Халықаралық теңіз құқығының ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 12:16, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасында жалпы халықаралық теңіз құқығын және оның пайдаланылуын зерттеу.
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі мен оның даму тарихын ашу;
2. Халықаралық теңіз құқығының қызметтерін ұйымдастыру механизмін талдау;
3. Қазақстан Республикасының теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекет ретінде қарастыру.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................4
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы.........................................................8
1.2 Халықаралық теңіз құқығының даму тарихы..............................................11
1.3 Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері..........................................14
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕТІГІ
2.1 Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық теңіз құқығы............24
2.2 Халықаралық теңіз дауларын шешу рәсімдері...........................................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕҢІЗГЕ ШЫҒУ МҮМКІНДІГІ ЖОҚ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ
3.1 Қазақстан Республикасының теңіз құқығы бойынша екі жақты, аумақтық келісім шарттар ...................................................................................................39
3.2 Қазақстан Республикасы 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша
конвенцияға қосылу мәселесі..............................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ.............................................64
ҚОСЫМША ……………………………………………………………..………67

Файлы: 1 файл

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ.doc

— 407.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы бүгінгі таңның өзінде мемлекеттер  үшін халықаралық-құқықтық маңызы артып  отырған, дүниежүзілік мұхиттың табиғи байлықтарын игеру бойынша міндеттерді қойып және оларды шешкен логикаға сыйымды болады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мұхиттың кеңістіктері мен ресурстарын пайдалану тәртібін реттейтін көпжақты келісімдер сериясында қатысуы қажеттілігі туындайды, аталған келісімдер ішінде 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі конвенциясы ерекше орын алады.

2007 жылғы 1 қаңтардан  Қазақстан Республикасы аталған  халықаралық шарттың қатысушы  болып табылмайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясына қатысуы толығымен оның сыртқы саяси және экономикалық салаларындағы ұлттық мүдделеріне сәйкес келеді және Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында айтылған стратегиялық міндеттерге жауап береді («Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»). Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясына қатысуы құрылықтағы табиғи (қайта қалпына келмейтін) ресурстардың таусылу фактісі жоғарыда атап өткенді назарға алатын болсақ, ұзақ мерзімді болашақта оның мүдделеріне жауап беретіндігін атап өтуіміз керек. БҰҰ-ФАО Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымдарының сарапшылары болжамдары бойынша, ХХІ ғасырда теңіз биоресурстарына сұраныс тұрақты өтетін болады, ал осы ресурстарға сұраныс пен ұсыныс арасындағы алшақтық қазіргі уақыттың өзінде кем дегенде 10-15 млн. тоннаны құрайды. Осыған байланысты, көптеген мемлекеттердің нарықтық қатынастарға ауысуын ескере отырып, дүниежүзілік мұхитта мемлекеттің азық-түліктік қауіпсіздігінің маңызды компоненті ретінде биоресурстарды иеленуге бәсекелестік күшейіп келеді.  [29, 5 б.]

Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі ІІ конференциясы халықаралық теңіз құқығының үдемелі дамуында ерекше орын алады. 1973 жылдан 1982 жылға дейін созылған конференция жұмысының нәтижесінде (ешқандай прецеденттері жоқ) тегіс қамти алатын халықаралық-құқықтық акті - 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі конвенциясы әзірленді және қабылданды. 1982 жылдың 6 желтоқсан мен 10 желтоқсан аралығында Монтего-Бее қаласында (Ямайка) 119 мемлекеттің өкілдері конвенцияның мәтініне және қорытынды актісіне қол қойды.  

Үлгі ретінде қабылданған БҰҰ теңіз құқығы жөніндегі конвенциясының маңыздылығына қатысты адамзаттың дамуы үшін Канада сыртқы істер министрі М. Макгиганның атап өткендігі дәлел болады: «Конференция – құқықтың техникалық нормаларын ғана кодификациялау ғана емес. Бұл – қоршаған орта ресурстары жөніндегі конференция; бұл – энергия жөніндегі конференция; бұл – теңіз шекараларын бөлу жөніндегі конференция; бұл – аумақтық шекаралар мен юрисдикция жөніндегі конференция; бұл – көлік, байланыс және кеме қатынасының еркіндігі жөніндегі конференция; бұл – адамзаттың мұхитты барлық түрлерін пайдалануды реттейтін конференция. Сонымен қатар, бұл – мұхиттарға қатысты дауларды бейбіт реттеуді қарастыратын конференция. Басқа сөзбен айтқанда, бұл – мемлекеттер арасындағы қатынастардағы құқық тәртібіне арналған конференция».        [28, 494 б.]

Қазіргі уақытта 1982 жылғы  конвенция өте құнды және әмбебап  сипатта болады. Ол 1994 жылдың 16 қараша айында күшіне енді. Бүгінде 140-тан астам  мемлекет пен ЕО конвенция қатысушылары болып табылады. 1982 жылғы Конвенция 1958 жылғы Женева Конвенциясымен көзделген бірқатар ережелерді нақтылады, сондай-ақ, толықтырды және жетілдірді.

Құрылымы бойынша 1982 жылғы  конвенция 320 бап және 9 қосымша енетін 17 бөлімнен тұрады. Конвенция теңіз  кеңістіктерін пайдаланудың құқықтық мәртебесі мен режимін (ішкі теңіз суы, аймақтық су, архипелаг суы, халықаралық бұғаз, жақын жатқан аймақ, контитентальдық шельф, айрықша экономикалық аймақ, ашық теңіз, халықаралық теңіз түбінің ауданы) мұқият регламенттейді. Сонымен, Конвенция жағалаудағы мемлекет аймақтық теңіздің көлемін 12 теңіз миліне дейін белгілейді деп көрсетті. Онда барлық кемелер бейбіт өтуге құқығы бар. Сонымен қатар, конвенция жағалаудағы мемлекеттерге теңіздің тірі және тірі емес ресурстарына егемен құқықтары бар болатын айрықша экономикалық аймақ режимін және континентальдық шельфті мұқият регламенттейді. Конвенция теңіз ортасын қорғау, ғылыми зерттеулер жүргізу, кеме қатынасы, балық аулау, суасты кабельдерін және құбырларды төсеу, теңіз акваториясы үстінен әуе кемелерінің ұшуы және т.б. мәселелерді мұқият регламенттейді.

Бірақ, 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі  конвенциясы теңіз кеңістіктерін  пайдалану мәселелері бойынша дауларды бейбіт реттеудің бірыңғай жүйесінен  тұрады. Конвенцияға сәйкес, мемлекеттерге халықаралық дауларды шешудің барлық белгілі бейбіт құралдарын пайдалану құқығы берілген, атап айтқанда, келіссөздер (консультация және пікір алысу нысанында), делдалдық және зерттеу, халықаралық сот немесе арбитраж нысанында міндетті шешуге әкелетін рәсімдер. Конвенцияға қатысушылар Біріккен Ұлттар Ұйымының 33-бабының 1-тармағында көрсетілген (Конвенцияның 279-бабы) құралдардың біріне сүйенуі мүмкін немесе кез-келген бейбіт құралды өз таңдауы бойынша пайдалануы мүмкін (Конвенцияның 280-бабы), сондай-ақ, жалпы аймақтық немесе екіжақты келісімдермен көзделген рәсімдерді қолдануы мүмкін (Конвенцияның 282-бабы). Конвенцияның 287-бабы Конвенцияға қол қою, ратификациялау кезінде немесе оған қосылу кезінде мемлекет бір немесе одан да көп мынадай рәсімдерді жазбаша өтініш жазу арқылы таңдауына болады: а) Халықаралық теңіз құқығы жөніндегі трибунал; б) Халықаралық сот; в) VІІ қосымшаға сәйкес құрылған арбитраж; д) Арнайы арбитраж (VІІ қосымша). [24, 120 б.]

1982 жылғы Біріккен  Ұлттар Ұйымының Конвенциясы  Қазақстанға дүниежүзілік  мұхит теңіз ресурстарын игеру мәселесінде преференциалдық құқықтарды алуға, ішкі континентальдық мемлекет ретінде ашық теңізге шығуы, аймақтың көлік инфрақұрылымын кеңейту, транзит режимі және т.б.  бағытталған бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясының 136-бабына сәйкес, теңіздер мен мұхиттар түбі және олардың қойнауы ұлттық юрисдикция әрекеттері шегіндегі адамзаттың жалпы мұрасы болып табылады. «Аудан» ресурстарына барлық құқықтар халықаралық теңіз түбі жөніндегі органы атынан әрекет ететін барлық адамзатқа тиесілі. Барынша маңызды ереже болып Органға дамушы мемлекеттерге, оның ішінде теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ немесе жағрапиялық қолайсыз жерде орналасқан мемлекеттерге ерекше назар аудару жөніндегі ұсынысы болып табылады (152-баптың 2-тармағы).

Дамушы елдердің ерекше мүдделерін ескере отырып, оларға ғылыми білім берумен, оларға кадрлар даярлау, технологияларды тапсырумен, ауданның ресурстарын пайдаланудан түскен кірісті  бөлумен қатар, Конвенция егер аудандағы қызмет құрылықта тиісті пайдалы қазбаларды өндіретін дамушы мемлекеттердің экспорты жағымсыз салдары болатын болса, онда жерүсті металдарын өндірушілерге бағытталған нормалар мен принциптерді қарастырады. [29, 139 б.]

Конвенцияның 82-бабында  жағалаудағы мемлекет аумақтық теңіздің көлемі өлшеп алынатын сыртқы сызықтан саналатын, 200 теңіз милі шегінде  континентальдық шельфтің тірі емес ресурстарын өңдеумен байланысты аударымдар немесе жарналарды табиғи шикізатпен аудару белгіленген. Аударымдар мен жарналар жыл сайын осы ауданда алғашқы бес жыл өндіргеннен кейін, учаскеде барлық өнімге қатысты жүргізіледі. Аударымдар немесе жарналардың өлшемі алтыншы жылы аталған учаскедегі өнімнің көлемі немесе оның құнының бір пайызын құрайды. Бұл өлшем жыл сайын он екінші жыл аяқталғанға дейін бір пайызға ұлғаяды және кейін жеті пайыз көлемінде сақталады. Континентальдық шельфте өндіретін қандай да бір пайдалы қазбаның  нетто-импорттаушысы болып табылатын дамушы мемлекет осы пайдалы қазбаға қатысты аударымдар мен жарналардан босатылады. Мемлекеттер арасында жасалатын аударымдар немесе жарналар әділдік критерийлері негізінде осы конвенцияның қатысушылары - дамушы мемлекеттердің әсіресе аса дамымаған немесе теңізге шығу мүмкіндігі жоқ мемлекеттердің қызығушылықтары мен мүдделерін назарға ала отырып, Орган арқылы жүргізіледі. Осыдан Қазақстан Республикасы егер Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі конвенциясына қатысуы жағдайында 200 миль аймақтық шегінде континентальдық шельфтің ресурстарын өндіретін мемлекеттер жыл сайын аударатын жарналарға қосымша құқықтары болатынын (мұнда сөз, ең алдымен, мұнайгаз ресурстары туралы болып отыр) байқауға болады. Қазіргі уақытта жағалаудағы мемлекеттер 200 теңіз милі шегінде континентальдық шельф шекараларын континентальдық шельф шекаралары жөніндегі комиссия хатшылығымен келіскендіктен, жағалаудағы мемлекеттер мұнайдай аударымдар жүргізбейді. Осы уақытта Конвенция ішкі континентальдық мемлекеттердің мүдделерін ерекше атап көрсетеді, конвенцияның 82-бабына сәйкес, бұған Қазақстан Республикасы да жатады. [29, 150 б.]

Сонымен қатар, конвенцияның 69-бабы теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ  мемлекеттердің барлық мүдделі мемлекеттердің экономикалық және жағрапиялық мән-жайларына  қатынасы барын ескере отырып, сол субаймақтың немесе аймақтың жағалаудағы мемлекеттерінің айрықша экономикалық аймақтарында тірі ресурстарды рұқсат берілетін аулаудың қалған тиісті бөлігін әділ негізде пайдалануды белгілейді. Осындай қатысудың жағдайы мен тәртібі екі жақты, субаймақтық немесе аймақтық келісімдер жолымен мүдделі мемлекеттермен белгіленеді: а) жағалаудағы мемлекеттің балық аулау қауымдастығы немесе балық өнеркәсібі үшін қауіпті салдарынан алшақ болу қажеттілігі; б) теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттің, осы баптың ережелеріне сәйкес, өзге жағалаудағы мемлекеттердің айрықша экономикалық аймақтарының тірі ресурстарын пайдалануда қолданыстағы екіжақты, суаймақтық немесе аймақтық келісімдер негізінде қатысады немесе қатысуға құқығы бар. [31, 329 б.]

Егер жағалаудағы мемлекеттің кәсіпшілік мүмкіндіктері оның айрықша экономикалық аймағының барлық мүмкін болатын тірі ресурстарын аулауға мүмкіндік беретін жағдайға жететін болса, онда жағалаудағы мемлекет және өзге де мүдделі мемлекеттер осы субаймақта немесе аймақтағы жағалаудағы мемлекеттердің айрықша экономикалық аймақтарының тірі ресурстарын пайдалануға қатысуға мүмкіндігі осы субаймақтың немесе аймақтың теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамушы мемлекеттеріне әділ уағдаластықтарды белгілеуде екіжақты, субаймақтық немесе аймақтық негізде ынтымақтастық етеді, бұл қазіргі жағдайда және барлық тарапты қанағаттандыратын жағдайда орынды болады. Теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамыған мемлекеттер осы баптың ережелеріне сәйкес, сол суаймақтың немесе аймақтың, қандай жағалаудағы мемлекет басқа мемлекеттерге өзінің айрықша экономикалық аймағындағы тірі ресурстарға қол жетімділікті ұсына отырып, балық аулау қауымдастығы үшін зиянды салдарды азайтуға жеткізуді және аталған салада балық шаруашылығын жүргізетін азаматтардың мемлекеті экономикасындағы бұзушылықтарды ескере отырып, дамыған жағалаудағы мемлекеттердің тек айрықша экономикалық аймақтарында ғана тірі ресурстарды пайдалануға қатыса алады. Жоғарыда айтылған ережелер жағалаудағы мемлекеттер айрықша экономикалық аймақтарында тірі ресурстарды пайдалануға сол субаймақтың немесе аймақтың теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекеттерге тең немесе преференциалдық құқық беретін уағдаластыққа зиян келтірмейді. [31, 336 б.]

Сонымен, жоғарыда аталған  ережелер Қазақстан Республикасының 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі конвенциясына қосылу қажеттілігін сөзсіз негізге алады. Басты негізде, осы себеп бойынша, Қазақстан Республикасы Каспий маңы мемлекеттерінің келіссөздер процесінде қосымша импульс болатын және мемлекеттің мақсатқа бағытталған саясатының логикалық салдары болып табылуы мүмкін Каспий теңізі жаңа құқықтық мәртебесін анықтауға қолданылатын 1982 жылғы конвенциясының жекелеген ережелеріне қолданылуға белсенді қатысады. Сонымен қатар, 1982 жылғы Конвенция тұрақты іргетасы және Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық кеңістікке табысты интеграциялануы үшін қажетті жағдайлардан тұрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына  жолдауында: «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып  келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан  шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-жағрапиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді». [18]

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытындылай келе, зерттеу тақырыбы бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды келтіреміз:

Халықаралық теңіз құқығы дүниежүзілік мұхиттың түрлі санаттары  кеңістіктерінің құқықтық жағдайын анықтайтын конвенциялық және қарапайым  заңды нормалар жүйесін, олардағы бар  табиғи ресурстар мен осындай құрылыстардың өзін пайдалану тәртібі білдіреді. Жалпы танылған принциптер мен нормаларды кодификациялайтын, осы салада әрекет ететін әмбебап халықаралық акті 1994 жылғы 16 қарашада күшіне енген 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі конвенциясы болып табылады. [5] Бұдан басқа, теңіз қызметтерінің сол немесе басқа нақты түрлеріне, атап айтқанда, теңізде жүзу қауіпсіздігі, құрылыс шаруашылығын оңтайлы жүргізуді қамтамасыз ету, теңіз ортасын ластаудан сақтау, теңіз кеңістіктерін бейіт пайдалану және т.б. бағытталған көп және екі жақты халықаралық шарттардың мардымды саны

Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың бірден бір  ежелгі және барынша әзірленген салаларының  бірі болып табылады. Қазақстан үшін теңіз құқығы теориясы мен практикасы үлкен маңызы бар, өйткені республикада Каспийде созылған жағалау сызығы бар. Қазіргі таңда Каспий аймағында ерекше назар аудара отырып, өзінің шешімін талап ететін көптеген проблемалар бар, бірақ барынша маңызды және өзекті проблемалар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің шешілмегендігі болып отыр, бұл мәселені шешу күрделі мәселелерді шешудің негізгі және бастапқы нүктесі болып табылуы мүмкін. Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің түрлі мәселелері, сондай-ақ, тікелей мемлекетаралық келіссөздер процесімен барысымен тікелей байланысты және Каспий теңізі мәртебесі мен режимін соңғы анықтауға байланысты болады. [16, 145 б.]

1994 жылғы 19 шілдеде  Қазақстан Каспий теңізіндегі  құқықтық мәртебесі туралы Конвенциясының  жобасын ұсынды. Жобада Каспийдің  болашақ мәртебесіне бойынша Қазақстан Республикасы ресми биліктері өз көрінісін тапты. Осы жобаға сәйкес, Каспий теңіз деп танылу керек және соған сәйкес 1982 жылғы 10 желтоқсандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі Конвенциясының негізгі нормативтік ережелері қолданылады. Қазақстандық жобада, сондай-ақ, жағалаудағы мемлекеттердің мемлекеттік шекараларының аумақтық су көлемі, яғни 12 теңіз милі бойынша белгіленгені жөнінде айтылады. Каспийдің теңіз түбінің қалған бөлігі ұлттық сектордың бөліміне жатады, олар халықаралық теңіз құқығы нормаларына сәйкес, жағалаудағы мемлекеттердің айрықша экономикалық аймақтарын білдіреді. Табиғи ресурстарды, ең алдымен, ұлттық секторларда болатын теңіз түбінің ресурстарын әзірлеумен байланысты мәселелер жағалаудағы мемлекеттердің жүргізуіне және юрисдикциясына жатады.

Информация о работе Халықаралық теңіз құқығының ұғымы