Ауыл шаруашылыгы министрлиги - тил саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 12:15, отчет по практике

Краткое описание

ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігінің басты мақсаты елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ету, астық егу, жинау шаруашылығын басқарумен айналысады, сонымен қатар көлемді инвесторларды тарту болып табылады. Бұдан бөлек, жоғары технологиялық өндірісті инфрақұрылым, бәсекеге қабілетті өндіріс, өңдеу мен тауарды сату да оның міндетіне кіріп отыр.

Оглавление

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І. ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігінің қызметі мен міндеттері

1.1 Ауылшаруашылығы Министрлігінің қызметі мен міндеттері......................5
1.2 Ауыл шаруашылығында агроөндірістік кешенді бағдарламасы..................8

ІІ. «Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» бөлімінің қызметі мен міндеттері
2.1 Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытып, үйрету теориясы...............................................................................................................20
2.2 Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете үйрету деңгейлері.....22

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
3.1 Тілдік ахуалдың сипаттамасы........................................................................24
3.2 Тілдерді функционалды дамытудың қолайлы моделі.................................24
3.3 Тіл құрылысының міндеттері.........................................................................26
IV. ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары.................................27

Қорытынды..........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................35

Файлы: 1 файл

Отчет - КР Ауылшаруашылыгы Министрлиги - Тил саясаты.doc

— 322.00 Кб (Скачать)

 

 

1.2 Ауыл шаруашылығында агроөндірістік кешенді бағдарламасы

 

Ауыл шаруашылығында агроөндірістік кешенді 2014 жылға дейін 

дамыту жөніндегі салалық  бағдарлама жүзеге асырылуда

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 27%-ға ұлғайды және 2трлн. теңгеден асып түсті

Еңбек өнімділігі 1 адамға 6,8 мың доллар болды

Орташа айлық жалақы 40 мың теңгеден асты

Бүкіләлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі  бағамы бойынша, «Аграрлық 

саясаттың ауыртпалығы» көрсеткіші жөнінен 2011 жылы Қазақстан 13 пунктке көтеріліп,  49-шы  орын алды

Іс жүзінде азық-түліктің барлық түрі бойынша ішкі рыноктың сұранысы қанағаттандырылды.

Осындай бағыттар бойынша  мына тақылеттес 28 жоба енгізілді:

тауарлы-сүт фермаларын, бордақылау алаңдары мен құс фабрикалары желісін дамыту,

 ет өңдеу кешендерінің, астық және көкөніс сақтау  қоймаларының құрылысы,

 ауыл шаруашылығы  техникаларын құрастыру, 

 астықты тереңдетіп  өңдеу,

 биязы жүн өңдеу,

 тамшылатып суару  жүйелері мен астық экспорты  инфрақұрылымдарын дамыту.

  Аталған жобалардың  арқасында 1218-ден астам жаңа  жұмыс орындары құрылды

2011 жылдың басына қарай  Қазақстанда 193 540 ауыл шаруашылығы  құрылымдары жұмыс істеді

2011 жылдың ІІІ тоқсанында  ауыл шаруашылығында 2,2 млн. адам  жұмыс істеді.

2012 жылы АӨК-ті дамытуға 221,7  млрд. теңге, оның ішінде:

    өсімдік шаруашылығына  36,9 млрд. теңге (62,8% пайызға ұлғайған)

    мал шаруашылығына  29,8 млрд. теңге (11%-ға ұлғайған)

2012 жылғы Жолдауға  сәйкес аталған өлшемдер бойынша  жұмыс жалғастырылатын болады

Қаржылық институттар алдындағы міндеттемелерді кепілдендіретін өңірлік қорлар құру

болжануда.

Аталған тетік мыналарды  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

      кредиторлар  тарапынан займшыларға талаптар  деңгейін төмендету;

2014 жылда республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы талдамалы материалдар

 

Жалпы экономикалық көрсеткіштер

2014 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1069,6 млрд. теңгеге бағаланып отыр, бұл 2012 жылға қарағанда, 8,4%-ға артық.

Алдын ала мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығы өнімі 623,2 млрд. теңгеге қайта өңделді.

2012 жылда бюджетке барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 9,1 млрд. теңгеге салық түсті, бұл 2008 жылдың деңгейінен 37,9%-ға немесе 2,5 млрд. теңгеге, 2005 жылдың деңгейінен 12,3%-ға немесе 1,0 млрд. теңгеге артық. Салық төлемдері бойынша бюджет алдындағы берешегі 2002 жылдың 1 қаңтарына 3,6 млрд. теңгені құрады, ал 2007 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,3 млрд. теңгені құрады немесе 2,8 есе төмендеді.

Жұмыссыздық деңгейі ауылдық жерлерде 6,2%-ды құрады.

Тұрғындар табыстарының деңгейі нақты есептегенде (яғни, инфляцияны есепке алғанда) 2007       жылдың І тоқсанында 8-ден 20%-ға дейін жалғасатын өсу динамикасымен артты.

Мұнда, республика тұрғындарының  тұтыну шығындары құрылымының көп бөлігін азық-түлік тауарлары алады (42,7%).

Егер 2006 жылы азық-түлікке  деген шығын жылдың аяғында төмендеу тенденциясына ие болса, 2007 жылдан бастап артты, бұл тұрғындар табыстары  деңгейінің артуына да, өткен жылдың екінші жартыжылдығында бағаның өсуіне де байланысты болды.

 

Өсімдік шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығын оны  мамандандыру негізінде әртараптандыруды, өндіріске егін шаруашылығының қазіргі  заманғы технологияларын және үдемелі  әдістерін енгізуді жүзеге асыру  бойынша атқарылған жүйелі жұмыстың, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау көлемінің артуының арқасында ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісі артты.  

Қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізуге уақтылы  және сапалы атқаруға, өткір континенттік климатты республика жағдайында өсімдіктердің өсуін лимиттейтін фактор болып табылатын өнімді ылғалды аса тиімді пайдалануға ықпал ететін ылғалресурссақтау технологияларын кеңінен қолдануға тиісті көңіл бөлінуде. 2007 жылы ылғалресурссақтау технологияларын ендіру көлемі 5,2 млн. теңгені немесе республиканың астық танаптарының үштен бір бөлігін құрады.  

2014 жылы дәнді дақылдарының рекордтық өнімі жиналды, оның өңделгеннен кейінгі салмақ бойынша жалпы көлемі статистика органдарының алдын ала мәліметтері бойынша 20,1 млн. тоннаны құрады, түсімділігі - 13,3 ц/га, бұл 2012 жылы қол жеткен деңгейден сәйкесінше 3,6 млн. тоннаға (22%) және 1,6 ц/га артық. Бұл көлем мемлекеттің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге және астық экспортының көлемін 10,0 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді (соның ішінде астық түрінде – 7,5 млн. тонна, астыққа шаққандағы ұн түрінде – 2,5 млн. тонна).

Астық өндірісінің ұлғаюында  жетістіктерге жетуге егіншілік  мәдениетін көтеру, өсімдік шаруашылығын мамандандыру негізінде оны әртараптандыруды жүзеге асыру бойынша жүргізілген жүйелі жұмыс, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау көлемдерінің өсуі себеп болып отыр.

Астық өндірісінің өсуі оны сату көлемдерінің ұлғаюына және саланың табыстылығының жоғарылауына себеп болды. 2007 жылы экспортқа 6,8 млн. тонна астық жөнелтілді. Сонымен қатар, 1,5 млн. тонна шамасында ұн экспортталды, бұл астыққа айналдырғанда 2,1 млн. тоннаны құрайды. Сонымен 2007 жылы астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде астық экспортының көлемі 8,9 млн. тонна болды. Бұл ретте астық экспортының көлемі 2006 жылғы көлеммен салыстырғанда 2,2 млн. тоннаға (47,6%), ұн – 339,9 мың тоннаға (30,3%) артты. Астық пен ұнды экспортқа сатудан түскен түсім сомасы 1542,7 млн. АҚШ доллары деңгейінде болжанып отыр. Бұл  2006 жылдың деңгейінен 801,7 млн. АҚШ долларына немесе 2,1 есе артық.

2007 жылы қазақстандық  астық 45 мемлекетке экспортқа  шығарылды. Негізінен олар 3,3 млн.  тонна астық немесе жалпы көлемнің 48% экспортталған ТМД, 1,5 млн. тонна  (22,2%) шамасында – Таяу Шығыс, 0,9 млн. тонна (13,5%) – Солтүстік Африка, 0,6 млн. тонна (9,5%) – Европа Одағы елдері. Осы жылы қазақстандық астық алғаш рет Венгрия, Бангладеш, Танзания мемлекеттеріне экспортқа шығарылды, келешегі мол қытай бағытын пысықтау жүргізілуде.

ТМД елдері ішінде астықтың едәуір көлемдерін Әзірбайжан – 886,6 мың тонна, Ресей – 613,5 мың тонна, Украина – 394,6 мың тонна, Қырғызстан – 345,5 мың тонна, Тәжікстан – 298,4 мың тонна импорттады.

Алыс шетел мемлекеттері бойынша астықтың үлкен көлемдері  Тунисқа – 555,1 мың тонна, Түркияға – 464,5 мың тонна, Сауд Аравиясына – 348,5 мың тонна, Египетке – 329,6 мың тонна, Иранға – 225,3 мың тонна, Йеменге – 193,0 мың тонна, Италияға – 176,8 мың тонна, Германияға – 149,7 мың тонна экспортталды.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жүргізетін астық рыногының мониторингі бойынша 2007 жылы 17473,6 мың тонна астық жұмсалды. Оның ішінде 6810,0 мың тонна экспортқа шығарылды, астыққа балама салмақпен 2089,0 мың тонна ұн экспортталды (ұн – 1462,3 мың тонна). Ішкі қажеттікке 8574,6 мың тонна астық жұмсалды, оның ішінде 3916,6 мың тоннасы – азық-түліктік қажеттікке, 2704,7 мың тоннасы - жемдік, 2037,2 мың тоннасы – тұқымдық мақсатқа, 334,3 мың тоннасы - өндірістік қайта өңдеуге. Республикадан тыс жерлерге астыққа балама салмақпен жасырын шығарылған ұнның болжамды көлемі 4,3 мың тоннаны құрады.

Нарықтық экономика  жағдайында әлемдік нарықтағы баға конъюнктурасы ішкі нарықтағы жағдайға да тікелей әсерін тигізеді. Астықтың әлем бойынша пайдалану көлемінің  ұлғаюы, оның ішінде биологиялық жанар май өндіруге, оның ауыспалы қорының азаюы барлық әлем бойынша дәнді дақылдар бағасының күрт өсуіне әкелді.

  2012 жылдың екінші жартыжылдығында республикада экспортқа сатылған бір тонна бидайдың бағасы 51% өсті (шілде айында 167 АҚШ долларынан12жылы экспортқа 6,1 млн. тоннаға жуық бидай сатылды, оның бір тоннасның орташа бағасы 184 АҚШ долларын құрады, бұл кейінгі он жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Аймақтарда астықтың тапшылығын болдырмау және ұн мен  нан-тоқаш өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында егін жинаудың қызған кезінде тұрақты бағамен астық сатып алу арқылы астықтың облыстық тұрақтандыру қорларын (бұдан әрі – тұрақтандыру қорлары) құру жөнінде шаралар қабылданды.

Өсімдіктерді  қорғау және карантин жөнінде

Республика аумағында ауыл шаруашылығына көпжегіш зиянкестердің 50 түрі және мамандандырылған зиянкестердің 100 астам түрі, аурудың 70 түрі және арамшөптердің 120 түрі зиян келтіреді.

Қорғау іс-шараларын жүргізбегенде, зиянды организмдерден астық түсімін  жоғалту 25-тен 40%-ға дейін болады.

 Осыған байланысты, республика  территориясында фитосанитарлық  жағдай ұдайы бақыланып отырады,  соның ішінде 3-3,5 млн. га-ға жуық  аумақта карантиндік объектілерге  және аса қауіпті зиянды организмдерге  қарсы іс-шаралар жүргізу үшін  жыл сайын республикалық бюджет есебінен 2,5-3,0 млрд. теңге бөлінеді.

2007 жылы республика  аумағында аса қауіпті зиянды  организмдерге қарсы күрес   «Өсімдіктерді қорғау» 03 бағдарламасы бойынша 3210 мың гектар жерде жүргізілді. Соның ішінде шегірткеге қарсы - 1346 мың га, астық сұр көбелегіне қарсы -350 мың га, зиянды бақашыққа қарсы – 100 мың га, астық қоңызына қарсы – 196 мың га, мақта көбелегіне қарсы – 130 мың га, өрмекші кенеге қарсы – 82 мың га, сарышұнақтар мен тышқан тәріздес кеміргіштерге қарсы – 15 мың га, дәнді дақылдардың тат және септориоз ауруларына қарсы – 991 мың га өңделді. Оның үстінде, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаражаты есебінен 745 мың гектар алаңда дәнді дақылдардың тат және септориоз ауруларына қарсы және 150 мың гектар алаңда астықтың сұр көбелегіне қарсы өңдеулер жүргізілді.

Сондай-ақ, өткен жылы карантиндік объектілерді анықтау, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар 04 «Өсімдіктер карантині» бағдарламасы бойынша 197,1 мың гектар алаңда жүргізілді. Соның ішінде карантиндік зиянкестерге қарсы 30,1 мың га және карантиндік арамшөптерге қарсы 167,0 га өңделді.

2008 жылға арналған болжам бойынша аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуы 5113 мың гектарда көзделіп отыр. Бұл ретте 03 «Өсімдіктерді қорғау» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат шеңберінде аталған зиянды организмдерге қарсы 3100 мың гектар алаңда химиялық өңдеу жүргізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, 2008 жылы карантиндік  объектілерді анықтау, оқшаулау және жою  жөніндегі іс-шаралары 221,8 мың гектар алаңда, соның ішінде карантиндік зиянкестерге қарсы 101,8 мың гектарда, карантиндік арамшөптерге қарсы 120 мың гектарда, жоспарланып отыр.

 

Техникалық  саясат

Республикада 137,2 мың  шынжыртабанды және доңғалақты тракторлар, 45,5 мың астық жинайтын комбайндар, 15,2 мың дестелегіштер, 90,7 мың тұқым сепкіштер және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары бар.  
Соңғы жеті жылда (2001-2007) 26,5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері сатып алынған.  
Өткен жылы 4,2 мыңнан астам негізгі ауыл шаруашылығы техникалары 45,0 млрд. теңгеге сатып алынды:  
тракторлар -1117 дана;  
астық жинайтын комбайндар - 1605 дана;  
тұқым сепкіштер - 819 дана;  
егіс кешендері - 394 дана;  
дестелегіштер - 308 дана.  
 
2007 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 22,2 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтары сатып алынды (бюджеттік қаражат - 8,1млрд. теңге; өз қаражаттары – 3,3 млрд. теңге; экспорттық қаражат – 10,8 млрд. теңге) оның ішінде:  
тракторлар -586 дана;  
астық жинайтын комбайндар - 656 дана;  
тұқым сепкіштер - 303 дана;  
дестелегіштер - 140 дана.  
Лизингтік негізде ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету қолда бар ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға жағдай жасады.  
Жақын және алыс шет елдерден сатып алынған жоғары өнімді, қуатты техникалар:  
- ауыл шаруашылығы өндірісін 2002 жылмен салыстырғанда энергиямен қамтамасыз етілуін 19,5 % жоғарылатуға;  
- қысқа агротехникалық мерзімде жалпы егістік техникаларының 4,9 % құрайтын егіс кешендерімен 35,2 % дәнді дақылдар егістігіне тұқым себуге;  
- жалпы астық жинайтын комбайндар санының 22,3 % құрайтын соңғы 7 жылда сатып алынған астық жинайтын комбайндармен дәнді дақылдар егісінің 40 %-ын жинауға мүмкіндік берді.  
Ауылшаруашылығы машиналарын жасаудың қазіргі кездегі жағдайы және дамуы.  

 

 

Мал шаруашылығы

2008 жылдың 1 қаңтары бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарындағы былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғандағы негізгі көрсеткіштері төмендегідей:

Барлық мал түрі мен  құстың саны: мүйізді ірі қара 3,4%-ға өсіп, 5853,0 мың бас; қой мен ешкі – 5,2%-ға өсіп, 16151,7 мың бас; шошқа 6,4%-ға өсіп, 1387,9 мың бас; жылқы – 4,4%-ға өсіп, 1289,6 мың бас; түйе-3,7%-ға өсіп, 143,7 бас; құс – 5,7%-ға өсіп, 29850,2 мың басты құрады.  
Мал мен құстың өнімділігі: бір сиырға шаққандағы сүттің орташа сауылымы - 1,2 % өсіп, 2202 кг -ды, бір жұмыртқалағыш тауыққа шаққандағы жұмыртқаның орташа шығымы - 2,6% өсіп, 198 дананы құрады, бір қойға шаққандағы жүннің орташа түсімі былтырғы жыл деңгейінде қалды, яғни 2,9 кг. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы мал мен құстың өнімділігі айтарлықтай жоғары: бір сиырға шаққандағы сүттің орташа сауылымы – 2810 кг немесе 2006 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,2 % -ға өскен, сондай-ақ бір жұмыртқалағыш тауыққа шаққандағы жұмыртқаның орташа шығымы - бір жұмыртқалағыш тауыққа шаққандағы жұмыртқаның орташа шығымы – 239 дана немесе 2,1% - ға өскен. 

Информация о работе Ауыл шаруашылыгы министрлиги - тил саясаты