Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 12:16, курсовая работа
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасында жалпы халықаралық теңіз құқығын және оның пайдаланылуын зерттеу.
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі мен оның даму тарихын ашу;
2. Халықаралық теңіз құқығының қызметтерін ұйымдастыру механизмін талдау;
3. Қазақстан Республикасының теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекет ретінде қарастыру.
КІРІСПЕ........................................................................................................4
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы.........................................................8
1.2 Халықаралық теңіз құқығының даму тарихы..............................................11
1.3 Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері..........................................14
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕТІГІ
2.1 Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық теңіз құқығы............24
2.2 Халықаралық теңіз дауларын шешу рәсімдері...........................................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕҢІЗГЕ ШЫҒУ МҮМКІНДІГІ ЖОҚ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ
3.1 Қазақстан Республикасының теңіз құқығы бойынша екі жақты, аумақтық келісім шарттар ...................................................................................................39
3.2 Қазақстан Республикасы 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша
конвенцияға қосылу мәселесі..............................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ.............................................64
ҚОСЫМША ……………………………………………………………..………67
Халықаралық үкіметтік емес теңіз ұйымдарына қатысты, олар мемлекеттердің өзін біріктірмей, тек олардың белгілі бір ұйымдары мен қауымдастықтарын біріктіретін болса да, олар халықаралық норма шығармашылығы процесіне белсенді ықпал етеді, әлемдік кеме қатынасы саясатына ықпал етеді. Халықаралық үкіметтік емес теңіз ұйымдары жұмысының негізгі аспектісі халықаралық теңіз тасымалдаулары реттейтін немесе қызмет көрсететін құжаттарды әзірлеу және практикаға енгізу болып табылады. Мұндай ұйымдарға Халықаралық теңіз комитеті (ХТК), Балтық халықаралық теңіз кеңесі (БХТК), Халықаралық кеме меншік иелерінің қауымдастығы және т.б. Халықаралық теңіз комитеті (ХТК) 1897 жылы теңіз құқығын және сауда теңізде жүзу практикасын үйлестіру мақсатында құрылған болатын. Өз қатарында әлемнің көптеген елдерінің ұлттық қауымдастығын біріктіре отырып, ХТК қолданыстағы халықаралық-құқықтық құжаттарды жетілдіру процесіне жаңа конвенциялар жобаларын әзірлеуге үлкен үлес қосады, келісілген және қабылданған келісімдерді қолданысқа енгізуге жәрдемдеседі.
Континентальдық шельф шекарасы шегінде минералды ресурстарды практикалық әзірлеуге әлемнің барлық мемлекеттерінде білдіретін орасан қызығушылықты ескере отырып, Комитет 1975-1977 жылдары жүзбелі бұрғылау қондырғылары туралы конвенцияның жобасын әзірледі, онда осы құрылыстардың құқықтық жағдайы, оның иелерінің теңіз ортасын ластағаны үшін және бірқатар өзге мәселелердің жауапкершілік нысандарын анықтайды.
Дүниежүзілік мұхит кеңістіктерін игеру және пайдалану бойынша мемлекеттердің бейбіт қызметі олардың арасында балық аулау, теңіз кеңістіктерін межелеу, теңіз ортасын қорғау және сақтау, теңіз ғылыми зерттеулер, кеме қатынасы және тағы басқа мәселелер бойынша қарама-қайшылықтардың туындау мүмкіндігін жоққа шығармайды. Осы арада барынша қиындықты практикада мемлекеттердің көпшілігі қарама-қарсы жатқан мемлекеттер арасында континентальдық шельфті бөлу проблемасы және теңіз балық аулау бойынша даулар алады. [23, 34 б.]
Жоғарыда аталған
Конвенцияға қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 33-бабының 1-тармағында көрсетілген (Конвенцияның 279-бабы) құралдардың біріне келуі немесе өз таңдауы бойынша кез-келген бейбіт құралы пайдалануға (Конвенцияның 280-бабы), сондай-ақ жалпы аймақтық немесе екіжақты келісімдермен көзделген кез-келген рәсімді (Конвенцияның 282-бабы) қолдануына болады.
Конвенцияның ережелеріне сәйкес, егер қатысушы мемлекеттер арасында Конвенцияны түсіндіру немесе қолдануға қатысты даулар туындайтын болса, онда тараптар дауда келіссөздер немесе өзге де бейбіт жолдармен оларды реттеуге қатысты пікір алмасуға шұғыл түрде кіріседі. Дауда тарап болып табылатын қатысушы мемлекет дауласқан екінші тарапқа немесе тараптарға осы дауды келісу рәсімі ретінде реттеуді ұсына алады, келісу рәсімі егер реттеу тараптардың өзара келісімі бойынша таңдап алынған бейбіт құралдарды қолдану нәтижесінде қол жеткізілмесе ғана қолданылады. [24, 150 б.]
Егер келісу комиссиясының тексеруі дауласқан тараптардың көңілінен шықпаса, онда келісу рәсімі тоқтатылған болып саналады және кез-келген тараптың талабы бойынша дау міндетті шешімдерге әкелетін міндетті рәсімдерге тапсырылады. Конвенцияның 287-бабы Конвенцияға қол қоюда, заңдастыруда немесе оған мемлекеттің қосылуы кезінде жазбаша өтініш арқылы бір немесе одан да көп рәсімдерді алуы мүмкін дегенді білдіреді:
а) Халықаралық теңіз құқығы жөніндегі трибунал;
б) Халықаралық сот;
в) VІІ қосымшасына сәйкес құрылған арбитраж;
г) Арнайы арбитраж (VІІІ қосымша).
Егер мемлекет өтініш жасамайтын болса, ол VІІ қосымшада көзделген арбитраж рәсімін таңдады деп саналады.
Егер тараптар дауда дауды реттеу үшін сол рәсімді қабылдамайтын болса, онда ол VІІ қосымшаға сәйкес реттелуі мүмкін. Конвенцияның 287-бабының 2-тармағы рәсімді таңдау туралы болуынан немесе болмауына қарамастан халықаралық теңіз құқығы жөніндегі трибунал, теңіз түбіне қатысты даулар жөніндегі Камера басымдығын ерекше атап өтеді. [24, 148 б.]
1994 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясына қосылғаннан кейін, тарихта алғаш рет халықаралық теңіз құқығы жөніндегі трибунал құрылды. Трибунал келген жері ГФР-дағы Гамбург ерікті Ганзей қаласы болып табылады. Кез-келген дауды Трибуналға тапсыру Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясының ХІ және ХV бөлімдерімен реттеледі. Трибунал Ұлыбритания, ГФР, Италия, Болгария, Хорватия, Ресей, Исландия, Қытай, Жапониядан, Үндістан, Оңтүстік Корея, Аргентина, Бразилия, Белиза, Гайана, Танзании, Камерун, Сенегал, Ганы, Тунис пен Ливаннан сайланған 21 соттан тұрады (Нью-Йорктa, БҰҰ 1996 жылы 1 тамызда сайланған).
1996 жылғы 18 қазанда
сайланған соттардың
Трибунал толық құрамда немесе 11 сот – кворум болған жағдайда жұмыс істей алады. Істерді шешуді жеделдету мақсатында жыл сайын оңайлатылған өндіріс тәртібінде дауларды шешуі мүмкін, сайланған мүшелердің 5 мүшесі арқылы Камераны құрайды. Даулар Трибуналдың қарауына жағдайға байланысты немесе хатшыны арнайы келісім туралы хабардар ету арқылы немесе оның атына жазбаша өтініш беру жолымен тапсырылады. Екі жағдайда да даудың пәні мен тараптары көрсетіледі. Егер тараптардың бірі Трибуналға келмесе немесе өз дәлелдерін ұсынбаған жағдайда, онда екінші тарап Трибуналды қарауды жалғастыруды және шешім шығарды сұрауы мүмкін. [24, 156 б.] Тараптың болмауы немесе тараптардың өз дәлелдерін ұсынбау қарауды жүргізу үшін кедергі болып табылмайды. Шешім шығармастан бұрын Трибунал аталған дау оған сотта қаралуға жататындығын анықтап қана қоймай, сонымен қатар талап жинақталған факті жағынан да, заңды жағынан да жеткілікті негізделгенін анықтауы керек. Барлық мәселелер Трибуналға қатысушы мүшелердің көпшілік даусымен шешіледі. Егер дауыстар тең түссе, онда Трибунал мүшесінің орнын басатын Төрағаның даусы шешуші болып табылады. Трибуналдың шешімі аяқталған және дауға қатысушы барлық тараптармен орындалады. Трибуналдың барынша маңызды құқығы басқа мемлекеттермен қамауға алынған қандай да бір мемлекеттің кемесі мен экипаждарын «тез арада босату» туралы шешімін шығару болып табылады. Мұндай босату Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясының 292-бабында көзделген. Мұнда, ең бастысы, егер кеме және экипаж босатылмайтын болса, «оңтайлы кепілпұл немесе өзге де қаржылық қамтамасыз етуді» ұсынуға қарамастан және егер қамауға алғаннан кейін он күннің ішінде мемлекетпен және жағалаудағы мемлекетпен кез-келген сотқа немесе арбитражға босату туралы мәселені тапсыру туралы келісімге қол жеткізілмесе, тез арада босату туралы шешім шығара алады. Осыдан кейін Трибуналға берілген өтінішті қарастыруда соңғысы «тез арада босату» туралы шешім шығара алады. Мұндай шешім міндетті болып табылады. [24, 160 б.]
Арбитражға сәйкес дауды реттеу (VІІ қосымша) екі тарап та осы рәсімді таңдап алған жағдайда жүргізіледі. Осы уақытта олар кез-келген уақытта VІІ қосымшада көзделген рәсімнен айрықша дауды арбитраждық реттеудің өзге рәсімі туралы уағдаласа алады. Арбитраж VІІ қосымшаға сәйкес осы туралы келісімнің болмағаны кезінде, егер тараптар дауда сол не басқа да рәсімді қабылдамаған жағдайда қолданылады. Сонымен, VІІ қосымшаға сәйкес, кез-келген қатысушы мемлекет тізімін ООП бас хатшысы жүргізетін төрт арбитрді тағайындауы мүмкін. Әдетте, арбитраж бес мүшеден тұрады: әр тарап дауда бір мүшеден тағайындайды, ал қалған үшеуі өзара келісімдер бойынша осы тараптармен тағайындалады. Егер тараптар көрсетілген тағайындаулар туралы уағдаласа алмайтын болса ол xалықаралық теңіз құқығы жөніндегі Трибунал төрағасымен жүргізіледі.
Арбитраждың шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады және егер тараптар дауда қайта қарау рәсімі туралы алдын-ала уағдаласпаса, қайта қарауға жатпайды.
Арбитражға қарағанда (VІІ қосымша) арнайы арбитраж (VІІІ қосымша) тізімі қосымшада берілген нақты дауларды шешуге тағайындалған. Бұл:
Арнайы арбитраж бес мүшеден тұрады: қарауды қозғаған тарап, екі мүшені тағайындайды, даудағы екінші тарап – екі мүшені тағайындайды. Төраға даудағы тараптардың келісімі бойынша тағайындалады. Дауды қарау рәсімі және арнайы арбитражбен шешім қабылдау VІІ қосымшада көзделген рәсімге ұқсас. [25, 34 б.]
Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясының
287-бабымен белгіленген
Теңіз құқығы оқулықтарында
жиі мысал ретінде берілетін
Солтүстік теңізінің
1982 жылы Біріккен Ұлттар
Ұйымының xалықаралық соты Жерорта
теңізінде шельфті межелеу
Жоғарыда аталған дауларды қарастыра отырып, сот шектес мемлекеттер арасында континентальдық шельфтің маңызды критерийлері ретінде барлық тиісті мән-жайлардың есебін және әділдік принципінің басымды мағынасын бекітті. Сот бұл мән-жайларды бекітті және бөлудің практикалық әдісін ұсынды.
Халықаралық сот, егер дауласушы тараптар бірлесіп оған өтініш білдірсе, қандай да бір дауға қатысты міндетті юрисдикцияны иеленеді. Басқа сөзбен айтқанда, xалықаралық сот дауларды бейбіт шешу жүйесінде өзінің орнықты орнын иелене отырып, дауласушы мемлекеттер өз еркімен халықаралық сотқа тапсыруға келісім білдірген дауларды ғана шешеді, ал мемлекеттің ішкі құзыретіне енетін мәселелер ешқандай жағдайда да халықаралық қараудың пәні бола алмайды. Бұл жағдайда Түркия мен Греция арасындағы қайшылықтарды мысалға келтіруге болады. 1973 жылы Тасос грек аралында мұнайдың бай кені табылған болатын. Эгей теңізі аралдарының көп бөлігі Грецияға тиесілі екендігі белгілі, атап айтқанда, Тасос аралы түрік жағалауына біршама жақын орналасқан. Аталған мән-жайлар энергия тасымалдаушыларға бағалар рекордтық белгіге баррельге 25 долларға дейін көтерілген әлемдік энергетикалық дағдарысқа байланысты одан әрі шиеленісе түсті. Түркияның ұстанымы Эгей теңізіндегі екі мемлекеттің материктік аймағын табиғи жалғасуы негізінде шельфті межелеуді ұсынды, 1976 жылы Греция xалықаралық сотқа даулы аймақты зерттеу бойынша Түркияның әрекеттеріне жауап ретінде қорғау шараларына ұсыныс жасау өтінішімен талап өтініш білдірді, бір уақытта Грециямен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне шағым жолданды. 1976 жылдың жазында аталған іске байланысты осы мемлекеттердің қарулы күштері толық әскери дайындыққа келтірілді. Алайда, xалықаралық сот бұл үшін қазіргі уақытта жеткілікті негіздеменің жоқтығы, сондай-ақ сот істі мұқият қарау құзыретінің болуы немесе болмауы белгіленген жағдайға дейін қорғау шараларын анықтау туралы мәселені қарастыруға құқығы жоқ екенін есепке ала отырып, Грецияның оның құқықтарын қорғау туралы уақытша өтініштерін қабылдау туралы ұсынысын қайтарды. Түркияның соттық қараудан бас тартуы жоғарыда аталған сот тек тараптардың бірлесіп өтініш білдіргені жағдайында ғана қандай да бір іс бойынша юрисдикцияны иеленетін болғандықтан, Грециямен берілген өтінішін қарау құзыретіне иеленетінбейтіндігі жөнінде шешім қабылдау соттың 1978 жылғы 19 желтоқсандағы шешімін (12 дауыс жақтады, 2 дауыс қарсы) алдын-ала анықтады. [25, 45 б.]