Халықаралық теңіз құқығының ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 12:16, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасында жалпы халықаралық теңіз құқығын және оның пайдаланылуын зерттеу.
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі мен оның даму тарихын ашу;
2. Халықаралық теңіз құқығының қызметтерін ұйымдастыру механизмін талдау;
3. Қазақстан Республикасының теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекет ретінде қарастыру.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................4
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы.........................................................8
1.2 Халықаралық теңіз құқығының даму тарихы..............................................11
1.3 Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері..........................................14
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕТІГІ
2.1 Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық теңіз құқығы............24
2.2 Халықаралық теңіз дауларын шешу рәсімдері...........................................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕҢІЗГЕ ШЫҒУ МҮМКІНДІГІ ЖОҚ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ
3.1 Қазақстан Республикасының теңіз құқығы бойынша екі жақты, аумақтық келісім шарттар ...................................................................................................39
3.2 Қазақстан Республикасы 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша
конвенцияға қосылу мәселесі..............................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ.............................................64
ҚОСЫМША ……………………………………………………………..………67

Файлы: 1 файл

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ.doc

— 407.50 Кб (Скачать)

Аталған келісімдермен  қатар, мемлекеттермен теңіздің мұнаймен ластануымен күрес жөніндегі арнайы конвенциялар жасасқан болатын. Атап айтқанда, бұл – 1954 жылғы теңіздің мұнаймен ластануын алдын-алу жөніндегі конвенциясы; [11] 1969 жылғы теңіздің мұнаймен ластануынан шеккен зиянына азаматтық жауапкершілік туралы конвенциясы;[12] 1969 жылғы теңіздің мұнаймен ластануына әкелетін апаттар жағдайларда ашық теңізде  араласу туралы халықаралық конвенциясы, бұл 1973 жылы  теңіздің мұнайдан басқа өзге заттармен ластануы жағдайларда ашық теңізде араласу туралы хаттамасымен толықтырылды. [13]

1973 жылы 1954 жылғы кеме  қатынасы қарқындылығы және ластанудың  жаңа көздері пайда болуы ескерілетін  конвенциясының орнына теңіздің  мұнаймен және басқа да сұйық  заттармен ластануын алдын-алу  жөніндегі жаңа конвенциясы жасалды.

Ол «ерекше аудандарды»  енгізді, онда Балтық теңізін бұғаз  аймағымен, Қара және Жерорта теңізі және бірқатар басқа су қоймалары  сияқты аймақтарға мұнай және оның қалдықтарын тастауға толығымен  тыйым салынды. 1982 жылы жаңа конвенция  күшіне енді.

1972 жылы кемелерден теңізді ластаудың, атап айтқанда сына, радиоактивтік заттары бар қалдықтар мен материалдарды, улайтын газ және осындай ұқсас қауіпті заттарды тастаудың алдын-алу жөніндегі конвенциясы  жасалды. Конвенция зиянды заттарды тастауды кемелерді, ұшақтарды, платформаларды және өзге де құралдарды қасақана батырумен теңестіреді. Теңіз ортасын радиоактивтік қалдықтармен ластаудың алдын-алу үш ортада ядролық сынақтарға тыйым салу туралы Шарты және теңіздердің және мұхиттардың түбінде қару-жарақ және жаппай қырып-жоятын өзге де қару-жарақ түрлерін орналастыруға тыйым салу туралы Шарт ықпал етті. [14]

Жоғарыда атап өтілгендей, Каспий теңізі мәртебесі мәселесіне оралатын болсақ, Қазақстан Республикасы болашақта Каспийді 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі конвенциясында бекітуге ие болған түсінікте «тұйықталған немесе жартылай тұйықталған» теңіз ретінде қарастыру керек деген ұсыныспен шығуын жалғастыруда. Алайда, бұл 1982 жылғы Конвенцияның негізгі ережелері Каспий теңізі құқықтық мәртебесі туралы көп жақты келісімде өзінің жарқын көрінісін табатындығын білдірмейді. Өзінің бірегейлігіне байланысты, Каспийдің құқығын нормативтік реттеу өзінің айрықша белгілерін иеленуі мүмкін. Осыған байланысты, 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының жөніндегі ІХ конвенциясының «тұйықталған немесе жартылай тұйықталған теңіздері» деп аталатын бөлігін қарастыру қажет. 122-бап «тұйықталған немесе жартылай тұйықталған теңіз» деп екі немесе одан да көп мемлекеттермен қоршалған және басқа теңіздер немесе мұхиттармен тар өту жолдары байланыстары бар немесе толығымен немесе екі немесе одан да көп жағалаудағы мемлекеттердің аймақтық теңіздері мен айрықша экономикалық аймақтарының үлкен бөлігі бар шығанақ, бассейн немесе теңіз ретінде түсіндіреді. 122-баптың мағынасынан тұйықталған немесе жартылай тұйықталған теңіздердің анықтамасына кіретін екі критерий туралы сөз болып тұр. Бірінші критерийдің жағрапиялық негіздемесі бар, екінші критерийдің заңды негіздемесі бар. [15, 28 б.] Міне, осы критерий алдағы уақытта маңызды мағынаға ие болады, өйткені сөз теңізде аймақтық су шекаралары мен айрықша экономикалық аймақтарын белгілеу туралы болып отыр. Бірақ, осы екі критерий де Қазақстанның құқықтық дәлелдемесі барысында өз ұстанымының өте маңызды сүйеніш, яғни демеу болады.

Өзінің кең анықтамасына байланысты, практикада сол немесе басқа су қоймасын тұйықталған теңізге  жатқызу ісінде қиындықтар туындайды. Сондай-ақ, қазіргі кезеңгі халықаралық  теңіз құқығы доктринасында су қоймаларын тұйықталған немесе жартылай тұйықталған  теңіздерге жатқызу барынша жеткілікті негіз болып табылатын жалпы қабылданған анықтама, жалпыға танылған дифиниция жоқ. Теңіз құқығы жөніндегі конвенцияны құрастырушылар құқықтық сыныптау үшін барынша көп мүмкіндік беріп және заңды шебер пайдалануға арналған алаңды шектемеуге тырысқан болуы керек.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 жылғы 28 шілдедегі  «Каспий теңізі мәселесі бойынша» өкімімен Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің ынтымақтастығын үйлестіру мәселелері жөніндегі практикалық шараларды қабылдау мақсатында Каспий теңізімен байланысты, оның ішінде Каспий теңізі мәртебесін анықтауда, түрлі мәселелерді шешу бойынша келіссөздерге қатысатын үкіметтік делегация құрамы және алғашқы сарапшылар тобы бекітілді. Осы өкімге «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі директивалары» деп аталатын № 2 қосымшасында Қазақстан делегациясына Ресей мен Иран арасында 1921 жылғы 26 ақпанда, КСРО мен Иран арасындағы 1940 жылғы 25 наурызда жасалған келісімдер жаңа геосаяси реалийге сәйкес келмейтіндігін білдіру туралы белгіледі. Аймақтық су режимдерін, айрықша экономикалық аймақ, континентальдық шельфті, ашық теңізден ұшу еркіндігі, балық аулау, қоршаған ортаны қорғау және жағалаудағы мемлекеттердің жағалау-қорғау мәселелерін реттейтін Каспий теңізінде 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі конвенциясының негізгі ережелерін таратуға қол жеткізу керек. [5]

Делегация Каспий теңізінің  құқықтық мәртебесін анықтау кезінде  бірқатар негізгі басымдықтарын  ұстану керек деген жағдай маңызға  ие болады. Мұндағы басымдық Каспий жанындағы мемлекеттер серіктестігі рухында Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы, республикада Каспий теңізінде кеме қатынасы және балық аулау мәселелерін қолайлы шешуді қамтамасыз ету мақсатында каспий теңізі қазақстандық бөлігінің минералды-шикізат ресурстарын өңдеу және оңтайлы пайдалану үшін Қазақстанға халықаралық-құқықтық, танылған негіздемелер мен шынайы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, каспий жанындағы мемлекеттермен келіссөздер жүргізу процесі Қазақстан Республикасының заңды құқықтары мен мүдделерінің егемен теңдігі мен оларды сыйлау, каспий теңізі мәртебесінің қарастырылып жатқан мәселесі бойынша тараптардың ұстанымдары мен келістерінің ерекшелігінің өзара байланыстылығын ескеру керек деген ерекше атап көрсетіледі. [16, 124 б.]

Біздің ойымызша, мәселенің  оңтайлы шешімі болып 1982 жылғы теңіз  құқығы туралы конвенцияның мағынасы бойынша Каспийді «тұйықталған теңіз» деп тану болып табылады, ол бірақ  Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы жан-жақты келісімде 1982 жылғы конвенцияның негізгі ережелерінің айнадай көрінісін білдіру керек дегенді білдірмейді. Өзіндік нормативтік реттеу бірегейлігіне байланысты, Каспий мәртебесі өзіндік айрықша белгілерге ие болды. Халықаралық теңіз құқығының “land dominates the sea” кең таралған принципі құрылықтағы мемлекеттік аумақ сол немесе басқа да су кеңістігіне шектес жағалауда орналасқан мемлекеттің толық көлемде Каспий теңізімен шектесетін мемлекеттермен қолданылуы мүмкін және қолданылуы керек құқықтар көлемін белгілеуде негіздеме және маңызды фактор болып табылатындығын білдіреді. [16, 130 б.]

 

2  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ  ТЕТТІГІ

2.1 Халықаралық  ұйымдар шеңберіндегі халықаралық  теңіз құқығы

 

Халықаралық теңіз ұйымдары деп теңіз кеңістіктері мен оның ресурстарын зерттеу және пайдалану саласында мемлекеттердің және өзге де теңізді пайдалану субъектілерінің мүдделері мен ынтымақтастығын қамтамасыз етуді мақсат етіп алатын үкіметаралық немесе үкіметтік емес ұйымдар деп түсіну қабылданған.

Қазіргі кезеңде дүниежүзілік мұхитты игеру бойынша мемлекеттердің қызметі саласында теңіз ұйымдарының  рөлінің артқаны соншалықты, қазіргі  уақытта дүниежүзілік мұхиттың құқықтық режимін әзірлеумен және мемлекеттердің олардың кеңістіктеріндегі барлық қызметтері, олардың ресурстарын оңтайлы пайдалану және экологиялық тепе-теңдікті сақтауды енгізе отырып, нормативтік реттеумен байланысты мәселелерді қанағаттандырарлық шешім табу тіптен мүмкін емес. [3, 76 б.]

Тарихи теңіз ұйымдары халықаралық теңіз құқығын қалыптастырумен бір уақытта қалыптасты. Сонымен, Ежелгі Римнің аралас келісу комиссиялары шетелдік мемлекеттермен дауларды шешу мәселелерімен айналысатын «рекуператорес» және ежелгі грек халықаралық төрешісі кең тараған әйгілілікке ие болды. Алғашқы теңіз бірлестіктері арасынан біздің дәуірімізге дейінгі V-ІV ғ.ғ. өмір сүрген Афины теңіз одағын атап өтуге болады.

Халықаралық ұйымдарға  қатысты, бұл термин қазіргі кезең  түсінігінде, ең алдымен, көлік саласында  қалыптасатын болды. Осы қатынастағы бастама ретінде мемлекеттердің халықаралық өзендерде кеме қатынасы ісінің ынтымақтастығы болды. Алғашқы халықаралық ұйымдардың бірі - 1856 жыл құрылған Еуропа Дунай комиссиясы, Халықаралық метеорологиялық ұйым (1873 ж.), Халықаралық теңіз сақтандыру одағы (1874 ж.), Халықаралық теңіз комитеті (1897 ж.), халықаралық кеме қатынасы бойынша тұрақты конгрестер қауымдастығы (1894 ж.), Халықаралық теңізді зерттеу жөніндегі кеңесі (1962 ж.)  болды. Олардың барлығы халықаралық теңіз ұйымдары санатына жатқызылды.

1900 жылға дейін үш  құрылық халықаралық ұйымы қызмет  етті, ал Екінші дүниежүзілік  соғыстың алдында тағы бесеуі  құрылды, ал 60-жылдары – бесеу, 70-жылдары – сегіз ұйым құрылды.  Қазіргі уақытта 60-тан астам  халықаралық бірлестіктер саналады.

Халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ) – Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі, 1982 жылғы 22 мамырға дейін  Үкіметаралық теңіз кеңес беру ұйымы (ҮТКБҰ) деп аталды. 1994 жылғы 4 наурыздан  Қазақстан Республикасы ХТҰ толық  құқылы мүшесі болып табылады. ХТҰ-ның басты міндеті теңіз кеме қатынасының тиімділігін және  теңіздегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында түрлі техникалық ережелер мен стандарттарды әзірлеу болып табылады. Қазіргі уақытта ХТҰ 100-ге жуық кемелердің қозғалысын бөлу сызбасын бекітті және оны сақтау үшін үкіметтерге ұсынды. Көптеген мемлекеттер жүзуге арналған бағыттар туралы және 1958 жылғы аймақтық теңіз және оған шектес жатқан аймақ туралы Женева конвенциясының 17-бабына сәйкес, ХТҰ ұсыныстары негізінде қозғалыстарын бөлу сызбалары туралы заңдар мен ережелерді қабылдады. Сонымен қатар, көптеген мемлекеттер ХТҰ Ассамблеясының шешіміне сәйкес, өз кемелерінің капитандары үшін ХТҰ әзірлеген ережелерді міндетті ететін ұлттық заңнама енгізіп жатыр. [17]

Қазіргі уақыттың өзінде ХТҰ ұсыныстары кеме қатынасының қауіпсіздігімен байланысты мәселелер бойынша бірқатар халықаралық және ұлттық нормалар нақты мазмұнын құрады және де оның міндетті күші бар. ХТҰ белгіленген бағыттар бойынша жағалаудағы мемлекеттің заңдары мен ережелері барлығы орындау үшін теңізде жүзушілерге хабарландыруларда жарияланады.

Кеме капитандары үшін ХТҰ ұсыныстарын бұзу халықаралық  нормаларды бұзу кезіндегідей, заңды  салдарға әкеп соғады. Өзінің қызмет ету  кезеңінде ХТҰ теңіздегі қауіпсіздік, ластаудың алдын-алу, қалыпты нормаларды оңайлату, техникалық көмек көрсету саласында көптеген халықаралық конвенциялардың әзірленуіне және қабылдануына қол жеткізді. Бұл: 1964 және 1974 жылдары теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі конвенция 1978 жылғы хаттамасымен; [18] 1965 жылғы халықаралық кеме қатынасын жеңілдету жөніндегі конвенция және оған қосымша; [17] 1966 жылғы жүк маркасы туралы халықаралық конвенция; [19] 1973 жылғы кемелердің ластауды алдын-алу халықаралық конвенциясы [20] және оған екі хаттама және тағы басқалары.

1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі конвенциясында халықаралық құқық нормалары – оның ережелерін орындауды қамтамасыз ететін (дауларды реттеуді қоса), құралдардың бірі ретінде қарастырылатын халықаралық теңіз ұйымына барынша маңызды орын беріледі.

 Халықаралық ұйымдар  немесе органдарға қатысты ережелер  осы құжаттың шамамен 90-нан  320-бабына дейін және оған он  қосымшасының алтауында кездеседі.  Онда Теңіз кеңістігін әртүрлі  пайдалану түрлеріне қатысу  мен  аталған қызметті құқықтық реттеуге  қатыса отырып, дүниежүзілік мұхиттың конвенциясының тиісті бөлімдерімен белгіленген құқықтық режимін қолдаумен байланысты мәселелерде аталған ұйымдар мен органдардың рөлін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар бірқатар халықаралық ұйымдардың (органдардың) құқықтық мәртебесі анықталады. Олардың ішінде теңіз түбі жөніндегі халықаралық орган, сондай-ақ, Теңіз құқығы жөніндегі трибунал, арбитраж және теңіз құқығы жөніндегі арнайы арбитраж бар. [21]

Конвенцияда қолданылатын редакциялық комитеттің ұсыныстарына сәйкес, «халықаралық ұйым» термині үкіметаралық ұйымды білдіреді. 1958 жылғы Женева конвенциясына қарағанда, Конвенцияның көптеген ережелері Біріккен Ұлттар Ұйымын қоса, халықаралық ұйымдарға тікелей қатысты болады. Сонымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына аймақтық суды есептеу үшін сыртқы сызықтарын жүргізуге арналған үйлестіру тізімі мен карталарды, экономикалық аймақтардың сыртқы шекаралары мен континентальдық шельфтерін немесе осындай шекараларды жасау үшін үйлестіру тізімін көрсетумен карталарды құрау міндеті жүктеледі.              [21].

Сонымен қатар, теңіз  ұйымдары балық аулау мәселесі (14-б.), ғылыми зерттеулер (245-257 б.) теңізді  ластаудың алдын-алу мәселелері бойынша дамушы мемлекеттерге көмек  көрсету бағдарламаларына қатысу мәселелері бойынша мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарын реттеуде ірі инциденттер салдарын минимумге жеткізу шараларын қабылдайды, мемлекеттерге теңіз ортасы жағдайын, кез-келген қызметтің салдарлары мен ықпалын және т.б. қадағалай отырып, экологиялық бағалауды құруда көмек көрсетеді (197-223 б.).

Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және дамыту бойынша конференциясының кеме қатынасы жөніндегі комитеті (ЮНКТАД) теңіз тасымалдаулары экономикалық мәселелерін, сондай-ақ осы қызмет түрін  құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелерін  әзірлейтін халықаралық орган болып табылады. Комитеттің басты мақсаты халықаралық кеме қатынасы әлемдік сауданы кеңейтуге, әсіресе дамушы мемлекеттерге барынша тиімді жәрдем көрсетуі мүмкін жағдайлар жасауда болады.

ЮНЕСКО шеңберінде 1960 жылдан бастап дүниежүзілік мұхиттың ғылыми зерттеулерін дамытуға жәрдем көрсетуге шақыратын үкіметаралық мұхит комиссиясы (ҮМК) қызмет етеді. ҮМК ғылыми зерттеулер жүргізуді реттейтін халықаралық-құқықтық нормалардың, атап айтқанда, мұхит мәліметтерін жинау жүйелерінің (ММЖЖ) буйлар мен басқа да құрылыстарды орналастырумен байланысты, сондай-ақ, теңіз түбі ресурстарын барлаумен және өңдеумен байланысты жобаларын әзірлеуге айтарлықтай көңіл бөледі.

80-жылдары ҮМК-ға теңіз  құқығы жөніндегі ережелер негізінде  аймақтық теңіз ғылыми және  техникалық орталықтары мен олардың қызметтерін үйлестіру  бойынша қызметтер бере отырып,  ҮМК-ны ЮНЕСКО-дан бөліп алу ұсынысы алға тартылды. Сонымен қатар, ҮМК-ға барлық халықаралық ғылыми бағдарламалар мен жобаларды тіркеу және лицензиялау  жауапкершілігін жүктеу қарастырылды. Аталған мәселе осы уақытта қарастырылып жатыр. [22; 5-60 б.]

Халықаралық теңіз спутниктік байланысы ұйымы (ИНМАРСАТ) ИНМАРСАТ туралы конвенцияға және 1976 жылғы  Пайдалану келісіміне сәйкес құрылды. Жердің ретрансляциялық жасанды  серіктерінің (ЖЖС) пайда болуымен, теңіз байланысын кемелер үшін олардың жағалаудан алыстаған қарамастан, сенімді, көлемді, жылдам және біршама арзан байланысты қолжетімді етті. ЖЖС негізінде байланысты қайта құру флотты басқаруды жақсартуға, сонымен қатар теңіз тасымалдаулары қарқынын көтеруге, теңіз көлігіне және оған жақын шаруашылық  салаларына орасан көп капитал салымдарын беруді тездетуге мүмкіндік берді. Әсіресе, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және теңізде адам өмірін қорғауда барынша айқын байқалады. Осы салада ол теңіз оқиғаларының алдын-алу, апатқа ұшыраған кемелерді іздестіру, құтқаруды ұйымдастырудың таптырмайтын құралын білдіреді. Кеменің жағалау қызметінен ауа-райының өзгеруіне байланысты бағытты өзгерту туралы нұсқаулары жылдам алу кемелердің апатқа ұшыраудан болатын зиянның, кем дегенде, 10 %-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Үкіметаралық ұйым болып табылатын ИНМАРСАТ аралас халықаралық ұйымдар деп аталатын ұйымдар мәртебесімен салыстыруға мүмкіндік беретін күрделі құқықтық мәртебесіне ие, онда мүдделі мемлекеттердің үкіметтерімен қатар, ұлттық ұйымдар, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады. Осы ұйымның қызметі коммерциялық негізде құрылады, оның мүшесі кез-келген мемлекет бола алады.

Информация о работе Халықаралық теңіз құқығының ұғымы