Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 08:37, курсовая работа
Америка Құрама Штаттарына айналған бұрынғы колониялар алғашында «Конфедерация баптары» (1781) деп аталатын келісім шеңберінде жұмыс істеді. Көп ұзамай-ақ бұл аз міндет жүктейтін келісім штаттар арасында іс жүзінде жұмыс істемеді. Орталық (федералдық) өкімет тым дәрменсіз болды, ал оның қорғанысы, сауда және салық саласындағы өкілеттігінің тек аты ғана болды. 1787 жылы «Конфедерация баптарын» қайта қарау үшін Филадельфияға штаттардың өкілдері жиналды. Олар мүлде жаңа құжат — конституцияның негізін жасап, өздерінің алғаш алдына қойған мақсаттарына жету үшін әрі қарай алға қадам жасады. Көптеген айтыс-таластардан, ымыраға келуден кейін конституцияның тексі жазылып, 1790 жылы 13 штат ратификация жасады.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
АҚШ-та ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ МУНИЦИПАЛДЫ МЕНЕДЖМЕНТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 АҚШ-та территориалды басқару қызметі мен жағдайы................................5
1.2 Муниципалды менеджментті ұйымдастырылу ерекшеліктері...................11
2 АҚШ-тың ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. АҚШ-та саяси партияларға қатысты менеджмент........................................15
АҚШ-тың жергілікті жерлердегі муниципалдық менеджмент...................17
АҚШ менеджментінің стратегиялық ерекшелігі .............................................20
Қорытынды..............................................................................................................24
Ішкі
істерде де, сыртқы саясат мәселелерінде
де президенттің, тіпті оның партиясы
екі палатада да көпшілік орынға ие
болып отырса да, бірден конгрестің
қолдауына ие бола қоюы сирек кездесетін
жағдай. Ол өзінің көзқарасының дұрыс
екеніне өкілдер мен
Ал олардың атаулары сол департаменттердің қызмет саласын көрсетеді. Әрбір департаменттің басшысын президент тағайындайды, ал бұл тағайындауды сенат бекітуге тиіс.
Тағайындалған хатшылардың бірде-бірі (әдетте департамент басшысын осылай атайды) өзінің қызметін конгрестегі немесе басқа да мемлекеттік органдағы қызметтермен қосып атқара алмайды. Олар тікелей президентке бағынады және өзінің қызметін президент белгілеген мерзімде атқара алады. Яғни департаменттің хатшылары мемлекет басшысының оның «кабинетін» құрайтын көмекшілері мен кеңесшілері болып табылады. Бір президенттер шешім қабылдаған кезде өзінің кабинетіне жиі арқа сүйейді, ал екіншілері анда-санда болмаса, оған көңіл де бөлмейді.
Мемлекетте үшінші билік заңдық (конгресс) және атқарушы (президент) биліктерге қосымша федералдық сот жүйесі болып табылады. Оның негізгі құралы — АҚШ-тың жоғарғы соты — қалған екі билікті қадағалау қызметін атқарады.
Ол аталған биліктердің заңдары мен актілері конституцияға қаншалықты дәрежеде сәйкес келетінін шешеді. Конгресс судьялардың санын белгілей алады, бірақ ол жоғары сотқа конституция берген өкілетті өзгерте алмайды. Жоғарғы сот бас судьядан және сот мүшелерінен тұрады. Оларды президент сайлайды, бірақ сенат мақүлдауы керек. Алайда, бекітілгендер өз қызметін дүниеден өткенше атқарады. Жоғарғы соттьщ шешімі жөнінде қандай да бір сотқа шағым жасалынбайды. Президент те, конгресс те жоғарғы соттың шешімін өзгерте алмайды. Бұған қосымша конгресс 11 федералдық апелляциялық сотты ал олардың қарамағында 91 федералдық округтік сотты құрды.
Жоғарғы сот тікелей юрисдикция құқына екі жағдайда ие болады: іс шетелдік дипломаттарға қатысты болған жағдайда және тараптардын, бір мемлекет болған кезде. Жоғарғы сотқа түскен барлық басқа сот істері төменгі инстанциядағы соттарда тыңдалған істер жөніндегі апелляция болып табылады. Жоғарғы сот олардық қайсысы тыңдауға қабылданатынын белгілейді. Көпшілік істер конституцияны түсіндірумен байланысты болады. Жоғарғы сот, сондай-ақ соттық қайта қарау құқына да ие, яғни оның федералдық, штат ішіндегі және жергілікті үкіметтердің заңдары мен шараларын конститу-циялық емес деп жариялауға құқы бар. Конституцияда айтылмағанымен, бұл ереже кейіннен бекітілді.
Конституция қызметтері айқын ажыратылып көрсетілген үш билік тармағын қалыптастыруды көздейді. Олардың әр қайсысына берілген өкілеттіктер қалған екеуінің өкілеттіктерімен теңдестірілген. Әр билік басқаларды шектеп отырады, олардың шектен тыс күшейіп, өзінің жағдайын пайдалануына жол бермейді. Схемада олар қалай өзара жұмыс істейтіні және бір-біріне қалай тәуелді екені көрсетілген.
Конгрестің заңдарды қабылдауға өкілеттілігі бар, бірақ президент конгрестің кез келген әрекетіне вето қоя алады. Конгресс, өз кезегінде, әр палатанық үштен екі дауысымен бұл ветоны жоюға, сондай-ақ президентке ол сұраған қаржыландыруды беруден бас тартуға құқысы бар.
Президент
үкіметтегі маңызды қызметтерге
лауазымды адамдарды
Баланстар мен шектеулер жүйесі ымыраға келу мен келісімдерді іздеуде қажетті. Ымыраға келу Құрама Штаттардағы билік тармақтарының барлық деңгейінде ымыраға келудің өмірлік маңызы бар, өйткені бұларды қандай да бір заңсыздықтардан қорғайды. Бұл мысалы, жаңа президенттер үкіметтің саясатын өзінің қалауынша түбірінен өзгерте алмайды деген сөз. Демек, американдықтар үкімет деп әдетте тұтас жүйені, яғни атқарушы билік пен президентті, конгресс пен соттарды атайды. Іс жүзінде президент (яғни әкімшілік басшысы) АҚШ-тан тыс жерлерде түсінетіндей соншалықты құдіретті күшті емес үкіметті көпшіліктің партиясы құратын басқа мемлекеттердің басшыларымен салыстырғанда АҚШ президентінде билік айтарлықтай аз.
АҚШ Конституциясында саяси партиялар туралы ештеңе айтылмайды, бірақ кейіннен бұл елде қос партиялық жүйе пайда болды. Негізгі екі партия демократиялық жәие республикалық партиялар болды. Бұл екі партиямен қатар, шетелдіктер мұны білгенде таң қалады, басқа да партиялар өмір сүреді, оларда коммунистік партия және бірнеше социалистік партия бар. Аз партиялардың өкіметтің төменгі эшелондарында орын алған кездері болған, бірақ олар жалпы ұлттық саясатты жасауға ықпал ете алмайды. Кез келген сайлауға өзінің кандидатураңды ұсыну үшін қандай да бір саяси партияның мүшесі болудың қажеті жоқ. Сонымен қатар әр американдыққа округтегі сайлауларға тіркелу кезінде негізгі партиялардың бірінің мүшесі екендігін ауызша мәлімдеу жеткілікті.
Демократтар көбіне жалдамалы еңбектің мүддесін қорғайды, ал республикалық партия бизнес және өнеркәсіппен байланысты деген пікір бар. Республикалықтар да федералдық үкіметтің штаттар мен муниципалитеттер өкіметінің қарауына жататын мәселелерде шешуге тым көп араласуына қарсы күреседі. Ал, демократтар әлеуметтік мәселелерді шешуде орталықтың өкілеттігін кеңейту жолында күрөседі.
Алайда, көп жағдайда партиялардың ара жігін ажырату оңайға түспейді. Оның үстіне «оң» және «сол», «консерватор» және «либерал» дейтін дәстүрлі европалық анықтаулар американ жүйесіне қолданыла қоюы екіталай. Мысалы, кейбір «оңшыл консерваторлар» күшті орталық өкіметке қарсы күресуі мүмкін. Елдің бір бөлігіндегі демократтар тым «либеральды», екінші бөлігіндегілер тым «консервативті» де болуы мүмкін.
Егер
өз партияларынан сайланған
Он
сегіз жасқа жеткен және сайлау учаскесінде
тіркелген кез келген американ азаматының
дауыс беруге құқы бар. Әр штат тіркеу
тәртібін өзі белгілей алады. Сайлаушы-әйелдер
Лигасы сияқты азаматтық кұқық жолындағы
күрескер тобы сайлау науқанына мүмкіндігінше
адамдарды көбірек тарту және
оларды сайлаушылар ретінде тіркету
жолында пәрменді әрекет жасап келеді.
Аз халық өкілдерін сайлауларға
тіркеу және олардың сайлаура қатысуы
соңғы 25 жылда күрт өсті, бұл ең алдымен
азаматтық құқық жолындағы
Алайда,
дауыс құқына ие болған азаматтар
саны мен осы құқықты
АҚШ-та
басқа көптеген елдермен салыстырғанда
штаттар ішіндегі және муниципалдық
сайлауларды қосқанда сайлаулар
саны жағынан көп өткізілетінін
атап айту керек. Егер осы сайлауларға
дауыс бергендерді (мысалы, қаланың
бас көшесіне жаңа көпір салу үшін
салықты көбейту керек пе деген
мәселені шешу мақсатында) сайлаушылардың
жалпы санына қосса, сайлауға қатысушылардың
проценті басқа елдердегіде әлдекайда
төмен болуы екі талай. Іс жүзінде
американдықтар федералдық деңгейдегі
саясатқа қарағанда жергілікті саяси
істерге көбірек көңіл бөледі.
Аса маңызды шешімдердің
Елдің
президентін сайлау жөніндегі науқан
екі кезеңде өтеді. Біріншісі
— ұлттық партиялар съездерінде
кандидаттар үсыну, екіншісі — сайлаудың
өзі кандидаттарды ұсыну
Кандидаттар үлттық партиялар съездері делегаттарының дауысын съезд шілдеде немесе тамызда өткенге дейін өз жағына көбірек тартуды көздейді. Сонан соң әр партияның съезі АҚШ-тың президенттігіне өзінің ресми кандидатын сайлайды, ол бірнеше ай бойы өзінің сайлау науқанын жүргізеді.
Әр
төрт жылда өтетін (1988, 1992, 1996 және т.
б.) президент сайлаулары кезінде
сайлаушылар өз дауысын бүкіл
ел бойынша қазанда береді. Егер
кандай да бір штатта көпшілік сайлаушылар
партиялардың бірінің президентке
кандидатына (вице-президентке) дауыс
берсе, бұл кандидат осы штаттың
барлық сайлаушыларының дауысын
алуға тиіс. Олардың саны осы штаттан
тыс сайланатын сенаторлар мен өкілдер
палатасы мүшелерінің санына тең
болады. Сайлаушылардың неғұрлым көп
дауыс санын жинаған кандидат
сайлауларда жеңіске жетеді. Олардың
сана туралы деректі әр штаттың сайлаушылар
коллегиясы хабарлайды. Келесі жылдың
қаңтар айында конгрестің қос палатасының
бірлескен мәжілісінде Құрама Штаттардың
жаңа президенті мен вице-президенті
сайланғаны туралы ресми түрде жариаланады.
Елу
штат жер көлемі, халқының саны, ауа
райы, экономикасы, тарихы мен мүддесі
жағынан бір-бірінен өзгеше. Тиісінше
олардың үкіметі де саяси, экономикалқ
және әлеуметтік мәселелерді барлық
кезде бірдей бірыңғай нұсқада шешпейді,
сол себепті де оларды «демократияның
лабораториялары» деп атап жүр. Алайда,
олардың саяси құрылысы бір. Әр штатта
өздерінің сенаты мен өкілдер
палатасы басшылық ететін республикалық
басқару формасы бар. (Бұл басқару
формасы Небраска штатында ғана жоқ,
мұнда 49 «сенатордан» тұратын бір
ғана заң шығару палатасы бар). Барлық
штатттың атқарушы өкіметі бар, оны
губернатор мен тәуелсіз сот жүйесі
басқарады. Әр штаттың өз конституциясы
бар; Сонымен бірге олардың
Конституция федералдық үкіметтің өкілеттігін шектейді, бірақ оның қазіргі заңдық пайымдаулары бұл өкiлеттіктердің аясын кеңейтеді. Қалған барлық билiк қызметтері автоматты түрде штаттар мен жергілікті огандарға беріледі. Бұл федералдық үкімет пен штаттар арасындағы кұқықтық қызметтерді шектеу жолындағы күресі еш уақытта тоқтамай келе жатқанын көрсетедi. Американдықтардың әбден күшейген орталық өкіметке дағдылы сенімсіздігі бұл көп жылдар бойы келе жатқан күресте билікке таласушы жақтардың мүмкіндіктерін шамамен тең деңгейге жеткізді. АҚШ-тағы штаттар мен жергілікті билік органдары, әдетте, басқа елдердегi орталық үкіметке тиесілі құқықтарға да ие.