Ақпараттың негізгі ұғымы, құрылымы, формасы, өлшемі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 15:10, дипломная работа

Краткое описание

Мәлiметтер базасы келесi талаптарға сәйкес болуы керек:
мәлiметтер базасының бiрiншi қатарында қайталанбайтын өрiс атаулары орналасуы керек;
мәлiметтер базасының қалған қатарында жазулар орналасуы керек;
өрiс бойымен орналасқан мәлiметтер бiртектес болады, олар тек сандардан немесе тек мәтiндерден тұруы керек.

Оглавление

КІРІСПЕ
6
1.
АҚПАРАТ – ҚОРШАҒАН ӨМІР ШЫНДЫҒЫ
9
1.1
Ақпараттың негізгі ұғымы, құрылымы, формасы, өлшемі
9
1.2
Осы заманғы ақпараттық технология
11
1.3
Ақпараттық қоғамның даму келешегі
12
1.4
Ақпаратты жіктеу және мәліметтер
14
1.5
Ақпарат адекваттылығы түрлері
15
1.6
Ақпаратты жіктеу жолдары
16
1.7
Ақпараттық жүйені құрастыру әдістемесі
18
2.
«БИЛАЙН» ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
22
2.1
Мәліметтер қоры жүйесінің өмірлік циклы
22
2.2
Пәндік облыстық жүйелік талдауы
23
2.3
Инфологиялық жобалау
23
2.4
Концептуалды жобалау
24
2.5
Физикалық жобалау
27
2.6
Пайдаланушы қосымшасын өңдеу
28
2.7
«Beeline» ұялы байланыс орталығының іс-әрекетін талдау
29
2.8
Есептің жалпы қойылымы
30
3.
МӘЛIМЕТТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУДЫ ЖҮЙЕЛЕУ
31
3.1
Бағдарламалау жүйесін таңдау
31
3.2
МББЖ бағдарламалық жүйелері
34
3.3
MS Access реляциялық мәлiметтер базасын қолданудың әдістемелік негіздері
36
3.4
Мәлімет базасын жасаудағы негізгі этаптары
36
3.5
Заттар аясының ақпараттық құрылымын жасау
37
3.6
Мәліметтер базасының логикалық құрылымын жасау
37
3.7
Access мәлiметтер базасының негiзгi терезесiмен танысу
39
3.8
МБ-ның жалпы өрiстерi және оның қасиеттерi
43
3.9
Мәлiметтер типiмен жұмыс істеу
47
3.10
Мәлiметтер базасының объектiлерiн жасау
49
3.11
Мәлiметтер базасының схемасын жасау
53
3.12
Мәліметтер базасын іске асыру
55
3.13
Ақпараттарды қорғау әдістерін өмірге ендіру
56
3.14
МБ-ның әкімшілік ережелері
59
3.15
Техникалық жабдықтардың кешені
61
3.16
Программалық өніммен жұмыс жасаудың күнтізбелік жоспары
61
3.17
Программалық өнімнің өз бағасын есептеу
62
3.18
Жылдық экономикалық тиімділігін және өтімділіктің мерзімін есептеу
64

ҚОРЫТЫНДЫ
66

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
68

Қосымша А, Б, В
70

Файлы: 1 файл

теория.doc

— 2.70 Мб (Скачать)

Алдындағы версиямен салыстырғанда,  Access 2003 жаңа мүмкіндіктер пайда болды:

  • Microsoft Access 2003 кестелерді, сұраныстарды, түсініктерді, сақталған процедураларды, функцияларды және жиынтық кестелердегі және жиынтық диаграмма режимінде формаларды ашу мүмкіндіктері бар.  Енді мәліметтерді талдау және қиын жиынтық кестелерін және жиынтық диаграммаларын бұрынғыға қарағанда тез жасауға болады. Мәліметтерге кіру беті есебінде жиынтық кесте және жиынтық диаграмма режимдерінде түсініктерді сақтауға мүмкіндіктер бар, ол кіру беттерін содан кейін  Microsoft Internet Explorer 5 немесе одан кейінгі версиялары компьютерінде бар болған жағдайда әрбір пайдаланушы көріп шыға алады. Сонымен қатар жиынтық кестедегі және жиынтық диаграммадағы режимдерде бағынышты формаларды  бүгінгі таңда кесте режиміндегідей пайдалануға болады. Өңдеушілер жиынтық кестесі және жиынтық диаграммасы режимінде программалардың формасын өздеріне ыңғайлы екенін түсінуі, сонымен қатар жаңа оқиғалардың артықшылықтарын  жиынтық кесте және жиынтық диаграмма режимінде пайдалана алады.
  • XML тілінің медеті. XML тілі (Extensible Markup Language) Интернетте мәліметтерді беру стандартты технологиясы  ғана емес; ол іскер қосымшалар арасында мәліметтерді алмастырып алу технологиясына тез айналады. Microsoft Access 2003 бизнес-ережелері, құрылымы, хаттамалары, міліметтер форматы, тұғырнама XML-ге тәуелді емес  мәліметтерін бірлесіп пайдаланудың алымды, интуициялық әдістемелерін қамтамасыз етеді.
  • Пайдаланушыға таныс Microsoft Access интерфейсі  арқылы XML мәліметтерін және документтер структурасын,  Jet немесе SQL Server структураларын және мәліметтерін пайдалана отырып оңай жасауға.  Сонымен бірге формаларда, есептерде және мәліметтер  беттеріне енуде  XML-дің басқа да қосымшаларын пайдалануға болады.  Мәселен, керек мәліметтер SQL-дің бірнеше қайнар көздерінің ішкі серверінде, электронды кестелерде және басқа да, SAP сияқты  ену құралдарында орналасқан.   Бұл қайнар көздерінде мәліметтер алмастыру  XML форматында орындалады, Microsoft Access-те  осы мәліметтерді түсініктерге қыстырып статистикалық сұраныстардың жиынтығын,  содан кейін осы түсініктер арқылы формалар мен есептерді жасауға болады.  Microsoft Access  стиль кестелерінің және схемаларының қолдануын және жасауын  тым жеңілдету арқылы   мәліметтерді ыңғайлы басқарудың әдістерін  пайдалануға мүмкіндік береді.  Microsoft Access қиын, құрастырылған мәліметтерді стандарттық және бірлескен әдісі бойынша оңай сипаттауға және әрбір қосымшаның ішінен және одан жеткізуге  мүмкіндік береді.  Мысалы,  Microsoft Access арқылы мәліметтер құрылысын сипаттайтын схемасын жасауға болады, содан кейін оны жабдықтаушыларға олардың шоттарында мәліметтерді қалайша шығарылу керектігін  дәл білсін деп  жіберіледі.
  • Microsoft Access 2003 және Microsoft SQL Server 2000 кірістірілген интеграциясы  Microsoft Access-тің жобасына SQL мәліметтер базасының кеңейтілген сипаттамаларын қосу арқылы  айтарлықтай жетілдірілген. Microsoft Access 2003  жобаларында кеңейтілген сипаттамаларды қолдануы  келесі құралдарды пайдаланудың мүмкіндігін берді: алмастырудың байланыстары, мағыналарының шарттары (шек қою), мәтінді және қосалқы кестені өзгерту.  Кеңейтілген сипаттамаларды кестелерде, түсініктерде, сақталған процедураларда дәл Microsoft Access мәліметтер файлдарының объектілеріндегідей пайдалануға болады. Кеңейтілген сипаттамаларды пайдалану бағананың енін, жолдың ұзындығын, шрифттерді және мәліметтердің маскаларының келтірілуін Microsoft Access-тің жобасының бір сеансынан екіншісіне аударуын жеңілдетті.  Кеңейтілген сипаттамалар Microsoft Access мәліметтер базасынан Microsoft SQL Server-ға қосылған Microsoft Access жобасына іскер қосымшасын аудару процедурасын жеңілдетті.
  • Қосымша қатынас. Microsoft Access 2000 файлдарымен жұмыс істеуге және форматын өзгертпей файлдың Microsoft Access 2003-де өзін өзгерту мүмкіндігі бар.  Бұл мәліметтер базасының файлдарының әр түрлі версияларымен Microsoft Access-ті пайдаланушылардың қосымша жұмысын жеңілдетті.
  • Қайта құрудың және әрекетті жоюдың көптеген операциялары. Енді Microsoft Access мәліметтер базасының барлық объекттеріне және Microsoft Access-тің жобасының түсініктеріне, сақталған процедураларға және функцияларға конструктор режимінде жасалған бірнеше амалдарды жою және қайта құруға болады.
  • Microsoft SQL Server арқылы Microsoft Access жобаларында пакеттік жаңарту. Microsoft Access 2003 жобасына енгізілген барлық мәліметтерді     пакетке орналастыруға болады, ол пакет жазулар бойынша ауысып жүрген, форманы жапқан немесе команданы орындаған кезде, серверге жіберіледі. Бұдан басқа, форманың ішінде барлық жазуларды сақтайтын немесе жазуларда барлық өзгерістерді программа бойынша жоятын кнопкасын жасауға болады.
  • Мәліметтерге жаңартылып тұратын автономдық ену беттері. Microsoft Access жобасында мәліметтерге ену беттерін автономдық режимінде қолжетерлік қылатын, оларға көшірілетін компьютерде өзгерістерді енгізу және SQL серверына қосылған кезде бұл беттерді автоматты үйлестіруге мүмкіндігі бар. Автономдық беттер Microsoft SQL Server 2000 Desktop Engine (бұрын MSDE) жергілікті ядросына қосылған Microsoft Access жобасында өзгереді.
  • Өзара қайта құру қателерінің журналын жүргізуі. Егер  Microsoft Access 95-тен немесе одан кеш версиясынан өзара қайта құрысын жасаған кезде қателер пайда болса,  ал Microsoft Access 2003 әр қате бойынша мәліметтерді сақтайтын кесте жасалады, ол мөлтіктерді жоюға және іздеу процедурасын жеңілдетеді.
  • Бағынышты формаларды/есептерді конструктор режимінің жеке терезеде ашу. Өң (вид) меню арқылы немесе тікелей формадан  және есептен конструктор режимінің жеке терезесінде бағынышты формаларды немесе есептерді ашуға мүмкіндік бар. Бұдан басқа, бұрғылағышты жақсарту арқылы  бағынышты формалармен және есептермен жұмыс істеу оңайлады.
  • Байланысқан кестелердің шебері. Microsoft Access жобасында байланысқан кестелердің шеберінің нұсқаулары кестелерді  Microsoft SQL Server мәліметтер базасымен байланастыруға көмектеседі.
  • Microsoft Access 2003 формалармен және есептермен жұмыс істеу айтарлықтай жеңілдеген:
  • F8 пернесін басқан кезде форманың немесе есептің конструктор режиміндегі алаң тізімі ашылады.
  • Форманың  немесе есептің конструктор режимінде алаңды тізімде таңдап,    ENTER пернесін басқанда ол форма немесе есеп макетіне автоматты түрде қосылады.
  • CTRL+TAB пернелерін басқанда  фокусты формалар немесе есептер бөлімінен қосалқы бөлімге ауыстырады.
  • Алдын ала көру режимінде Масштаб командасына екі қосымша командалар қосылған (1000% және 500%-ке үлкейту).

Сол арқылы  Access 2003  МББЖ-сі   мәліметтер базасының пайдаланатын  қазіргі қосымшаларды жасауға барлық қойылған талаптарына  сай келеді.

Талдау барысында мәліметтер базасын  жасаудың ең қолайлы ортасы Microsoft Access МББЖ-сі болып табылады.

        

3.2 МББЖ бағдарламалық жүйелері

 

Барлық МББЖ келесіге бөлінеді:

  • Кәсіпкерлік немесе өндірістік жеке дара кәсіпкерлік (өндірістік) МББЖ ірі экономикалық объектілерді автоматты басқару жүесін жасаудың негізі болып табылады. Олардың базасында ірі мекеме банктернемесе салалар мәліметтерді өңдеу, басқару кешендері құралады;
  • Кәсіпкерлік МББЖ-қ бастапқы шарттары:  Тұтынушылардың параллель жұмыстарының ұйымдастыру мүмкіншілігі;
  • Басқару объектісінің кеңейтуіне пропорционалды жүйенің өсу мүмкінділігі; әртүрлі ақпаратты және бағдарламалық флатформаға ауысу мүмкіндігі әртүрлі бұзылуға тұрақтылығы, оның ішінде көп деңгейлі жүйенің болуы;
  • Сақталатын мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өндірістік МББЖ қазіргі жағдайда кеңінен таралған тарихы бар. Мысалы 70 жылдың аяғы 80 жылдың басында үлкен есептеу машиналар базаларында құралған автоматты жүйелерде Adabas МББЖ қолданған. Қазіргі кезде өндірістік МББЖ болып келесі бағдарламалар  Oracle, DB2, Sybase, Informix, Progress қолданылады. Oracle  МББЖ-ң негізін қалаған американдық ғалымдар тобы (Ларри Эллисонб Роберт Майнер және Эдвард Оутс). Олар 20 жыл бұрын Relational Software Inc. фирмасын құрып,  Э.Ф. Кодда және К.Дж. Дейта жұмыстарында көрсетілген идеяларды іске асыратын жүйені жасауды мақсат қылып қойған. Оның нәтижесі болып базалық тіл өңдеу 50b. ауыспалы реляциялық басқару жүйесін іске қосу болды. 1979 жылы тұтынушыларға PDP-11 мини компьютерге арналған Digital Equipment Corporation версиясы ұсынылған. Ол бірнеше операциялық  жүйеге қолдануға арналған: RSX-11, IAS, PSTS және  UNIX. Кейінірек  Oracle VAX VMS басқарумен VAX компьютеріне енгізілген. Кодтың бір бөлігі Ассемблер тілінде жазылған. Сондықтан жүені жаңа флатформаға ауыстыру процесі қиыншылық туғызды. Oracle-ң кезекті 3-ші версиясының негізгі ерекшелігі ол толығымен С тілінде жазылған. Бұл шешім жүйені жаңа флатформаларға ауыстыруды қамтамасыз етті. Оның ішінде UNIX әртүрлі варианттары . жаңа версияның 2-ші маңызды ерекшелігі транзакция концепциясын қолдау болды. Осы уақытта фирма Oracle Corporation  аталып, МББЖ өндірушілердің арасында алдыңғы орын алды. Oracle-ң 4-ші версиясы операциялар жүйелер және қолдау флатформалар саны кеңеюімен сипатталады. Oracle IBM фирмасының үлкен электронды есептеу машинасымен қатар MS DOS басқарумен жұмыс істейтін жеке дара компьютерлерге енгізілді.  4-ші версияда мәліметтер базасын бүтіндігін қолдау технологиясын кеңейтуге ықпал жасады. Көп қолданушылар жүйесі үшін оқудың айқындылығын қолдау шешімі ұсынылды. 5-ші версияда 1-ші рет қолданушы сервер архитектурасымен МББЖ жасалды. МББЖ-дың кейінгі версиялары транзакцияларды өңдеу ірі масштабты жүйелерді құруға енгізу шығару жүйесін қосу әдістерін өзгертуге буферазациялық сақтау және қалпына келтіруге негізделген. Сонымен қатар симетриялық мультипроцессорлық архитектураларды қолдау іске асырылды.

Ingress  МББЖ жобасы сынамалы вариантты мәліметтер базасы облысындағы мамандар мен ғалымдар арасында ең белгілі Майкл Стоунбрейкера жетекшілігімен Беркли университетінде жасалды. Ingress-тің 1-ші версиясы 16 разрядты компьютерлерге  есептелген және PDP сериялары машиналарда жұмыс істеді. Бұл университеттерде тегін қолдануға арналған 1-ші МББЖ болды. Кейін Стоунбрейкера тобы Ingress OC UNIX BSD жүйесіне ауыстырды. Олда беркли университетінде жасалды. Беркли университетіндегі Ingress МББЖ коммерциялық версиясын жасады. Қазіргі кезде коммерциялық Ingress Computer Associates компониясымен сатылады. Қазір бұл ең кеңінен таралған коммерциялық реляциялық МББЖ болып табылады. Сонымен қатар университеттік Ingress жайлы көптеген жоғары сапалы басылымдар жарық көрген. Университеттік Ingress-ті тәжіриебеде сынап бастапқы  текстерін көруге болады. Жоғарыда аталған тенденциялар амбебап болып, басқа бағдарламалық жүйелердің даму жолдарын анықтайды.

 

 

3.3 MS Access реляциялық мәлiметтер базасын қолданудың    әдістемелік негіздері

 

Мәлiметтер базасымен жұмыс iстейтiндердi әдетте екi категорияға бөлуге болады:

1-категориясы – жобалаушылар. Олардың  мiндетi тапсырыс берушiнiң мақсатына  сай мәлiметтер базасының кестелерiнiң  құрылымын анықтап беру. Жобалаушы  мәлiметтер базасын нақты мәлiметтермен  толтырмайды.

2-категориядағы мәлiметтер базасымен  жұмыс атқарушылар – қолданушылар. Олар жобалаушы құрған дайын  мәлiметтер базасын толтырумен  айналысады.

Осыған сәйкес мәлiметтер базасымен  жұмыс iстеудiң екi режiмi бар.

Бiрiншiсi – мәлiметтер базасын құрып, оның құрылымын өзгертiп, оның объектiлерiн құруға арналған болса, екiншiсi дайын мәлiметтер базасын пайдалануға арналған.

Жоғарыда айтылған маман иелерi көбiнесе мәлiметтер базасын қолданушы, мәлiметтер базасына тапсырыс берушi рөлiн  атқарады. Бiрақ мәлiметтер базасын дайындаудан бұрын жобалаушы мен тапсырыс берушi оны жан-жақты талқылап, өзара тығыз байланыста болуы қажет. Қазiргi кезде ақпараттардың толассыз көбеюi салдарынан мәлiметтер базасы технологиясын кез-келген мекеме мен өндiрiс орнына пайдалану қажеттiлiгi туып отыр. Сондықтан қай саладағы маман иесi болмасын ол ерте ме, кеш пе, не қолданушы, не тапсырыс берушi болып табылады.[6]

 

3.4 Мәлімет базасын жасаудағы негізгі этаптары

 

Access-те нақты бағдарлама жасау  процесі заттың автоматтандыру  арналуына байланысты. Бірақ көбінесе бірқатар этаптарды белгілеуге болады.

    • бұл мәліметтер кестелер құрылымын жасау;
    • кесте арасындағы жүйенің тапсырмасын және мәліметтер схемасын жасау;
    • мәліметтер базасы кестелеріне сұраныс жүйесін жасау;
    • мәліметтерді енгізу, шығару экрандық формаларын жасау;
    • мәліметтер бойынша есеп жүйесін жасау;
    • макрос және модуль көмегімен мәлімет базасындағы мәліметтерді өңдеу және бағдарламалық жасау;
    • мәліметтерді қорғау жүйесін жасау.

Аталған этаптар арасында кері байланыстар  болады. Ол ертеректе өткен бағдарламаларға қайту жолдарын ескереді. MS Access мәлімет базасында көрсетілген жасау этаптар тізбегі эталын болып есептелінбейді. Бірақ өте жиі ауытқулар жасаушының жасау барысында жобалағанда жіберген қателер немесе жоспарының жоқтығын дәлелдейді.

 

 

3.5 Заттар аясының ақпараттық құрылымын жасау

 

Инфологиялық жобалаудын мақсаты  – пайдаланушыға жүйенің спецификациясына тәуелді емес, қолжетерлік түрде ақпаратты анықтау. Инфологиялық жобалаудын нәтижесі болып мәліметтер базасынын нысандар арасындағы байланысты көрсететін инфологиялық модель табылады. Заттар аясынын жүйелік талдауын жасап болған соң, инфологиялық модельді құрдық, яғни келесі нысандарды таңдадық:

    1. Клиенттер
    2. Келісім-шарттар.

Сурет 3.1 сурет мәліметтер базасынын инфологиялық моделі көрсетілген.

 

                                              м м   1                           N


 

 

 

 

Сурет 3.1 - Инфологиялық модель

 

 

3.6 Мәліметтер базасының логикалық құрылымын жасау

 

Инфологиялық модельді құрғаннан  кейін келесісі концептуалдық модельді құру.

Инфологиялық модельден концептуалдық  модельге ауысу бірыңғайлау процесі бойынша жасалады, сол бойынша мәліметтер атрибуты кестелерге топталады, ал кестелер – мәліметтер базасына. Бірыңғайлаудын есептері: кестелердегі кайталанып келетін ақпаратты алып тастау; болашақ өзгертулерді енгізу мүмкіндігін алдын ала жобалаудың құрылымын жасау;     құрылымдық өзгерулердің қосымшаға әсер етуінің ең азға әкелетінінің құрылымын жасау.

Бірыңғайлау кезең бойынша өтеді:

1) Бірінші бірқалыпты формаға, кесте жазық және қайталанатын топтардың болмауын талап етеді. Бірегей кілт жасап, кестедегі жазбаның бір мағыналылығын анықтауы керек. Қайталанған топтарды өшіргеннен жаңа жазығын жасау,  жазық қатысын  және бірегей кілтті анықтағаннан кейін  бастапқы кесте бірінші бір қалыпты формаға келтірілген болып есептеледі. Бірнеше келісім-шарттар бір түрге ие болу мүмкін, бірақ бір келісім-шартта бір түр ғана болады. Сондықтан келісім-шарттардын түрлерін жеке кестеге бөлдік.

  1. Екінші бірқалыпты форма барлық кілті емес жазықтар, бірегей кілттен немесе бірегей кілт құрамалы болса, оның әр элементінен тәуелді болуды талап етеді. Егер жазықтардың бірі бірегей кілтке тәуелді болмаса, қосымша кілттерді қосу керек. «Келісім-шарттын жасау уақыты» атрибуты «Түр коды» бастапқы кілтке тәуелді болып келеді.
  2. Үшінші бірегей формаға барлық кілттік емес жазық кестелерібірегей  кілтке тәулді болу керек, бірақ бір-біріне тәуелді болмау керек. Сол үшін кестелер бірінші және екінші бірқалыпты формаға келтірілген болуы талап етіледі. «Келісім-шарттар» кестесі бірінші мен екінші бірқалыпты формаларына келтірілген, кестенін барлық өрістері «Келісім-шарттын коды» бастапқы кілтіне тәуелді және бір біріне тәуелді емес болып келеді.

Нәтижені біріңғайлау процесінен кейін тиімді мәліметтер қорының  сызбасын алады, мәліметтер базасын басқару жүйесі арқылы іске асыруға дайын болады.

Мәліметтердің физикалық ұйымдастыруы жасалынып жатқан МБ эксплуатациялық  сипаттамаларына негізгі әсер етеді. Физикалық жобалау анық адымдарға  бөліну мүмкін, бірақ оқиғалар арасындағы қатты байланыстардың себебімен адымдардың ретке келтірілуі нақты жағдайларды емептеумен анықталады. Физикалық жобалаудың әрбір адымы бірнеше рет орындалу керек, сонымен қатар әр жүйелі талдау қалай болса да тезірек жасалыну қажет, ойткені жазып қойылған параметрлердің саны әр итерациямен көбиеді. Бірінші үш адым физикалық жобалау бойынша негізгі шешімдерді қабылдаумен байланысты, қалған екі адымның ішіне шек қоюды есепке алу мен    қолданбалы бағдарламаларды жобалау кіреді.  

1 қадам – сақталатын жазбаның  форматын жобалау. Бұл процес мәліметтердің элементерінін типтерінің сипаттамаларын есепке алып, сақталатын жазбаны форматтаудан, олардың мәндері мен әртүрлі қосымшаларда пайдалану спецификаларын таратудан тұрады. Бүл адымда мәліметтердің артықшылығы мен оларды мәліметтердің айқын сақталатын мәндердін талдауында негізделген қысу тұралы шешім қабылданады

2 қадам – сақталатын жазбаларды  кластерлеу. Бұл адымның ең негізгі  мақсаты сақталатын жазбаларды  тарату болып табылады. Жазбаны  кластерлеу мен секциялаудан  физикалық блоктын өлшемін таңдау байланысты.

3 қадым – доступ әдіс бойынша  жобалау. Доступ әдісі физикалық  құралдарда сақталатын мәліметтерді  есте қалдыру мен іріктеу мүмкіндігін  жабдықтайды. 

4 қадам – мәліметтердің бүтіндігі  мен қауіпсіздігін қамтаммасыз  етеді. Бұл этапта бүтіндікке, қауіпсіздікқа және МБ жұмыс жасау тиімділігіне қойлатын талаптар талданады.

5 қадамның ішіне бағдарламаларды  жобалау кіреді. Мәліметтердің физикалық  тәуелсіздігі, егер ол жеткізілген  болса, қолданбалы бағдарламаларды  өзгерту қажеттілігін жояды. МБ жетуді ұйымдастыру үшін МББЖ стандартты құралдарын пайдалану қажет, ал сұраныстардың немесе жаңарту транзакциялардын оптимизациялауын жүйелі бағдарламалық жабдықтау деңгейінде жасау керек, сондықтан бағдарламаларды жобалауын  МБ концептуалды жобалау этабында аяқтау керек. 

Мәліметтер базасының концептуалды моделі  А қосымшасында берілген. 

3.7. Access мәлiметтер базасының негiзгi терезесiмен танысу

 

Негiзгi меню ағымдағы жұмыс режимiне байланысты өзгерiп отырады, оның құрамында  келесi пункттер болуы мүмкiн:

Информация о работе Ақпараттың негізгі ұғымы, құрылымы, формасы, өлшемі