Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 09:25, реферат
Халықаралық ғарыш құқығы – бұл халықаралық құқық субъектілерінің ғарыш кеңістігін, аспан денелерін қоса алғанда, зерттеу және пайдалану қызметтеріне байланысты олардың арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен қағидалар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың саласы. Бұл салыстырмалы түрде алғанда осы заманғы халықаралық құқықтың жаңа саласы, оның тарихы жердің алғашқы жасанды серігін 1957 ж. жіберуден басталады. 1961 және 1963 жылдардың желтоқсан айларында мемлекеттердің ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу жөніндегі қызметтерінің құқықтық қағидалары мен нормаларын айқындайтын БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданды. Оларға: ғарыш кеңістігін зерттеу, пайдалану еркіндігінің қағидасы; ғарыш кеңістігіне мемлекеттердің тәуелсіздіктерінің таралмау қағидасы жатқызылады.
Халықаралық ғарыш құқығы
Халықаралық ғарыш құқығы ұғымы және оның қайнар көздері жүйесі
Халықаралық ғарыш құқығы – бұл халықаралық құқық субъектілерінің ғарыш кеңістігін, аспан денелерін қоса алғанда, зерттеу және пайдалану қызметтеріне байланысты олардың арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен қағидалар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың саласы. Бұл салыстырмалы түрде алғанда осы заманғы халықаралық құқықтың жаңа саласы, оның тарихы жердің алғашқы жасанды серігін 1957 ж. жіберуден басталады. 1961 және 1963 жылдардың желтоқсан айларында мемлекеттердің ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу жөніндегі қызметтерінің құқықтық қағидалары мен нормаларын айқындайтын БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданды. Оларға: ғарыш кеңістігін зерттеу, пайдалану еркіндігінің қағидасы; ғарыш кеңістігіне мемлекеттердің тәуелсіздіктерінің таралмау қағидасы жатқызылады.
БҰҰ
аясында 1959 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының
қосалқы органы – ғарыш кеңістігін
бейбіт мақсаттарға пайдалану
Халықаралық
ғарыш құқығының қайнар көздері
жүйесін БҰҰ қол астында
Қайнар көздерінің бірінші тобына: Ғарыш кеңістігін, Айды және басқа да аспан денелерін зерттеу және пайдаланудағы мемлекеттер қызметінің қағидалары туралы 1967 ж. Шарт; Ғарыш кеңістігіне жіберілген ғарышкерлерді құтқару, ғарышкерлерді және объектілерді қайтару туралы 1968 ж. Келісім; Ғарыш объектілері келтірген залалдар үшін халықаралық жауапкершілік туралы 1972 ж. Конвенция; Ғарыш кеңістігіне жіберілетін объектілерді тіркеу туралы 1976 ж. Конвенция; Мемлекеттердің Айдағы және басқа аспан денелеріндегі қызметі туралы 1984 ж. Келісім жатады.
Халықаралық ғарыш құқығының қайнар көздерінің екінші тобы ғылыми-техникалық бағыт сипатында, оларды Еуропа ғарыш агенттігі, Интерспутник және басқа да көптеген үкіметаралық ұйымдар қабылдаған. Екіжақты және көпжақты сипаттағы мұндай шарттар мемлекеттердің ғарыштағы бірлескен қызметінің нақты және жалпы мәжілістеріне қатысты болады.
Үшінші топтағы шарттар ғарышкерлерді және ғарыш объектілерін құтқару және қайтаруға байланысты жерде жүргізілетін операциялардың құқықтық мәселелерін реттейді. Сонымен қатар, ғарыш объектілерінің немесе олардың құрамдас бөліктерінің жерге құлауы кезінде келтірілген залалдарды өтеуді қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттейді.
Халықаралық
құқықтың құқықтық нормаларының әрекеті
ғарыш кеңістігіне және мемлекеттердің,
халықаралық ұйымдардың, жеке және
заңды тұлғалардың ғарыш
Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі
Ғарыш
кеңістігі – бұл Жер шарының
ауа қабаты шегінен тыс орналасқан
кеңістік, оның құқықтық режимі халықаралық
ғарыш құқығымен айқындалады. Ғарыш
кеңістігі мен аспан
Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін зерттеу және пайдалану еркіндігі. Ғарыш кеңістігінің құқықтық жағдайы, ең алдымен оған бірде-бір мемлекеттің тәуелсіздігі таралмайтындығына байланысты. Ол халықаралық құқық нормаларына сәйкес, барлық мемлекеттердің зерттеуі үшін ашық немесе еркін болады. Барлық мемлекеттердің ғарыш кеңістігіне баруға теңдей құқықтары бар. Барлық мемлекеттердің ғарыш кеңістігін игеруге және осындай игерудің нәтижелерін алуға мүдделі екендігі сөзсіз. Мемлекеттердің ғарыш кеңістігін және аспан денелерін игеру қызметі ғарышты зерттеу нәтижелерін тек бейбіт мақсаттарға пайдалануға жәрдемдесуі тиіс.
Ғарыш аспан денелерін зерттеу және пайдалануға қатысты қызметті халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес жүзеге асыру. Халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған қағидалары бір мемлекеттің шегінде ғана міндетті емес, сонымен бірге ешкімге тәуелсіз кеңістіктерде де міндетті болып табылады. Ішкі істерге қол сұқпау, мемлекеттердің дербес теңдік, өздеріне жүктелген халықаралық міндеттемелерді адал орындау, күш қолданамын деп қоқан-лоқы жасау немесе оны қолдануға тыйым салу және басқа да қағидаларды орындамай тұрып, ғарыш кеңістігін және аспан денелерін бейбіт игеру мүмкін емес.
Ғарыш кеңістігін және аспан денелерін ұлттық иемденуге тыйым салу .Бұл қағида алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясының 1961 ж. қарарында тұжырымдалған болатын. Ғарышты зерттеу және пайдалану еркіндігін жариялаумен тікелей байланысты бұл қағида қандай да бір мемлекет тәуелсіздігінің таралуын жоққа шығарады. Батыстың халықаралық құқықтық әдебиеттерінде ғарыш кеңістігі мен аспан денелерін жеке адамдардың, жеке меншік компаниялардың және халықаралық ұйымдардың иелену мүмкіндігі туралы мәселе қызу талас тудырғанын айту керек. Алайда, мұндай бағыт Ғарыш жөніндегі 1967 ж. Шарт пен Мемлекеттердің Ай мен басқа да аспан денелеріндегі қызметі туралы Келісімнің тиісті ережелеріне қайшы келеді.
Дамушы мемлекеттердің талап етуі бойынша 1979 ж. Келісімде, халықаралық құқықта алғаш рет аспан денелері және олардың табиғи ресурстары «адамзаттың ортақ мұрасы» деп жарияланды.
Ғарыш кеңістігінде және аспан денелерінде сынақтар жүргізудің ықтимал зияндарының алдын алу. Ғарыш жөніндегі 1967 ж. Шарттың ІХ бабы оның қатысушылары үшін екі міндеттеме бекітеді. Бірінші міндеттеме мемлекеттердің ғарыш кеңістігін игеру кезінде басқа мемлекеттерге кедергілер келтірмеу міндеттеріне қатысты болды. Екінші міндеттеме Жерді және ғарыш кеңістігін ғарыштағы қызметтің зиянды салдарынан қорғауға бағытталған.
Пайдаланылып болған ғарыш аппараттары, зымырандар және олардың құрамдас бөліктері, қызу жүргізіліп жатқан ғарыштағы зерттеулер, ғарыш объектілерін ұшыру көлемінің өсуі, мұның бәрі ластанудың артуына әкеп соғады.
Ғарыш жөніндегі 1967 ж. Шартта бекітілген осы қағида Қоршаған ортаға әскери немесе басқа да дұшпандық ықпал ету құралдарын қолдануға тыйым салу туралы 1977 ж. Конвенцияда одан әрі дамытылады. Конвенциялық нормалар ауа райына және климатқа кез келген ғылыми-техникалық, оның ішінде ғарыштық құралдарды әсер ету үшін қолдануға, егер мұндай құралдар табиғат үшін ұзақ мерзімге зардапты салдар туғызатын болса, тыйым салуды көздейді. Ғарыш жөніндегі Шартта ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану жөніндегі басқа мемлекеттердің қызметіне ықтимал заңды кедергілер келтіруі мүмкін қызмет немесе сынақтарға қатысты халықаралық консультациялар жүргізу рәсімі белгіленген.
Ғарышқа ұшудың қауіпсіздігі үшін ғарыш кеңістігінің зиянды ластануының алдын алудың маңызы зор. Өйткені, ғарыштағы қызмет ғарыштық кеңістіктің өзіне де, жердің қоршаған ортасына да белгілі бір ықпал етеді. Бүгінгі таңда ғарыш кеңістігінің ластануы мәселесі оның ұшуға қауіп төндіруі тұрғысынан қарағанда әлсіз жасақталған деуге болады. Ғарышқа ұшулар соқтығысу, улану қаупіне және басқа да аяқталмаған сынақтарға ұшырамауы тиіс. Жердің айналасындағы ғарыш кеңістігін ластанудың алдын алу жөніндегі заңи міндетті нормаларын жасаудың объективті қажеттілігі туындады. Ғарыштың техногендік денелерін ластау мәселесі 50-жылдардың аяғында Жердің алғашқы жасанды серіктерін ұшырғаннан кейін бірден пайда болғанын айту керек. Бұл мәселе БҰҰ Бас Ассамблеясы Бас Хатшысының «Ғарыштағы қызметтің қоршаған ортаға ықпал етуі» деген баяндамасынан кейін халықаралық деңгейдегі ресми мәртебеге ие болды. Халықаралық астронавтика академиясы мәліметтері бойынша бүгінгі таңда Жер айналасындағы орбитада каталогқа кіргізілген 8600 объекті бар екен, оның 500-ге жуығын ғана әрекет ететін ғарыштық ұшу аппараттары деп қарастыруға болады. Осы объектілердің кез келгенімен соқтығысып қалу ғарышкерлер үшін қауіп төндіреді.
Ғарыштың техногендік ластануын азайту жөніндегі шаралардың екі аспектісі бар: біріншіден, ғарыштық қоқыстың әсер етуінен қорғау және екіншіден, техникалық қоқыстың жинақталуын болдырмау шаралары.
Ғарыш кеңістігін ішінара қарусыздандыру және аспан денелерін толық қарусыздандыру. Бейбіт кезеңде ғарыш кеңістігінде ешқандай әскери қимылдарға жол берілмейді. Жердің жасанды серіктерін басқа мемлекеттердің аумағында барлау сипатындағы әскери мәліметтерді жинау үшін қолдануға тыйым салу; басқа мемлекеттердің аумағын суретке түсіруге жол берілмейді. Барлық аспан денелері, Айды қоса алғанда бейбіт мақсаттарға ғана қолданылады. Оларда әскери базалар, құрылыстар және бекіністер салуға, қарудың кез келген түрін сынауға және әскери маневрлар жүргізуге тыйым салынады. Ғарыш кеңістігіндегі тыйым салынған әрекеттерге: бейбітшілікке қауіп төндіру, бейбітшілікті бұзу мақсатындағы немесе қауіп төндіру немесе қауіп төндіруді күшейту мақсатындағы насихат не басқыншылық актісі; ғарыш кеңістігін ластау және басқа мемлекеттердің ғарыштағы қызметіне зиянды кедергілер жасау; бөтен заттарды және басқаларды тасымалдау салдарынан жердің қоршаған ортасының тиімсіз өзгеруіне қарсы шаралар қабылдамау.
Мемлекеттердің ғарыштағы қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
1.
Жасанды серіктерді қолдана
2.
Жасанды серіктер көмегімен
3. Ғарыштық құралдарды қолдану туралы халықаралық келісім-шарттар.
4.
Медициналық және биологиялық
бақылаулар мен тәжірибелер
5.
Ғарыш кеңістігін
6.
Басқа ғаламшарлардың
7. Жердің биоөрісін қорғау мәселелерін зерттеу.
8.
Ғарышта энергияның ядролық
9.
Ғарыш метерологиясын
Ғарыш объектілерінің құқықтық режимі
Табиғи аспан денелеріне қарағанда (Ай, ғаламшарлар, астероидтар және басқалары сияқты) халықаралық ғарыш құқығындағы ғарыш объектілері деп адам қолымен жасалған Жердің жасанды серіктерін, автоматты және ұшатын кемелер мен станцияларды, зымырантасушыларды және т.б. айтады. Халықаралық ғарыш құқығы ғарыш объектілерін ұшырудан немесе ғарыш кеңістігінде құрған сәттен бастап (оның ішінде аспан денелерінде де), олармен байланысты қызметті реттейді. Ал бұл кезеңге дейінгі оларды жасау және ұшуға дайындау жөніндегі іс-әрекеттер, егер олар туралы мемлекеттер арасында (мысалы, ғарыш объектісін бірнеше мемлекеттер бірігіп жасағанда немесе ұшырғанда) арнайы келісім болмаса, ішкі мемлекеттік құқық саласында болады. Ғарыш объектісі Жерге қайтып келгеннен кейін, әдетте, қайтадан ұлттық құқықтың қол астында болады. Халықаралық ғарыш құқығында шарттық немесе доктриналық тәртіпте келісілген түрлі ғарыш объектілерінің құқықтық режимін сипаттайтын өлшемдердің бірізді тізбесі жоқ екенін айту керек. Әрбір нақты жағдайда бұл өлшемдер саны жағынан да, сапасы жағынан да түрлі сипатта болады.
Бортында
адамы бар орбиталық