұрылымы бар қазіргі заманға
сай бордақылау алаңдарын ұйымдастыру
бойынша жобаны іске асыру жоспарлануда.
Бұл отандық еттің бәсекеге қабілеттілігін
және сапасын арттырады, ет өнімдерінің
экспорттық көлемін елеулі түрде өсіреді
және етті өткізудің «жайылымнан дастархан
басына» кепілдендірген жүйесін бір ретке
келтіреді. Жобаның техникалық-экономикалық
негіздемесі (ТЭН) мемлекеттік сараптауға
берілген.
Мақтаны қайта өңдеу саласын дамыту үшін
мақталықтың сортты тұқымдық материалын
өндіру бойынша зауыт құрылысының жобасын
іске асыру жоспарлануда. Жоспардың ТЭН
әзірленуде, сонымен қатар жабдықтарды
жеткізуге ұсыныстар қарастырылып жатыр.
\Сонымен қатар, «Алатау
Дейри» ЖШС, «Қазкоммерцбанк»
АҚ компаниясының тобы «
«Халық банкі» АҚ компаниясының
тобы, «Маслодел» ЖШС рапстан май
және шикі сүт өндіру бойынша өндіріс
құру жобасын іске асыруды жобалайды. Жоба Солтүстік-Қазақстан
облысында, Петропавл қаласында және Ғ.Мүсірепов
атындағы, Тайынша және Аққайың аудандарында
іске асырылады. Рапсты қайта өңдеу бойынша
зауыттың қуаттылығы жылына шамамен 180
мың тоннаға дейін, элеватордың қуаттылығы
400 мың тонна рапсқа дейін ұлғаяды. Қоспажем
зауытының қуаттылығы тәулігіне 200 тонна
жемшөп өндіруге, ал мал шаруашылығы кешендері
– 30 мың басқа жоспарланған. Жобаның ТЭН
әзірленді. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі»
АҚ осы жобаны іске асыруға қатысу мүмкіндігі
«ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке арнаулы
жабдықтар алып берумен талқыланды.
«Денсаулық өнімдері» фабрикасы құрылысының
жобасы Цесна компаниясының тобы «Цесна-Астық»
Концерні» ЖШС арқылы жоспарланған. Жобаны
іске асыру орны – Ақмола облысы. Балалар
тағамын (астық тұқымдастары негізіндегі
құрғақ қоспалар, көкөніс езбелері), спорттық
тағамдар, диабетпен ауыратындарға арналған,
әскери қызметкерлерге және тұрғындардың
арнаулы топтарына арналған тағамдар,
жалпы алғанда емдеу-профилактикалық
қасиеті бар негізгі азық-түлік тағамдарының
өндірісін ұйымдастыру жоспарланған.
Зауыттардың қуаттылығы – 27 мың тонна
дайын өнімдер шығару. Жоба алдындағы
дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ осы жобаға
қатысу мүмкіндігі «ҚазАгроҚаржы» АҚ
қаржыландыру арқылы талқыланды.
«Қазақстанның астық
өңдеушілер және наубайшылар одағы»
заңды тұлғалар бірлестігі және «Қазақстанның
астық одағы» заңды тұлғалар бірлестіктері
серпінді жоба ретінде «Ұн және макарон
өнімдері» атты ұлттық брендін құруды мәлімдеді. Жобаның мақсаты: ұн және макарон
өнімдерінің ең ірі өндірушілерін осы
өнімдерді әлемдік нарықтарға жылжыту
мақсатымен, «Ұн және макарон өнімдері»
брендінің астында біріктіру. «ҚазАгро»Ұлттық
холдингі» АҚ Ауыл шаруашылығы министрлігімен
бірге және астық өңдеушілер мен тауарөндірушілердің
қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен
бірігіп Тұжырымдаманы және брендін қалыптастыру
шараларының жоспарын жетілдіру үшін
жұмысшы тобын құрды, брендін қалыптастырудың
және жылжытудың аналитикалық зерттеулері
сатып алынды. Тұжырымдама жобасы жетілдіру
кезеңінде.
«Raimbek» компаниясының тобы жеміс-жидек,
сүт пен басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндіру, сақтау, бөліп тарату және экспорттау
бойынша тікелей ықпалдасқан құрылым
құру жобасын іске асыруды ұсынды. Жобаның
іске асыру орны – Алматы облысы, (болжамды
Панфилов, Еңбекші қазақ, Ұйғыр аудандары).
Болашақта – Жамбыл облысы. Жобаны іске
асыру 3 блокпен қарастырылған. Бастапқыда
3 мың гектар аумақта бау-бақшалар мен
жидектіктерді құру, кейін оларды 10-12 мың
гектарға дейін кеңейту, әр қайсысында
2 200 мал басы бар 4 ірі-тауарлы сүт фермаларын
құру, олардың екеуі — Алматы облысында,
Қостанай және Шығыс-Қазақстан облыстарында
бір-бірден. «ҚазАгро»Ұлттық холдингі»
АҚ жобаға қатысуы өзінің еншілес ұйымдарының
күшімен несиелік қаржыландыру, техниканы,
құрал-жабдықтарды, малды лизингке берумен
болжанады. Қазіргі уақытта қаржыландырудың
мүмкін болатын параметрлері қарастырылуда.
«Отес-Атил» компаниясының тобы биологиялық/экологиялық
таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру
жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жобаның
мақсаты Алматы облысының Іле-Балқаш су
қоймасын дамыту. Қуаттылығы – жылына
2 мың тоннаға дейін шабақтардың бағалы
тектерін, жылына 2 мың тоннаға дейін бекіре
балықтарын, 15 мыңға дейін мал басын өндіру.
Несие желісін ұйымдастыру үшін бизнес-жоспар
дайындалып, ұсынылған. «ҚазАгро»Ұлттық
холдингі» АҚ және «Отес-Атил» компаниясы
тобының арасында өзара түсіністік пен
ынтымақтастық туралы Меморандумға қол
қойылды. Қазіргі уақытта «ҚазАгроҚаржы»
АҚ аналық мал басын сатып алуға арналған
айналым қаржыларын толықтыруға несие
желісін ұсыну мүмкіндігін қарастырып
жатыр, тағы да балықты қайта өңдеуші 3
зауыттың құрылысына 2 млрд. теңге шамасында
несие желісін ұйымдастырудың мүмкіндігі
қарастырылуда. Жобаларды іске асырудың
экономикалық және әлеуметтік негіздемесі
қосымша жұмыс орындарының құрылуы, нарық
жағдаятының кеңеюі, экспорттың ұлғаюы,
қосымша құны жоғары дайын өнімдермен
көрінеді, олар ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу бойынша жоғары технологиялық
өндірістердің және соған сәйкес жалпы
АӨК дамуымен Қазақстан Республикасының
аумағында өндірістік кезеңде қалыптасады.
Қорытынды
Тілдерді қолдану мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр. Себебі тіл саясаты, оның ішінде мемлекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне, оның мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мәселелер болып табылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында бұл туралы әр түрлі көзқарастағы ой-пікірлер айтылуда. Жалпы мемлекеттік тіл саясатына байланысты проблемаларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың маңызы өте үлкен әрі жауапкершілігі зор міндет. Өйткені, газет-журналдар, әсіресе телевизия қоғамдық ой-пікірді қалыптастырып, сол арқылы белгілі бір дәрежеде саяси ахуал қалыптастыра алады.
Сондықтан тіл саясатына байланысты материалдарды жариялағанда негізінен мына бағыттарды ұстанған жөн деп есептейміз.
Қазақстан халықтары тілдерін дамытудың стратегиясы үш негізгі мақсатта: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этностық топтардың тілдерін дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда.
Негізгі міндет – Тіл туралы Заң мен Тілдерді қолдану және дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жылдың мамыр айында “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында мемлекеттік тіл саясатының басты бағыттарын және оны орындау барысындағы негізгі міндеттерді айқындап берді.
Сонымен, осы аталған министрлікте оқу-танысу практикасын өткіздім.
Практика өткізу тарысында
мынадай тәжірибелер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Мемлекеттік тілді
мемлекеттік қызметшілерге (
2 Мемлекеттік тілді
мемлекеттік қызметшілерге (
3 Мемлекеттік тілді
мемлекеттік қызметшілерге (
4 ҚР Ауылшаруашылығы Министрілігің құжаттары
Информация о работе Ауыл шаруашылыгы министрлиги - тил саясаты