Халықаралық теңіз құқығының ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 12:16, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасында жалпы халықаралық теңіз құқығын және оның пайдаланылуын зерттеу.
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі мен оның даму тарихын ашу;
2. Халықаралық теңіз құқығының қызметтерін ұйымдастыру механизмін талдау;
3. Қазақстан Республикасының теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекет ретінде қарастыру.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................4
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы.........................................................8
1.2 Халықаралық теңіз құқығының даму тарихы..............................................11
1.3 Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері..........................................14
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕТІГІ
2.1 Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық теңіз құқығы............24
2.2 Халықаралық теңіз дауларын шешу рәсімдері...........................................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕҢІЗГЕ ШЫҒУ МҮМКІНДІГІ ЖОҚ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ
3.1 Қазақстан Республикасының теңіз құқығы бойынша екі жақты, аумақтық келісім шарттар ...................................................................................................39
3.2 Қазақстан Республикасы 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша
конвенцияға қосылу мәселесі..............................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ.............................................64
ҚОСЫМША ……………………………………………………………..………67

Файлы: 1 файл

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ.doc

— 407.50 Кб (Скачать)

1958 жылы құрылған халықаралық  теңіз ұйымы (ХТҰ)  (1982 жылға  дейін Халықаралық теңіз кеңес  беру ұйымы - ХТКБҰ) халықаралық  теңіз құқығының дамуы және  дүниежүзілік мұхитты пайдалану  саласындағы мемлекеттердің ынтымақтастығы орасан көп үлес қосады. Халықаралық теңіз ұйымының негізгі мақсаты - үкіметтер арасында ынтымақтастықты нығайтуға және халықаралық сауда  кеме қатынасының техникалық мәселелеріне, сондай-ақ, халықаралық сауда кеме қатынасына қатысты дискриминациялық шараларды және артық шектеулерді жоюға қатысты шараларды өткізуде қатысу болып табылады.  Халықаралық теңіз ұйымы, жеке алғанда, теңізде адам өмірін қорғау, кемелердің теңізді ластауын алдын алу, балық аулау кемелерінің қауіпсіздігі сияқты, осындай мәселелер бойынша халықаралық келісімдер жобасын жасаумен айналысады. [21]

Қазіргі кезде әлемде жағрапиялық жағдайы теңізге  шығуға мүмкіндігі жоқ болуымен сипатталатын 40-қа жуық мемлекет бар. Ол мемлекеттер  Азия, Африка, Еуропа және Латын Америкасында орналасқан. Бұл факт көптеген аймақтарда халықаралық қатынастардың нақты аспектісі ішкі континентальды мемлекеттер мәселелерін шешумен байланысты екендігін көрсетеді.  Халықаралық құқықтың мұндай субъектілерінің мөлшері және олардың алдында тұрған міндеттер ХХ ғасырдың басында ішкі континентальдық мемлекеттер тұжырымдамасының туындауына әкелді.  Оның эволюциясы басты бағыттары болып теңізге шығуы жоқ мемлекеттерге олардың географиялық жағдайының қолайсыздығының орнын толтыруды мақсат еткен бірқатар ерекше құқықтары ұсынылды.  Сол құқықтардың кейбіреуі (туға құқық, теңізге мүмкіндік үшін транзит еркіндігі және т.б.) тұжырымдама қалыптасқанға дейін  әдеттегі нормалар ретінде болған. Теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ басқа мемлекеттер жағалаудағы мемлекеттермен дүниежүзілік мұхитты игеру процесін интенсификациялау шаралары арқылы пайда болды. Жағалаудағы мемлекеттердің тиісінше мүмкіндіктерінің артуы ішкі континентальдық мемлекеттердің мүдделерін қорғау бойынша адекватты шараларды талап етті, көрсетілген өзара байланыс халықаралық теңіз құқығының негізгі көздерін талдау кезінде байқалады. ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін ішкі континентальдық мемлекеттердің теңізге шығуға құқығы (мемлекеттің аталған санатының басты құқығы) ашық теңіздің еркіндігін іске асыру контексінде айрықша қарастырылды. Алайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі ІІ Конференциясы жұмысының барысында теңізге шығу мүмкіндігі дүниежүзілік мұхитты игеру саласында тұтас бірқатар құқықтарды, оның ішінде адамзаттың жалпы мұрасына қатысты,  ішкі континентальдық мемлекеттердің жүзеге асырумен байланыстырылды. Аталған үрдіс қазіргі уақытта да сақталады. Ішкі континентальдық мемлекеттердің тұжырымдамасы әмбебап сипаттағы халықаралық құжаттарда, сондай-ақ, локальды әрекеттегі актілерде көрініс тапты.

Қазіргі кезеңгі экономикалық процестер Қазақстанның алдында  дүниежүзілік мұхит ресурстарын  игеруде мемлекеттердің қатысуымен байланысты жалпы бірқатар міндеттерді  қояды. Олардың арасында әмбебап  сипаттағы кодификацияланған халықаралық-құқықтық актілерге қосылу мәселелерін жеке атауға болады: 1965 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының транзиттік сауда жөніндегі Конвенциясы және 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі Конвенциясы.  Екі құжат та ішкі континентельдық мемлекеттердің теңізге шығу мүмкіндігі жоқ болуымен байланысты қиындықтардан өту үшін жеткілікті әлеуеті бар. Осы конвенциялар негізінде мемлекеттердің, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының тығыз аймақтық және екіжақты ынтымақтастығының дамуы мүмкін. Оның геосаяси жағдайының бірегейлігі халықаралық құқықтың барлық әлеуетін тиімді пайдалану үшін барлық алғышарттарын жасайды. Республиканың халықаралық теңіз құқығының толық деңгейлі субъектісі ретінде құрылуы өмірге маңызды қажеттілік болып табылады. Аталған міндеттерді шешуді кейінге қалдыру – теңізді басқа мемлекеттерден пайдалану саласында кейін қалумен туындаған экономикалық және саяси зиянның орнын толтыру мүмкін болмайтындығы айдан анық. Жағалаудағы мемлекеттердің теңіз кеңістігінің егемендігінің қайтарымсыз процесі, қазіргі таңның өзінде Қазақстан Республикасында халықаралық құқықпен ұсынылған мүмкіндіктерді  максималды деңгейде пайдалану қажет. Мұндай қазіргі кезеңгі реалийлер, оның есебінсіз Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың толық құқықты мүшесі бола алмайды.           [9, 190 б.]

Қазақстан Республикасының  барлық келісімдерінің жалпы бағыттылығы  қазақстандық теңіз кемелерінің  және транизттік тауарлардың шетелдік мемлекеттердің теңіз порттарына қол  жетімділігі мәселелерін шешуге әкеледі. Осы уақытта, Қазақстан Республикасының мүддесінде транзиттік қозғалыс қандай да бір кедендік төлемдерді төлеуден босатылады, бұл Қазақстанның халықаралық-құқықтық мәртебесі ерекшелігін теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекет ретінде тануға әкеледі. Қазақстан үшін дүниежүзілік мұхитқа транзиттік мемлекеттер аумағы арқылы кедергісіз жүзу мүмкіндігі тек артықшылықты ғана білдірмейді, ол өмірге маңызды қажеттілік болып табылады, онысыз мемлекеттің толығымен әлемдік интеграциясы мүмкін болмайды. Осы уақытта қарастырылып жатқан саладағы Қазақстан Республикасының барлық халықаралық келісімдері екіжақты (көп жақты) табысты қол жеткізу мақсатын ұстанады. Қазақстан Республикасының аймақтағы барлық мемлекеттермен қолайлы ынтымақтастығының дамуы республиканың теңізге және оның ресурстарына қолжетімділігі проблемаларын шешуді болжайды. Қазақстан дүниежүзілік мұхитты игерумен байланысты өзінің геосаяси жағдайының басымдылығын қосымша мүмкіндіктерге өзгерте алады деуге негіз бар.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ

  1. Моря и океаны. Глобальные проблемы человечества. ООН. – М., 2007.      
  2. Гуцуляк В.Н: Международное морское право: публичное и часное. – М., 2003.
  3. Бекяшев К.А., Серебряков В.В. международные морские организации. – Ленинград, 1979г.
  4. 1958 жылғы біріккен ұлттар ұйымының 1 конвенциясы http://www.baze.zakon.kz
  5. 1994 жылғы 16 қарашада күшіне енген 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі конвенциясы http://www.baze.zakon.kz
  6. Бекяшев К.А. Морское рыболовное право. – М., 2001
  7. Корзун В.А. Морские трансграничные ресурсы: экономика, экология, право. – М., 1996
  8. Клименко Б.М. Международно-правовой режим глубоководного морского дна и его ресурсов//Сов.государство и право. – 1989. - №4.
  9. Салимгерей А.А. и др. Морское право и внутриконтинентальные государства: учебник. - Алматы: Данекер, 2000 ж.
  10. 1979 жылғы Теңізде іздестіру және құтқару конвенциясы http://www.baze.zakon.kz
  11. 1954 жылғы Теңіздің мұнаймен ластануын алдын-алу жөніндегі конвенциясы http://www.baze.zakon.kz
  12. 1969 жылғы Мұнайдан ластаудан келген зиянға азаматтық жауапкершілік туралы халықаралық конвенциясы http://www.baze.zakon.kz
  13. 1969 жылғы теңіздің Мұнаймен ластануына әкелетін апаттар жағдайларда ашық теңізде  араласу туралы халықаралық конвенциясы, 1973 жылы  теңіздің мұнайдан басқа өзге заттармен ластануы жағдайларда ашық теңізде араласу туралы хаттамасымен толықтырылған http://www.baze.zakon.kz
  14. 1972 жылы Кемелерден теңізді ластауын алдын-алу жөніндегі конвенциясы http://www.baze.zakon.kz
  15. Сарсембаев М.А. Международное право: Особенная часть: учеб. пособие. - Алматы: Ғылым, 1999 г.
  16. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право: Общая и Особенная части. - Алматы: Юрид. лит., 2002 г.
  17. 1965 жылғы Халықаралық кеме қатынасын жеңілдету жөніндегі конвенциясы және оған қосымша   http://www.baze.zakon.kz
  18. 1964 және 1974 жылдары Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі конвенциясы 1978 жылғы хаттамасымен  http://www.baze.zakon.kz
  19. 1966 жылғы 05 сәуірдегі Жүк маркасы туралы халықаралық конвенциясы  http://www.baze.zakon.kz
  20. 1978 жылғы 17 ақпандағы Хаттамамен өзгертілген 1973 жылғы Кемелердің ластауын алдын-алу бойынша халықаралық конвенциясы http://www.baze.zakon.kz
  21. 1974 жылғы 01 қарашадағы Теңізде адам өмірін қорғау бойынша халықаралық конвенциясы http://www.baze.zakon.kz
  22. Международные морские организации//Современное международное морское право. Отв. ред. М.И. Лазарев. – М.: Наука, 1984 г.
  23. Авраменко И.М. Международное морское право: учеб. пособие. - Ростов н/Д: Феникс, 2001 г.
  24. Бекяшев К.А., Волосов М.Е. Международное публичное право: Практикум. - М.: Проспект, 2001 г.
  25. Зюбанов Ю.А. Действие уголовного закона в открытом водном или воздушном пространстве//ЭПК-дайджест. – 2007 г.
  26. Кулжабаева Ж.О. Международное публичное право: учебник. - Алматы: Юрид. лит., 2003 г.
  27. Бархатова Е.Ю. Международное публичное право в вопросах и ответах: учебное пособие. - М.: Велби, 2004 г.
  28. Международное публичное право. Учебник. 4-е изд./Отв. ред. К.А. Бекяшев. - М.:ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005 г.
  29. Ковалев А.А. Современное международное морское право и практика его применения. – М.: Научная книга, 2003 г.
  30. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы  (Астана, 2006 жылғы 1 наурыз) Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы  http://www.baze.zakon.kz

 

 

 




Информация о работе Халықаралық теңіз құқығының ұғымы