Шетел инвестициялардың қолдану тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 17:48, курсовая работа

Краткое описание

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіз сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік алды. Бірақ, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде жеткілікті тәжірибесі жоқ және сондықтан белгілі бір проблемалар туындайды. Қазақстан Республикасының үкіметінің маңызды проблемаларының бірі шетелдік инвестицияларды тиімді түрде тарту мен бөлу болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ ........................................................................................................................3
1. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
1.1. Шетел инвестицияаларын тартудың негізгі нысандары және механизмдері ................................................................................................................5
1.2. Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеу ................................................................................................................12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
2.1. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың халахуалының жағдайы ............................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсүін және қолдану тиімділігін талдау ………………………………………………………...22

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері ..................................27
3.2. Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары ...............................33
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................................40

Файлы: 1 файл

Шетел инвестицияларын қолдану тиімділігі 2010-0.docx

— 93.62 Кб (Скачать)

Тікелей  инвестициялау  тек  капиталдың  орын  ауыстыруы  деп  қарастыру  дұрыс  емес. Көбінесе  бас  компания  өз  маркасын, басқару  құрылымын, ноу-хауын  және  т.б.  қолдану  арқылы  барлық  қажетті  қаржылық  ресурстарды  толығымен  немесе  ішінара инвестицияны қабылдаушы елден  алады. Филиал  тиімді  болған  кезде  ол  өз  пайдасы  мен  қайтадан  алынған  несиесі  есебінен  өседі, бірақ  пайданың  бір  бөлігін  бас  компания  өз  еліне  аударады.

ТШИ  ағымдарының  әсері  қиын  болжанады, және  олар  республиканың  төлем  балансының  жағдайына  теріс  әсер  етіп, сыртқы  қаржыландыруды  алудың  өте  қымбат  әдісі  болады.

Шетел  инвестицияларының  10-12 % орта  пайдалылығында  тікелей  инвестордың  дивиденд  алуының  уақытша  шектеулері  болмайды  және  қаражаттың  кетуін  инвестордың  акционерлік  капиталға  қатысуының  спецификалық  ерекшеліктеріне  байланысты  алдын-ала  есептеу  мүмкін  емес. Қазақстанда  шетел  инвесторларының  қызығушылығы  негізінен  республиканың  шикізат  өнеркәсібіне  шоғырланған. Бұл  салаларға  капитал  сала  отырып, олар  3-5  жылдан  кейін  бастапқы  шығындарды  жабатын  және  өндірістің  одан  әрі  дамуын  жүзеге  асыратын  пайда  бере  бастайды  деп  күтеді. Негізінен  шетел  инвесторы  өз  пайдасын  өз  кәсіпорындарының  дайын  өнімі  ретінде  алады; мұнай, металлургиялық  өнеркәсіп  өнімдері, түсті  металл  және  т.б., яғни  Қазақстан  экспортының  негізгі  өнімдері. Сонымен  2003 жылдан  бастап  шетел инвесторларының дивидендтері  республика  экспортының үлкен бөлігін құрады, яғни  шығарылатын өнімнің көлемінің номиналды өсімі экспорттық  волюталық табыстың  дәл сондай  өсімімен  сай келмейді, бұл республиканың төлем балансының  ағымдағы  есебіне теріс әсер  етеді. Шетелдік инвестициядан алынған ЖІӨ және басқа көрсеткіштер макроэкономикалық процестер тұрғысынан сипатталатын шетелдік капиталдарды қадағалау керек болып табылады. Шетелдік несиелерді тарту көлемі экономикада сыртқы берешектерді өтеу мүмкіндігімен және қосымша ұлттық капитал салымдарын төлеу міндеттеледі. Сыртқы ресурстар түсімі минималды қажеттіліктен (төменгі шекара) мөлшерге дейін ұлттық қауіпсіздік деңгейінде жүзеге асырылады (жоғарғы шекара). Егер қарызға алу қарыз дағдарысын туындататын басқа қаржылық инвестиция көздерінің қатынастары бойынша сәйкестіксіз арқылы құрылады. Сондықтан сыртқы несиелерді тарту кезінде қарызға алу деңгейі қауіпсіздігін есептеу қажет, сондай-ақ елдің экспорттық көлеміне сыртқы несиелер бағамы арасындағы қатынасты анықтау керек. Болжаулар бойынша Қазақстан Республикасының Минэкономикалық бағамы, төрағалық міндеттемелер ұзақ мерзімді жеңілдіктер заемдар және несиелер бойынша 12 және одан жоғары жылдарда өтелу керек. Коммерциялық несиелер бойынша Қазақстан Республикасының кепілдіктері қызмет көрсету мөлшерінен сыртқы берешектер деңгейінде 18-20 процент экспорттық тауарлар мен қызметтерден беріліп отырады. Сыртқы қарызға алу тәжірибесі құрылым есептемесімен мерзім бойынша өтемдер ЖІӨ-нің 35-40 проценті сыртқы қарыздың шекті деңгейі бойынша қабылданады. Қазақстада соңғы уақытта өнеркәіпті басқару барысында шетелдік капиталдармен мен шетелдік басқару тәжиребесі қолданылып жүр. Капиталды тартудың жаңа формасы күрделі өнеркәсіптің ауырлау қаржылық дағдарысын байқатты. Дегенмен тәжиребедегі шарт жасасу фирмамен басқару оның ішінде шетелдіктер басқару көрсетілген. Күрделі кәсіпорындарды бір нақты саламен табыстау, шетелдік инвестордың елеулі монополиялы саланы  иемденгенін білдіреді. Бұдан басқа белгілі формада шетел капиталын тарту тек ағымдағы мінездемелер арқылы орындалады.

Қазақстанның  шетел инвесторларына тартымды фактор – ел экономикасының бір жақты  дамуы себеп болуы мүмкін. Қазақстан  экономикасының алдынғы болашағында  өнеркәсіптің өндіруші және қайта өндіруші шикізат салаларынан кірісті  алуға бағдарлануымыз қажет. Транзиттік процестегі деңгейінің маңызды индикатор  қызмет секторының дамуы болып табылғанмен, тиісіт денгейге дейін даму үшін белгілі  мерзім керек. Халықаралық нарықта Қазақстанның позициясын нығайту үшін алдын ала маңызды шарт өнеркәсіптің экспорттық потенциалын көбейту болуы мүмкін. Экономика секторларының арасында инвестицияны қайта бөлу пайдасына республикадағы инвестициялық саясатты қайта қарастыру болашақта саналы болып көрінеді, басқа салалардың жеткілікті инвестицияланбауынан экономиканың жеке салаларында инвестиция осы көп болып кетуі «голландтық ауруға» шалдықтыруы мүмкін. Инвестициялық саясаттың ұзақ мерзімді және басымды мақсаты экономиканың әр түрлі салаларының дамуында теңдікке жету болып табылады.

Ал стратнегиялық  проблемалар қайта құру және кәсіпорынды  жаңғырту шешілмейді. Басқарушы фирмаларды капитал құрылыстары және жабдықтарды  сатып алу кәсіпорынның жекелік  формасындай салым құралдарына  деген құқықты жоққа шығарды. Осындай көз қарастар тәжірибеде шарт жасау барысында қалдықсыз  шикізат және фирманың жедел басқармасы өнімінде кәсіпорынның негізгі қорларымен табиғи ресурстарды жеделдетуді  молайтуды қамтамасыз етті.

Елдің ішкі артықшылығының маңызды факторы  жұмыспен қамтамасыз етілуі болып табылады. Мамандардың бағасы бойынша елде халықтың активті бөлігінде жұмыссыздардың үлесі жетуге болатын шектен  асып кетті, статистикалық есеп берудің  жетілдірілмегендігі жұмыссыздықтың нақты мөлшерін, соның ішінде жоғары квалификацияланған мамандардың жұмыссыздығын, дипломдалған жұмыссыздардың жасырылған формасын анықтау мүмкін емес.

Инвестиция және салық бойынша  халықаралық орталық Қазақстанда  инвестициялық климаттың арнайы зерттеуін жүргізді. Қазақстанда  инвестициялық позицияны (бағытты) ұстанатынын немесе осындай мүмкіндікті  қарастырып жатқанын 46 респонденттердің 39-ы көрсетті. Бұл респонденттер  қазіргі кезеңде республикада орын алатын шетел инвестициясының сферасындағы барлық негізгі позицияларды көрсетеді. Ірі батыс компаниялары басшыларының пікірі бойынша Қазақстанда инвестициялық  климат жалпы алғанда қолайлы, бірақ  ары қарай шетел капиталының  құйылуы үшін күрделі кедергілер мыналар болуы мүмкін:

  • бюрократиялық бөгет;
  • қаржылық тәуекел;
  • Қазақстанның салық және қаржылық режимдеріндегі жетіспеушілік;
  • құқықтық инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы;
  • валюталық бақылау.

Инвестициядан пайда алу  мүмкіндігіне қарамастан инвестициялық  саясаттың анықталмағандығы Қазақстанға  инвестицияның құйылуына кедергі  жасайтын басым факторлар болып  табылады. Инвесторларға тұрақты  және сенімді саяси талап етіледі.

Шетел инвестицияларын кеңейту  үшін қолға алған шаралар республикада ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  мақсатымен оларды реттеуді қарастыру  қажет және бірінші кезекте, табиғи ресурстармен республиканың адамдық потенциалын есепсіз пайдалануды тоқтату керек. Мұндай жағдайлар өкінішке орай, шетел компанияларында бар, олар өндіріс ұйымына көп емес материалдық және қаржылық құралдарды тартып, еңбекшілердің құқықтарына қысым көрсету есебінен заңды емес баюға жетеді. Өндірісте шығындарды азайту ресурстарды тиімді пайдалану жолымен ғана емес және де айлықты кешіктірумен және қысқартумен, күзет талаптарын және жұмысшылардың еңбек шартын орындамаумен жетеді. Шетел кәсіпорындарында қазақстандық жұмысшылардың құқықсыз жағдайы белгілі денгейде мелекеттік оргондардың жұмыспен қамтамасыз ету саясатын құруда, осындай кәсіпорындарда еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне байқамдықпен қарауында болып отыр.

Қазақстан трансұлттық  корпорациялардағы әлеуметтік еңбектік қатынастарды реттеу туралы үкімет аралық келісімге қосылмады, ол ТМД мемлекет қатысушылар территориясында әрекет етеді. Бұл келісім ТМД елдерінің  үкіметтерінің басшылар кеңесімен 1997 жылы 9 қазанда Бішкекте қабылданды. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда  бірігу бостандығы және ұжымдық келіссөздер  жүргізу құқығы, жұмыссыздықтан қорғау, айлықты қорғау, әлеуметтік қамтамасыз ету облысында құқықты сақтау бөлігінде халықаралық еңбек  ұжымының негізін қалайтын конвенция  бекітілмеген.

Республикада әлеуметтік серіктестік  қалыптаспаған. Үкімет арасында, кәсіподақтар арасында (оның ішінде ресми және ресми  емес кәсіподақтар) республикалық жұмыс  берушілер бірлестігі, өнеркәсіпшілер одағы және кәсіпкерлер, Қазақстанның кәсіпкерлерінің конгресі арасында  2007 жылдың басында үшжақты келісімге қол қойылғанына Қазақстандағы шетелдік кәсіпорындар мен жұмысшылар арасында әлеуметтік серіктестік дұрыс жолға қойылмаған. Ұжымдық келісім шартқа отырған ірі кәсіпорындар қатарына мына кәсіпорындарды жатқызуға болады: «Испаткармет» ОК, «Феррохром» Акционерлік қоғамы, «Казахстан Алюминий» Акционерлік қоғамы, «Целинный кен химиялық комбинат» Акционерлік қоғамы, “Алматы темекі компаниясы” Акционерлік қоғамы тағы да басқа ірі кәсіпорындар. Көп кәсіпорындар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуына сәйкес ұжымдық келіссөздерді жасаудан бас тартады.

Осылайша мемлекет шетелдік капиталды  тарту мақсатымен, оны пайдалы  салымға сала отырып мемлекет ұлттық кадрлердің шетелдік кәсіпорындарда жұмыс  істеуін, жұмыс тәртібі мен жұмыс  уақытын қадағалай отырып, оның төлемақысы, оқуы мен қосымша білім алуы сияқты маңызды мәселелерді реттеуінде көп кемшіліктері бар.

 

 

 

 

 

 

3.2. Шетел инвестицияларын  тартудың жетілдіру жолдары

 

 

Қазіргі  кезде  Қазақстан  экономикасына  шетел  инвестицияларының  келуінің  жаңа  перспективолары  ашылып  жатыр.

Бірінші,  ең  негізгі  шетел  капиталын  тарту  бағыты  оның  көмегімен  Қазақстанның  алынбаған  ғылыми  техникалық  потенциялын  меңгеру, әсіресе  машина  жасаудың  конверсияланатын  кәсіпорындарында.

Екінші, Қазақстанның  экспорттық  потенциялын  кеңейту  және  диверсификациялау.

Үшінші, импорт  алмастырушы  өндіріс  құру, халық  тұтыну  тауарларының , азық-түлік  тауарларының, дәрі-дәрмектің, машина  жасау  өнімдерінің, т.б. өндірісін  дамыту.

Тортінші, транспортпен  байланыс, өңдеуші  салалар  мен  инфроқұрылым  сфералары.

Бесінші, бай  табиғи  қорлары  бар, еңбегі  мол  аймақтарға (бірінші  кезекте  оңтүстік , батыс  және  орталық ) шетелдік  инвестицияның  келуіне  ықпал  ету.

Қазақстан  экономикасының  салыстырмалы  қаржылылық  тұрақтылығы, сыртқы  несие  ресурстарын  тартуға  қатаңырақ  қарау  жағдайында  (үкіметтік  несиелер  мен  кепілдерге  шектеуді  енгізу) сыртқы  қаржыландыру  көзінің  ерекше  ролін  шетел  тікелей  инвестициясы  алып  отыр.

Шетел  тікелей  инвестициялары  халықаралық  инвестициялық  қызметтің  категориясы  ретінде  инвестордың  басқа  экономика  резиденті  болып  табылатын  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметіне  ұзақ  мерзімді  қызығушылық  алуымен  сипатталады.

Қазақстандағы шетел инвестициялық қызметiн  басқарудың мемлекеттiк механизмдерiн  жетiлдiру келесi бағыттармен жүру керек.

  1. Инвестициялар бойынша комитеттiң қаржымен қамтаммасыз етiлу проблемасын шешу. Тiкелей инвестицияларды 2004-2005 жылдары татру бағдарламасында Ирландиядағы 1950 жылы берi жұмыс iстейтiн ұқсас инвестицияны қолдау бойынша агенттiктiң өз қызметi үшiн, $26 млн көлемдегi жылдық бюджетi бар екенi көрсетiледi. Орталық және Шығыс Европа елдерi арасындағы реформа қарқыны бойынша 3 алдыңғы қатарлы мемлекеттер (Венгрия, Польша ж/е Чехия) өз инвестицияларын қолдау бойынша агенттiктерiн қаржыландыруға үлкен мағына бередi. Осылайша, эксперттердiң бағалауы бойынша, ITD Hungary жылдық бюджетi $5 млн, PAIZ Poland жылдық бюджетi-$4,7 млн, GreenInvest-$2млн.

Қазақстанның инвестициялар  бойынша комитетiне республикаға шетел  инвестицияларын тарту кезiнде  консалтинг қызметтердi  кең көлемде  көрсету қажет. Өкiнiшке орай, бұл  сала Қазақстанда толығымен шетел  консалгтингтiк компанияларына берiлген. Атап айтсақ, заңды кеңес беру де шетел фирмаларының қолында-«Бейкер  и Мак-Кензер», “Уаит и Кейс”  және т.б, аудит және бухгалтерлiк консультация –«Прайс уотерхаус», «Артур Адндерсон» және т.б.

  1. Инвестициялар бойынша комитеттiң аймақтық бөлiмшемелерi мен шетелдiк өкiлдiктерiн құру. Инвестициялар бойынша комитеттiң аймақтық (облыстық) бөлiмшелерiн ең болмағанда инвесторларға өте тартымды облыстарда (мұнай өндеушi, өнеркәсiптiк) құру керек. Оларға келесi аймақтарды жатқызуға болады: Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан (мұнай өндiрушi), Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы қаласы (өнеркәсiптiк).

Қазақстанның шетелдегi елшiлiктерiне инвестициялар бойынша  комитеттерге келесi сұрақтар бойынша  көмек көрсету мiндетiн қою  керек: жарнамалық компаниялар конференция, семинар жүргiзу инвестиция заңы туралы және шетелдердiң мемлекеттiк басқару  органдарының шетел инвестициясын  тарту бойынша қызметi туралы мәлiмет  жинау, мүмкiн инвесторлар iздеу және т.б.

  1. Тiкелей инвестицияларды 2004-2005 жж. тарту бағдарламасында инвестициялар бойынша комитеттiң шетелдiң ұқсас агенттiктерiнен ынтымақтастығын инвестициялық ерекшелiктердi және инвестиция тарту бойынша тәжiрибенi бiлу үшiн көбейту керек. Сонымен қатар, инвестициялар бойынша комитет әлемдiк банкпен МВФ МIGА, ПРООN, FIАS, ЮНИДО ТАСИС, WАIPА және басқада халықаралық ұйымдармен  өзара әрекеттестiгiн жалғастырмақшы. Мысалы Foreiди Iпvestmeпt Advisory, Service (FIAS)-бұл халықаралық Валюта қорының, әлемдiк банктің және 12 донор-мемлекеттердiң елдерге тiкелей шетел инвестицияларын тарту саласында техникалық көмек көрсету бойынша бiрлескен бағдарлама. Соңғы жылдары бұл ұйым келесi жобаларды жүзеге асырады: шетел инвестицияларын тарту жолындағы әкiмшiлiк тосқауылдарды бағалау (Мадогаскарда, Малиде, Сенегалда, Латвияда, Мавританияда), шетелдiк меншiкпен кәсiпорын құру кезiнде түрлi рұқсат пен лицензияларды бағалау (Чехия), шетел инвестициялары туралы заңды қайта қарау (Литва) және т.б.

       Қытайда FIAS екi қызықты жобаны  жүзеге асырады:

  • шетел тiкелей инвестициясын тарту жүйесiн құру бойынша жұмыстың   аяқталуы;  
  • елдiң инфрақұрылымдағы шетел инвестициясы үшiн заңды және институционалды негiздердi бағалау.

Бiздiң ойымызша, Қазақстан FIAS-тың тiкелей шетел  инвестициясын тарту саласында  техникалық көмек көрсету бойынша  тәжiрибесi мен мүмкiндiгiн кең  қолдану керек.

Информация о работе Шетел инвестициялардың қолдану тиімділігі