Шетел инвестициялардың қолдану тиімділігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2012 в 17:48, курсовая работа

Краткое описание

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіз сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік алды. Бірақ, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде жеткілікті тәжірибесі жоқ және сондықтан белгілі бір проблемалар туындайды. Қазақстан Республикасының үкіметінің маңызды проблемаларының бірі шетелдік инвестицияларды тиімді түрде тарту мен бөлу болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ ........................................................................................................................3
1. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
1.1. Шетел инвестицияаларын тартудың негізгі нысандары және механизмдері ................................................................................................................5
1.2. Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеу ................................................................................................................12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ
2.1. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың халахуалының жағдайы ............................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсүін және қолдану тиімділігін талдау ………………………………………………………...22

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері ..................................27
3.2. Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары ...............................33
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ............................................................................40

Файлы: 1 файл

Шетел инвестицияларын қолдану тиімділігі 2010-0.docx

— 93.62 Кб (Скачать)

Инвестициялық салықтық преференциялар келесідей  түрде беріледі: инвесторларға корпоративтік  табыс салығы, егер инвестор жаңа өндіріс  ашатын болса немесе кеңейтетін болса  жеңілдіктер беріледі. Корпоративтік  табыс салығы преференциясын пайдалану  үшін салық төлеуші инвестициялық  проект негізінде пайдалануға жаңа енгізіліп жатқан соммасы қосылмайды. Инвестициялық салықтың преференциялардың  уақыты өткеннен кейін заңмен бекітілген нормада салықты төлей береді. . Заңда инвесторларға өтемақы  нормасы да қарастырылған.  Мемлекеттік  қолдау мақсатында салықтық преференциядан басқа кедендік жеңілдіктер, яғни олар импортталған құралдарға кедендік баждан босатылады. Инвестициялық преференциялар инвестордың мемлекеттік органмен жасасқан    контрактісі    негізінде    беріледі.   Қазақстанда   салық   преференциялар   мен  кедендік жеңілдіктерден басқа заңда  мемлекеттік гранттар көрсетілген, яғни инвестициялық жобаны жүзеге асыру  үшін қажет мемлекеттік мүлікті  қайтарымсыз беру. Заң мемлекеттік  грант ретінде мына объектілерді айқындайды: жер учаскелер, ғимараттар, машиналар және құралдар. Және де мемлекеттік  грант көлемі инвестициялық жобаның 30%-нен аспау керек.

Жаңа инвестицияға мемлекеттік көмек берудің артықшылығы  бұрынғымен салыстырғанда:

  • корпоративтік табыс салығына және мүлікке салынған салыққа жеңілдік берілді, яғни инвестор қаншалықты көлемде негізгі қорды инвестициялайтынына байланысты;
  • қаншалықты деңгейде жеңілдіктер беруді есептеу тартылатын инвестицияның сапасына байланысты болады;
  • заңмен өз еркімен сақтандыру енгізіледі, яғни коммерциялық тәуекелдік сақтандыру;
  • заңда инвемтициялық дауды шешу тәртібі өзгертілген, яғни инвестор үшін екінші оң жағдай. Біріншіден инвестициялық даудың кең ұғымы пайдаланылады, екіншіден барлық дауларды халықаралық арбитражда шешуге мүмкіндік бар әдістемелерін.

Инвестициялық қызметті халықаралық – құқықтық реттеу. Ерекше назарды халықаралық  келісімдердің маңызына, бәрінен  бұрын – инвестицияны өзара қорғау шартына мән берген жөн. Өзімізге белгілі, қазіргі жағдайда шетел  инвестициясын құқықтық реттеу екінші деңгейде жүзеге асады: ұлттық құқықтық және халықаралық құқықтық. Ұлттық құқықтық реттеудің кемшілігі халықаралық  құқықпен жөнделеді. Шетел инвестициясына кепіл ұлттық заң берген кез келген уақытта алынып тасталуы мүмкін. Ал халықаралық заңдар берген кепілдер біржақты тәртіппен алынып тасталмайды. Халықаралық құқықтық реттеу шетел  инвестициясын көпжақты және екіжақты келісім негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар, мысалы: БҰҰ құқықтық реттеуге үлкен  әсерін тигізеді. Халықаралық құқықтық реттеудің бір бөлігін инвестицияны өзара қолдау келісімі құрайды. Екіжақты келісім инвестицияны былай анықтайды:

  • жылжитын және жылжымайтын мүлік негізінде меншік;
  • компаниядаға пайдық қатысу;
  • инвестицияға байланысты экономикалық құндылықтарды құрумен байланысты ақша қаражаттарын талап ету құқығы;
  • интелектуалдық меншікке құқық соның ішінде технология, ноу-хау;
  • басқа барлық құқықтар мен заттай құндылық.

Кейбір екіжақты келісімдер инвестицияға коммерциялық қызмет және концессия ұғымын қосады. Әрине, екіжақты келісімнің мәні ондағы кепілдікке байланысы. Осылайша Қазақстан Республикасы қол қойған келісімдерде инвестрларға екі жақты негізгі екі режим беріледі: ең қолайлы жағдай тәртібі немесе ұлттық тәртіп. Инвестор әрбір жағдайда екі режимді таңдауға құқылы. Сондықтан Қазақстан Республикасы инвестиция облысын инвесторлар үшін жалпы ережелер қолданылған, елге байланысты. Жоғарыда барлық айтылған инвестициялық климатты жақсартуға байланысты мемлекеттік саясат мемлекетшілік және халықаралық денгейде орын алады.

Қазақстан Республикасының  құқықтық режимі бойынша шетел инвестициясы келесі жағдайлармен белгіленген:

  1. Кез-келген шетел инвестициясының жұмсалу түрлері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген, заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының қайырымды істерімен немесе шетелдік заңды немесе жеке тұлғалардың істерімен шектетіледі;
  2. Мемлекеттік заңнамаға сәйкес заңды және жеке тұлғалардың халықаралық келісім шарты бойынша немесе сол мемлекеттің артынан халықаралық конвенцияға қол қойғаннан бастап ҚР-ғы заңнамалық актілерге де байланысты;
  3. Қазақстан Республикасының экономика және әлеуметтік заңнамаларының кейбір баптарына қосымша жеңілдіктер енгізіліп, Қазақстан Республикасының  салық төлеу жөніндегі заңнамаларынан басқа;
  4. Қазақстан Республикасының территориясындағы заңнамалардың, актілердің, берілген инвестицияның шетелдік инвесторларға немесе шағын кәсіпорындарға тиым салынады немесе ұлттық қауіпсіздік комитетімен қамтамасыз етіледі;
  5. Шетел инвесторларына кепілдікті сол қызмет істеп отырған өнеркәсіп орындарына беріледі.

Қазақстан Республикасының  «Шетел инвестициялары туралы» заңында  құқықтық және экономикалық және де Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвесторларын тарту барысында, мемлекеттік кепілдікті қорғау барысында оларды ұжымдық түр бойынша немесе шетел инвесторларының арқасында келісілген құжат бойынша анықталады.

Қазақстан Республикасына ағылып келген инвестициалардың көп  бөлігі тікелей инвестициалар болып  табылады сәйкесінше Қазақстан Республикасындағы  шетел инвестициясының заңында  кәсіпорындардың зеңнамалық іс-әрекеттері бекітілген:

  • «Шетелдік заңды тұлғаның араласуымен құрылған өндіріс орны»-бұл заңды тұлға Қазақстан Республикасының территориясында заңнамаға сай жұмыс істеп жатқан шетелдік немесе біріккен кәсіпорын;
  • «Шетелдік кәсіпорын»- шетелдік тұлғалармен байланысып, Қазақстан Республикасының территориясында заңнамаға сай істеліп жатқан шетел инвесторының кәсібі;
  • «Біріккен кәсіпорын» - шетел тұлғаларының қатысуымен Қазақстан Республикасының территориясында (заңнамаға сай, акция, пайда ақшасы) қаражат бар шетел инвесторы.

Қазақстан Республикасының  заңнамасының 14 бабына сай заңды  тұлғалар шетел тұлғаларымен бірігіп  келесі түрде өнеркәсіп құра алуына құқы бар:

  • шаруашылық жолдастық (Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі 58 бап коммерциялық ұйымдардың ортақ капиталын бөлу туралы заңы немесе мүліктерді пайдалану барысында ортақ режим орналасу тәртібі);
  • акционерлік қоғам (Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде 85 бабына сай) заңды тұлға, өзінің ортақ өндіріс шаруашылықпен айналысатын немесе ортақ капиталын өндіріске қоса алатын қабілет.

Акционерлік қоғамдардың акционерлері діннің қоғамммен  байланыстарын, қауіпсіздік шараларын, акция қаражаттарына ешқандай жауап  бермейді.

Кез-келген кәсіпорынның ең басты құжаты шетел  инвестициясының, қандай әдіс бойынша  діндік құрылым ретінде және де құрамы мен компентенциясына, басқару бөліміне, қаулы шығаратын орталығына тәуелді  болып келеді. Біріккен кәсіпорын  дүниеге келгеннен бастап салық  жеңілдіктерімен, салық төлемдеріне  бағынуы тиіс, біріккен кәсіпорындардың  бұйрықтары кейбір кездерде Қазақстан  заңнамаларында қарастырылмайды. Мысалы: біріккен кәсіпорынның іс-әрекет кезеңіне есептесу процесі, кіріс, шығыс есептесу әдісі, біріккен кәсіпорынның пайдасына  шешілген қаражат. Біріккен кәсіпорында - бұл бухгалтерлік есептесу, Қазақстан  Республикасының Президентінің  жарлығы бойынша, «Бухгалтерлік  есептесу туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсан  №2732 заңына сәйкес және де Қазақстан  Республикасының статистикалық  есептесу басқармасында, Қазақстан  Республикасының статистикалық  агенттігінің 2005 жылғы 26 маусым айындағы № 44 заңына сәйкес белгіленеді. Біріккен кәсіпорындардың еңбек қатынастары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының 24 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасының шетел инвестициясы туралы» заңында белгіленген .

Заңды тұлғаларының шетел тұлғаларымен бірге шешілетін  сұрақтарды айта кетсек еңбек режимі, жұмыстан босатылу, ортақ капиталды  бөлісу, кепілдікпен кәсіпорынның компенсациялық өлшемі туралы заңда көрсетілген. Шетел  және заңды  тұлғалардың еңбек  қатынасы келісім шартпен реттеліп отырады. Қазақстанның кәсіпорындары  мен ұйымдары бұл заңнамаға сай  қызмет етеді. Кәсіпқойлар одағының кәсіпорындармен шетел тұлғаларының іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының 1993 жылдың 9 сәуірдегі № 2107 шаруашылық серіктестігі кәсіпқойлар одағы  туралы заңында көрсетілген. Қазақстан  Республикасында заңды тұлғалардың  кәсіпорын ашуы - Қазақстан Республикасының  күрделі мәселелерінің бірі болып  табылады.

Мемлекет  инвесторларға келесідей кепілдіктер  береді:

І. Заңнамалардың  кепілдікке жауап берілуі (Қазақстан  Республикасының заңында 6 бап «Шетел инвестициясы туралы»)

Шетел инвесторларының  халықаралық келісім шарт бойынша 10 жыл ішінде заңнамалар бекітіледі және де инвестиция көздерінің мемлекеттік  органдармен қарым-қатынастары ұзартылады.

Шетел инвесторларының  әлеуметтік жағдайы жақсарған  сайын  халықаралық келісім шарт құжаттарына  сай   кез келген мемлекеттік  республикалық экономикалық қызығушылығын  тудыратыны ақиқат.

 

 

 

 

2  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНДА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

 

2.1. Қазақстан Республикасына  шетел инвестицияларын тартудың  хал-ахуалының жағдайы

 

Демократиялық, қоғамдық, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет құру үшiн, негiзiнде, мемлекеттiк-басқару қатынастарын және олардың құқықтық реттеуiн жетiлдiру, осы қатынастарға қатысушылар статусын жоғары тиiмдiлiгi бар икемдi нарық экономикасын құру кезiнде мемлекеттiк басқару механизмдерiнiң алдында тұрған жаңа мiндеттермен сәйкестендiру қажет.

    Қазақстанда экономикалық және құқықтық реформаларды жүзеге асыру жағдайында мемлекттiк-басқарушылық қатынастарын құқықтық реттеудiң маңызды мәнi бар. Мемлекттiң бұл қызмет саласы оның басты мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Тәжірибеде мемлекеттiк басқару ақппаратының қызметiнiң көп жақтары толық реттелмеген, ал, ол басқарылатын обьектiлердiң қызметiне тым араласуын жеңiлдетедi.

    Қазақстандағы мемлекет қызметiнiң жаңа салаларының бiрi шетел инвестициясын тарту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентi Н.А. Назарбаевтiң «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың көркендеуi, қауiпсiздiгi және жағдайының жақсаруы» атты жолдауында ұзақ мерзiмдi приоритеттi мақсаттар мен жүзеге асыру стратегияларына шетел инвестициясы мен iшкi жинақтардың жоғары деңгейi бар ашық нарықтық экономикаға негiзделген экономикалық өсудi жатқызады. Бiрақ бұл сферада республикада түрлi мемлекеттiк органдардың қызметiн қайталау байқалады.

    Ұлыбританияның, Ирландия, Сингапур, Чехия және басқа да елдердiң тәжiрибесi инвестицияны тиiмдi тарту үшiн ивесторларға үкiметтiк көмек көрсетудi, инвестицияны қолдау бойынша маманданған агенттiк арқылы жүзеге асыру керектiгiн дәлелдейдi. Өкiнiшке орай, 2004 жылдың  22-қаңтарда құрылға Қазақстан Республикасының инвестициялар бойынша агенттiгi тек 2005 жылыдң желтоқсанына дейiн өмiр сүрдi және Қазақстан Республикасының Президентiнiң 2005 жылыдң 13 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының жеке мемлекеттiк органдарын қайта құру, жою және құру туралы” жарлығымен жойылды.

    Қазақстан үшiн маңызды мiндет болып әлемдiк экономика жүйесiне кiру табылады. Мұнда да, бүкiл әлемдегідей шетел капитал салымдарына үлкен маңыз берiледi.

Республикадағы  инвестициялық саясатты Қазақстан  Республикасының сыртқы iстер министрлiгiнiң 2005 жылдың 13 қазаныңдағы “Қазақстан Республикасының Президентiтiң жеке мемлекеттiк органдарын қайта құру, жою және құру туралы» жарлығымен құрылған Инвестициялар бойынша комитетi жүзеге асыру керек. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Президентiнiң 1996 жылдың  8 қарашасындағы жарлығымен инвестициялар бойынша мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын жалғыз өкiлдi мемлекеттiк орган едi. Жоғарыда көрсетiлген инвестициялар бойынша 2004 жылдың қаңтарында мемлекеттiк комитет Қазақстан Республикасының инвестициялар бойынша агенттiгi деп өзгертiлдi.

    Шетел инвестициялық қызметiн мемлекеттiк реттеудегi жаңа бағыт болып Қазақстан Республикасының  Президентi жағынан құрылған шетел инвесторларының кеңесi табылады. Осы сұрақ бойынша Қазақстан Республикасының Президентiнiң 2003 жылдың 30 маусымдағы жарлығы қабылданды. Жаңадан құрылған шетел инвесторлярының Кеңесi Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы кеңес берушi-ақылдасушы орган болып табылады. Оны құрудағы мақсаттар:

  • Қазақстан Республикасының Президентiнiң қарауына инвестициялық қызметтi реттейтiн заңдылықты жетiлдiру бойынша ұсыныстар, халықаралық маңызы бар Қазақстан Республикасының iрi инвестициялық бағдармалары мен жобаларын жүзеге асырумен байланысты ұсыныстар еңгiзу;
  • инвестициялық климатты жақсарту бойынша ұсыныстар жасау;
  • ел экономикасының әлемдiк экономикалық процесстерге интеграциялануы бойынша ұсыныстар жасау.

Экономикаға инвестицияны тарту бойынша қызметтер  жүйесі ретінде инвестициялық саясат, практикада стратегиялық сипаттағы  нақты мәселелердің шешуімен жүзеге асырылады:

  • инвестициялық нарықтың дұрыс жұмыс істейтін инфрақұрылымды құру;
  • төлемқабілетті сұранысты көбейту, соның ішінде өнімге және инвестициялық ресурстарға сұраныс;
  • кәсіпорынның ішкіресурстарының инвестициясын, яғниамортизация мен пайдалануды, пайданы қамтамасыз ететін жағдайларды құру;
  • капиталдың халықаралық нарығына аймақтақ инвестициялық нарықтың және басқада инвестициялық ресурстардың интеграциялануы;
  • шетел және отандық инвестицияларды тарту үшін тартымды жағдайды қалыптастыру.

Информация о работе Шетел инвестициялардың қолдану тиімділігі