Халықаралық теңіз құқығының ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 12:16, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасында жалпы халықаралық теңіз құқығын және оның пайдаланылуын зерттеу.
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі мен оның даму тарихын ашу;
2. Халықаралық теңіз құқығының қызметтерін ұйымдастыру механизмін талдау;
3. Қазақстан Республикасының теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекет ретінде қарастыру.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................4
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы.........................................................8
1.2 Халықаралық теңіз құқығының даму тарихы..............................................11
1.3 Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері..........................................14
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕТІГІ
2.1 Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық теңіз құқығы............24
2.2 Халықаралық теңіз дауларын шешу рәсімдері...........................................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕҢІЗГЕ ШЫҒУ МҮМКІНДІГІ ЖОҚ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ
3.1 Қазақстан Республикасының теңіз құқығы бойынша екі жақты, аумақтық келісім шарттар ...................................................................................................39
3.2 Қазақстан Республикасы 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша
конвенцияға қосылу мәселесі..............................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ.............................................64
ҚОСЫМША ……………………………………………………………..………67

Файлы: 1 файл

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ.doc

— 407.50 Кб (Скачать)

Келісімнің әрекеттері мынадай жүктерге қолданылады:

- Қазақстан Республикасының  заңды немесе жеке тұлғасымен  үшінші мемлекеттерге транзит үшін Латвия Республикасы теңіз портына жөнелтілген;

- Үшінші мемлекеттерден  Қазақстан Республикасының заңды  немесе жеке тұлғасының мекен-жайына, оның алдағы уақытта жөнелтілу  бағдарына қарамастан, Латвия Республикасы  теңіз портына келіп түскен жүктер.

Келісімдегі «көлік құралдары» теміржол жылжымалы құрамы, теңіз  кемелері, автомобиль, әуе және құбыр  көлігі деп түсініледі.

Қазақстан жүктерін латвия аумағы арқылы транзиттің маңызды жағдайлары мыналар болып табылады. Біріншіден, Қазақстан Республикасының транзиттік экспорттық-импорттық жүктерін өңдеу үшін Латвияның теңіз порттары пайдаланылады. Екіншіден, мынадай жүктерді тасымалдау үшін мүмкіндігінше Латвия Республикасының теңіз кемелері тартылады. Үшіншіден, транзиттік қозғалыс, осындай қозғалысты қамтамасыз етумен көрсетілетін нақты қызметтер үшін алымдардан басқа, ешқандай кеден салықтары мен баждармен және өзге де алымдармен салық салуға жатпайды. Төртіншіден, Латвия Республикасы аумағында Қазақстан және Латвия кәсіпкерлері арасында туындаған қайшылықтар мен даулар, егер келісім-шартпен басқаша көзделмесе, Латвия Республикасының заңнамасы бойынша шешіледі. Бесіншіден, жүктерді кедендік, санитарлық, радиоактивтік және өзге де бақылау түрлерін жүргізу тәртібі Латвия Республикасы аумағында әрекет ететін халықаралық құқықтық нормалармен және Латвияның тиісті заңнамасымен анықталады. [27, 34 б.]

Келісімнің екі тарапы да Латвия порттарында Қазақстанның экспорттық-импорттық жүктерін тиімді өңдеуге кедергі келтіретін себептерді жоюға, сондай-ақ, жүктерді тасымалдау нәтижесінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау бойынша жедел шаралар қабылдауға міндеттенді. Латвия Республикасының құзыретті органдары, сондай-ақ, теңіз порттарына үшінші мемлекеттерден үкіметаралық кредит және гуманитарлық көмек желісі бойынша қазақстандық заңды тұлғалар мен жеке  тұлғалар мекен-жайына келіп түсетін жүктерді тасымалдау үшін жылжымалы құрамды беруді қамтамасыз етуді, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық байланыстары қызметтерін көтермелеп отыруы керек.

Қазақстандық жүктерді тасымалдау нәтижесінде Латвия Республикасы аумағында қоршаған ортаны ластау жағдайы  орын алып және оған кінәлі Қазақстан  Республикасының заңды немесе жеке тұлғасы болып табылса, соңғысы  келтірілген материалдық зиянның орнын толтыруды қамтамасыз етуі қажет. Осы уақытта ластау себептері, оның көлемі мен салдарлары Латвияның заңнамасы бойынша анықталады.[27, 35 б.]

Келісімді қолданумен байланысты мәселелерді қарау үшін, Тараптар Бірлескен комиссияны құрды, оның құрамына Қазақстанның және Латвияның құзыретті органдарының енді. Бірлескен комиссияның кезекті отырысының өткізілу орны және күн тәртібі екі мемлекеттің де құзыретті органдарымен анықталады. Комиссия жекелеген мәселелерді талқылау үшін және тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін сарапшыларды тарта алады және уақытша жұмысшы топтарын құра алады.

Қазақстан және Латвия Республикасы арасындағы келісім шексіз мерзімге жасалды.

Теңізге шығуға құқығы жоқ  мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының  сыртқы саясатының басқа да маңызды бағыты Каспий маңы мемлекеттерімен ынтымақтастықта болуы болып табылады. Сонымен, 1997 жылдың 27 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы  үкіметі және Түркіменстан үкіметі арасында транзиттік жүктерді өңдеу және тасымалдау үшін порттарды пайдалану туралы келісім жасасты. Осы келісімге сәйкес, Каспий маңы мемлекеттері Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының және Түркіменстанның теңіз порттарын Қазақстан және Түркіменстан жүктерін үшінші мемлекеттерге транзитпен жөнелтілген және кері бағытта жөнелтілген өңдеу және тасымалдау үшін пайдалануға келісті.

Қазақстан және Түркіменстан форс-мажор жағдайларынан басқа, транзиттік тасымалдауды кідірту және шектеп қалуды жою үшін барлық қажетті  шараларды қабылдауға міндеттенді. Келісімнің 4-бабы уағдаласушы мемлекеттердің құзыретті органдарына (Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі және Түркімен теңіз кеме шаруашылығы) транзит шарттарын, қайта өңдеуге, тасымалдауға және қызметтер көрсетуге тарифтерді қоса, сондай-ақ, көлік-экспедициялық операциялар бойынша өзара есеп айырысу және төлемдердің тиімді жүйесін құруға міндеттенді. Транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде екі мемлекеттің де заңнама актілері сақталуы керек. [26, 58 б.]

Келісімді іске асыруды  бақылау үшін Тараптар Қазақстанның және Түркіменстанның құзыретті органдарының өкілдерінен аалас комиссияны құрды. Аралас комиссия құзыретіне:

-    Келісімді  іске асыру барысында туындайтын  бірлескен мүдделерді білдіретін  мәселелерді, атап айтқанда, екіжақты  сауда кеме қатынасы, сондай-ақ халықаралық сауда кеме қатынасының жалпы мәселелерін талқылау;

- жекелеген мәселелерді  талқылау үшін жұмысшы топтарын  құру, тиісті ұсыныстарды дайындау  және оларды Аралас комиссияның  қарауына ұсыну;

- тікелей келіссөздер  арқылы Тараптардың біреуінің қалауымен Келісімнің ережелерін түсіндіру және қолдануға қатысты кез-келген дауларды шешу.

Келісім шексіз мерзімге жасалды және тараптардың бірінің  екінші тарапты келісімді бұзу туралы жазбаша хабардар еткеннен кейін 90 күн өткеннен кейін бұзылды деп саналады.

Халықаралық теңіз құқығы  саласында Қазақстан тығыз ынтымақтастықта  болатын Каспий маңы мемлекетінің бірі Әзербайжан болып табылады.

1997 жылдың 10 маусымында  Алматы қаласында Қазақстан Республикасының  үкіметі және Әзербайжан Республикасы үкімет арасында теңіз сауда кеме қатынасы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Келісімнің 2-бабына сәйкес, тараптар халықаралық кеме қатынасының қалыпты дамуына зиян келтіруі мүмкін кез-келген әрекеттерден кідіру және сауда теңіз жүзуі еркіндігіне жан-жақты жәрдем көрсетеді. [26, 60 б.]

Аталған міндеттемелер  мынадай ережелерде нақтыланады. Қазақстан  және Әзербайжан бір-бірінің кемелеріне, порттарға еркін ену, порттарды  жүктерді түсіру және тиеу үшін ұсыну, порттық алымдарды төлеу және т.б. өз кемелеріне берілген режимдерді ұсынады. Екі мемлекет өзінің ұлттық заңнамасы және порттық ережелері шеңберінде теңіз тасымалдауларын жеңілдету және тездету үшін, кемелерді қажет етпейтін кідіртудің алдын алу және порттардағы кеден және өзге де қағаз жұмыстарын жүзеге асыруды мүмкіндігінше оңайлату және жылдамдату үшін барлық қажетті шаралар қабылдады.   

      Келісімнің 14-бабы басқа мемлекеттің портында  тұрған Қазақстандық және Әзербайжан  кемелерінің бортында жасалған  құқық бұзушылықтарға қатысты юрисдикцияны қолдану мәселесін реттейді. Жалпы ереже бойынша, мемлекеттің порт биліктері мемлекет туының консульдік немесе дипломатиялық лауазымды тұлға келісімінсіз құқық бұзушылық жасаған экипаж мүшесін қудаламайды. Осы ережеден мынадай ерекшеліктер бар:

- құқық бұзушылықтың  салдары портында кеме тұрған  мемлекеттің аумағына қолданылады;

- жағалаудағы мемлекеттің  қоғамдық тәртібі немесе қауіпсіздігі  бұзылатын сипаттағы құқық бұзушылық  жасалса;

- осы кеменің экипаж  мүшесі болып табылмайтын кез-келген  тұлғаға қарсы құқық бұзушылық жасалса;

- есірткі заттары  немесе психотроптық заттардың  заңсыз саудасын жою үшін қажетті  болып табылатын қудалау. [27, 77 б.]

Екіжақты мемлекетаралық ынтымақтастықтан басқа, Қазақстан  Республикасы республиканың теңізге  шығу қолжетімділігін шешуге бағытталған аймақтық халықаралық келісімдерге қатысады. Атап айтқанда, 1998 жылдың 9 мамыра Алматы қаласында транзиттік тасымалдау бойынша ЭКО шеңберлік келісімі жасасты. Келісім 10 мемлекеттің өкілдерімен қол қойылды: Ауғанстан, Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан. Қазақстан Республикасы келісімді 2003 жылдың 8 ақпанында заңдастырды.

Транзиттік тасымалдау бойынша ЭКО шеңберлік келісім  преамбуласында бірде-бір мемлекет, оның теңізге шыға ала ма, жоқ па екендігіне қарамастан, қалған әлемнен оқшауланып қалмауы керек деп ерекше атап көрсетілген. Бұдан басқа, преамбулада келісімге қатысушылар 1965 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының ішкі континентальдық мемлекеттерінің транзиттік саудасы туралы конвенциясында және 1995 жылғы транзиттік сауда бойынша ЭКО келісімінде жария етілген принциптер мен ережелерге сілтеме жасайды.

Шеңберлік келісім бойынша, «теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ  мемлекет»  деп теңіз жағалауы жоқ мемлекетті білдіреді (1965 жылғы ішкі континентальдық мемлекеттердің транзиттік саудасы туралы конвенциясының қалыптамасы). «Транзиттік мемлекет» деп транзиттік тасымалдау жүзеге асырылатын аумақ бойынша мемлекеттің теңізге шығуға мүмкіндігі бар және жоқ мемлекетті білдіреді. «Транзиттік тасымалдау» термині егер мұндай аумақты кесіп өту, қайта  тиеу немесе онсыз, қоймаға қоюмен және т.б. Келісімнің қатысушы мемлекеті аумағында басталатын немесе аяқталатын барлық жолдың жартысы ғана болып табылса, бір немесе бірнеше қатысушы мемлекеттер аумағынан келісілген бағдарлар бойынша, адамдардың, жолжүктер, жүктер мен көлік құралдарын білдіреді.

Транзиттік тасымалдау бойынша шеңберлік келісімнің негізгі  мақсаттары мен міндеттері болып  табылады:

- қатысушы мемлекеттер  аумағы бойынша жүктер, жолаушылар және жолжүктердің қозғалысын жеңілдету және транзиттік көлікті барлық қажетті қолайлылықтармен қамтамасыз ету;

- транзиттік тасымалдаулар  кезінде қажетсіз кідіртуді болдырмау  үшін жүктердің сақталуын қамтамасыз  ету;

- кеден қызметтерін  алдау жағдайлары және салықтардан жалтару жағдайларын болдырмау үшін, транзиттік тасымалдауға қатынасы жоқ қажетті әкімшілік мәселелерді келісуде қатысушы мемлекеттердің ынтымақтастығы мен күштерін үйлестіру. [27, 80 б.]

Шеңберлік келісімнің жалпы  мағынасы әрбір қатысушы мемлекет екінші тараптарға өз аумағы бойынша транзит үшін қажетті қолайлылықтарды ұсынады. Сонымен қатар, транзиттік тасымалдар мемлекеттің транзиттік ішкі заңнамасына сәйкес, нақты қызметтерге көрсеткені үшін алынатын алымдардан басқа, кеден баждарын, салықтарды және өзге де алымдарды төлеуден босатылады. Шеңберлік келісімнің 13-бабы теңіз порттары бар уағдаласушы тараптар, өз мүмкіндіктері шегінде өзге шетелдік пайдаланушылар үшін белгіленген тарифтерден аспайтын құн бойынша және сондай жағдайда   шетелдік кемелерге, басқа қатысушы мемлекеттерге ашық порттардың қажетті порттық қуаттылықтарын ұсынуға міндеттейді.

Тараптар арасындағы консультациялар жолымен реттеле  алмайтын келісімге қатысушылар  арасындағы барлық даулар, қарама-қайшылықтар  мен шағым-арыздар кез-келген тараппен Транзиттік-Көлік Үйлестіру Кеңесіне (ТКҮК) тапсырылуы мүмкін. Егер ТКҮК делдалдығы дауды шешуге мүмкіндік бермесе, дауласушы мемлекеттердің келісімімен таңдалған арбитрлардың қарауына тапсырылуы мүмкін. Арбитрлардың шешімдері шеңберлік келісімге қатысушылардың дауға қатысушылар үшін соңғы және міндетті болып табылады. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының халықаралық теңіз құқығы саласында шарттық практикасын талдау Қазақстанды ішкі континентальдық мемлекет ретінде халықаралық-құқықтық тану туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Республикасының барлық келісімдерінің жалпы бағыттылығы қазақстандық теңіз кемелері мен транзиттік тауарларының шетел мемлекеттерінің теңіз порттарына қолжетімділік мәселелерін шешуге әкеледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мүддесіндегі транзиттік қозғалыс қандай да бір кедендік төлемдерден босатылады, бұл Қазақстанды  теңізге шығу мүмкіндігі жоқ мемлекет ретіндегі халықаралық-құқықтық мәртебесін ерекшелігін тануды білдіреді. Қазақстан үшін дүниежүзілік мұхитқа транзиттік мемлекеттер аумағы арқылы кедергісіз шығу мүмкіндігі тек артықшылық қана емес, өмірлік маңызды қажеттілік, бұнысыз мемлекеттің әлемдік экономикаға толыққанды интеграциялану мүмкін емес. Сонымен, Қазақстан Республикасының қарастырылып жатқан саладағы барлық халықаралық келісімдері екі жақты (жан-жақты) кіріске жету мақсатын ұстанады.                     [27, 81 б.]

 

3.2 Қазақстан  Республикасы 1982 жылғы Теңіз құқығы  бойынша конвенцияға косылу мәселесі 

 

Қазақстан Республикасы – ірі табиғи ресурс қорлары орналасқан мемлекет, олардың ішінде, негізінен, Каспий теңізі континентальдық шельфі қойнауына шоғырланған мұнай газ ресурстарын ерекше атап көрсетуге болады. 

Сарапшылардың болжамы  бойынша, мемлекеттің мұнай газ  ресурстары 40 жыл бойы оларды тиімді өңдеуге мүмкіндік береді. Осындай ұқсас жағдай  басқа да табиғи ресурстармен қалыптасады. Осыған байланысты заңды сұрақ туындайды: балама көздер өңдеу керек пе немесе дүниежүзілік мұхиттың теңіз ресурстарын игеруге қатысу керек пе? Ғалымдардың болжамынша, құрылықта орналасқан табиғи ресурстардың таусылуына байланысты ХХІ ғасырда адамзат мемлекеттердің дүниежүзілік мұхиттың табиғи ресурстарына тартылуына байланысты халықаралық қақтығыстарға тап болады. Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Б. Бутрос-Гали атап өткендей: «Әлем бірқатар табиғи ресурстарға, ең алдымен, тұщы су; тыңайтуға жарамды топырақ; балық және басқа да теңіз өнімдеріне сұраныс пен ұсыныстың арасында артқан алшақтыққа келеді. Біршама деңгейде қазіргі уақытқа қарағанда 2000 және 2050 жылдары кезеңінде мұнайды пайдалану артады, алайда 2100 жылдан кейін бұл қарқын төмендейді».      [28, 329 б.]

Информация о работе Халықаралық теңіз құқығының ұғымы