Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 09:25, реферат
Халықаралық ғарыш құқығы – бұл халықаралық құқық субъектілерінің ғарыш кеңістігін, аспан денелерін қоса алғанда, зерттеу және пайдалану қызметтеріне байланысты олардың арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен қағидалар жиынтығын көрсететін осы заманғы халықаралық құқықтың саласы. Бұл салыстырмалы түрде алғанда осы заманғы халықаралық құқықтың жаңа саласы, оның тарихы жердің алғашқы жасанды серігін 1957 ж. жіберуден басталады. 1961 және 1963 жылдардың желтоқсан айларында мемлекеттердің ғарыш кеңістігін пайдалану және зерттеу жөніндегі қызметтерінің құқықтық қағидалары мен нормаларын айқындайтын БҰҰ Бас Ассамблеясының қарары қабылданды. Оларға: ғарыш кеңістігін зерттеу, пайдалану еркіндігінің қағидасы; ғарыш кеңістігіне мемлекеттердің тәуелсіздіктерінің таралмау қағидасы жатқызылады.
Адамы бар орбиталық станцияларды пайдаланудың халықаралық-құқықтық реттелуінің ерекшеліктері әр түрлі факторларға байланысты болуы мүмкін (станцияның орналасқан жері – Жер айналасындағы, Ай айналасындағы немесе ғаламшар маңындағы орбиталар; станцияның жасалу әдісі – құрастырылған күйде ұшырылатын немесе орбитада құрастырылған ғарыш кешендерін ұшыру; қызмет ету ерекшелігі; пайдалану тәсілі немесе жабдықтары және басқалары). Мысалы, Жер айналасындағы орбиталардағы, Айдың үстіндегі және Ай маңындағы орбиталардағы станциялардың кейбір ортақ белгілері болғанына қарамастан, олардың халықаралық-құқықтық мәртебесі әр түрлі болады. Оны Айдың және Ай маңындағы кеңістіктің құқықтық режимі Жердің айналасындағы кеңістіктің құқықтық режимінен елеулі ерекшеліктерінің бар болуымен түсіндіруге болады. Мәселен, мемлекеттердің Айды және басқа да аспан денелерін қоса алғанда, ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану жөніндегі қызмет қағидалары туралы Шартқа және мемлекеттердің Айдағы және басқа да аспан денелеріндегі қызметі туралы 1979 ж. Келісімге сәйкес, Айды зерттеу және пайдалану жөніндегі қызмет тек қана бейбіт мақсаттар үшін жүзеге асырылады. Сонымен қатар, аталмыш Келісім Ғарыш жөніндегі Шарттың ІҮ бабының ережелерін дамыта отырып, қатысушы мемлекеттердің Айды ғана емес, сонымен бірге Ай маңындағы орбиталарды да, сондай-ақ Айға немесе оның айналасына ұшу траекториясын да тек бейбіт мақсаттарға пайдалану міндеттерін көздейді. Бұл ереже, сондай-ақ басқа аспан денелерінің айналасындағы орбиталар мен оларға немесе олардың айналасына ұшу траекторияларына да қолданылады. Жер маңындағы кеңістік, өз шегінде ішінара қарусыздандырылған. Жер маңындағы орбиталардағы станцияларды пайдалануды арнайы халықаралық-құқықтық реттеудің қажеттігі мұндай станциялардың әрекет етуі мемлекеттер үшін Айдың және басқа аспан денелерінің айналасындағы орбиталарда орналасқан станциялармен салыстырғанда үлкен ықтималды қауіп туғызатындығымен белгіленеді.
Геостационарлық орбиталарда және либрация нүктелерінде қызмет ететін, ғарыш кеңістігінің шектелген аудандары болып табылатын станцияларды пайдалануды халықаралық-құқықтық реттеудің де белгілі бір ерекшеліктері болады, өйткені оларды пайдалануға көптеген мемлекеттер мүдделі. Геостационарлық орбита (ГСО) Жер экваторы жазықтығынан 36 мың км шамасындағы биіктіктегі кеңістік шеңбері болып табылады. Бұл кеңістікке жіберілген Жер серігі Жердің өз осінен айналуының бұрыштық жылдамдығымен тең бұрыштық жылдамдықпен айналады. Соның нәтижесінде, Жер серігі Жердің қабатына қатысты ұдайы қозғалыссыз күйде болғандай белгілі бір нүктеде ілініп тұрғандай күйде болады. Ол Жер серігін іс жүзінде пайдаланудың кейбір түрлеріне ыңғайлы жағдай жасап береді (мысалы, тікелей телекөрсетілім тарату үшін). Аталмыш аудандарда жұмыс істейтін станцияларды мұндай аудандарды әділ және тең құқылы пайдалану мүдделеріне жауап беретіндей ғана емес, сонымен бірге ғарышқа ұшу қауіпсіздігін, кедергілердің болмауын, материалдық заладың алдын алуды және т.б. қамтамасыз ететіндей пайдалану керек.
Орбиталық станциялар өз табиғаттары жағынан көп мақсатты ғарыш объектілері болып есептелгенімен, олар бір жақты мамандандырылған станцияларды құруды және пайдалануды жоққа шығармайды. Мұндай объектілердің құқықтық мәртебесі халықаралық ғарыш құқығының жалпы қағидаларымен де, қандай да бір нақты қызмет түрін арнайы регламенттейтін нормалармен де айқындалады.
Адамы бар орбиталық станцияларды тіркеудің белгілі бір ерекшелігі бар, ол бірқатар себептерге, оның ішінде оларды құру әдістеріне негізделген Ұлттық моноблокты станцияларды ұшырғанда және көлік кемелері экипаж бар жүктерді жеткізген кезде тіркеуге байланысты қандай да бір проблемалар туындамайды. Жеке блоктардан (модульдерден), секциялардан және элементтерден құрастырылған станцияларды тіркеген кезде белгілі бір проблемалар туындауы мүмкін. Мұндай станция қатарланған, түйістірілген және автономдық блоктардың жүйесін көрсетеді. Қатарланған блоктар станциямен біртұтас болады. Түйістірілген блоктар станциядан бөлек жіберіліп, оған орбитада қосылады. Мұндай блоктар бөлек ажыратылып, автономды түрде ұша алады. Автономды блоктар станциядан салыстырмалы түрде онша алыс емес қашықтықта дербес ұша береді, станцияға қызмет көрсету мен жөндеуден өту үшін тіркеледі. Орбиталық станцияның ғарышкерлері осындай блоктардағы сынаулар барысын басқарып отырады және олардағы қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, бұзылған жерлерін түзейді, керек болған кезде блоктарға барып, онда белгілі бір уақыт бойында болады. Барлық автономды блоктар орбиталық станциялардан тәуелсіз түрде тіркеледі, өйткені олар жеке қызмет еткендіктен, ғарыш кешенінің құрамына кіретін дербес ғарыш объектісі болып табылады. Осыған байланысты станциядан ажыратылып, автономды болатын түйістірілген блоктар да тіркелуі тиіс. Орбитаға жеткізілген әр түрлі секциялар мен құрастыру элементтерін арнайы тіркеудің қажеттігі жоқ, өйткені олар орбиталық станцияның құрамына кіретіндіктен, онымен біртұтас болады.
Маңызы жағынан кем түспейтін ғарыш объектілерінің тағы бір типі көп рет пайдаланылатын ғарыш кемелері болып табылады.
Мұндай
кемелер алғаш рет АҚШ-та жасалды,
ол «Спейс-Шатлл» деп аталып, 1982 ж. қараша
айынан бастап пайдаланылып келеді. Көп
рет пайдаланылатын кемелердің қызмет
ету ерекшеліктері олардың
Жоғарыда аталғандардан басқа, ғарыш объектісінің құрамына байланыс спутниктері, метерологиялық, навигациялық, геодезиялық спутниктер кіреді. 1967 ж. Шартта ғарыш кеңістігін барлық мемлекеттердің ешқандай кемсітушіліксіз зерттеуінің және пайдалануының еркіндік қағидасы бекітілген. Сөйтіп, мемлекеттер өздерінің ғарыш объектілерін еркін ұшыра алады.
Ғарыш объектісін қайтару. Бұл мәселе ғарыш экипажы қайтқаннан кейін де, онымен бір мезгілде пайда болуы мүмкін. Уағдаласушы тараптардың объектілерді қайтаруға қатысты міндеттемелері 1968 ж. Келісімнің 5-бабының бес тармағында бекітілген.
Ғарыш объектілерін немесе олардың құрамдас бөліктерін қайтару үшін, біріншіден, нақты мемлекет ол туралы сұрауы керек, екіншіден, талап етуі бойынша тану мәліметтерін беруі керек. Ғарыш объектілерін іздестіру, құтқару және қайтару мәселелерін шешудің күрделілігі, бірінші кезекте бұл әрекеттердің аумағында қонған елдің мемлекеттік тәуелсіздігіне тікелей байланысты болғанынан келіп шығады, яғни басқа мемлекеттің аумағындағы техникалық құралдардың талаптарына байланысты. Мұндай жағдайлар халықаралық құқыққа сәйкес, аумағында шетелдік ғарыш объектісі мәжбүрлі түрде қонған мемлекеттің рұқсат етуімен немесе сұрауы арқылы ғана мүмкін болады.
Келісімнің 5-бабының 3-тармағында ғарыш объектілері оларды ұшырған билік өкілдерінің қарамағына қайтарылады немесе беріледі деп көрсетілген. Басқаша айтқанда, ғарыш объектісін қайтару міндеті, объектіні мүдделі тарапқа бергенде және осы объектіні жалпы тапсырғанда орындалады.
Жоғарыда айтылғанға байланысты тиісті билік өкілдеріне барлық ғарыш объектілерінің берілуі міндетті ме әлде қызметі қабылданған халықаралық нормаларға толық сәйкес келетіндерін ғана қайтару керек пе деген мәселе туындайды. Ғарыш жөніндегі шартта да, Құтқару жөніндегі келісімде де бұл сұраққа жауап жоқ. Ғарыш объектілері, оның ішінде ұшатындары да халықаралық құқыққа сәйкес келмейтін қызметтер үшін пайдаланылуы мүмкін. Олардың әрекеттері басқа мемлекеттер үшін аразды, тіпті қауіпті болуы ықтимал, оның ішінде аумағына келіп қонған мемлекет үшін де, мұндай жағдайда, объектіні қайтарудан бас тартуға негіз бар деуге болады.
Орбитадан пайдалану мерзімі өтіп кеткен немесе бұзылған объектілерді алып тастау туралы мәселе өте күрделі және саяси, әскери және заңи сипаттағы пікірлермен тығыз байланысты. Осындай жағдайда, Апаттық жағдайда шетел аумағына қонған ғарышкерлер мен ғарыш объектілерін құтқару және құтқару мәселелерін реттейтін 1968 ж. Келісімге сілтеме жасау құқыққа сай бола қоймас. Бұл күрделі мәселе өте мұқият талқылауды және тиісті заң құжатын қабылдауды талап етеді, ондай құжатта күрделі тараптардың мүдделері және ғарышты одан әрі бейбіт мақсаттар үшін игерудегі мүдделер толық ескерілетін еді.
5-бапта
ғарыш объектілерін табу және
қайтару бойынша міндеттерді
орындаған қандай да бір
Халықаралық ғарыш құқығындағы жауапкершілік және сақтандыру институты
Халықаралық
қатынастарда тәртіпті қамтамасыз етудің
бір әдісі ретінде ерте заманнан-ақ
жауапкершілік институты
Жауапкершілік мәселелері Ғарыш объектілері келтірген залал үшін халықаралық жауапкершілік туралы Конвенциямен реттеледі, ол көпшілікке «Жауапкершілік жөніндегі Конвенция» деген атпен белгілі, оны 1971 ж. 29 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған болатын. Ол халықаралық жария құқық субъектілерінің, олардың юрисдикциясындағы немесе бақылаудағы осы заманғы халықаралық құқықтың тыйым салмаған қызметтері нәтижесінде келтірілген залалдары үшін материалдық жауапкершілігін арнайы реттейтін шарттың алғашқысы. Жауапкершілік жөніндегі Конвенция халықаралық ұйымдардың қызметіне де таралады.
Конвенцияның 1-бабына сәйкес, залал деп «өмірден айыру, дене жарақатын немесе денсаулыққа басқа да зиян келтіру, не мемлекеттердің не жеке тұлғалардың немесе заңды тұлғалардың немесе халықаралық үкіметаралық мүліктеріне зиян келтіру немесе жоюды» айтады. Әуе кемесіне Жердің үстінде немесе ұшу кезінде келтірілген залал үшін жауапкершілік абсолютті жауапкершілік болып табылады, яғни залал келтірушінің кінәсынан тәуелсіз. Ғарыш объектісіне немесе оның бортындағы адамдар мен мүліктерге Жердің үстінен басқа, яғни ұшу сатысында немесе аспан денесінде кез келген жерде келтірілген залал үшін жауапкершілік ұшырған мемлекеттің немесе оның жауап беретін адамдарының кінәсына негізделеді.
Сөйтіп, жауапкершілік ұшырушы мемлекетке жүктеледі, ондай мемлекет ретінде ғарыш объектісін ұшыруды жүзеге асыратын немесе ұйымдастыратын, немесе аумағынан не құрылғыларынан ғарыш объектісі ұшырылатын мемлекеттер есептеледі.
Егер залал ұшырушы екі мемлекеттің ғарыш объектілерінің соқтығысуы нәтижесінде пайда болса, онда олар үшінші мемлекеттің алдында ортақ жауапкершілікте болады. Мұндай жауапкершілік (Конвенцияның ІҮ бабы) ғарыш объектісін екі немесе бірнеше мемлекет бірігіп ұшырған кездерінде туындайды. Сонымен, егер залал бірлесіп ұшырған кезде келтірілсе, онда өтемақы туралы талап ұшырушы мемлекеттің кез келгеніне дереу қойылуы мүмкін, ондай мемлекет залалды толық көлемде өтеуге міндетті және ортақ жауапкерлеріне қарсы талап қою құқығын пайдалануына да болады.
Егер залал халықаралық ұйымға тиесілі ғарыш объектісімен, оның ішінде ұшатын объектімен келтірілсе және бұл ұйым Конвенция бойынша ұшырушы мемлекеттердің қатарында болса, онда бұл ұйымға және оның құрамына кіретін мемлекеттерге ортақ жауапкершілік жүктеледі. Алайда, өтемақыны өтеу туралы талап бірінші кезекте ұйымға қойылуы керек. Мүше-мемлекеттердің өтемақыны өтеу жөніндегі жауапкершілігі туралы мәселе, егер халықаралық ұйым алты ай ішінде өтемақыны төлемеген жағдайда туындайды (ХХІІ баптың 3-тармағы). Егер залал халықаралық ұйымға тиесілі экипажы бар немесе экипажсыз ғарыш объектісіне келтірілсе, онда залалды өтеу туралы өтемақыны ұйымның өзі емес, уағдаласу бойынша оның мүше-мемлекеттерінің бірі қояды. Сол арқылы халықаралық ғарыш құқығында жауапкершілік субъектілерінің қатарына халықаралық ұйымдар да енгізілген.
Ұшатын
ғарыш объектілері
Ұшатын (адамы бар) ғарыш объектісінің бортында осы объектіні құруға немесе ұшыруға қатыспаған мемлекеттің азаматы немесе азаматтары болса, бұл мемлекетті ұшырушы мемлекеттердің қатарына жатқызуға халықаралық жауапкершілік мәселелері негіз беретін болса, онда тиісінше үшінші тарапқа келтірілген залал үшін олар ортақ жауапкершілікте болады. Оның осы мемлекет азаматының кінәсінан залал келтірілген жағдайда маңызы өте зор болады.