Ақпараттың негізгі ұғымы, құрылымы, формасы, өлшемі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 15:10, дипломная работа

Краткое описание

Мәлiметтер базасы келесi талаптарға сәйкес болуы керек:
мәлiметтер базасының бiрiншi қатарында қайталанбайтын өрiс атаулары орналасуы керек;
мәлiметтер базасының қалған қатарында жазулар орналасуы керек;
өрiс бойымен орналасқан мәлiметтер бiртектес болады, олар тек сандардан немесе тек мәтiндерден тұруы керек.

Оглавление

КІРІСПЕ
6
1.
АҚПАРАТ – ҚОРШАҒАН ӨМІР ШЫНДЫҒЫ
9
1.1
Ақпараттың негізгі ұғымы, құрылымы, формасы, өлшемі
9
1.2
Осы заманғы ақпараттық технология
11
1.3
Ақпараттық қоғамның даму келешегі
12
1.4
Ақпаратты жіктеу және мәліметтер
14
1.5
Ақпарат адекваттылығы түрлері
15
1.6
Ақпаратты жіктеу жолдары
16
1.7
Ақпараттық жүйені құрастыру әдістемесі
18
2.
«БИЛАЙН» ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
22
2.1
Мәліметтер қоры жүйесінің өмірлік циклы
22
2.2
Пәндік облыстық жүйелік талдауы
23
2.3
Инфологиялық жобалау
23
2.4
Концептуалды жобалау
24
2.5
Физикалық жобалау
27
2.6
Пайдаланушы қосымшасын өңдеу
28
2.7
«Beeline» ұялы байланыс орталығының іс-әрекетін талдау
29
2.8
Есептің жалпы қойылымы
30
3.
МӘЛIМЕТТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУДЫ ЖҮЙЕЛЕУ
31
3.1
Бағдарламалау жүйесін таңдау
31
3.2
МББЖ бағдарламалық жүйелері
34
3.3
MS Access реляциялық мәлiметтер базасын қолданудың әдістемелік негіздері
36
3.4
Мәлімет базасын жасаудағы негізгі этаптары
36
3.5
Заттар аясының ақпараттық құрылымын жасау
37
3.6
Мәліметтер базасының логикалық құрылымын жасау
37
3.7
Access мәлiметтер базасының негiзгi терезесiмен танысу
39
3.8
МБ-ның жалпы өрiстерi және оның қасиеттерi
43
3.9
Мәлiметтер типiмен жұмыс істеу
47
3.10
Мәлiметтер базасының объектiлерiн жасау
49
3.11
Мәлiметтер базасының схемасын жасау
53
3.12
Мәліметтер базасын іске асыру
55
3.13
Ақпараттарды қорғау әдістерін өмірге ендіру
56
3.14
МБ-ның әкімшілік ережелері
59
3.15
Техникалық жабдықтардың кешені
61
3.16
Программалық өніммен жұмыс жасаудың күнтізбелік жоспары
61
3.17
Программалық өнімнің өз бағасын есептеу
62
3.18
Жылдық экономикалық тиімділігін және өтімділіктің мерзімін есептеу
64

ҚОРЫТЫНДЫ
66

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
68

Қосымша А, Б, В
70

Файлы: 1 файл

теория.doc

— 2.70 Мб (Скачать)

♦ мәтіндік (текст) – символ (әріп, сан, белгі және т.б.жиынтығымен берілетін  ақпарат);

♦  графикалық (кескіндемелік және т.б.);

♦  дыбыстық.

«Ақпарат» терминін анықтайтын ғылыми тәсілдеменің іс-тәжірибедегі мәні ақпаратты өлшеу проблемаларын шешумен байланысты. Ақпараттың жалпы теориясының ережесіне сәйкес оған (ол үшін) шаралар эталоны ретінде екі жағдайдың біреуінен табылатын біршама абстрактілі объект (мысалы, қосылды (оталдыру) немесе ажыратылды (сөндірілді), иә/жоқ, 0/1 және т.б.), басқаша айтқанда, бинарлық объект таңдап алынады. Мұндай объект 1 биттегі ақпаратты қамтиды. Бір бит ақпаратты адам мыналарды білгенде ғана ала алады: өзіне қажетті пойыз кешігіп келді ме, жоқ па, түнде аяз болды ма, жоқ, болған жоқ па және т.б.

Ақпаратты әлде қайда ірі бірлігі – байт, ол 8 битке тең болады.

1 килобайт (Кбайт)

1024 байт

210  байт

1 мегабайт (Мбайт)

1024 килобайт

220  байт

1 гигабайт (Гбайт)

1024 мегабайт 

230  байт

1 терабайт (Тбайт)

1024 гигабайт

240  байт


 

Ақпараттың өзгешелігі

Ақпараттың бірталай әр түрлі өзгешеліктерін келтіруге болады. Әрбір ғылыми пән өзіне ең маңызды болып табылатын өзгешеліктерін қарастырады.

Экономикалық информатика тұрғысынан алғанда оған мына өзгешеліктің маңызы зор: ақпараттың оперативтілігі, шындыққа жанасымдылығы (шынайылығы), нақтылығы (дәлдігі), түзетушілігі (корректность), құндылығы, өзектілігі (көкейтестіліг), жеткіліктілігі.

Ақпаратты түзету оны тұтынушылардың бір мәнде қабылдауын қамтамасыз етеді. Ақпараттың құндылығы (пайдасы), егер ол тұтынушылардың алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізетін болса ғана ақпарат (пайдалы), деп есептеледі. Ақпараттың құндылы болуы салыстырмалы өзгешелік: бір ғана ақпараттың әр қилы тұтынушылар үшін әртүрлі құны бар, яғни, түсінікті тілмен таратып айтқанда, ол (ақпарат) тұтынушылардың ең алдымен мақсаттарына, содан кейін талғамдары мен танымына және т.б. қарай құнды болмақ. Уақыт өткен сайын ақпараттың құндылығы деген ұғым өз мәнінен айырылып барады. Алайда ақпарат уақыт ағымына қарай ескіріп отырған жоқ, ол қолдағы бар ақпаратты толықтай немесе оның бір бөлігін жоққа шығарумен, яғни ескіріп, жарамсыз болып қалғанын анықтап, оның орнына жаңа ақпараттар үсті-үстіне пайда болады. Жаңа ақпарат қосымша тиімділікке қол жеткізуіне бағытталған мынадай әрекеттер тудырады: ол (ақпарат) нақтылай түседі, толықтырады және деректерді басқаша ұштастырады. [3]

Ал, оперативтілік қажетті есептер үшін және өзгерген жағдайда шешім қабылдау үшін ақпараттың өзектілігі (көкейтестілігін) білдіреді.

Нақтылық (дәлме-дәлдігі) жүйенің тиімді жұмыс істеуіне әліде жарайтын бастапқы ақпараттың да, нәтижелі ақпараттың да ұйғаруға келетін бұрмалану деңгейін анықтайды.

Шынайылық (шындыққа жанасымдылығы) аса қажетті дәлдікпен объектіні нақты бейнелейтін ақпараттың өзгешелігімен анықталады. Оның (ақпараттың) шынайылығы былайша өлшенеді: ақпарат бейнеленген параметрдің мәні қажетті дәлдік шегінде осы параметрлердің шынайы мәнінен айырмашылығы болмайды.

Ақпараттың тұрақтылығы оның (ақпараттың) қажетті дәлдікті бұзбай-ақ бастапқы деректердің өзгерісіне қарай жауап қататын қабілетін бейнелейді. Ақпараттың тұрақтылығы оны (ақпаратты) іріктеумен қалыптастырудың таңдап алынған әдістемесімен анықталады.

Ақпараттың жеткіліктілігі (толықтылығы) ақпараттың дұрыс шешім қабылдауға қажетті деректердің ең аз шамадағы көлемін білдіреді. Толық емес ақпаратты пайдаланушылар қабылдаған шешімінің тиімділігін кемітеді. Ал, ақпараттың мөлшерден көп болуы, керісінше, оперативтілікті кемітіп, шешім қабылдауды қиындатады, есесіне ақпаратты әлде қайда тұрақты етеді.

Ақпараттың іргелі, үлкен өзгешелігіне жүйелігі жатады. Белгілі болғандай, оған кіретін элементтердің әрбіреуі жеке алғанда мұндай өзгешелікке ие бола алмайтын өзгешеліктердің жиынтығы жүйе деп аталады. Әрбір бір жолға ақпараттық сигналдардан өзара бірігуі әлде қайда жоғары құндылықты қамтитын сапалы жүйені тудыратыны туралы көп мысалдарды еш қиындықсыз келтіруге болады.

 

1.2  Осы заманғы ақпараттық технология

 

Информатиканың негізгі бөлімдерінің бірі болып табылатын ақпараттық технология  (АТ) – адам қызметінің барлық саласындағы (әлеуметтік, мәдени, құқық, ғылыми, өндіріс, басқару, қаржы, комерция, қорғаныс және т.б.) ақпаратты әзірлеу бойынша әртүрлі операцияларды орындайтын жұмыс тәсілдері мен нақты техникалық және программалық құралдардың жиынтығы.

Ақпараттық технология – қоғамдағы ақпараттық ресурстарды пайдалану процесінің ең маңызды құрастырушысы. Бүгінгі таңда ол бірнеше эволюциялық кезеңнен өтіп, оның орнын ғылыми техникалық жетістіктер мен ақпаратты қайта өңдейтін жаңа техникалық құралдар басты. Осы заманғы қоғамда ақпаратты қайта өңдейтін технология құралының негізгі техникасы – дербес (персональный) компьютер болып табылады. Бұл арада жеткілікті дәрежеде аса ауқымды әр қилы ЭЕМ паркінің арасынан әлемдік нарықта IBM фирмаларының компьютерлері мен басқа фирмалардың ЭЕМ – мен конструкциялық үйлесім тапқан компьютерлері басым жағдайға ие.

Ақпараттық салаға дербес компьютерді енгізу әрі байланыстың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ақпараттық технологияның жаңа даму кезеңін анықтап берді және осыған орай синонимдердің  бірін біріктіру есебінен оның атауы өзгерді: «жаңа», «компьютерлік» немесе «осы заманғы».

«Жаңа» сын есімі технологияның  эволюциялық сипатын емес, оның жаңашылдығын білдіреді. Оның өмірімізге дендеп енуі мына тұрғыдағы жаңашылдықты білдірмек: ол ұйымдардағы әр түрлі қызмет мазмұндарын көп өзгеріске түсіреді. Жаңа ақпараттық технология ұғымы әртүрлі құралдармен, атап айтқанда, телефон, телеграф, телекоммуникация, факс және т.б. ақпаратты беруді қамтамасыз ететін коммуникациялық технологияны да қамтитын болады. Осы заманғы ақпараттық технология ішінара мыналарды ұйғарады:

  • Машина тасушыдағы бастапқы ақпаратты тіркеуден бастап, ақпаратты қағазбен тасудан іс жүзінде толықтай бас тарту;
  • Әлемнің кез келген түкпірінде кез келген уақытта кез келген ақпаратқа қол жеткізуге болады (тек заңмен шектелген ақпараттан басқасы)

Ақпараттық технологияға программалық құрал қажет. Ақпараттық технологияның «шикі затына» тиісті өңдеуге жататын ақпарат кіреді. Ақпараттық технологияның түпкілікті өнімдеріне мыналар жатады: мәтіндік және графикалық құжаттар, бір табиғи тілден екінші тілге аудармалар, шешімін табатын математикалық тапсырмалар, электрлі-техникалық және машина жасаушы сызбалар, қолайлы анықтамалар мен энцоклопедиялар, электрондық кеңесшілердің кеңестері, қызметкерлер туралы толық мағлұмат, қаржылық есептер, презентация және т.б. [4]

 

1.3   Ақпараттық қоғамның даму келешегі

 

Әлемде орасан зор ақпараттық әлеует (потенциал) жинақталған, бірақ, адамдар оны өздерінің шамасы жеткен жерге шейін толық пайдалана алмай отыр. Ақпараттық дағдарыс қоғам алдына қалыптасқан жағдайдан шығудың жолдарын іздеу қажеттілігін көлденең тартты. Әр түрлі қызмет саласында ақпаратты өңдеп беретін осы заманғы құралдардың, ЭЕМ-нің тұрмысымызға енуі индустриялық даму кезеңіндегі адамзат қоғамының өркендеуіне информатизациялау, деп аталатын жаңа эволюциялық процестің басталғанын білдірді.

Қоғамды информатикалау – информациялық ресурстарды  қалаптастырып, пайдаланудың негізінде  қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару оргондарының, мемлекеттік үкімет оргондарының, азаматтар мен азаматшалардың құқықтарын жүзеге асыру, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы жағдай тудырудың ұймдасқан әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесі болып табылады.

Бүгінгі таңда әлемнің барлық елдері белгілі бір деңгейлерде информатикалау процесін жүзеге асыруда. Информатикалау сртатегиясын дұрыс таңдап алмаса немесе оның динамикасы (серпінділігі) мен жұмылдырылуы (мобильност) жеткіліксіз болатын болса, оның салдары ел өміріндегі барлық салаға күйзеліс әкелуі ықтимал. Білетініміздей, информатикалауды ең алғашқы боп бастаған ел АҚШ болатын. Өнеркәсібі дамыған басқа елдерде де бұл бағыттың келешегі зор болатынын, онсыз ендігі жерде алға басудың мүмкін еместігін түсініп, тез бағдарланып, компьютерлер мен телекоммуникация құралдарын енгізу қарқынын үдете түсті. Қазіргі уақытта АҚШ-тың барлық іскерлік және саяси прессасы (ақпарат құралдары) басқа дамыған елдердің (Жапония, Германия және т.б.) АҚШ-ты компьютерлік, телекоммуникациялық және макроэлектрондық салаларында ғыстыру арқылы, осы өнімді өткізу нарығын олардың басып алғаны туралы пікір таластыруға толы.

Жапония мен Батыс елдері қоғамды  информатикалау мәселесімен айналысқандарына екі он жылдықтың жүзі болды. Соңғы  жылдары ол жақта мемелекеттің орасан зор демеу қаржысымен (субсидия) жалпы ұлттық бағдарламалар қолға алынып отыр. Информатикалау болашаққа ұмтылысты танытан процесс. Бұл бағытта барлық дамыған елдер информатикалауға басымдықтар беріп, осы мақсатқа негізгі ресурстарын жұмсап, күш-жігерін жұмылдыруда. Информатикалау теориялық талдау оъектісінен қандай да бір елдің саяси және экономикалық артықшылықтарын танытатын өмір сүре білу факторы мен қуаттылығын бағалау өлшеміне айналып, мемлекеттің ішкі және сыртқы стратегияларын жасауда маңызды бағдар ретінде болып отыр.

Ішкі нарықта америкалық тауарларға тұтынушылар сұранысы азаюының тұрақты  сипат алуы АҚШ экономикасында көптеген мәселелер тудырады. Қалыптасқан  жағдайдан шығу үшін америкалық қоғамдағы  қызметтердің барлық жақтарын информатикалауды қарқындату, яғни үдету (интенсификация) бойынша шаралар қабылдады. Атап айтқанда:

▪ жаңа зерттеулер жүргізуде инвестициялауды  арттыру;

▪ білім сапасын жақсарту;

▪ өнім шығару сатысында халықаралық  серіктестікті дамыту;

▪ жұмысшы күшінің сапасын көтеру және басқа да шаралар.

Бұл тәжірибені еліміздің мемлекеттік  информатикалау саясатын құру барысында  ескеру қажет, өйткені информациялық  технологияны өндіру арқылы жоғары технологиялар  мен экономиканы дамытудың барлық артықшылықтарына ие бола аламыз. Қазіргі уақытта АҚШ-тың ақпараттандыруға (жасау, өңдіру, монтаж, ЭЕМ-ді, ақпараттық желілер мен әр деңгейдегі жүйелерді, деректер базасын пайдалану және т.б.) жұмсайтын шығынының жапы көлемі жылына бірнеше жүздеген миллиард долларға жетті. Компьютерлік қорғаныс бағдарламасының америкалық жүйесі (КҚБ) және әсіресе стратегиялық қорғаныс бағдарламалары (СҚБ) өз кезінде басқаруды, ғылымды, жобалауды, барлық жүйелерді жасауды, шешімдерді қабылдау мен қолдану информатикаландыруды ұйғаратын ақпараттық технологияларға негізделеді.

  • ақпараттық сектордың артықшылығын мойындау. Ұлттық экономиканы көтеруге қабілетті жаңа инфрақұрылымды және секторын құру экономиканы дамытады;
  • әлемдік ғылым мен техника жетістіктерін кеңінен пайдалану;
  • мемлекеттік мекемелерді де, жеке меншіктегілерді де информатикалауға қаржы қаражатын көп мөлшерде жұмсау;
  • информатикаландырудың басты мақсаты ақпаратты өңдеу мен коммуниация шарттарын жеңілдету есебінен елдің және оның азаматтарының әл-қуатын өсіруді жариялау.[5]

 

1.4  Ақпаратты жіктеу және мәліметтер

 

Ақпарат – қоршаған ортаның объектілері мен құбылыстары, олардың параметрлері, қасиеттері және қалып-күйлері жөніндегі мәліметтер жиыны. Олар біздерді қоршаған объектілер туралы толық хабардар етіп, солар туралы мәлімсіздік, белгісіздік деңгейін азайтады.

Информатика ақпаратты бір-бірімен байланысқан мәліметтер, ұғымдар, түсініктер ретінде қарастырады да, ол арқылы біздің қоршаған ортаның объектілері мен құбылыстары туралы білімімізді кеңейтеді. Информатикада ақпаратпен қатар берілген мәліметтер немесе жай мәліметтер деген түсінік жиі қолданады.

Жай мәліметтер объектілердің белгілері немесе олардың жазып алынған қалып параметрлері болуы мүмкін, олар тек сақталады да, пайдаланылмайды. Егер сол оъект жөніндегі белгілі мәліметтерді кеңейте отырып оларды пайдалануға кіріссе, олар жай мәліметтен ақпаратқа айналады. Осыдан іс жүзінде қолданылатын мәліметтің ақпарат болып саналатыны шығады.

Мысалы, қағазға 1978, 1980, 1982, т.с.с. оншақты  құрбыларыңыздың туған жылдарына  сәйкес сандар жазылса, олар тек мәліметтер ғана, өйткені бұл цифрлар бізге ешбір түсінік беріп тұрған жоқ. Ал енді солардың сол жақ тұсына достарыңыздың аттарын жазып қойсаңыз, онда олардан достарыңыздың туған жылдарына сәйкес жастары белгілі болып, мәліметтер ақпаратқа айналады. Жалпы, аздап болса да, өңделген мәлімет ақпарат болып саналады.


 

 

 

 

Кез келген құрылғыда өңделген немесе адам реттеген мәліметті информация деп айта аламыз. Информацияның ең бір маңызды тобына жататыны экономикалық ақпарат болып саналады. Олардың ерекшелігі – ұйымдарды, адамдар ұжымдарын, жалпы практикалық өмірді басқару ісімен байланыстылығы. Экономикалық ақпарат өндіріс жүргізу, тауарларды топтау, бөлу, қызмет көрсету тәрізді процестермен байланысты болғандықтан, оны тағы да өндірістік, қоғамдық ақпарат деп топтарға жіктей аламыз.

Экономикалық ақпарат - өндірістік және өндірістік емес аймақтарда адамдар ұйымдарымен солардың арасындағы әлеуметік-экономикалық процестерді басқаруға арналған мәліметтер жиыны.

Информация о работе Ақпараттың негізгі ұғымы, құрылымы, формасы, өлшемі