Халықаралық теңіз құқығының ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 12:16, курсовая работа

Краткое описание

Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасында жалпы халықаралық теңіз құқығын және оның пайдаланылуын зерттеу.
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі мен оның даму тарихын ашу;
2. Халықаралық теңіз құқығының қызметтерін ұйымдастыру механизмін талдау;
3. Қазақстан Республикасының теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекет ретінде қарастыру.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................4
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы.........................................................8
1.2 Халықаралық теңіз құқығының даму тарихы..............................................11
1.3 Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері..........................................14
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕТІГІ
2.1 Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық теңіз құқығы............24
2.2 Халықаралық теңіз дауларын шешу рәсімдері...........................................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕҢІЗГЕ ШЫҒУ МҮМКІНДІГІ ЖОҚ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ
3.1 Қазақстан Республикасының теңіз құқығы бойынша екі жақты, аумақтық келісім шарттар ...................................................................................................39
3.2 Қазақстан Республикасы 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша
конвенцияға қосылу мәселесі..............................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ.............................................64
ҚОСЫМША ……………………………………………………………..………67

Файлы: 1 файл

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ.doc

— 407.50 Кб (Скачать)

Сонымен, қазіргі кезеңгі халықаралық  теңіз құқығы дүниежүзілік мұхитта олардың қызметіне байланысты халықаралық құқық субъектілерінің қатынастарын реттейтін заңды принциптер мен нормалар жүйесін білдіреді.

1.2 Халықаралық  теңіз құқығының даму тарихы

 

Жеке сала ретінде, халықаралық  теңіз құқығы өзінің дамуының ұзақ жолын басынан өткеріп, ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Теңіз құқығының алғашқы нормалары  құл иеленушілік құрылысы дәуірінде қалыптаса бастады. Мысалы, мысал ретінде көптеген авторлар келтіретін Родосс кодексі құқық иеленуші құрылысы дәуірінің алғашқы кодексі болып табылады, ол сол уақыттағы теңіз сауда салттарын біріктірді. Біздің дәуірімізге дейінгі VІ-ІV ғ. ішінде Рим және Карфаген арасында бірқатар шарттар жасалды, оған сәйкес Карфаген және Лациум шығанағында, Испания, Ливия, сардиния жағалауларында шекара мен жүзу режимдері белгіленген болатын. Сонымен қатар, мемлекеттермен «Basilika» кодексі, «Consolato del Mare» «Законы Висби», «Олеронские свитки» сияқты осындай әйгілі кодекстер қабылданған болатын. Жалпы алғанда, құл иеленушілік құрылысы және феодализм дәуірі көптеген қалыптасқан теңіз құқығы нормалары, ең алдымен, жеке-құқықтық, мүліктік қатынастар және бастысы, ішкі құқық жүйесіне жатқызылды. Ұзақ уақыт бойы Римнің Жерорта теңізіне иелік етуіне қарамастан, сол уақыттағы рим құқығы бойынша теңіз барлық адамдардың жалпы пайдалануынан тұрды. Бұдан, антикалық заманның өзінде еркін теңізде жүзу енетін, теңіз құқығының маңызды принципі ретінде ашық теңіздің ашықтығын тану туралы тұжырым жасауға болады. Феодалдық құрылыс және мемлекеттің капитализмге ауысуы кезеңінде дүниежүзілік мұхит кеңістіктерін құқықтық реттеу мәселелеріне әртүрлі қарады. Бірқатар мемлекеттердің теңіздер мен мұхиттарды толығымен өзінің жеке меншігі ретінде жариялау талпыныстары да болды. Сонымен, ХV ғасырдың соңы мен ХVІ ғасырдың басында ұлы жағрапиялық жаңалықтар кезеңінде Испания мен Португалия 1494 жылғы және 1529 жылғы шарттармен Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарының орасан үлкен су кеңістігін өзара бөліп алды. Осындай талаптар өзге де мемлекеттермен  алға тартылды. Дания Балтық және Солтүстік теңіздеріне және оларды біріктіретін бұғаздарға, сондай-ақ Атлант мұхитының солтүстік-батыс бөлігіне өзінің егемендігін таратты. [6, 18 б.]

Сауда теңіз жүзуінің тез арада дамуы теңіздерді барлық мемлекеттер пайдалану үшін ашық деп тануға күрес және жекелеген мемлекеттердің теңізге деген егемендігіне қарсы бас көтерулер біртіндеп бой көтере бастады. Теңіздердің еркіндігі талаптарына голландық халықаралық құқық ғылымының негізін салушы Гуго Гроцияның 1969 жылы шыққан «Mare libreum» кітабында жан-жақты  негіздеме жасалған болатын. Өз еңбегінде    Г. Гроций мемлекеттердің және жеке тұлғалардың ашық теңізге иелігін орнату мүмкін еместігі туралы және ашық теңізді пайдалану оны өзгелердің пайдалануына кедергі келтірмеуі керек деп жазды. [6, 24 б.] ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында бұл принцип халықаралық құқық доктринасында мемлекеттер практикасында қайшылықтарға тап болмады.

Ашық теңіз институтының дамуымен қатар, аймақтық суға немесе аймақтық теңізге жататын нормалар қалыптасты. Аймақтық теңіз шегінде әрекет ететін және осы судың табиғи ресурстарын пайдалану бойынша кез-келген шетелдік қызметке тыйым салатын  егемендік принципі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында бекітілді. Мемлекеттердің, бір жағынан өзінің жеке экономикасын дамыту үшін қажетті теңіз ресурстарымен қамтамасыз етуге, екінші жағынан – жағалауда орналаспаған мемлекеттердің оларды «қайта пайдаланудың» алдын-алуға талпыныс күрт өсті. Бұл ұлттық актілерді қабылдау есебінен жағалаудағы мемлекеттердің билігінің кейбір уақытта негізделмеген, жағрапиялық және заңды шектерін кеңейтуге әкелді. [7, 135 б.]

Аймақтық судың сыртқы шегі туралы мәселе барынша күрделі  болды. Аймақтық судың кеңдігін зеңбірек оғының ұшу ұзақтығымен, жағалау  батарея әрекеттерімен анықтау  ұсынылды.

ХVІІІ ғасырдың соңында итальян заңгері М. Гальяни аймақтық су шегін 3 теңіз милін санауды ұсынды. Мемлекет практикасында, өз кезегінде, аймақтық теңіз кеңдігін 3-тен 12-ге дейінгі теңіз милі шегінде белгіледі. Ашық теңіз бостандығы принципінің ықпалымен шетелдік кемелердің аймақтық теңіз арқылы бейбіт өту құқығы жалпы танылды. [7, 112 б.]  

Мемлекеттің ашық теңізінде  балық аулау бостандығын танумен  қатар, балық пен теңіз өнімдерін  жақын жатқан суда аулау айрықша  құқығын қамтамасыз етуге тырысты. [7, 113 б.]

Мемлекеттің теңізде жүзудің жекелеген арнайы мәселелері бойынша халықаралық келісімдер жасасты. Бұл - ХVІІІ ғасыр бойы Ресейдің басқа мемлекеттермен ашық теңізде от шашуға тыйым салу туралы, 1780 жылғы қарулы бейтараптылығы туралы декларация, 1856 жылғы теңіз соғысы туралы декларациясы, 1884 жылғы суасты телеграф кабельдерін қорғау туралы Конвенциясы, 1888 жылғы Суэц каналы режимі туралы Конвенциясы.

1.3 Халықаралық  теңіз құқығының қойнар көздері

 

Барлық салалар үшін жалпы негізгі принциптермен  қатар, теңіз құқығында ұзақ уақыт бойы әзірленген өзіндік жеке принциптер де бар.

Теңіз ортасын ластаудың  алдын-алу принципі 1954 жылғы теңізді  мұнайдан ластаудың алдын-алу жөніндегі xалықаралық конвенциясы алғаш рет  бекітілді. Преамбулаға сәйкес, конвенцияда  кемелерден төгілетін мұнаймен теңізді ластаудың алдын-алу жөніндегі келісілген шаралары бекітілді. Бұл келісімдер мұнайды құюға тыйым салатын аймақтарды белгіледі.

Халықаралық теңіз құқығының  тағы бір принципі ашық теңізді бейбіт мақсатта пайдалану принципі болып  табылады. Бұл принциптің негізгі міндеті мемлекеттің теңіз қызметімен күш қолдану күш қолдану туралы қауіп туғызуды жою және соңында теңіздер мен мұхиттарда мемлекеттердің әскери әрекетіне тыйым салу, іс жүзінде тек дүниежүзілік мұхит кеңістігін бейбіт пайдалануды қамтамасыз етуде болды, бастапқыда аталған принцип теңіздердің және мұхиттардың түбінде және олардың жер қойнауында ядролық қаруды және жаппай қырып-жоятын қарудың өзге де түрлерін пайдалануға тыйым салу туралы шарт (1971 жыл) бекітілді. Жалпы қалыпта бұл принцип 1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы туралы конвенциясының 88-бабында көрсетілді. Бұл бапта ашық теңізді бейбіт мақсатта ғана пайдалануға болады деп көрсетілген. Осы Конвенцияның преамбуласында онымен белгіленген құқықтық режим, теңіздер мен мұхиттарды тек қана бейбіт мақсатта пайдалануға ықпал етуі керек.

Халықаралық теңіз құқығы көзқарасы бойынша, жалпы дүниежүзілік мұхитты теңіз кеңістігінің үш негізгі  заңды санатына шартты түрде бөлуге болады:

1) жағалауындағы мемлекеттің,  оның егемендігі әрекет ететін шегінде (ішкі теңіз суы, аймақтық су) аумақтың ажырамас бөлігі болып табылатын;

2) жағалауда орналасқан  мемлекеттің аумағы құрамына  енбейтін, бірақ оның юрисдикциясы  немесе бақылауына бағынысты   болатын (айрықша экономикалық  аймақ, жағалаудағы аймақ, континентальды шельф);

3) қандай болмасын  мемлекеттің егемендігіне де, юрисдикциясына  да бағынысты емес мемлекеттер  (ашық теңіз). [8, 23-24 б.]

Халықаралық теңіз құқығы халықаралық жария құқығы ежелгі салаларының бірі болып табылады, осыдан олардың нормаларының кодификациясының өзіндік тарихы бар. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы құрылған комиссиясының ұсынысына сәйкес, 1957 жылғы 21 ақпандағы 1105 (ХІ) резолюциясымен әртүрлі мемлекеттердің өкілетті өкілдерінің халықаралық конференциясын шақыруды қаулы етті, конференцияда халықаралық құқықты заңды ғана емес, сонымен қатар, техникалық, биологиялық, экономикалық және саяси жағынан мәселелерді есепке ала отырып және олар сәйкес келеді деп санайтын өзге де актілерде немесе бір немесе бірнеше халықаралық конвенцияларда қарау керек болды.  БҰҰ-ның теңіз құқығы туралы конвенциясы Женевада 1958 жылдың 24 мен 27 ақпан аралығында өтті. Конференцияда ұсынылған сексен алты мемлекеттің ішінен жетпіс тоғызы БҰҰ-ның мүшесі болып табылған, ал жетеуі оның мүшесі болмай, оның мамандандырылған мекемелері құрамына енгізілді. 1958 жылғы 29 сәуірдегі конференция төрт конвенция мен Факультативтік хаттаманы мақұлдады, олар 1958 жылғы 31 қазанға дейін қол қою үшін ашық болды. [4]

Ашық теңіз туралы конвенция отыз жеті баптан тұрады. Ашық теңіз деп аймақтық теңізге де, қандай да бір мемлекеттің ішкі суына енбейтін теңіздің барлық бөлігі деп түсіндіріледі. Ашық теңіз барлық мемлекеттер үшін де ашық және ешқандай мемлекет те өзінің егемендігі бойынша қандай да бір бөлігін бағынысты етуге құқығы жоқ. Сонымен қатар, ашық теңіздің еркіндігі кеме қатынасы еркіндігі, балық аулау еркіндігі, суасты кабельдері мен су құбырларын салу еркіндігі, ашық теңіздің үстінен ұшып өту еркіндігі енеді. Кез-келген мемлекет, жағалауда орналасқан, орналаспағанына қарамастан, оның туымен кемелердің ашық теңізде жүзуіне құқығы бар.

Ашық теңіз туралы Конвенцияның 15-22 баптарында қарақшылық түсінігі беріледі және қарақшылар кемесін  тартып алу тәртібі реттеледі. 23-бапта  егжей-тегжейлі түрде егер шетел кемесі жағалаудағы мемлекеттің заңдары мен ережелерін бұзған болса, оның ізін кесу рәсімі беріледі. Конвенцияның 24-бабына сәйкес, кез-келген мемлекет теңіз суын кемелерден және құбырлардан немесе теңіз түбінің үстін немесе оның жер қойнауын барлау немесе өңдеу нәтижесінде мұнаймен ластаудың алдын-алу ережелері шығаруы керек. Бұл конвенция 1962 жылдың 30 қыркүйекте күшіне енді. [4]

Аймақтық теңіз және оған шектес аймақ туралы конвенция  отыз екі баптан тұрады және аталған  келісімнің 1-бабына сәйкес, мемлекеттің егемендігі оның құрылық аумағы және оның ішкі суларының шегінен, оның жағалауымен түйісетін аймақтық теңіз деп аталатын теңіз белдігіне дейін қолданылады. Жағалауда орналасқан мемлекеттердің егемендігі аймақтық теңіздің әуе кеңістігіне, сонымен қатар, оның үстіндегі және түбіндегі жер қойнауына қолданылады. Конвенцияның екінші бөлімінде аймақтық теңіздің шекараларын анықтау әдісі берілген. Аймақтық теңіздің сыртқы шекарасы аймақтық теңіздің тең көлемде сыртқы сызықтың жақын нүктесі аралығында болатындығы әрбір нүкте сызық болып табылады. Үшінші бөлім кемелердің аймақтық теңіз арқылы бейбіт өтуі тәртібін реттейді,  онда Конвенцияның 14-бабына сәйкес, жағалаудағы, сондай-ақ жағалаудан тыс орналасқан барлық мемлекеттердің кемелері аймақтық теңіз арқылы бейбіт өту құқығын пайдаланады. Бейбіт өту құқығы деп аймақтық теңіз арқылы ішкі суға енбей немесе ішкі суға еніп немесе ішкі судан ашық теңізге өтпей теңізді кесіп өту дегенді білдіреді. Конвенцияның төртінші бөлімі шектес аймақтың режиміне қатысты, бұл 12 теңіз милі шегінен артық қолданылмайды. [4]

Континентальдық шельф  туралы конвенция он бес баптан тұрады. Осы Конвенцияға сәйкес шельф  деп жағалауға түйісетін суасты аймақтарының, бірақ 200 м тереңдікке дейін немесе осы шектен алып жатқан судың тереңдігі осы аудандардың табиғи байлығын өңдеуге мүмкіндік беретін, осы аймақтық теңізден тыс жатқан, теңіз түбінің жер қойнауы мен үстіңгі жағы деп түсіндіреді. Жағалаудағы мемлекет континентальды шельф оның табиғи байлығын барлау және өндіру мақсатында егемен құқықтарын жүзеге асырады. Континентальды шельфке жағалаудағы мемлекеттің құқықтары олардың шельфті тиімді немесе жасанды түрді жаулап алуының болуынан немесе ол туралы тікелей өтініш білдіруге байланысты болмайды. Континентальды шельфке жағалаудағы мемлекеттің құқықтары ашық теңіз ретінде жабатын судың құқықтық мәртебесін де, осы судың үстінен әуе кеңістігінің құқықтық мәртебесін де қозғамайды. [9, 44 б.] Континентальды шельфті барлау және алдағы уақытта оның табиғи байлықтарын барлау кеме қатынасына, балық аулауға немесе тірі теңіз ресурстарын қорғауға күрделі кедергі болмауы қажет, сондай-ақ, жариялау мақсатында орындалатын мұхит және өзге де ғылыми зерттеулерге кедергі келтірмеуі қажет. Ресурстарды өңдеу ауданында жағалаудағы мемлекет қауіпсіздік аймағын жасауға міндетті. Конвенция 1964 жылдың 10 маусымында күшіне енді. [4]

Ашық теңізде балық  аулау және тірі ресурстарды қорғау туралы конвенциясы жиырма екі баптан тұрады. Конвенцияның 1-бабына сәйкес, әрбір мемлекеттің өз азаматтарының  ашық теңізде, олардың ерікті міндеттемелерін сондай-ақ жағалаудағы мемлекеттердің мүдделері мен құқықтарын  ескере отырып, балық аулаумен айналысуына құқық береді, бұл Конвенцияда және оған қосымшада көзделген.

Қатысушы мемлекеттер  өз азаматтарына қатысты ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау үшін қажетті болып табылатын шараларды қабылдауға өзге мемлекеттермен бірлесіп қатысуға немесе шаралар қабылдауға міндетті. Конвенцияда ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау деп азық-түлік өнімдерімен және өзге де теңіз өнімдерімен жеткілікті жабдықтауға қол жеткізу үшін осы ресурстардың тұрақты аулаудың оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге шаралар жиынтығы деп түсіндіріледі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1307 өз резолюциясымен Бас хатшыға аймақтық теңіз көлемі туралы мәселелер мен балық аулауға арналған шегінде алдағы уақытта қарастыру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі ІІ конференциясын шақырды, бұлар теңіз құқығы жөніндегі І конференцияда өз шешімін таппаған болатын. 1960 жылдың 16 наурыздан 26 сәуірге дейін Женевада өткен ІІ конференцияның жұмысына сексен екі мемлекет қатысты. Конференция қарастырылып жатқан мәселелер бойынша қандай да бір маңызды ұсыныстарды қабылдай алмады. Конференция барысында балық аулау мәселесінде техникалық көмек көрсету қажеттілігі көрсетілген резолюция мақұлданған болатын.

Он жылдан кейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1970 жылы 2749 резолюциясымен принциптер декларациясын  қабылдады, онда салтанатты түрде теңіздер мен мұхиттардың түбі және ұлттық юрисдикция әрекеттері шегінен оның жер қойнауын, сондай-ақ, осы аудандағы ресурстарды мемлекеттермен немесе жеке тұлғалармен иеленуге болмайтын барлық адамзаттың жалпы құндылығын атап өтті. Сондай-ақ, декларацияда бұл ауданның барлық мемлекеттердің ешқандай шектеусіз бейбіт мақсатта ғана пайдалану үшін ашылды деп жарияланды. Бас Ассамблея теңіз істері жөніндегі комитетке болашақ конференцияға арналған дайындық комитеті ретінде әрекет ету жөнінде ұсыныс жасады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы  Бас Ассамблеясының 3067 резолюциясына  сәйкес, 1973 жылдың күз айында жүз алпыстан артық мемлекет қатысқан ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі ІІІ конференциясы шақырылды. Жалпы алғанда, ол он бір сессия өткізді. 1982 жылдың 6 желтоқсаннан 10 желтоқсанға дейін Монтего Бей (Ямайка) қаласында конференцияның қорытынды сессиясы болды. Онда мемлекеттердің өкілдері Қорытынды актісіне және Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы жөніндегі әмбебап конвенциясына қол қойды. Бұл конференцияның алғашқы табысы болып табылады және шарттық құқық тарихында үлгі боларлық іс.

Тағы бір халықаралық  теңіз құқығының көзі халықаралық  кемелер қақтығысын алдын-алудың ережелері  болып табылады. Қазіргі уақытта  әрекет ететін халықаралық кемелер  қақтығысын алдын-алудың ережелері 1972  жылы қабылданған болатын. Бұл ережелерде сигналдарды пайдалану тәртібі (жалауша, дыбыстық немесе түрлі-түсті), радиолокаторларды пайдалану, кемелердің жақындауы кезіндегі  ара қашықтығы мен жылдамдығы және тағы басқалары анықталған болатын. [9] Теңізде құтқару мәселелері 1979 жылғы теңізде іздестіру және құтқару конвенциясымен және 1989 жылғы құтқару туралы конвенциямен реттеледі. Кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның туы астында жүзіп жүрген, кемелердің қақтығысқан жағдайында көмек көрсету және жауапкершілікке қатысты мемлекеттердің міндеттеріне енетін жалпы ережелер 1958 жылғы ашық теңіз туралы конвенцияда және 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы конвенциясында мазмұндалған. [10]

Информация о работе Халықаралық теңіз құқығының ұғымы