Шетел инвестициялардың қолдану тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 17:48, курсовая работа

Краткое описание

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіз сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік алды. Бірақ, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде жеткілікті тәжірибесі жоқ және сондықтан белгілі бір проблемалар туындайды. Қазақстан Республикасының үкіметінің маңызды проблемаларының бірі шетелдік инвестицияларды тиімді түрде тарту мен бөлу болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ ........................................................................................................................3
1. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
1.1. Шетел инвестицияаларын тартудың негізгі нысандары және механизмдері ................................................................................................................5
1.2. Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеу ................................................................................................................12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
2.1. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың халахуалының жағдайы ............................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсүін және қолдану тиімділігін талдау ………………………………………………………...22

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері ..................................27
3.2. Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары ...............................33
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................................40

Файлы: 1 файл

Шетел инвестицияларын қолдану тиімділігі 2010-0.docx

— 93.62 Кб (Скачать)

Сонымен, Қазақстан  Республикасының көпқырлы болып  табылатын инвестициялық саясатының келесiдей негiзгi бағыттарын атап кетуге болады: қолайлы инвестициялық климат құру, қазақстанның халықаралық ұйымдарға белсендi қатысуы, республиканың түрлi халықаралық келiсiмдер мен конвенцияларға отыруы, инвестиция бойынша комитеттiң инвестициялық саясат стратегиясын жүзеге асыру бойынша қызметi. Қазақстанның инвестициялық саясаты жетiлу керектiгi және шет мемлекеттер практикасындағы ең жақсы құралдар мен механизмдердi қолдану керектiгi сөзсiз.

Қазақстан экономикасы  үшін шетел капитал салымдары, оларға бәсекелік әлемдік экономикаға  интегралдануына көмектеседі. Төменде  неге шетел инвесторлары Қазақстанға  жоғары дәрежеде пайдалы болуының дәлелдері  келтіріледі.

Жаңа технологияларды беру Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) ірі, дамыған және бәсеке қабілеттілігі жоғары компанияларға жатқызылады. Олар әртүрлі елдерде өздерінің өндірістік қуаттылықтарын орналастыру және өтімділік рыноктарын ұйымдастыруға шейін барлық сатысында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін қолданады. Қазіргі күнгі экономикада басты өндірушілер барлық әлем бойынша жабдықтаушылар мен рыногтарға кіруді іздейтін глобалды әрекеттегі тұлғалар болып табылады.

Егер Қазақстан  ТҰК тарта алса, онда оның жаңа технологиясының  әсерін сезінеді. ТҰК-мен байланысты белгіленген жергілікті компаниялар, олардың ноу-хауларын менгереді  және қатаң бәсеке жағдайында халықаралық  рынокка жұмыс істеуге үйренеді. Мұндай білімдерді ТҰК-ң персоналдары мен менеджерлері алады.

Жұмыс орындарын құру.  Экономика өтпелі жағдайда болған кезде Қазақстанда жартылай (толық емес) жұмыс бостылық немесе жұмыссыздық созылмалы проблема болып табылады. Мемлекеттік секторда жұмыс орындарын құру сияқты шаралардың көмегімен жұмыссыздықпен күресу аз нәтижелі болады. Ал тікелей инвестициялар жұмыс орындарын құрайды. Сонымен қатар жергілікті кадрларды кәсіби дайындау жергілікті экономикаға қолайлы әсерін тигізеді.

Экспортты дамыту. Шетел инвестициялар, алушы елдерден ТҰК-ң штаб-квартирасы орналасқан елдің экспорт тұрақты экономикалық өсу үшін өте маңызды және тұрақты валютаны қамтамасыз етеді. Тұрақты валюта импорт тауарларын сатып алуды қаржыландыру мен ішкі инвестицияны қаржыландару, сыртқы қарыздарды төлеу үшін қажет. Шетел инвесторлары Қазақстандағы өзінің экспортының номенклатурасын кеңейтуге көмектеседі. Дәстүрлі емес экспорт өнімі деп аталатын жаңа экспорттық өнімнің сапалы өсімі, шикізат тауарларын дәстүрлі экспорттаған Қазақстан үшін өте маңызды. Экспорттық өнімнің диверсификациясы шикізат тауарларына бағаның төмендеуінің алдында елдің қорғалмағандығын төмендетеді.

Инвестордың типіне, инвестициялық мақсаттар  мен тәуекел дәрежесіне байланысты шетел инвестицияларының түрлерін бөліп көрсетіледі. Сонғы жылдары  алуан түрлі болып келеді, бұның  көмегімен шетел инвестициялары жүзеге асырылады. Бұл электрондық  коммуникация шеңберіндегі жетістіктердің арасындағы байланысты жақсартқан және жаңа инвестициялық механизмдерді  дамытқан жетістіктердің арқасында  мүмкін болды.

Капитал қозғалысының осындай  механизмдерінің бірі тікелей шетел  инвесторы болып табылады, бұларды  шетел компаниялары мен мемлекет жүзеге асыру арқылы инвесторлар  рыноктан тез кету мүмкіндігінен  айырылады. Бірақ олар жоғары дәрежедегі тәуекелмен байланысты ұзақмерзімді салымдар салуға дайын, өйткені бұл жағдайда салым тәуекелімен байланысты пайда  жоғары болатынына сенімді болады. Тікелей шетел инвестициялар  тікелей емес инвестицияларға қарағанда  капиталдың маңызды сомаларын құрайды. Инвестицияның өте жоғары көлемі мен капитал салымның ұзақ мерзімімен үйлестіруде, инвестициялаудың бұл формалары алушы елдер үшін табысты болып табылады. Осыдан, Қазақстан инвестицияның мұндай формасын тартуға құштар екенін көруге болады.

Шетел инвестицияларын  тарту мен пайдалану тиімділігі мен көлемі елдегі инвестициялық  климаттың болуына тәуелді болады. “Капитал  елге  келу  үшін” инвестициялық  климот  деп  аталатын  көптеген  факторлардың   болуын  қажет  етеді. Сол  факторлардың  ішінен: эконоимкалық  өсімнің  деңгейі  немесе  басқаша  жалпы  ішкі  өнімнің  өсімшесі; нарықтың  көлемі (Бір  адамға  шаққанда  жалпы  ішкі  өнімнің  көлемін  халық  санына  көбейтумен  анықталады); ұлттық  экономиканың  ресурспен  қамтамассыз  етілгендігі; инвестициялар  үшін  заңды  базасы, заңдардың  тұрақтылығы; саяси  тұрақтылық; бюрократия, коррупция  жағдай; кедендік, қаржылық  реттеу; салықтардың  және  жеңілдіктер  деңгейінің  бәсеке  қабілеттілігі; инфрақұрылымның  деңгейі; реформалардың  қадамы; экономикалық  коньюктураның  жағдайы; шетел  көмегіне  тәуекел (Экономикалық  еркіндікте  қозғалып  келе  жатқан  көптеген  елдер, зерттеушілердің  айтуынша, шетел  көмегінен  тәуелсіз. Олар  өзінің  дамуында  тек  өз  ресурстарына  сенеді); сыртқы  қарыз  мөлшері (Әрине, бұл  проблема  шешімсіз  емес, егер  қарызға  алынған  ақша  жол  құрылысына, инфроқұрлымды  дамытуға  жұмсалса, бұл  экономикалық  даму  үшін  жақсы); волютаның басқа волютаға еркін түрде айырбасталуы (Пайданың  репотриациялану  мүмкіндігі-кез-келген  салым  үшін  қажет  жағдай. Бұл  мүмкіндік  заңмен  кепілденеді. Ол  жергілікті  волютамен  бекітіледі); волюта  күші (Бұл  волютаның  инфляцияға  қатысты  тұрақтылығы). 

Қазақстанның нарықтық экономикаға  көшуі үдемелі қарқынмен өсіп келе жатыр. Мемлекеттік меншіктің  жекешелендіруі жүзеге асты.

Өнеркәсіптік  өндірістің құлдырау қарқыны 2004 жылынан бастап баяулады, инвестициялық орта жақсарды. Бұл теңгенің «қалқымалы» бағамға көшу салдарынан болды және мұнай мен металлға әлемдік баға өскенде қазақстандық экспортерлар кен өндіру саласында өндірістің көлемі өсті. Инвестицияларды игеру динамикасы экономикадағы қайта белгіленген тенденциялары жағдайдың жақсаруының айғағы болып табылады.

Инвестициялар  үшін  заңды  базасы, заңдардың  тұрақтылығы. Заңдардың оң сипаты инвесторларға берілетін жеңілдіктер тізбегі, артықшылық пен кепілдік болып табылады. Олар пайдаға салынатын салықты төлеуден, мүлікке салынатын салықтан босатуды және 5 жылға, дейінгі мерзімде жерге салық 5 жылға дейін 30%-ке дейін біртіндеп төмендеуді қарастырады. Заңда инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін кіргізілетін құрал-жабдық, шикізаттар мен материалдың кедендік баждан босатылуы қарастырылады.

«Тікелей  инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы»  заңдағы маңызды қағида қазақстандық заңдардың өзгеруінен олардың жағдайы  нашарланса, шетел инвесторларының  мүддесін қорғауға кепілдік береді. Бұл  баптың мағынасының байламы –  қазақстан экономикасына инвестор капиталды салғанда, мемлекет бұл  шарттарды инвестор үшін нашар жаққа  өзгертпейтіндігіне сенімді болуында. Заң шығаруы актілер (салықтық, кедендік, лицензиондық) өзгерген жағдайда, инвестор өзінің инвестициялық қызметі басталған кездегі жүзеге асқан актілерді қолданады, егер жаңа заңда қарастырылса, шарттарды жақсартуға рұқсат етіледі.

Республикадағы  инвестициялық климатты әрі қарай  нығайту үшін Қазақстан Республикасында  мемлекет басшысының тапсырысы бойынша  жасалған 2004-2005 жж тікелей инвестицияны тарту бағдарламасын үкімет мақұлдады. Саяси және экономикалық тәуекелді төмендету үшін Үкімет өзара қорғаумен шетел инвестицияны ынталандыру бойынша бірнеше елдермен екіжақты келісім жасау мақсатқа қойылған.

Саяси  тұрақтылық. ЮНКТАД мәліметтері бойынша Қазақстан Орталық Азияға келген барлық тікелей шетел инвестицияларының 4/5 бөлігін алған. Қазақстандықтарға осы таңдаған бағыттан таймауға тырысу керек. Өйткені Азиядағы, Ресей және Бразилиядағы қаржы дағдарыстарының нәтижесінде әлемдік инвестициялық процесстер жағымсыз динамикаға көшті, инвесторлардың дамып кележатқан мемлекетер мен рыноктарға сенімсіздік пен қарауымен түсіндіріледі. Сонымен қатар әлемдік рынокта Қазақстанның негізгі экспорттық позициясының баға коньюнктурасы төмендеуде. Әлемдегі мұнай рыногындағы белсенділіктің төмендеуі Қазақстандағы көмірсутегі шикізатының шығатын жерлерін игеруге және оны сыртқы рыноктарға тасымалдауға теріс әсерін тигізуі мүмкін мемлекеттің инвестициялық климатының сапасы көп инвесторлар үшін жеңілдіктер мен преференциялардың түрлері және көлемімен анықталмайды, оларға тек әлеуметтік – саяси және макроэкономикалық тұрақтылық болса болғаны. Инвестициялық жобалар іске асып, даму үшін мемлекеттің саясаты тұрақты, айқын болуы керек. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей экономика даму үшін тікелей инвестицияның келуі біртіндеп көбееді. Ол мемлекеттерге тұрақтылықты нығайту мен сақтауға, мемлекеттік саясатқа инвесторлардың сенімінің артуына, инвесторлық қызметке жағдай жасауға байланысты көбееді.

 Бюрократия, коррупция  жағдай. Инвесторлық «ойын ережесі» барлық инвесторлар үшін анық және түсінікті болуы тиіс. Олар бюрократизм мен коррупцияға және әділетсіз жеңілдіктер мен артықшылықтарды алуға жол бермеуі керек. Қазіргі инвестициялық саясаттың мақсаты инвестицияларды тартуға және өндіріс пен сауданы дамытуға байланысты барлық кедергілерді жою болып табылады. Сонымен қатар биліктің барлық денгейлерінде инвесторлардың құқықтарын қорғау мен сақтауды қамтамасыз ету керек. Инвесторлардың құқықтарына зиян келтіру мемлекеттік инвестициялық имиджіне нұсқау келтіруді және мемлекеттік оргондарға сенімділікті төмендетеді.

 

 

 

2.2. Қазақстан Республикасындағы   шетел инвестициясының келіп  түсүін және қолдану тиімділігін талдау

 

Қазіргі  кезде  ел  макроэкономикалық  көрсеткіштерінің  салыстырмалы  тұрақталуына  жеткен  кезде  экономиканы  өсімге  жету  бойынша  шараларды  жүзеге  асыру  маңызды  міндет  болып  отыр. Экономикалық  өсім  концепциясы,  шетел  капиталын  кең  тартуды  болжайды. Капиталды  жинау  мен  инвестициялаудағы  екпін  шетел  инвестициясын  тартуды  қоса  алғанда бірнеше  проблемаларды  шешуге  мүмкіндік  береді. Бірінші  кезекте  бұл  экономикалық  өсім  факторы, оның  көмегімен  алдыңғы  қатарлы  технологиялар  меңгеріледі, нарықтардың  отандық  тауарлармен  толуы  жүреді, экспорттық  өнімнің  бәсеке  қабілеттілігі  көтеріледі. Қазіргі  кезеңде  Қазақстан  ірі  нарықтық  потенциялы  табиғи  ресурстардың  түрлілігі  мен  стратегиялық  тиімді  кен  орындарының  болуына  қарамастан  экономикасы  шетел  кәсіпкерлеріне  тікелей  салымдары  үшін  онша  тартымды  емес. Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік  қолдау  туралы  жаңа  заңды  қолдану  арқылы  жағдай  қолайлырақ  бола  бастады. Сондықтан  қаржыландыру  көздері  бойынша  инвестиция  құрылымында  едәуір  өзгерістер  пайда  болды, әсіресе  1995-1996 жылдары  бастап. Қазақстанның  Азиялық  аймақтағы  стратегиялық  орны,  бай  кен  орындары,  үлкен  ауыл  шаруашылық  потенциялы  сонымен  қатар  еңбек  ресурстарының  жоғары  білім  деңгейі  шетел  тікелей  инвестицияларының  сыртқы  қаржы  ресурстарының  жалпы  ағымдағы  үлкен  үлесін  алдын  ала  анықтады.

Қазір  шетелдік  инвестициялар  тікелей  түсімдерді  көрсетеді, бірақ  олардың  қажет  мултипликативті  эффектісі  әлі  жоқ. Заң  құқықтық  базаның  толық  еместігі  салық  жүйесінің  тұрақсыздығы  айтарлықтай  проблема  болып  табылады. Инвестициялық  белсенділіктің  азаюы  өндірістің  одан  әрі  құлдырауы  оның  қаржылық  нәтижелерінің  нашарлауы  сияқты  факторларға  алып  келді , әсіресе  бұл  машына  жасау  құрылыс  және  құрылыс  материялдарының  өнеркәсібі  сияқты  қор  жинайтын  салаларға  көп  әсер  етті.

Республикаға  шетел инвестицияларды тартудың перспективалы формалары келесідей: портфельді инвестициялар (акция сатып  алу); бірлескен кәсіпорындарды құруға кететін инвестициялар; кәсіпорынды  басқаруға алған фирмалардың  инвестициялары; кәсіпорындарды өздері иеленуге алған компаниялардың инвестициялары. Шетелден капитал қазіргі уақытта  негізінде екі канал арқылы тартылады: үкіметтік кепілдік берілетін халықаралық  несие және тікелей инвестициялар.

Қазақстан көптеген инвесторларды бай табиғи ресурстарымен, арзан жұмыс күшімен және ішкі рыноктың дамымағанымен қызықтырады. «Арзан табиғи ресурстар» факторы біріккен кәсіпорындардың аймақтары бойынша  бөлінуінде маңызды роль атқарады. Бір ескеретін жәйт инвестицияның  көп келуі Қазақстан ұшін қажет  бірақ сонымен қатар бұл жағдайда егеменді еліміздің экономикалфқ қауіпсіздігін  де ойлауымыз қажет.

Жалпы 1998-2009 жылдары тікелей шетел инвестицияларын тарту бойынша алдыңғы қатарда бұрыңғыдай тау кен өндірісі  5431,54 млн. долл. (64,48 %), жалға беру 1791,97 млн. долл. (21,27 %), өңдеу өндірісі 515,77 (6,12 %) болып отыр (кесте 1 және 2 бойынша). Шетел инвесторлары арасында белгiлi қызығушылықты қазақстандық экономиканың қара металлургия, энергетикалық кешені мен өндiру өнеркәсiбi  сияқты салалар тудырып отыр.

Кесте 1

Қазақстан Республикасына қызметтер нысандары бойынша тікелей шет инвестицияларының 1998 – 2009 жылдары келіп түсуі

               (млн.долл.)

 

Сала

1998-2005

2006

2007

2008

2009

Ауыл шаруашылығы 

7,4

5,0

2,4

1,6

-2,02

Тау кен өңдеу өндірісі

7841,2

3088,1

2123,4

2187,8

5431,54

Өңдеу өндірісі

1766,4

832,4

993,7

993,7

515,77

Электрқуатын, газды, суды өндіру және бөлу

 

433,0

 

33,8

 

19,0

 

67,7

 

11,39

Сауда және қызмет көрсету

150,5

63,6

103,2

164,0

267,63

Мейрамханалар мен қонақ үйлері

 

52,4

 

25,3

 

12,3

 

7,3

 

13,44

Көлік және байланыс

160,0

161,1

95,2

75,8

81,89

Қаржы қызметі

206,4

44,8

11,8

52,7

67,74

Жалға беру, кәсіпорындарға қызмет ету  және жылжымайтын мүлікпен қызмет ету

 

1432,8

 

454,5

 

845,7

 

987,1

 

1705,93

Мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық  сақтау және әлеуметтік қызмет

 

118,1

 

6,0

 

13,4

 

4,2

 

90,74

Информация о работе Шетел инвестициялардың қолдану тиімділігі