Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2012 в 12:16, курсовая работа
Диплом жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасында жалпы халықаралық теңіз құқығын және оның пайдаланылуын зерттеу.
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
1. Халықаралық теңіз құқығының түсінігі мен оның даму тарихын ашу;
2. Халықаралық теңіз құқығының қызметтерін ұйымдастыру механизмін талдау;
3. Қазақстан Республикасының теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ мемлекет ретінде қарастыру.
КІРІСПЕ........................................................................................................4
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Халықаралық теңіз құқығының ұғымы.........................................................8
1.2 Халықаралық теңіз құқығының даму тарихы..............................................11
1.3 Халықаралық теңіз құқығының қайнар көздері..........................................14
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ ӘРЕКЕТТЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТЕТІГІ
2.1 Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі халықаралық теңіз құқығы............24
2.2 Халықаралық теңіз дауларын шешу рәсімдері...........................................29
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕҢІЗГЕ ШЫҒУ МҮМКІНДІГІ ЖОҚ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ
3.1 Қазақстан Республикасының теңіз құқығы бойынша екі жақты, аумақтық келісім шарттар ...................................................................................................39
3.2 Қазақстан Республикасы 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша
конвенцияға қосылу мәселесі..............................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ.............................................64
ҚОСЫМША ……………………………………………………………..………67
МАЗМҰНЫ
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Халықаралық теңіз құқығының
ұғымы.........................
1.2 Халықаралық теңіз құқығының
даму тарихы...................
1.3 Халықаралық теңіз құқығының
қайнар көздері................
2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ ҚҰҚЫҒЫ
2.1 Халықаралық ұйымдар
2.2 Халықаралық теңіз дауларын
шешу рәсімдері................
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
3.1 Қазақстан Республикасының теңіз
құқығы бойынша екі жақты, аумақтық келісім
шарттар ..............................
3.2 Қазақстан Республикасы 1982 жылғы Теңіз құқығы бойынша
конвенцияға қосылу мәселесі......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР
ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМША ……………………………………………………………..………67
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі уақытта дүниежүзілік мұхит мәселесі дүниежүзілік саясатта аса маңызды орындардың бірін иеленеді: осы кеңістікте бейбітшілік пен ынтымақтастықтың мүдделеріне, халықаралық қауіпсіздік пен халықтардың ілгерілеуін қамтамасыз етуге жауап беретін халықаралық құқық тәртібі орнатылуы қажет.
Теңіз құқығы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясына қол қойғаннан кейінгі жылдары дүниежүзілік қауымдастық конвенцияның халықаралық оқиғаларға оң ықпалының куәгері болды. Атап айтқанда, жағалаудан 12 теңіз милі шегінде теңіз кеңістігінің егемендігіне бір жақты тартыстар азайды. Айрықша экономикалық аймақ ретінде жаңа институт бекітілді. Балық аулау саласындағы өткір қайшылықтар да азая бастады. Сонымен қатар, конвенцияның күшіне енуі күрделі кедергілерге тап болды. Оған қол қоюға белгіленген, екі жылдың ішінде конвенцияға 159 қол қойылған болса, кейінгі жылдары Конвенция тек 33 ратификацияны ғана жинай алды.
Дүниежүзілік мұхитты игеру адамзаттың өмір тіршілігінде барынша зор рөл атқарады. Аталған факт қазіргі кезеңгі дүниежүзілік дамуға ілесетін екі объективтік процеспен түсіндіріледі: адамзаттың ғылыми-техникалық әлеуетін ұлғайту, минералдық, сондай-ақ, биологиялық сияқты жер ресурстарын қайта қалпына келмейтін тозуы. Теңіздер мен мұхиттардың мағынасы туралы мынадай факт бойынша да талқылауға болады: сыртқы сауданың нақты көлемінің жартысынан артығы бүгінгі таңда теңіз жолымен тасымалданады. Соңғы 50 жылда балықтың жылдық аулауы 5 есе ұлғайды және ғалымдардың болжамы бойынша, 2008 жылы 1,90 миллион тоннаны құрайтын болады. [1, 59 б.]
Тірі ресурстардан басқа, дүниежүзілік мұхитта пайдалы қазбалардың орасан зор қоры бар: мұнайдың ғана теңіздік шығарылымын бүгінгі таңда 80-нен артық ел жүзеге асырады. Оны игеру қазіргі кезеңнің жаһандық мәселелеріне жатады, сондықтан қандай да бір деңгейде барлық мемлекеттердің мүддесін білдіреді. Теңізді пайдаланумен байланысты бірқатар экономикалық және экологиялық мәселелерді шешу ұжымдық күш жұмсауды қажет етеді. Мұндай жағдайда халықаралық құқық субъектілерінің тиісті қызметін реттейтін құжаттар аса маңызды болып табылады. Халықаралық, аймақтық және екіжақты негізде жасалған түрлі келісімдер, бір жағынан- дүниежүзілік мұхитты болашақ ұрпақ үшін оңтайлы пайдалану жолымен ресурстарын сақтап қалуға, екінші жағынан – осы қызметке барлық мемлекеттердің қатысуының тең мүмкіндіктері мен жағдайларын кепілдік беруге негізделген.
Бірқатар қазіргі кезеңгі халықаралық-құқықтық құжаттар (олардың ең бастысы 1982 жылғы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы болып табылады) мұхиттар мен теңіздерге ұлттық юрисдикцияны кеңейту үрдісінен көрініс береді. Осы аталған процесс барлық дерлік мемлекеттердің мүддесіне сай келеді деп айту қиын, өйткені қарастырылып жатқан салада халықаралық теңіз құқығы субъектілерінің теңдік принципіне күмән келтіреді. Олардың көзқарасы тұрғысынан, барынша әлсіз тұстарының бірі ішкі континентальдық жағдай болып табылады және өзіндік жағрапиялық сипаттамасы негізінде өздеріне қажетті дүниежүзілік мұхит аудандарына ұмтыла алмайды. Осының салдарынан осы мемлекеттердің теңіз ресурстарын толық дәрежеде пайдалануы мүмкіндіктерінің нашарлауы болды. Айрықша экономикалық аймақ және континентальдық шельф режимдерін халықаралық-құқықтық нығайтуы мемлекетті тең емес жағдайға қояды, бұл олардың айрықша жағрапиялық жағдайға себепші болған. Нәтижесінде, тек қана нақты емес, сондай-ақ, халықаралық құқықтағы түрлі субъектілердің заңды мүмкіндіктер де тең емес болды, мұны дүниежүзілік құқық тәртібінің негізге сүйенген принциптерінің қатаң бұзушылық ретінде қарастыруға болады. Мәселе дүниежүзілік қауымдастықпен халықаралық теңіз құқығының тиісті нормаларын жасау мен соңғыларын практикалық жүзеге асыруда көрініс берумен танылады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болған соң, дүниежүзілік мұхитты экономикалық және ғылыми мақсаттарда пайдаланумен байланысты мардымды қиындықтарды басынан өткізді. Республикада осындай тиісті міндеттерге бағдарлануы қажет ұлттық экономика сол салалары дамымайды. Мемлекеттің халықаралық саудаға қатысу онда қажетті мұхитқа шығу құқығының болмауынан қиындайды, бұл халықаралық шарттық практикамен нақтыланады. Екінші жағынан, бүгінгі таңда республикада ішкі континентальды мемлекеттер үшін халықаралық-құқықтық құжаттармен қарастырылған сол мүмкіндіктерді пайдаланудың айқын тұжырымдамасы жоқ. Қазақстанның аталған мемлекеттер санатына кіруі туралы мәселесі де ашық қалып отыр. Теңіз ресурстарын пайдаланумен байланысты адамзаттың қызметін күшейту шаралы бойынша, республиканың осы салада артта қалуы Қазақстанның ұлттық мүдделеріне барынша күрделі зиян келтіреді. Осыған байланысты халықаралық теңіз құқығы тақырыбы қазақстандық ғылымда зерттеу үшін қажетті және өзекті болып табылады.
Тақырыптың зерттеу дәрежесі. Зерттеу кезінде М.А. Сәрсембаевтың, И.М.Авраменконың, Е.Ю. Бархатованың, К.А. Бекяшевтің, М.Е. Волосовтың, В.В.Серебряковтың, В.Н.Гуцуляктың, Ю.А.Зюбановтың, Б.М. Клименконың, А.А. Ковалевтің, С.А. Гуреевтің және т.б. жұмыстарының материалдары пайдаланылды.
Жалпы алғанда, қазақстандық ғылымда халықаралық теңіз құқығы жеткілікті зерттелмеген. Жалғыз іргелі жұмыстардың бірі ретінде А.А. Сәлімгерейдің «Морское право и внутриконтинентальные государства» (Алматы, 2000), М.А. Сәрсембаевтың «Международное право» (Алматы, 1999), Ж.О. Құлжабаевтың «Международное публичное право» (Алматы, 2002) еңбектері болып табылады. Басқа жағдайда, тақырыптың жекелеген аспектілерінің әзірлемелері мерзімдік әдебиеттерде мақалалар деңгейінде ұсынылған.
Халықаралық теңіз құқығы ресей ғалымдарының жұмыстарында теориялық және проблемалық құндылығы жағынан барынша егжей-тегжейлі зерттелген.
Диплом жұмысының мақсаты:
Қазақстан Республикасында
Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
Халықаралық құқық қатынастары зерттеу объектісі болып табылады. Зерттеу пәні – халықаралық теңіз құқығы нормалары.
Әдістемесі. Жұмыста тарихи, логикалық, салыстырмалы-талдау, проблемалық, диалектикалық, перспективалық және ғылыми талдаудың өзге де әдістері пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, жеті тармақша енетін үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Халықаралық теңіз құқығы
жалпы халықаралық құқық
Халықаралық дәстүрлер барлық дерлік мемлекеттермен танылмағандықтан, соның салдарынан олардың арасында сол немесе өзге де халықаралық-құқықтық норма жалпыға міндетті ретінде жүзеге асыратындығы туралы мәселе бойынша даулар жиі туындады.
Сондықтан теңіз құқығы нормаларын әмбебап деңгейде кодификациялау талап етілді. Әсіресе, мұндай қажеттілік ғылыми-техникалық революция кезеңінде туындады, онда теңіз шаруашылығының жаңа технологиясының пайда болуы теңіз ресурстары мен кеңістіктерін жан-жақты және кешенді игеруге ауысуы үшін шынайы жағдайлар жасады, бұл дүниежүзілік теңіздегі мемлекеттердің ғылыми зерттеулер, мұнай және газға барлау және пайдалану бұрғылау, теңіз түбінің пайдалы игерілетін терең сулы аймағын өңдеу, мұхит экспедициялық балық шаруашылығы және т.б. сияқты қызметінің жаңа түрлерін қамтиды. Барлық бұл мәселелер халықаралық деңгейде егжей-тегжейлі құқықтық регламенттеуді талап етті. [3, 87 б.]
Ұлттық лига эгидасымен шақырылған Гаага конференциясымен 1930 жылы қабылданған аймақтық судың құқықтық режиміне жататын нормаларын алғаш рет кодификациялау талпынысы теңіз державаларының қарама-қайшылықты көзқарастарының салдарынан табысты болмады. Тек қана оны алдағы уақытта қарастыру үшін Конвенцияның жобасы ғана әзірленді.
Женевада 28 жылдан кейін ғана 86 мемлекеттің
қатысуымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының
теңіз құқығы бойынша І конференциясы
барысында теңіз құқығының
1958 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының І конференциясының жұмысының нәтижесінде 4 конвенция қабылданды: аймақтық теңіз және оған шектес аймақ туралы конвенция, ашық теңіз туралы конвенция, балық аулау және ашық теңіздің тірі ресурстарын қорғау туралы конвенция және континентальды шельф туралы конвенция. Конференцияда ашық теңізде ядролық қаруды сынақтан өткізу туралы, теңіздің радиоактивтік қалдықтармен ластау туралы, балық аулау туралы және тарихи су туралы резолюциялар мақұлданды. [4]
Біріккен Ұлттар Ұйымының теңіз құқығы бойынша І конференцияның маңызы халықаралық теңіз құқығы конвенциялық құқық болғандығында. Халықаралық теңіз құқығының негізгі қайнар көздері, ең алдымен, шарттар (конвенциялар) болды. Халықаралық теңіз құқығы халықаралық құқықтың ерекше саласы ретінде түбегейлі қалыптасты.
Осы уақытта конференцияда шектес жатқан мемлекеттер тірі ресурстарға байланысты құқықты жүзеге асыра алатын аймақты су және олармен жапсар жатқан ерекше аймақтардың сыртқы шегі туралы мәселені шешу мүмкін болмады. Бұл, атап айтқанда, қарапайым нормалардың туындауына әкелді, онда аймақтық су кеңдігі және балық аулау аймағының юрисдикциясы 12 теңіз милі шегінен артық қолданылмады. Мемлекеттердің біржақты практикасында алалық болды.
Жоғарыда аталған
Осы мақсатпен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1970 жылғы 17 желтоқсандағы № 2570 С (ХХV) резолюциясын қабылдады. Аталған резолюцияға сәйкес, барлық теңіз кеңістігінің жаңа құқықтық режимін әзірлеу мақсатында, 1973 жылы теңіз құқығы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының ІІІ конференциясын шақыру туралы шешім қабылданды. Біріккен Ұлттар Ұйымының ІІІ конференциясы 1973 жылдан 1982 жылға дейін созылды және жаңа халықаралық-құқықтық актіге – 1982 жылғы халықаралық теңіз құқығы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясына қол қоюмен аяқталды. Бұл конвенция халықаралық теңіз құқығының жалпыға танылған принциптері мен нормаларын, оның ішінде 1958 жылы Женева Конвенциясында бұрын бекітілген принциптер мен нормаларды жетілдірді және бір жүйеге келтірді. Осымен қатар, халықаралық теңіз құқығының жаңа түсінігі мен институттары – «айрықша экономикалық аймақ», «архипелаг суы», «аудан» және басқалары әзірленді.
1994 жылы (16 қарашада) Біріккен Ұлттар Ұйымы күшіне енді (2000 жылғы 1 қаңтардан Қазақстан Республикасы аталған Конвенцияның қатысушысы болып табылмайды), сонымен қатар, 1982 жылғы 10 желтоқсандағы «Теңіз құқығы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының ХІ Конвенциясының бөлігін жүзеге асыру туралы келісім» күшіне енді.
1982 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясы мен 1958 жылғы Женева конвенциясынан басқа, қазіргі уақытта 40-тан астам конвенция әрекет етеді, бұл теңіз ортасы мен биоресурстарды қорғау, теңізде адам өмірін қорғау, халықаралық кеме қатынасы бойынша, кемелердің ластауын алдын-алу және тағы басқа мәселелерге қатысты арнайы жан-жақты және екі жақты конвенциялар болып табылады. Олардың арасында Қазақстан 1969 жылғы 29 қарашадағы мұнайдан ластаудан келген зиянға азаматтық жауапкершілік туралы халықаралық конвенцияның; 1969 жылғы 23 маусымдағы кемелерді өлшеу бойынша халықаралық конвенцияның; 1978 жылғы 17 ақпандағы xаттамамен өзгертілген 1973 жылғы кемелердің ластауын алдын-алу бойынша халықаралық конвенцияның; 1972 жылғы 20 қазандағы теңізде кемелердің соқтығуын ескертудің халықаралық ережелері туралы конвенцияның; 1978 жылғы 07 шілдедегі моряктарды даярлау, диплом алуы және вахтадағы қызметі туралы халықаралық конвенциясы; 1974 жылғы 01 қарашадағы теңізде адам өмірін қорғау бойынша халықаралық конвенциясы және 1966 жылғы 5 сәуірдегі жүк маркасы туралы халықаралық конвенциясы сияқты конвенциялардың толық құқықты қатысушысы болып табылады. [5] Жоғарыда аталған конвенцияларға Қазақстан Республикасы 1994 жылы қосылған болатын.