Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 08:37, курсовая работа
Америка Құрама Штаттарына айналған бұрынғы колониялар алғашында «Конфедерация баптары» (1781) деп аталатын келісім шеңберінде жұмыс істеді. Көп ұзамай-ақ бұл аз міндет жүктейтін келісім штаттар арасында іс жүзінде жұмыс істемеді. Орталық (федералдық) өкімет тым дәрменсіз болды, ал оның қорғанысы, сауда және салық саласындағы өкілеттігінің тек аты ғана болды. 1787 жылы «Конфедерация баптарын» қайта қарау үшін Филадельфияға штаттардың өкілдері жиналды. Олар мүлде жаңа құжат — конституцияның негізін жасап, өздерінің алғаш алдына қойған мақсаттарына жету үшін әрі қарай алға қадам жасады. Көптеген айтыс-таластардан, ымыраға келуден кейін конституцияның тексі жазылып, 1790 жылы 13 штат ратификация жасады.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
АҚШ-та ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ МУНИЦИПАЛДЫ МЕНЕДЖМЕНТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 АҚШ-та территориалды басқару қызметі мен жағдайы................................5
1.2 Муниципалды менеджментті ұйымдастырылу ерекшеліктері...................11
2 АҚШ-тың ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. АҚШ-та саяси партияларға қатысты менеджмент........................................15
АҚШ-тың жергілікті жерлердегі муниципалдық менеджмент...................17
АҚШ менеджментінің стратегиялық ерекшелігі .............................................20
Қорытынды..............................................................................................................24
Американдықтар тумысында дерлік үкімет пен саясатты жаны жақтырмайды деп жиі айтады (тегінде бұл да шындыққа жақын). Әсіресе олар салық төлеушілердің ақшасын текке шашып жатқаң, үнемі олар жергілікті және жеке істеріне араласуга тырысатын «әлгі Вашингтондағы ақымақтарды» жандары сүймейді. Американдықтардың көбісі ең таңдаулы үкімет, аз билік жасайтын үкімет деген тұжырымға сөзсіз қосылады. Мысалы, 1984 жылы сұрақнамаға қатысқандардын төрттен бірі федералдық үкімет жалпы ұлттық мiндеттерді шешуге көбірек көңіл бөлсе екен деген тілек білдірді. Тұрғын аудандар, қауымдар мен штаттар өз проблемаларын өздері дербес шешетінін мақтаныш етеді, бұл көңіл күй әсіресе АҚШ-тың Батысында басымырақ.
Американдықтар үкімет шенеуніктеріне оң қабақ көрсете бермейді (олар тіпті король әулетінен шыққан адамдарға ықылас білдіруі мүмкін, егер король шенеуніктердің королі болмаса). Олар өздерін сарапшылармыз дегендерге сенбейді. Олар өздеріне бірдеңені істе деп бұйыратындарды сүймейді. 1775—1783 жылдардағы Тәуелсіздiк жолындағы соғыстан бастап 1861—1865 жылдардағы Азамат соғысына дейін солдаттар көбіне офицерлерді өздері таңдап алды. Американың кинофильмдерінде, көркем әдебиеттері мен телесериалдарында коррупциямен айналысқан саясатшылар мен біліксіз шенеуніктер жиі көрсетіледі. Егер біреу президент болғысы келсе, американдықтар бұл оның тақымына тар келеді деп әжуә етеді. Олардың репортерлері мен журналистері, соның ішінде теледидардың да қызметкерлері мемлекет қайраткерлеріне «лайықты құрмет көрсетпейтіндер» ретінде дүние жүзіне белгілі болған. Көптеген шетелдік бақылаушылар атап көрсеткеніндей жалпы американдықтар өздеріне билік еткенге төзе алмайды.
АҚШ-қа келген көптеген шетелдіктср күнделікті өмірде көзге үрып тұратын эгалитаризм ағымының күштілігіне осы кезге дейін кайран қалады.
Американдықтар әр түрлі қоғамдық жіктерден шыққандар, білім дәрежелері мен әлеуметтік жағдайлары әр алуан жандар, соған қарамастан олар өзара «тең дәрежеде» қатысып араласады. Бірақ құдай мен заң алдында «барлық адам тең жаратылған» деп мәлімдеп отырған елде теңдік бар ма? Әрине, жокқ. Кейбіреулерде туасылы біткен немесе байлығы мен талантының арқасында қолы жеткен артықшылық бар. Кейбіреулер таңдаулы мектептерге барады. Енді біреулердің терісінің түсі, сөйлеу дағдысы немесе, діні көршілеріне онша ұнамайды. Алайда, теңдік — бұл соншалықты сан алуан нәсілдер, тілдік топтар, мәдени және діни көз қарастар, үміттер, армандар, қалыптасқан жеккөрушілік пен өшпенділік арқауласа қауышқан елде мәңгілік мұрат.
Сонымен, американдықтар өздерінің басқару жүйесі жөнінде не ойлайды? «Біз халықпыз» дейтіндер бүгінгі таңда өздері үшін нені шеше алады? Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегері бір американдық былай деген еді: «Біз өз үкіметімізді дәрменсіз, ақымақ, билімқұмар, адал емес және әдепсіз деп кінәлай аламыз, бірақ сонымен бірге, біздің үкіметтің дүние жүзіндегі ең тандаулы үкімет екеніне де терең сенеміз, осы ойды әрбір американдықтың санасына сіңіргіміз келеді».
Әрине,
бұл айтылғанмен АҚШ-тың
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI:
4. Региональная экономика. Под ред. Кузнецов Н.Г., Тяглов СТ. - Ростов-на-Дону: Феникс, 2003.
5. Региональная
политика Республики Казахстан:
6. Храпунов
В.В. Региональные аспекты
7. Актуальные
вопросы современного
8. Региональная экономика и управление. Под ред. Е.Г. Коваленко. - М., СПб .. , издательство "Питер", 2005.
10.Кузнецова О. Теоретические основы государственного регулирования экономического развития регионов // Вопросы экономики, 2009,Н2 4, с. 46-66.
11. Телеужанов Е. Ресурсный потенциал региона и приоритетные направления развития // Транзитная экономика - 2009, №2.
12. Шокоманов Ю.к. Динамика экономического развития Казахстана и отдельных территорий в региональном разрезе за 10 лет независимости // Экономика и статистика:. 2009. №22.
13. Нурланова Н.К. Региональная промышленная политика и индустриально инновационное развитие / материалы конференции "Теоретические и практические аспекты индустриально - инновационного развития РК " , Алматы, 2004, часть 1
14.Орманбаев А.М.
Трансформация экономической системы
обществ переходного периода А., 2002