Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 12:15, отчет по практике
ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігінің басты мақсаты елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ету, астық егу, жинау шаруашылығын басқарумен айналысады, сонымен қатар көлемді инвесторларды тарту болып табылады. Бұдан бөлек, жоғары технологиялық өндірісті инфрақұрылым, бәсекеге қабілетті өндіріс, өңдеу мен тауарды сату да оның міндетіне кіріп отыр.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігінің қызметі мен міндеттері
1.1 Ауылшаруашылығы Министрлігінің қызметі мен міндеттері......................5
1.2 Ауыл шаруашылығында агроөндірістік кешенді бағдарламасы..................8
ІІ. «Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» бөлімінің қызметі мен міндеттері
2.1 Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытып, үйрету теориясы...............................................................................................................20
2.2 Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете үйрету деңгейлері.....22
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
3.1 Тілдік ахуалдың сипаттамасы........................................................................24
3.2 Тілдерді функционалды дамытудың қолайлы моделі.................................24
3.3 Тіл құрылысының міндеттері.........................................................................26
IV. ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары.................................27
Қорытынды..........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................35
«Қарағанды обылысында ауылдарды сумен қамту» (ИБР) бағдарламасында 20 сумен қамту объектісі құрылысы көзделген, оның ішінде 13-інде құрылыс-монтаждық жұмыстар басталды.
«Ауылдық аумақтарды сумен қамтамасыз ету және канализациялау» (АБР) бағдарламасы бойынша 22 жоба әзірленді және Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 6 объектінің құрылысы басталды. Көрсетілген жоба шеңберінде көрсетілген облыстардың 90 ауылдық елді мекенін ауыз сумен қамтудың жергілікті жүйелерімен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Араб экономикалық дамуының Кувейт қоры қаражаты есебінен «Арал қаласын сумен қамтамасыз ету» жобасы іске асырылды және Арал қаласының 210 км су жүргізетін құбыр желісін және 22 км Арал-Сарыбұлақ топтық сутартқышын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды, Қызылорда облысының 8 ауылдық елді мекендерінде шахта құдықтары салынды.
«Қазалыны/ Жаңа Қазалыны сумен қамтамасыз ету» жобасы бойынша KFW Неміс банкі гранты есебінен Жаңа Қазалы қ. 11,7 км дөңгелек бөлу желісінің қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, Қызылорда облысы Қазалы ауданы елді мекенінде су көтеру станциялары ауыстырылды.
Жапон Үкіметінің гранты есебінен «Қазақстан Республикасының ауылдық тұрғын мекендерін сумен қамтамасыз ету» жобасы іске асырылды. Осы жоба шеңберінде Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының 7 ауылдық елді мекендерін сумен қамтамасыз етудің жергілікті жүйелері құрылды.
2007 жылы республикалық бюджеттен 18,2 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде:
- 017«Сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне арналған мақсатты трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 220 ауыз сумен қамту объектісіне - 12,7 млрд. теңге, оның ішінде :
- 2007 жылы аяқталатындар – 78 объект;
- 2008 жылға өтетіндер – 142 объект.
- «Ауыз сумен қамтамасыз ету объектілерін салу және қайта жаңғырту» бюджеттік бағдарлама бойынша 28 ауыз сумен қамту объектісіне – 3,7 млрд. теңге, оның ішінде:
- 2007 жылы аяқталатындар – 10 объект;
- 2008 жылға өтетіндер – 18 объект.
- кепілдер мен гранттар – 1,8 млрд. теңге.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына сәйкес республикалық бюджеттен 28,4 млрд. тенге бөлінді, соның ішінде:
- «Сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне арналған мақсатты трансферттер» 017 бюджеттік бағдарламасы бойынша 262 ауыз сумен қамту объектісіне - 19,2 млрд. теңге, оның ішінде:
- 2008 жылға өтетіндер – 142 объект;
- жаңа – 16 объект.
- кепілдер мен гранттар – 3,0 млрд. теңге.
Бағдарламаны іске асыру
барысында қазіргі кезеңгі
Бүгінгі күні республикада полиэтилен құбырын шығару 15-тен астам мекемеде реттеледі. Аса ірі жабдықтаушылар - «Шеврон Кемикал К» ООО Атырау қ., «Қазақстан құбырмен оқшаулау зауыты» ЖШС, Ақтау қаласында стекловолокнистых құбырлар және Ақтөбе қаласында «Хобас Пайпс Қазахстан» ЖШС шыныпластикалық құбырлар шығару жөніндегі зауыттар.
ІІ. «Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» бөлімінің қызметі мен міндеттері
2.1 Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытып, үйрету теориясы
Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту әдісі дегеніміз – деңгейлік оқыту жүйесінде, мол ақпараттық білімдік ортада тіл үйренушінің өздік жұмысын тиімді ұйымдастыру арқылы оқу-танымдық уәждемелерін арттыра отырып, тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған, жаңашыл ақпараттық-коммуникациялық, интерактивті оқыту технологияларына негізделген қатысымдық бағдарлы оқыту әдісі.
Бүгінгі қоғамдағы мемлекеттік
қызметшілер мемлекеттік тілді
неғұрлым аз уақыт аралығында меңгеруге
мұқтаж. Қазіргі мемкемелердің
Қазақ тілін
мемлекеттік қызметшілерге
1. Қазақ тілін мемлекеттік
қызметшілерге жеделдете
2. Жеделдете оқыту үдерісінің басты тұлғаларының өзара субъекті-субъектілік қарым-қатынасқа құрылуын, оқу мен тәрбиенің тілдік тұлға қалыптастыруға бағытталуын, оқуды белсендіру арқылы тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыруды көздейтін тұлғаға бағыттап оқыту ұстанымы;
3. Тіл үйренуші тұлға мен топтың сөйлеу белсенділігін арттыруға, топтағы әрбір жеке адамның білігін, қабілетін, құзыретін, мүмкіндігін дамытуға, жетілдіруге бағытталған белсенділік ұстанымы;
4. Қазақ тілін жеделдете оқып-үйренудің қажеттігін саналы түрде түсіну, пайымдап болжау, өз ықыласымен саналы меңгеруге кірісу, жеке бас, танымдық уәждемесінің артуы, нәтижеге, әдістің дұрыстығына, өз күшіне сену, қабылданған ақпараттардың мәнін түсіну үдерістерінің бірігуін жүзеге асыратын саналылық ұстанымы.
Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқыту бағдарламасы тілдік қатынас салаларына сәйкес өзекті тақырыптарды айқындау, лексикалық минимум аясына негізделген қарым-қатынас жағдаяттарын айқындау, мамандыққа бағытталған кәсіби лексиканы іріктеу, грамматикалық минимумды оқу мәтіндеріне сәйкес сұрыптап ұсыну, сөйлесім әрекеттерін жетілдіруге бағытталған қатысымдық тапсырмалар жүйесін айқындау талаптарын ескере отырып түзілді.
Қазақ тілін мемлекеттік
қызметшілерге жеделдете
Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытуда белсендіруден, әдістің тиімділігіне иландырудан, өз күшіне, нәтиженің алыс еместігіне сендіруден, жігерлендіруден, мақтаудан, жарысқа шақырудан т.б. тұратын уәждеме тудыру тактикасы оқуды жеделдетуге жағдай жасайтын шешімдермен ұштастырылды. Қазақ тілін оқып-үйренудің сыртқы, қоғамдық-әлеуметтік уәждемелері ішкі, жеке бас уәждемелеріне айналған кезде, жеделдете оқыту өзінің түпкі мақсатына жете алады.
1-сурет – Мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін жеделдете оқудағы оқу-танымдық уәждемелерінің моделі
2.2 Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете үйрету деңгейлері
Қазақ тілін жеделдете оқыту үдерісіне деңгейлік оқыту тәжірибесі біртіндеп енгізіле бастағанымен, көптеген қиыншылықтар әлі күнге дейін өз шешімін таппай келеді. Олар - тіл үйренуші топтарды деңгейлерге сай жіктеудің нақты критерийлері болмауы; деңгей алды, аралық және қорытынды бақылау формаларының жетілдірілмеуі; ұсынылған оқу материалының деңгейлерге сәйкес іріктелмеуі нәтижесінде қайталау факторының орын алуы т.б.
Тілді деңгейлік оқыту
жүйесінің талаптарын есепке ала
отырып, қазақ тілін мемлекеттік
қызметшілерге жеделдете
2-сурет – Тіл үйрету деңгейлерінің жеделдете оқыту кезеңдерімен байланысы
Жеделдете оқытудың дағдыларды қалыптастыру және орнықтыру кезеңі тілдік қатынасты практикалық тұрғыдан қамтамасыз етуді, қажетті коммуникативтік ядроны қалыптастыруды көздейді. Мол тыңдалым әрекеті түрлі қолданыстағы құрылымдар ішінен тілдік формаларды ажыратып, тануға мүмкіндік береді. Екінші сөйлесім әрекетін дамыту кезеңі тілдік қатынасқа тікелей ену арқылы жүзеге асады. Сөйлеу механизмін іске қосу тіл үйренушілердің контингентіне, сабақтардың саны мен жиілігіне байланысты жүзеге асады. Үшінші тілдік қатынасты жетілдіру кезеңінде интерактивті оқыту технологиясы арқылы орындалатын көпнұсқалы сөйлеу жаттығулары сабақ үстінде тығыз қарым-қатынас жүргізуге мүмкіндік беріп, тіл үйренушілердің үздіксіз қатысымдық белсенділігін қамтамасыз етеді.
2-кесте – Тіл үйренушінің тілдік және сөйлесімдік типтері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУ ТИПІ | |
Тілдік (танымдық) |
Сөйлесімдік (қатысымдық) |
Сол жақ жарты шар |
Оң жақ жарты шар |
Тіл үйренушінің тілдік материалды логикалық танымы арқылы қабылдауы жүзеге асады |
Тіл үйренушінің тілдік материалды эмоционалдық сезімі арқылы қабылдауы жүзеге асады |
Тіл үйренушінің фонетикалық, грамматикалық дағдыларын қалыптастырады |
Тіл үйренушінің образды ойлауын, сөйлесім дағдысын қалыптастырады |
Тіл үйренушінің грамматикалық формуламен, модельдермен ойлау әрекеттерін басқарады |
Әзіл-қалжыңға жүйріктік, автоматты түрде жылдам жауап қайтару реакциясын дамытады |
Логикалық рационалдық ойлауды жүзеге асырады |
Көркем-образдық, сезімдік ойлауды жүзеге асырады |
Сөйлесім әрекетінің интеллектуалды сипаты басым болады |
Сөйлесім әрекетінің эмоционалды сипаты басым болады |
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Тұрақты даму барған сайын қазіргі әлемдегі қоғамдық процестердің ұтымды жүруінің негізгі өлшеміне айналып келеді. Ал тұрақты дамудың шарттарының бірі – ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы болып табылады. Көп ұлтты мемлекетте этностардың жарасты өмір сүруіне, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің сақталуына тіл саясаты ықпал етуге тиіс.
Жекелеген
этностардың үйлесімді,
Қазақстанның
егеменді мемлекет ретіндегі
жаңа әлеуметтік – саяси
Осы тұжырымдаманың
мақсаты - өтпелі кезеңде тілдердің
сақталу және қызмет ету
Тұжырымдаманың міндеті: Қазақстан Республикасының Конституциясына сай тілдік дамудың басым бағыттарын, тілдердің қызмет ету тетіктерін айқындау.
3.1 Тілдік ахуалдың сипаттамасы
Тілдік ахуал - бұл тілдің қоғамда нақты қолданылуының көрінісі. Оның пайда болуы және одан әрі қалыптасуы түрлі жағдайларға, атап айтқанда, тілдік және тілдік емес (әлеуметтік, саяси, экономикалық, психологиялық, тарихи, географиялық, т.б. ) факторлардың өзара әсеріне байланысты.
Қоғамның
тіл өміріне саналы түрде
Пәрменді
мемлекеттік тіл саясатын
Бүгінгі таңда Қазақстанда іс жүзінде тілдердің саналуандығы орын алып отыр, мұнда жүзден астам тіл қолданылып жүр. Еліміздегі этникалық топтар тілдері өздерінің атқаратын фуннкцияларының көлемі жағынан да бірдей емес.
Информация о работе Ауыл шаруашылыгы министрлиги - тил саясаты