Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 12:16, курсовая работа
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасында жалпы халықаралық теңіз құқығын және оның пайдаланылуын зерттеу.
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі мен оның даму тарихын ашу;
2. Халықаралық теңіз құқығының қызметтерін ұйымдастыру механизмін талдау;
3. Қазақстан Республикасының теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекет ретінде қарастыру.
КІРІСПЕ........................................................................................................4
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы.........................................................8
1.2 Халықаралық теңіз құқығының даму тарихы..............................................11
1.3 Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері..........................................14
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕТІГІ
2.1 Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық теңіз құқығы............24
2.2 Халықаралық теңіз дауларын шешу рәсімдері...........................................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕҢІЗГЕ ШЫҒУ МҮМКІНДІГІ ЖОҚ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ
3.1 Қазақстан Республикасының теңіз құқығы бойынша екі жақты, аумақтық келісім шарттар ...................................................................................................39
3.2 Қазақстан Республикасы 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша
конвенцияға қосылу мәселесі..............................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ.............................................64
ҚОСЫМША ……………………………………………………………..………67
Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясында дауларды реттеу мәселелері 74-бапқа («Қарсы немесе шектес жағалауда жатқан мемлекеттер арасындағы айрықша экономикалық аймақтарды бөлу») және 83-баппен («Қарсы немесе шектес жағалауда жатқан мемлекеттер арасындағы континентальдық шельфті бөлу») енгізілді. 74-баптың 2-тармағында және 83-бапта «Егер белгілі бір мерзімде мемлекеттер қандай да бір келісімге келе алмайтын болса, мүдделі мемлекеттер ХV бөлігінде көзделген рәсімдерге келуі мүмкін». Бұл мемлекеттерге келісу жолымен өз жағалауында бөлуді жүргізу міндеті жүктеледі дегенді білдірді. [25, 47 б.]
Конвенция бөлу туралы дауға қатысушы мемлекеттерге олардың қайшылықтарын реттеуге әкелетін жолдарды таңдаудың барынша еркіндігін ұсынады. Конвенцияда шекараның сызығын тиісті жүргізу туралы жалпы пікірге келмеген мемлекеттердің құқықтарын шектейтін ережелердің болмауы барынша маңызды болып табылады, бейбіт реттеудің сол немесе өзге де құралын жалпы ереже ретінде пайдалану, ХV бөлікте көзделген кез-келген құрал (екі жақты немесе үшінші тараптың қатысуымен) осы жағдайда қолданылуы мүмкін. Алайда, соттық немесе арбитраждық қарауды бөлу туралы дауды шешу үшін сәйкес келетін құрал деп санамайтын кез-келген мемлекет 298-баптың 7-тармағына сүйенуіне болады. Мұндай мемлекет Конвенцияға қол қою, ратификациялау немесе оған қосылу немесе кез-келген уақытта мұндай мемлекет теңіз шекараларын бөлуге қатысты 15, 74 және 83 баптарын түсіндірумен немесе қолданумен байланысты дауларға қатысты бір немесе бірнеше міндетті рәсімдерді қабылдамайтындығы туралы жазбаша нысанда өтініш білдіруі мүмкін. Бұл 298-баптың 1-тармағына сәйкес өтініш жасаған мемлекеттің қатысуымен дау туындаған кезде, екінші тарап осы мемлекеттің келісімінсіз міндетті сотқа немесе арбитраж органынан өтініш білдіре алмайды. Осындай дауды шешу үшін кез-келген екіжақты құрал, сондай-ақ соттық немесе арбитраж органы, бірақ тек осы мемлекеттің келісімімен пайдаланылуы мүмкін. Сонымен, теңіз шекараларын бөлуге қатысты халықаралық дауларды шешу құралдарының негізіне келісу принципі жатқызылды, бұл бөлу нормаларын реттейтін нормаларының негізінде жатыр. [25, 48 б.]
Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясы ерекше нормаларды да белгіледі, оған сәйкес мемлекет өзінің дискрециялық құқығы немесе өкілеттерін оның юрисдикциясы аймағында жүзеге асыруды қозғайтын дауды сотқа немесе арбитражға тапсыруға келіспеуге құқығы бар. 298-баптың 1-тармағында Конвенцияның кез-келген қатысушысы міндетті шешім қабылдауға әкелетін рәсімдерді қабылдамайтынын білдіруге құқығы бар деп көрсетілген, мысалы, теңіз шекараларын бөлуге қатысты 15, 74 және 83 баптарды түсіндірумен немесе қолданумен байланысты дауларға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі өзіне Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысымен жүктелген функцияларды жүзеге асырады.
297-баптың 1-тармағына
сәйкес, міндетті шешімге әкелетін
жағалаудағы мемлекеттердің
Қазақстанның белсенді сыртқы саясатының арқасында қазіргі уақытта республиканың ішкі континентальдық мемлекет ретіндегі шарттық практикасы қалыптасуда. Қазақстанның теңізге қолжетімділігі мәселесін шешу бірқатар транзиттік мемлекеттермен – ішкі континентальдық, сондай-ақ жағалаудағы мемлекеттермен халықаралық-құқықтық ынтымақтастық жандандырусыз мүмкін емес. [9, 185 б.]
Қазақстанның алдында
дүниежүзілік мұхитты игеруге қатысу
болашақтарды және әлемдік экономикаға
интеграциялану мүмкіндігін ашатын
алғашқы халықаралық
Атап айтқанда, иран тарапы өз аумағынан еуропа порттарына, Парсы шығанағы портына және керісінше тасымалдау үшін Қазақстан Республикасының импорттық, экспорттық және халықаралық транзиттік жүктерін қабылдауға дайындығы туралы хабарлады. Транзиттің еркіндігі мен қолайлылығын қамтамасыз ету үшін тараптар импорттық, экспорттық және халықаралық транзиттік жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сондай-ақ, бірлескен көлік бойынша қызметтер көрсететін экспедиторлық кәсіпорындарды құру туралы уағдаласты. Сонымен қатар, Иран және Қазақстан Каспий теңізі бассейнінде, сондай-ақ еуропа мемлекеттерінің порттарына жүктерді тасымалдауды дамыту мақсатында бірлескен кеме қатынасы компаниясын құру туралы сарапшылардың келіссөздерін жүргізуді келісті.
Өзара мүддені білдіретін көлік мәселелерін бірлесіп қарастыру үшін, тараптар екі мемлекеттің құзыретті органд арының өкілдерінен тұрақты жұмыс істейтін аралас комиссияны құруды дұрыс деп санады.
Теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының шарттық практикасындағы маңызды іс қазақстандық транзиттік жүктерді қайта өңдеу және тасымалдау үшін Қытайдың Лянь-юньган теңіз портын пайдалану туралы 1995 жылы үкіметаралық келісім жасасу болды. Келісімнің егжей-тегжейлі талдауы осы тарауда мазмұндалған. Келісімнің мағынасы бойынша, Қытай Халық Республикасы өзінің Лянь-юньган теңіз портын Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка мемлекеттеріне және кері бағытта транзитпен жөнелтілетін қазақстандық тауарларды қайта өңдеу және тасымалдау үшін ұсынды. Осы уақытта қазақстандық жүктер қандай да бір төлемдермен салық салынбайды, ал транзиттік қозғалыс ешқандай шектеусіз және дәлелсіз кідірмеу қажет. Қазақстандық тарап орындауы қажет жалғыз шарт теңіз тасымалдаушыларын таңдауға қатысты. Келісімнің 5-бабына сәйкес, қытай кемелерімен тасымалданатын қазақстандық транзиттік жүктерінің көлемі Лянь-юньган портындағы жалпы қазақстандық жүк көлемінің 50 %-дан төмен болмауы қажет.
Транзит бостандығын жүзеге асырумен байланысты мүмкін болатын даулар мен қайшылықты жағдайларды шешу үшін Қазақстан мен Қытай арнайы Аралас комиссия құру туралы уағдаласты. Оның басты міндеті – 1995 жылғы Келісімнің қолданылуын бақылау.
Қазақстанның ішкі континентальдық мемлекет ретінде шарттық практикасының маңызды бөлігін «балтық» бағыты құрайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы балтық маңы мемлекеттерімен бірқатар келісімдер жасасты, бұл республикаға теңізде халықаралық саудаға тиімді қатысуына мүмкіндік береді. Сонымен, 1994 жылдың 10 тамызында Клайпеда қаласында қазақстандық жүктерді өңдеу және тасымалдау үшін Литва порттарын пайдалану туралы Хаттама жасалды.
Хаттамаға сәйкес, транзит еркіндігін сақтау мақсаттарға жетудің маңызды шарты болып табылады. Сондықтан транзиттік тасымалдаулар қандай да бір негізсіз кедергілер немесе шектеулерге ұшырамауы керек. Транзиттің нақты шарттары хаттамаға қол қойғаннан кейін үш айдың ішінде паритетті негізде құрылған бірлескен қазақстандық-литва комиссиясымен әзірленді.
Тараптар литва кемелерімен Клайпеда портынан және Клайпеда портына жеткізу шамамен жеткізілетін қазақстандық жүктің көлемі барлық көлемнің кемінде 50 %-ын құрауы керек.
Қазақстан және Литва құзыретті органдар арасында тиімді іскери қатынастарды қолдау және дамыту бойынша өз күштерін салу міндетін, сондай-ақ олардың тиісті кәсіпорындары арасында:
- теңіз сауда флоты
мен порттарын тиімді
- сауда кеме қатынасы мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардағы қызметтеріне қатысты пікір алмасу және теңіз көлігі бойынша халықаралық шарттарға қатысу мақсатында байланыстардың дамуын көтермелеу міндетін алды. [26, 47 б.]
Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін және Қазақстан Литва xаттамасын қолдануға бақылау жүргізу үшін аралас комиссияны құрды, оның құрамына екі мемлекеттің құзыретті органдарының өкілдері енді. Комиссия құзыретіне енеді:
- Хаттаманы түсіндіру
немесе қолдануға қатысты кез-
- Хаттаманы қолданудан
туындайтын өзара
- жекелеген мәселелерді
талқылау және тиісті ұсыныстар
Хаттаманың 7-тармағына
сәйкес, аралас комиссия өтінішті алғаннан
кейін үш айдан кешіктірмей, тараптардың
бірінің өтініші бойынша
Қазақстан мен Литваның
қарастырылып жатқан саладағы ынтымақтастық
1997 жылы 7 наурызда Алматы қаласында
қабылданған Қазақстан
Аталған келісімге сәйкес, Литва Республикасы үкіметі өзіне мынадай міндеттерді алды:
- Қазақстан Республикасының жүктерін Литва аумағы және Клайпеда порты арқылы транзитпен тасымалдауға жан-жақты жәрдемдесу;
- Өз заңдары мен
өзге де нормативтік актілер
шеңберінде Клайпеда портында
кемелердің тұралап қалуын
- Қазақстан Республикасының
транзиттік жүктеріне,
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының үкіметі:
- Клайпеда портын пайдалануға
өздерінің шаруашылық етуші
- Өз заңдары мен өзге де нормативтік актілер шеңберінде Клайпеда порт арқылы тасымалданатын экспорт-импорт жүктері үшін шекаралық, кеден және өзге де қағаз жұмыстарын оңайлату және жеңілдетуге міндеттенді.
Келісімнің 1-бабына сәйкес, «Клайпеда порты арқылы жүктерді тасымалдау» деп Клайпеда портынан жүкті тасымалдау, оларды қайта тиеу, сақтау және Клайпеда порты аумағындағы аталған рәсімдерді орындауға ресми түрде рұқсат берілген кәсіпорындар мен терминалдарда жүктерді тасымалдаумен байланысты өзге де рәсімдерді орындау деп түсіндіріледі. «Қазақстан Республикасының транзиттік жүгі» термині Клайпеда порты арқылы транзитпен Қазақстан Республикасының шаруашылық етуші субъектісі болып табылатын жөнелтушімен немесе қабылдап алушымен тасымалдау үшін тағайындалған жүк дегенді білдіреді.[26, 50 б.]
Келісімдерді іске асыру
мақсатында Қазақстан және Литва
жүктерді қайта тиеумен, сақтаумен
және жүктерді жөнелтумен кемелерді
агенттеумен айналысатын
Келісімнің орындалуын бақылау үшін тараптар құзыретті органдар өкілдерінен аралас комиссияны құрды, комиссия өкілеттерінің бірі келісімді түсіндірумен немесе қолданумен байланысты туындайтын кез-келген дауды шешу болып табылады. Егер аралас комиссия шешім қабылдамайтын болса, онда дау екі мүдделі мемлекеттердің келіссөздер жүргізу жолымен реттелуі қажет. [27,23 б.]
Келісім үш жыл мерзімге, егер Келісімнің тараптарының бірі оның келісімін тоқтату туралы өзінің қалауын екінші тарапқа жазбаша түрде білдірмеген жағдайда, онда келесі үш жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартумен жасасты.
Қазақстанмен теңізге
қол жетімділік мәселесін шешуге
бағытталған басқа бір
Келісімнің тараптары транзит еркіндігін жүзеге асыруға жәрдем көрсетуге және халықаралық көлік байланыстарын дамытуға зиян келтіретін кез-келген әрекеттерге жол бермеуге міндеттенді. [27, 30 б.]
Келісім бойынша Латвия
Республикасы транзиттік мемлекет ретінде,
теңізге шығуға құқығы жоқ мемлекет
ретінде Қазақстан