Ауыл шаруашылыгы министрлиги - тил саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 12:15, отчет по практике

Краткое описание

ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігінің басты мақсаты елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ету, астық егу, жинау шаруашылығын басқарумен айналысады, сонымен қатар көлемді инвесторларды тарту болып табылады. Бұдан бөлек, жоғары технологиялық өндірісті инфрақұрылым, бәсекеге қабілетті өндіріс, өңдеу мен тауарды сату да оның міндетіне кіріп отыр.

Оглавление

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І. ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігінің қызметі мен міндеттері

1.1 Ауылшаруашылығы Министрлігінің қызметі мен міндеттері......................5
1.2 Ауыл шаруашылығында агроөндірістік кешенді бағдарламасы..................8

ІІ. «Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» бөлімінің қызметі мен міндеттері
2.1 Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете оқытып, үйрету теориясы...............................................................................................................20
2.2 Қазақ тілін мемлекеттік қызметшілерге жеделдете үйрету деңгейлері.....22

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТІЛ САЯСАТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
3.1 Тілдік ахуалдың сипаттамасы........................................................................24
3.2 Тілдерді функционалды дамытудың қолайлы моделі.................................24
3.3 Тіл құрылысының міндеттері.........................................................................26
IV. ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары.................................27

Қорытынды..........................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................35

Файлы: 1 файл

Отчет - КР Ауылшаруашылыгы Министрлиги - Тил саясаты.doc

— 322.00 Кб (Скачать)

Төлдің түсімі: 100 саулыққа төлдің шығымы өсті: торайлар – 33 басқа  өсіп, 1276 басты құрады, боталар - 3 басқа  өсіп, 49 басты құрады, бұзаулар мен  құлындар былтырғы жыл деңгейінде қалды, яғни 88 және 85 бас, қозылар мен лақтар 1 басқа азайып, 98 басты құрады.

Асыл тұқымды мал  шаруашылығының дамуы асыл тұқымды  мал шаруашылықтарының санымен, сонымен қатар асыл тұқымды малдардың  жалпы барлық мал ішіндегі үлестік  салмағы мен өнімділігінің жоғарылауымен  үздіксіз байланысты.  
Бұл асыл тұқымды шаруашылықтар санының көбеюі асыл тұқымды жас төлдің сатылуының жыл сайын өсіп келе жатқанымен байланысты.

Асыл тұқымды шаруашылықтар  ашуды одан әрі қарай көбейту  мақсатында ҚР АШМ –нің алқа мәжілісінде  асыл тұқымды шаруашылықтар үшін аналық мал басы санының критериін төмендету туралы шешім қабылданды.  
Малдың тұқымдық құрамын жақсарту және үлестік салмағын жоғарылату мақсатында 2007 жылы Қазақстан Республикасына Канададан 1700 бас құнажындар мен таналар әкелінді, оның ішінде 1504 бас жоғары өнімді сүтті бағыттағы голштин тұқымы.

 Асыл тұқымды малдарды сырттан  әкелу (импорт) шарттарын жақсарту  мақсатында Қазақстан Үкіметінің  қаржы лизингі бойынша әкелінетін  асыл тұқымды малға қосымша  құн салығын төлеуден босату  туралы қаулысы (ҚРҮҚ 2007 жылғы 8-тамыздағы № 675 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі N 475 «Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негiзгi құралдар тiзбесiн бекiту туралы қаулысына толықтырулар енгізу туралы») қабылданды. Бұл шара әкелінген малдың бағасын төмендетуге және екі пилоттық жобаны «Жоғарғы өнімді шетелдік селекциядағы мал мен қазіргі заманғы құрал-жабдықтары бар ірі – тауарлы сүт кешендерін құру» жүзеге асыруға қатынасқан лизинг алушыларға түсетін қаржылық салмақты азайтуға септігін тигізді.

2007 жылдың қорытындысы бойынша   сатылған малдардың барлық түрінің  асыл тұқымды төлдерінің және 2008 жылғы 1 қаңтар жағдайында импортталғандарды  есепке алғанда шаруашылықтардың барлық категорияларында асыл тұқымды малдардың саны мынадай деңгейде бағаланады:

ірі қара мал– 253,6 мың бас немесе үлес салмағы 4,1 %-ды құрайды.

қой – 1200 мың бас немесе үлес салмағы 7,3 %-ды құрайды.

жылқы – 34,0 мың бас немесе үлес салмағы 2,8 %-ды құрайды.

шошқа – 94,0 мың бас немесе үлес салмағы 6,8 %-ды құрайды.

түйе – 14,5 мың бас немесе үлес салмағы 9,7 %-ды құрайды.

құс – 4,2 млн. мың бас немесе үлес салмағы 14,2 %-ды құрайды.

Республикадағы  эпизоотиялық жағдай

2007 жылда жануарлар ауруларына диагноз қою мақсатында жалпы сомасы 1 971,5 млн. теңгеге жануарлар мен құстардың аурулары бойынша серологиялық бактериологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зерттеулерді қосқанда 23,95 миллион зерттеу жүргізілді.  

Жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларына қарсы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін ветеринарлық препараттардың 94,4 миллион мөлшері, жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының алдын алу үшін, ветеринарлық препараттардың республикалық қорларын толықтыру үшін 1 308,6 млн. теңге сомасына 50,0 мың литр дезинфекциялайтын дәрілер сатып алынды.

Жануарлар мен құстардың  жұқпалы ауруларының ошақтарын  жою мақсатында жалпы сомасы 550,0 млн. теңгеге күтілетін жануарлар  мен құстар ауруларының жайылу ошақтарын 100% оқшаулау мен жою бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.

 Көрсетілген қаражат есебінен  келесі оқшаулау мен жою жөніндегі  іс-шаралар жүргізілді:

 - Актөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында пастереллездің 6 ошағын;

- Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Актөбе, Ақмола, Атырауской, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Маңгыстау, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында құтырма ауруының 103 ошағын;

- Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында энтеротоксемияның 2 ошағын;

- Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында эмкардың 12 ошағын;

- Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында аусылдың 3 ошағын;

- Шығыс Қазақстан облысында листериоздың 1 ошағын;

- Батыс Қазақстан облысында қарасанның 1 ошағын;

- Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында брадзоттың 2 ошағын;

- 238 очагов острой формы  бруцеллеза в  Актөбе, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында бруцеллездің өткір түрінің 238 ошағын;

Сондай-ақ, әкетілген 23 394 мал бастары, соның ішінде 2779 ІҚМ басы, 20607 ҰҚМ басы, 4 жылқы басы, 2 түйе басы мен 2 шошқа басы жойылды және олардың құндары өтелді. 

Аурулар пайда болған жерлерге ветеринарлық және дезинфекциялық препараттар жеткізілді. Ауру малдар ұсталған жерлер, мал қоралар және жайылым алаңдары дезинфекцияланды, ауру ошағында және байланыс зоналарындағы малдар егілді.

Лабораториялық зерттеулер жүргізу үшін патологиялық материалдар  алынып, зертханаларға жеткізілді.

Карантин кезеңінде  тәуліктік жұмыс тәртібімен карантиндік орындар ұйымдастырылды.

Қырғыз Республикасында  аусылдың лап етуі туралы ресми хабарлар негізінде Жамбыл және Алматы облыстарының шекараға жақын учаскелерінде  11 уақытша шекараға жақын карантиндік  орындар ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараларды орындау үшін 519,0 млн. теңге жұмсалды.

2007 жылда мемлекеттік  инспекторлар мемлекеттік ветеринарлық  қадағалау объектілеріне тексеру  жүргізді. Осыған орай 18 819-ына ескерту берілді, 12 366 ұйғарым берілді және 9558 физикалық және заңды тұлғаларға әкімшілік шаралар (айыппұл) қолданылды, айыппұл сомасы 18 178,7мың теңгені құрады.

Нарықтарда және қайта  өңдеу кәсіпорындарында мемлекеттік  және ветеринарлық инспекторлар мемлекеттік  ветеринарлық бақылауындағы жүктің 9 568 402 партиясын қарап, ветеринарлық-санитарлық зертханаларға жіберді, мұнда мал шаруашылығы өнімінің 191,9 тоннасы тұтынуға жіберілмей, пайдаға асырылды.

Сонымен қатар, 232746 ірі  қара мал басына, 163000 шошқаға, 222948 ұсақ қара малға, 29394 жылқыға және 59626 құсқа  сояр алдында тексеру жүргізілді.

Республика аумағын  жануарлардың аса қауіпті ауруларының  енуінен қорғау міндеттерін іске асыруды және тасымалданатын мемлекеттік  ветеринарлық қадағалауға тәуелді  жүктердің қауіпсіздік талаптарына  сәйкестігін қамтамасыз етуді Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК-дегі Мемлекеттік инспекция комитеті 2 зоналық және 16 аумақтық бөлімшелермен өзара әрекет ете және ТМД мемлекеттерінің және шет елдердің ветеринарлық қызметтерімен ынтымақтасу кезінде жүзеге асырады.   

2007 жылы ветеринарлық  бақылау қорытындылары бойынша шекара мен көлікте бақылауға тәуелді жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың 100-ден астам оқиғалары анықталған. 

 

Ауыл шаруашылығы  өнімін қайта өңдеу

Жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу көлемі ұлғаюда. 2003 жылмен салыстырғанда 2007 жылы өндірілген ауыл шаруашылығы шикізатының жалпы көлемінен қайта өңделген өнімінің үлесі ұлғайды: сүт -  18,1%-дан 29%-ға, ет –14,6%-дан 27,8%-ға, дәнділер – 20,5%-дан 43%-ға, майлы дақылдар – 55%-дан 99%-ға, қайта өңделген жемістер мен көкөністердің үлесі артуына қарамастан шамалы ғана болып отыр.

2007 жылдың 11 айында қайта  өңдеу кәсіпорындарының өнімдеріне  жүргізілген талдау 2006 жылдың аналогиялық  кезеңімен салыстырғанда өнімдердің  көп түрлері бойынша өндіріс  көлемінің ұлғайғанын көрсетеді. 2007 жылдың 11 айы бойынша қайта өңдеу кәсіпорындары сомасы 508,7 млрд. теңгеге өнім өндірді, 2006 жылдың сәйкес кезеңінен 7,3%-ға артық (426,4 млрд. теңге). 

2007 жылдың 11 айында 2006 жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда  шұжық өнімдерінің 17,4%-ға, ет және ет өсірім консервілерінің 47%-ға, өңделген сүттің 21%-ға, сары майдың 17,9%-ға, қойылтылған сүттің 17%-ға, ашыған сүт өнімдерінің 5,2%-ға, балмұздақтың 1,6%-ға, ұнның 13,3%-ға, жарманың 27%-ға, өңделген күріштің 18%-ға, сұйық майдың 3,2%-ға, макарон өнімдерінің 14%-ға, жеміс және көкөніс шырындарының 33%-ға, печеньенің 7,6%-ға, маргариннің 8,4%-ға, шоколадтың 5,2%-ға артуы байқалды.

Ақ қант өндірісі 25,3%-ға, жеміс консервілері 8,9%-ға, көкөніс консервілері 20%-ға, томат консервілері 16,7%-ға, құрғақ сүт 6,5%-ға, ірімшік пен сүзбе өндірісі 3,3%-ға төмендеді.

Тамақ өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылығы шикізатын  қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында екінші деңгейлі банктер қайта өңдеу  кәсіпорындарына айналымдағы қаражаттарын толықтыруға беретін несиелер бойынша банк сыйақысының мөлшерін субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда, ол арқылы 2007 жылы республикамыздың барлық аймақтарының 140 ауыл шаруашылығы өнімдерін және тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу кәсіпорындары 16 366,9 млн. теңге сомасына банктерден несие алуға мүмкіндік берді.

Қайта өңдеу кәсіпорындарына  екінші деңгейлі банктерінің несиелері  бойынша сыйақы мөлшерін субсидиялау 5 жыл ішінде банк несиелерін арзандатып, салаға 58,1 млрд. теңге тартуға мүмкіндік берді, яғни бюджеттік субсидияның әр 1 теңгесі несиелік қаражаттың 15 теңгесін тартты. 5 жыл ішінде етті ақшалай сатып алу көлемі 15%-ға (1504,5 млн. теңгеден 1724,0 млн. теңгеге дейін), сүт – 21%-ға (2058,6 млн. теңгеден 2500,0 млн. теңгеге дейін), дәнді дақылдар – 27%-ға (14346,8 млн. теңгеден 18 219,4 млн. теңгеге дейін) артты.  

2006 жылдан бастап кәсіпорындардың  ИСО және ХАССП халықаралық  стандарттарының базасында сапа  мен қауіпсіздік менеджментінің  жүйелерін әзірлеуге, енгізуге  және сертификаттауға жұмсалған шығындарын субсидиялау жөніндегі бюджеттік бағдарлама іске асырылуда. 2007 жылы осы мақсатқа республикалық бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта бұл  бағдарлама бойынша ИСО және ХАССП халықаралық стандарттарының базасында сапа мен қауіпсіздік менеджментінің жүйесі 100-ден аса кәсіпорындарда енгізілді, 100-ге жуық кәсіпорындарда енгізу сатысын өтіп жатыр.

 

Су шаруашылығы

Су ресурстарын қолдану  және қорғау

Қазақстанның барлық өзен алабындағы су шаруашылығы жағдайы, көпжылдық орта есептік көрсеткіштен жоғары құйылым салдарынан туындаған Шардара СЭС тұстамасындағы Сырдарияның төменгі ағысын қоспағанда,  өткен кезеңде тұрақты болды.

Есептік мерзімде негізгі өзен ағындысы орта көп жылдық мерзімнен бірнеше жоғары болды, көпжылдық және маусымдық реттеу негізгі бөгендері көлемдік жобадан тасыды, соның салдарынан барлық супайдаланушыларға ағынды өніп-өсу кезеңіне қолайлы алғышарттар туғызды.

2007 жылы экономика  саласындағы суды пайдалану көлемі, алдын-ала мәліметтер бойынша  алдыңғы жылғымен салыстырғанда 2-5%-ға жоғары болуы күтіледі. Су тұтынуының кобеюі негізінен елдегі тауар өндірісінің өсуімен байланысты.

Суды қорғау су қорын  пайдалану мен қорғау аймағында  мемлекеттік бақылау жүргізумен іске асырылады. Айып құн өндіру 83% құрайды (2006 жылы сәйкесінше – 88%).

Көрсетілген бұзушылық  саласы су қорғау заңын бұзушылықтың негізгі түрі:

бастапқы есебінің жүргізу ережесінің бұзылуы - 416 (27,9%);

суға мемлекеттік меншіктің  бұзылуы -  227 (15,2%);

судың ластануынан, қоқыстануынан және сарқылуынан қорғау іс-шараларын жүргізілмеуі – 136 (9,1 %);

жер үстi суларының ластануы, қоқыстануы және сарқылуы, су жиналымдарында су қорғау режимiнiң бұзылуы – 92 (6,2%);

су шаруашылығы құрылыстары мен қондырғыларын пайдалану ережелерiнiң бұзылуы – 88 (5,9 %)

басқалары – 388 (25,9%).

Су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану мақсатында 2007 жылы Урал, Аса, Сырдарья өзенінде басталған, Іле озендері бассейніндегі су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау схемасы әзірленді. Аяқталуы 2010 жылға жоспарланған, 2008 жылы барлық Қазақстан Республикасы бойынша Бас схемасы басталуы жоспарланады.

Су қорғаудың маңызды  мәні су үнемдеуші технологиясының  болуы. 2007 жылы су кодексіне су пайдаланушылардың  табиғи көздерден су алуын  2009 жылдан бастап су алу құрылыстарын суды есепке алу аспапрымен жабдықтауды міндеттейтін норма енгізілді. Заңның көрсетілген нормасын іске азыру негізінде 2008 жылы шұғыл су есебінің ақпараттық жүйесінің ТЭН-ін әзірлеу жоспарлануда. Осы жүйе қазіргі заманғы байланыс каналдарымен берілетін су есебін жүргізу аспаптарының көрсеткіштерін қабылдайтын болады. Бұл суды бөлу мәселелерін икемді және шұғыл шешуге, мемлекеттік су есебін жоғары техникалық деңгейге қоюға жол береді.

2002-2010 жылдарға «Ауыз су» салалық бағдарламасын (әрі қарай – Бағдарлама) іске асыру шеңберінде 2002-2006 жылдарға ауыз сумен қамтамасыз ету маселесін шешуге барлық көздерден 61,5 млрд. теңге бөлінді және игерілді. Осы қаражатқа жаңа құрылыс және 5112 км ауыз сумен жабдықтау жұйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 4,840 млн. тұрғыны бар 1692 елді мекенде сумен қамтамасыздандыру жақсартылды.

Сонымен қатар Бағдарламаны іске асырудың  1 кезеңінде (2002-2005 жылдар) 36,97 млрд. теңгені игеру жоспарланды, жергілікті бюджеттен – 17,58 млрд. теңге және шаруашылық субъект қаражаты – 3,37 млрд. теңге.

Көрсетілген кезеңде 46,21 млрд. теңге бөлінді және игерілді, соның ішінде республикалық бюджеттен  – 28,33 млрд. теңге (+ 12,31 млрд. теңге ), жергілікті бюджеттен – 15,09 млрд. теңге (- 2,49 млрд. теңге) және шаруашылық субъектілер қаражаты – 2,79 млрд. теңге (- 0,58 млрд. теңге).

Қазіргі уақытта ауылдық  елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге  Ислам  Даму банкісі мен Азия Даму банкісінің заемдері тартылып және іске асырылуда.

Информация о работе Ауыл шаруашылыгы министрлиги - тил саясаты