АҚШ территориалды басқару және АҚШ-ғы муниципалды менеджментті ұйымдастырудың негізгі типтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 08:37, курсовая работа

Краткое описание

Америка Құрама Штаттарына айналған бұрынғы колониялар алғашында «Конфедерация баптары» (1781) деп аталатын келісім шеңберінде жұмыс істеді. Көп ұзамай-ақ бұл аз міндет жүктейтін келісім штаттар арасында іс жүзінде жұмыс істемеді. Орталық (федералдық) өкімет тым дәрменсіз болды, ал оның қорғанысы, сауда және салық саласындағы өкілеттігінің тек аты ғана болды. 1787 жылы «Конфедерация баптарын» қайта қарау үшін Филадельфияға штаттардың өкілдері жиналды. Олар мүлде жаңа құжат — конституцияның негізін жасап, өздерінің алғаш алдына қойған мақсаттарына жету үшін әрі қарай алға қадам жасады. Көптеген айтыс-таластардан, ымыраға келуден кейін конституцияның тексі жазылып, 1790 жылы 13 штат ратификация жасады.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

АҚШ-та ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ МУНИЦИПАЛДЫ МЕНЕДЖМЕНТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 АҚШ-та территориалды басқару қызметі мен жағдайы................................5
1.2 Муниципалды менеджментті ұйымдастырылу ерекшеліктері...................11
2 АҚШ-тың ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. АҚШ-та саяси партияларға қатысты менеджмент........................................15
АҚШ-тың жергілікті жерлердегі муниципалдық менеджмент...................17
АҚШ менеджментінің стратегиялық ерекшелігі .............................................20
Қорытынды..............................................................................................................24

Файлы: 1 файл

курсовая АКШ муницип (1).docx

— 72.30 Кб (Скачать)

    Ішкі  жалпы өнім аталған жыл мерзімінде өндірілген өнім мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін анықтайды. Құрама Штаттардың ішкі жалпы өнімі 1983 жылдағы 3.4 триллионнан 1998 жылда 8.5 триллионға дейін өсті. Бірақ, бұл сандар экономика саулығының өлшемі болса да, ол ұлттық тұрмыстың бар жағын қамтымайды. Ішкі жалпы өнім товар мен қызметтің нарықтық бағасын көрсеткенімен, мемлекеттегі өмір сапасын көрсетпейді. Сөйтіп, кейбір ауыспалылар - жеке бастық бақыты мен қауіпсіздігі, қоршаған орта тазалығы, жақсы денсаулық - осының шетінен шығып кетеді.

    АҚШ-тың  федералдық үкіметі жеке кәсіпорындарды түрлі тәсілдермен реттеп отырады. Экономикалық реттеулер тікелей  немесе жанама түрде бағаларды қадағалауға  бағытталған. Әдетте үкімет электр энергиясы  қызметі үшін деңгейінен жоғары бағасын  асырмау сияқты монополияларды болдырмауға тырысты. Сондай-ақ, кейде үкімет экономикалық бақылауын өнеркәсіптің басқа салаларына да тарататын. Ұлы Депрессиядан кейінгі жылдары үкімет ұсыныс пен сүранысқа байланысты жылдам өзгеретін ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жүйесін жасады. Көптеген басқа салалар - жүк тасу және кейінірек, әуе жолдары - бағалардың түсуін қысқартатын өзіндік реттеу әдістерін тапты.

    Экономикалық  реттеудің басқа формасы - нәсілшілдікке  қарсы заң, тіке реттеудің қажет  еместігін қаматамасыз ету арқылы, нарықтық қуатын күшейтуге талпыну. Үкімет пен кей кезде жеке жақтар бәсекелестікті мөлшерден тыс шектейтін  әрекет немесе қосылуды рұқсат етпейтін заң ретінде нәсілшілдікке қарсы заңды пайдалайды. Сондай-ақ, үкімет жеке компанияларды бақылау арқылы қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәрізді әлеуметтік мақсаттарды орындайды. Дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдерін қадағалайтын басқарма кейбір зиянды өнімдерге тыйым салады; Кәсіпкерлік қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау әкімшілігі жұмысшыларды жұмыс уақытындағы қауіп-қатерден қорғайды; Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттік ауа мен судың ластанбауын қадағалайды.

    Үкімет  көптеген тікелей қызмет көрсетуді  қамтамасыз етеді. Мысалы, федералдық үкімет ұлттық қауіпсіздікті, космостық  зерттеулерді, жаңа өнімнің пайда  болуына әкелетін зерттеулерді, жүмысшылардың  кәсіпкерлігін арттыратын бағдарламаларды  қаржыландыра ды. Үкімет шығындары жергілікті, аймақтық экономикаларға, тіпті ел экономикасының қарқынына да әсерін тигізеді. Штаттар үкіметі жол қүрылысы мен көптеген жолдар- дың қалыпты жағдайда болуын қадағалайды. Штатқалаграфство әкімшіліктері қоғамдық мектептерді қаржыландыруда маңызды рөл атқарады. Жергілікті үкімет негізінен өрт қауіпсіздігі, полиция қызметіне жауап береді. Осы салалардың әрқайсысына жұмсалған үкімет шығыны жергілікті экономи- каға әсер еткенмен, федералдық шешімдердің экономикадағы әсері көбірек. 1997 жылы федералдық штаттық және жергілікті шығындар ішкі жалпы өнімнің 18 пайызын құрады.

    Сонымен қатар үкімет бизнес пен қатар  жекелей азаматтарға әртүрлі  көмек көрсетеді. Ол студенттерге оқу  үшін несие, кіші бизнес кәсіпорындарына  техникалық көмек пен төмен пайызды  несие бөледі. Үкімет демейтін кәсіпорындар кредиторлардан ипотекалық бекітпелерді сатып алып, оларды құнды қағазға айналдырады, оны инвесторлардың сатып алуға немесе сатып жіберуге мүмкіндігі бар, бүл шаралар үйлерді жалға беруді күшейтеді. Үкімет импортты шектейтін шет елдердің саудалық барьерлерін болдырмау үшін экспортта белсенді түрде алға жылжытады.

    Үкімет  өздерін қамтамасыз ете алмайтын жеке адамдарды қолдайды. Жұмыс берушілер  мен жүмысшылар салығымен қаржыландыратын  әлеуметтік қамсыздандыру американдықтардың  зейнетақы кірістің көп бөлігін  құрайды. «Медикэр» бағдарламасы қарттарға  көрсетілетін медициналық қызмет қүнының  көп бөлігін мойнына алады. «Медикэйд» бағдарламасы табысы төмен отбасыларына медициналық көмек көрсетуді  қаржыландырады. Көптеген штаттарда  үкімет жан-дүниесі ауыратын немесе ауыр сырқаттарға ұшыраған адамдарға  арнаулы мекемелер ашқан. Федералдық үкімет кедей отбасыларына азық-түлікпен жәрдем береді және де федералдық және штат үкіметтері бірге отырып, табысы төмен бала-шағалы ата-аналарды қолдау үшін әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етеді.

    Бұл бағдарламалардың көпшілігі, Әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасын қоса алғанда, өз түбірін 1933-1945 жылдар аралығында АҚШ президенті қызметін атқарған Франклин Рузвельттің «Жаңа Бағыт» бағдарламасынан тамырландырылады. Рузвельт реформаларындағы негізгі түйін-кедейшілік адамгершілік азғындаудан емес, керісінше, әлеуметтік және экономикалық себептердің нәтижесі болып табылады деген сенім. Бұл көзқарас табысқа жету - Құдайдың рахымынан, жолдың болмауы - Құдайдың қахарынан деп түсінетін Көне Англияда қалыптасқан қоғамдық ұғымдарды теріске шығарды. Бұл америкалық әлеуметтік-экономикалық ақыл-ойдың маңызды өзгерісінің көрінісі еді. Дегенмен, әлеуметтік қамтамасыз ету төңірегіндегі мәселелерге қатысты пікірталастарда ескі көзқарастардың жаңғырығы бүгін де байқалып қалады.

    Медикэр мен Медикейдті қоса алғанда жеке адамдарға және отбасыларға көмек  көрсетуге арналған көптеген бағдарламалар Линдон Джонсон президент болып тұрған (1963-1969) кезеңде 1960-шы жылдары «Кедейшілікпен күрестен» бастау алған болатын. Бүл бағдарламалардың кейбіреулері 1990-шы жылдары қаржылық қиыншылықтарға тап болғанына және әртүрлі реформаларға ұшырағанына қарамастан Құрама Штаттардағы екі саяси партия тарапынан да күшті қолдау тауып отырды. Әрине жұмыссыздарды әлеуметтік түрғыдан қамтамасыз ету мәселені шешпейді, олардың кіріптарлығын арттыра түседі деген сыншылар да болды. Билл Клинтонның президенттік қызметі (1993-2001) кезінде 1996-шы жылы қабылданған әлеуметтік жүйені реформалауға қатысты заңдарға сәйкес адамдардың төлемдер алу мерзіміне шек қойылды.

    Американдықтар  өздерінің экономикалық жүйесін  мақтан түтады, сондай-ақ, ел азаматтарына жақсы өмір сүру мүмкіндігін береді деп сенеді. Алайда елдің көптеген жерлерінде кедейлік проблемасы бар. Үкіметтің  кедейлікті болдырмау шаралары жүмыс  істегенімен мәселені толығымен  шешкен жоқ. Осылайша тұрақты экономикалық өсу кезеңдерінде жұмыс орындары көбейіп, кедейлік деңгейі төмендегенімен оны жойыл жібере алмады. Федералдық үкімет төрт адамнан тұратын отбасына өмір сүру үшін ең төменгі кіріс  мөлшерін есептейді. Әрине, ол сан отбасының  орналасуы мен өмірдің құнына байланысты өзгеруі мүмкін. 1998 жылы осындай төрт адамнан тұратын  отбасылардың жылдық кіріс мөлшері 16 530 доллардан кем болса, олар кедейлікте өмір сүреді деп саналатын.

    Кедейлікте  өмір сүріп жатқан американдықтардың  саны 1959 жылы 22.4 пайыз қүраса, 1978 жылы 11.4 пайызға төмен- деп кетті, бірақ  сол уақыттан бері өзгеріс шамалы болды. Мысалы, 1998 жылы көрсеткіш 12.7 пайыз  құрады. Сонымен қатар, осы жалпы  ңифрлар аясында естен тандырар деректер жасырынып тұр. Мысалы, 1998 жылы барлық афро-американдықтардың  төрттен бірі (26.1 пайызы) кедейшілікте өмір сүрді. Осы қапа көрсеткіш сонда  да 1979 жылғы жағдаймен салыстырғанда, белгілі бір ілгерілеуді көрсетеді. Ол кезде елдің қара нәсілді халқының 31 пайызы ресми түрде кедей категориясына  енгізілді, және бұл 1959 жылдан бастап, кедейліктің ең төменгі деңгейі  болды. Әсіресе кедей категориясына  жиі жалғыз басты аналар, және осы  себепке орай 1997 жылы барлық балалардың бестен бірі дерлік (18.9 пайызы) кедейлікте тұрды. Қара нәсілді балалардың арасындағы кедейліктің деңгейі 36.7 пайыз, ал испан тілінде сөйлеушілер арасында бұл - 34.4 пайызын құрады. Кейбір сараптаушылардың пікірінше, кедейліктің ресми мәліметі, кедейшіліктің шын, нақты деңгейінен асады, өйткені ол азық-түлік талондары, медициналық қызмет көрсету және мемлекеттік баспана беру сияқты мемлекеттік көмек көрсету бағдарламаларына назар аудармай, тек қана ақша шығындарын есепке алады. Бірақ басқалардың пікірінше, көрсетілген бағдарламалар шеңберінде отбасылардың азық-түлік және денсаулық сақтау қызметіндегі барлық қажеттіліктерін сирек орындады, ал мемлекеттік баспана барлық мұқтаж адамдарға жетпейді. Кедейліктің ресми деңгейінен жоғары табысы бар отбасылар, баспана мен денсаулық сақтау қызметі немесе киім-кешек сатып алу үшін ақшаны азық-түлік алуда үнемдеп, кейде аштықта болғаны жайлы айтылады. Сонымен қатар, кедейліктің шегінде өмір сүріп жатқан адамдар кейде табысты ақшалай формала кездейсоқ жұмыстан немесе экономиканың «жасырын» секторындағы жұмыс нәтижесінде алады, және ол ешқашан ресми мәліметтерде көрсетілмейді.

    Кез-келген жағдайда, американдық экономикалық жүйеде игілік тең емес екендігі айқын. Вашингтондағы экономикалық саясат институтының мәліметтер! бойынша, 1997 жылы ең ауқатты Америка отбасыларының 20 пайыз үлесі, ұлттық табыстың 47.2 пайызын  құраған, ал тұрмысы нашар кедей  жанүялардың 20 пайызы ұлттық табыстың тек 4.2 пайызын құрады, ал кедей отбасылардың 40 пайызына табыстың 14 пайызы жеткізілді.

    Америка экономикасын тұтасымен алғанда  сәтті болғанынша қарамастан, теңсіздік  жайлы қобалжу 1980-ші және 1990-шы жылдары  сақталынып отырды. Әлемдік деңгейде өсіп келе жатқан бәсеке, өндіруші кәсіпорынның көптеген дәстүрлі салаларындағы жұмыс  атқарып жүрген жұмысшыларға қауіп  төндірді, және олардың жалақысының  өсуін тоқтатты. Сол кезде федералдық билік біртіндеп ауқатты адамдардың есебінен кедей жанұялар пайдасына  шешілетін мәселелерге бағытталған  салық саясатын жүргізуден бас тартты және сол кезде үлессіз қалғандарға  көмек беретін ішкі әлеуметтік бағдарламалар  тізбегіне шығындарды азайтты. Сол  уақытта дәулетті американдықтар қосымша  табыстың көп бөлігін қор нарығындағы акция құнының қарқынды өсу нәтижесінен алды. 1990-шы жылдардың соңында кері дамуының белгілі нышандары пайда болды: жалақының өсуі, әсіресе кедей жұмысшылардың еңбегін төлеу, тездетілді. Бірақ, онжылдықтың соңында да осы ағымның тұрақтылығы жайлы айту әлі ерте еді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.2 Муниципалды менеджментті  ұйымдастырылу  ерекшеліктері 

      Құрама  Штаттарындағы федералдық деңгейдегі, штаттардағы, графтықтар мен муниципалитеттердегі басқару жүйесін, егер сіз осы  жүйеде тәрбиеленсеңіз және оны мектепте оқысаңыз, оңай-ақ түсінуге болады. Бір  шетелдік маман, мысалы, тіпті қала ауқымындағы саяси және әкімшілік  құрылымның күрделілігі сондай, «тіпті ақылға симайды» деген еді. Ол «нағыз Чикагоның» өзіне 2 штат, 6 графтық, 40 ірі  және шағын қала, 49 діни адамдар тұратын  мекен және 110 деревня кіреді екен деп реніш білдіреді.

      Осы күрделі кешен  235 салық және 400-ден  астам мектеп округтеріне бөлінген...».

      Алайда, барлық деңгейдегі басқару жүйесінің  негізін салатын бірнеше басты  принциптер бар. Біріншісі — «бір адам, бір дауыс»— заңгерлер сайлаушылардың тікелей дауыс беруі жолымен  географиялық округтерден  сайланады. Осыған сәйкес барлық сайлау округтеріндегі тұрғындардын, саны шамамен бірдей болуға тиіс.

      Екінші  негіздемелік принцип «баланстар мен  шектеулер» жүйесі кезінде саясаттағы  ымыраға келу таңдаудың емес қажеттіліктін, мәселесі екендігінде. Мысалы, конгрестің өкілдер палатасы бюджеттік шырындарға бақылау жасайды, ал  бұл президент  өзінің  ұсыныстары мен бағдарламаларьш  жүзеге асыру үшін өкілдер палатасының  келісімін алуға тиіс деген сөз. Сондай-ақ президент конгрестің екі  палатасының келісімінсіз соғыс  жариялай алмайды. Қез келген сыртқы саяси шартты сенатта ратификация  жасау талап етіледі, бекітілмейді екен,  шарт та болмайды. Тәртіп мынадай  «президент көздейді, ал конгресс билік  етеді». Көбінесе президент бір нәрсені  жасағысы келеді, бірақ амалсыздан басқа нәрсені  жасайды.

      Қонгресс  федералдық үкіметтің заңдылық тармағы  болып табылады, ол сенаттан және өкілдер  палатасынан тұрады. Әр штаттан екі  сенатордан сайланады, олар 100-ге жуық. Сенаторлардың үштен бірі әр екі  жыл сайын 6 жылға қайта сайланады. Сенаторлар штаттың барлық  халқының және оның мүддесін білдіреді.

      Өкілдер палатасына 435 адам мүше. Олар әр екі  жыл сайын екі кезеңге сайланады  және конгрестің сайлауы өткізілген округтер халқының өкілі болып табылады. Әр штат екі округке бөлінген. Штат өкілдерінің саны оньщі халқының санына қарай анықталады. Мысалы, Калифорния бұл — халқы ең көп штат, 52 өкілі  бар, ал Делавэр штаты болса онын өкілі біреу-ақ. Сенатордың немесе өкілдің  екінші рет сайлану мүмкіндігіне шек қойылмайды.

      Іс  жүзінде Құрама Штаттарындағы барлық сайлаулар «жеңіскерге бәрі тиесілі» деген принципке негізделген. Яғни жеңіске жету үшін сайлау округінен  ен көп дауыс алсаң жеткілікті.

      Конгресс  елдің барлық заңын қабылдайды және оның әр палатасының заңдық инициатива жасауға құқы бар. Әр палата басқа  палата мақұлдаған заңдарға қарсы дауыс  та бере алады. Өйткені заң жобасы оны екі палатада да мақұлдаған жағдайда күшіне енеді, бұл жағдайда олардың  арасында ымыраға келудің болуы  қажетті нәрсе. Конгресс салық салу жөнінде шешім қабылдайды және қаржынын, қалайша жұмсалатынын белгілеп береді. Сонымен қатар ол штаттар мен шетелдер арасындағы сауданы реттеп отырады. Қонгресс сондай-ақ шетелдіктерді американ азаматтығына алу тәртібін белгілейді.

      Құрама  Штаттардың президенті әр төрт жыл  сайын екі толық мерзімнен  аспайтын уақытқа сайланады. Сенаторлар мен өкілдер сияқты ол да тура дауыс  беру жолымен сайланады (штаттардағы  сайлаушылардың  коллегиясы арқылы). Басқаша айтқанда, президент барлық кезде бірдей конгрестегі көпшілікке ие болып отырған саяси партиядан  ұсыныла бермейді. Егер партиялардың бірі әр екі жылда өткізілетін  аралық сайлаулардьщ барысында аталған  көпшілікті жеңіп алса да және президенттің партиясы екі палатада көпшіліктен  айырылып қалған жағдайда да президент  өзінің қызмет орнында қала береді.  Мұндай вариант — президенттің ол ұсынған заң жобалары конгрестен өтуі кезінде өз дегеніне жету, бірақ  барлық кезде бұлай бола бермейді. Қандай жағдайда да президенті жүргізетін саясат ол заңдық күшіне ие болғанға  дейін өкілдер палаталары мен  сенаттың Қолдауына ие болуға тиіс.

Информация о работе АҚШ территориалды басқару және АҚШ-ғы муниципалды менеджментті ұйымдастырудың негізгі типтер