Ақпараттың негізгі ұғымы, құрылымы, формасы, өлшемі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 15:10, дипломная работа

Краткое описание

Мәлiметтер базасы келесi талаптарға сәйкес болуы керек:
мәлiметтер базасының бiрiншi қатарында қайталанбайтын өрiс атаулары орналасуы керек;
мәлiметтер базасының қалған қатарында жазулар орналасуы керек;
өрiс бойымен орналасқан мәлiметтер бiртектес болады, олар тек сандардан немесе тек мәтiндерден тұруы керек.

Оглавление

КІРІСПЕ
6
1.
АҚПАРАТ – ҚОРШАҒАН ӨМІР ШЫНДЫҒЫ
9
1.1
Ақпараттың негізгі ұғымы, құрылымы, формасы, өлшемі
9
1.2
Осы заманғы ақпараттық технология
11
1.3
Ақпараттық қоғамның даму келешегі
12
1.4
Ақпаратты жіктеу және мәліметтер
14
1.5
Ақпарат адекваттылығы түрлері
15
1.6
Ақпаратты жіктеу жолдары
16
1.7
Ақпараттық жүйені құрастыру әдістемесі
18
2.
«БИЛАЙН» ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
22
2.1
Мәліметтер қоры жүйесінің өмірлік циклы
22
2.2
Пәндік облыстық жүйелік талдауы
23
2.3
Инфологиялық жобалау
23
2.4
Концептуалды жобалау
24
2.5
Физикалық жобалау
27
2.6
Пайдаланушы қосымшасын өңдеу
28
2.7
«Beeline» ұялы байланыс орталығының іс-әрекетін талдау
29
2.8
Есептің жалпы қойылымы
30
3.
МӘЛIМЕТТЕР БАЗАСЫН БАСҚАРУДЫ ЖҮЙЕЛЕУ
31
3.1
Бағдарламалау жүйесін таңдау
31
3.2
МББЖ бағдарламалық жүйелері
34
3.3
MS Access реляциялық мәлiметтер базасын қолданудың әдістемелік негіздері
36
3.4
Мәлімет базасын жасаудағы негізгі этаптары
36
3.5
Заттар аясының ақпараттық құрылымын жасау
37
3.6
Мәліметтер базасының логикалық құрылымын жасау
37
3.7
Access мәлiметтер базасының негiзгi терезесiмен танысу
39
3.8
МБ-ның жалпы өрiстерi және оның қасиеттерi
43
3.9
Мәлiметтер типiмен жұмыс істеу
47
3.10
Мәлiметтер базасының объектiлерiн жасау
49
3.11
Мәлiметтер базасының схемасын жасау
53
3.12
Мәліметтер базасын іске асыру
55
3.13
Ақпараттарды қорғау әдістерін өмірге ендіру
56
3.14
МБ-ның әкімшілік ережелері
59
3.15
Техникалық жабдықтардың кешені
61
3.16
Программалық өніммен жұмыс жасаудың күнтізбелік жоспары
61
3.17
Программалық өнімнің өз бағасын есептеу
62
3.18
Жылдық экономикалық тиімділігін және өтімділіктің мерзімін есептеу
64

ҚОРЫТЫНДЫ
66

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
68

Қосымша А, Б, В
70

Файлы: 1 файл

теория.doc

— 2.70 Мб (Скачать)

Қалыптандыру  теориясы қалыпты  формалар  концепциясына негізделген.  әрбір қалыпты формада шектеулердің  кейбір  анықталған  жиыны сәйкес келеді және егер қатынас берілген  формадағы  шектеулер жиынына қатысты қанағаттандыратын болса қалыпты  формада орындалады.

Реляционды  мәліметтер  қоры теориясында  әдетте қалыпты формалардың  келесі реті ажыратылады:

  • Бірінші қалыпты форма (1NF);
  • Екінші  қалыпты форма (2NF);
  • Үшінші  қалыпты форма (3NF);
  • Бойс-Коддтың  қалыпты формасы (BCNF);
  • Төртінші  қалыпты форма (4NF);
  • Бесінші  қалыпты форма немесе бірігу  пракциясының қалыпты формасы  (5NF или PS/NF);

Қалыпты  формалардың негізгі құралдары:

  • әрбір келесі қалыпты форма кейбір мағынада  алдыңғыдан артығырақ;
  • келесі қалыпты формаға  өткенде алдыңғылар құрамы сақталады.

Бірінші қалыпты формадан екіншіге өту үшін келесі кезеңдерден өту  қажет:

  1. Алғашқы  кілтті кілттік  емес жолдар ішінен бөліктердің  біреуіне  ілініп тұратындай  етіп  бөліктерге бөлу қажет (слнымен қатар бұл бөліктер  бірнеше атрибуттарды құрауы мүмкін).
  2. Жаңа осындай  кілттің әрбір бөліктері  оған ілінуші  жолдар  жиынын құру және оларды  осы кестелерге  ауыстыру. Бұрынғы алғашқы  кілт бөлігі жаңа кестенің алғашқы  кілтіне айналады.
  3. Негізгі кестеден басқа кестелерге орын ауыстырылған  жолдарды  жою, тек сыртқы кілттер болатындарынан басқа.

Екінші  қалыпты  формадан  үшіншіге өту үшін келесі  қадамдарды орындау қажет:

  1. Басқа жолдар тәуелді жолдарды (немесе жолдар жиынын) анықтау.
  2. Әрбір осындай жол үшін (немесе жолдар тобы ) жаңа кесте  құру және оған байланысқан жолдарды  осы кестеге орын ауыстыру. Басқа ауыстырылған жолдар тәуелді жол (немесе жолдар тобы) мұнда жаңа кестенің алғашқы  кілтіне айналады.
  3. Ауысқан жолдарды негізгі кестеден өшіру, тек сыртқы кілт болатындарынан басқа.

Практикада 3-қалыпты форма көп  жағдайларда  жеткілікті,  және 3-қалыпты  формаға әкелетін реляционды мәліметтер қорын жобалау процесі әдетте аяқталады.

МҚ төртінші қалыпты  формада  болуы үшін,  араларында  көпке  көп типті  байланыстары бар  мәліметтердің  тәуелсіз  элементтері бір кестеде  сақталуы керек. Бесінші  қалыпты  формаға ол  бөлінген  кестелер  негізінде  алғашқы  кестені қалпына келтіру үшін қажет.

Нәтижесінде қалыптандыру  МҚБЖ  көмегімен жүзеге асатын концептуальды  үлгі құрылады.

 

2.5 Физикалық жобалау

 

Физикалық  мәліметтер қорын  жобалау  – бұл ақпаратқа деген сұраныстан алынған берілген логикалық құрылым  бойынша жүзеге асулы  әсерлі мәліметтер қорын құру процесі. Физикалық жобалау анық қадамдарға бөлінуі мүмкін. Әрбір  ұсынылған қадамдарды бірнеше  қайталау қажет, сонымен қатар  әрбір келесі  анализ  тез орындалуы  қажет, өйткені процедура  белгілі, ал есепке алынған параметрлер саны әрбір итерациямен өседі.

Ең бірінші қадам   сақтаулы  жазба форматын жобалаумен  негізделеді.  Сақтаулы  жазба бұл бір немесе бірнеше жазбалармен сәйкес келетін  мәліметтердің  байланысқан жиыны. Ол қажетті көрсеткіштерді, жазбалар ұзындығын, символды ақпарат үшін  кодтау сызбасын және бірнеше қосымша мәліметтерді  қамтиды.

Процесс сақталған  жазбаларды  мәліметтер элементтері  типтері  сипаттамаларын  есепке ала  отырып форматтаудан тұрады. Бұл қадамда  мәліметтер шығына  қатысты және мәліметтердің  анық сақтаулы  жазбалары анализі негізінде олардың сығылуына байланысты шешімдер қабылданады. Мәліметтердің анықталған  бөлігін таңдау  қажет болған әр кезде сақтаулы  жазбаға толығымен, сонымен қатар физикалық блокқа  қатыс орнатуға тура келеді.

Енді, екінші қадам – сақталулы жазбаларды кластерлеу. Мұнда  сақтаулы жазбаларды  экстенттер бойынша қалай бөлу керектігін шешу қажет. Экстент – анықталған қондырғылардағы  физикалық жадының тізбектелген облысы. Жазбаларды кластерлеу - әртүрлі типтегі жазбалардың  соңғы  орнатылған мәліметтердің  қасиеттерін әсерлі  қолдануға  болатындығын анықтайтын физикалық топтарға біріктіру. Физикалық  блок көлемін  таңдау  жазбаларды кластерлеу мен оның  секциондауына тәуелді жазбаларды секциондау  мәліметтер элементтерінің  белгілі физикалық қондырғылар бойынша  орнатылуы жүзеге асуымен ерекшелінеді.

Келесі қадам – ену әдісін  жобалау. Ену әдісі физикалық  қондырғыда  сақтаулы мәліметтердің  есте сақталу  және жіберілу  мүмкіндігін  жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Төртінші  қадам мәліметтердің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамассыз етуге негізделеді. Бұл этапта МҚ жұмыс істеуінің  тұтастығы, қауіпсіздігі  және әсерлігіне деген талаптар қорытыланады.

Бесінші қадам программаларды  жобалауды қамтиды. Мәліметтердің  физикалық  тәуелсіздігі,  егер ол болса, қолданбалы  программалар модификациясының  қажеттілігін  жояды.

Мәліметтер қоры жүйесінде  негізгі  жадыда  программалар мен мәліметтер сақталады. Программалар облысында  пайдаланушылар қосымшалары  орнығуы  қажет, МҚБЖ  ішкі программалар және операциялық  жүйе жайлы  мәліметтер болады. Мәліметтер облысында – МҚБЖ және пайдаланушылардың  операциялық жүйесіне  жұмыс облысты  қосымшаларымен қатар  индекстермен мәліметтер буферлері болады. Бұл жағдайда  өңдеуші тек буферлер  бөлінісін  ғана басқара алады. Келесі өңдеуде процеске екі буфердің  өзі жеткілікті.

Сыртқы жадыда блокталған мәліметтер  мен индекстер сақталады. Блоктағы жады  мәліметтерге  арналған жалаулар, есептеуіштер және  резерв аймағы үшін жұмсалынады. Жобалаушы  мәліметтердің  көрсетілу  әдісі шығын дәрежесі; индекстер көлемін таңдай отырып сыртқы жады көлеміне әсер ете алады.

 

2.6 Пайдаланушы қосымшасын өңдеу

 

Қазіргі технологиялар өте күрделі  қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Дегенмен қосымшаны өңдеуге мүмкіндік беретін құралдар қуатына қарамастан, егер қосымша жұмысының есептерін және принциптерін анықтауға күш жұмсалмаса, онда нәтижесінде қайта жөндеуге үлкен уақыт кетіріп алуға болады. Егер жоба дұрыс ойластырылмаларды қосу мен келеңсіздіктерді жою үлкен уақыт және финанстық жұмсаумен байланысты болады.

Өңдеу процесі келесі кезеңдерге бөлінеді:

  1. Есепті нақтылау. Қосымшаны құруға арналған жұмыс алдында оның не үшін құрылатыны жайлы мәліметтер болуы мүмкін.
  2. Есептер орындаудың тәртібі қосымша жақсы жұмыс істеуі үшін ең дұрысы есептерді тематикалық топтарға біріктірген жөн және содан кейін әр топтың есептерін олардың орындалу тәртібі мен реттеу қажет. Кейбір есептер әртүрлі топтармен байланылуы мүмкін немесе бір есептің орындалуы.келесісінің орындалуына дейін болғаны жөн.
  3. Мәліметтер анализі. Есептер тізімі құрылғаннан кейінгі маңызды этап осы секілді әрбір есепті шешу үшін қажетті – барлық мәліметтердің тізімін құру болып табылады.
  4. Мәліметтер құрылысын анықтау. Қосымша үшін қажетті мәліметтер элементтерінің алдын ала анализінен кейін оларды объектілер бойынша реттеу қажет және кестелер мен сұраныстары бар объектілерді мәліметтер базасына ендіру керек.
  5. Қосымша макетін және пайдаланушы интерфейсін өңдеу. Қосымшаның кестесі құрылысы берілгеннен соң оларды формалар көмегімен құрып оларды бір-бірімен байланыстырған жөн.
  6. Қосымшаны құру – қарапайым есептер жағдайында құрылған макет аяқталған қосымша болып табылады. Дегенмен, жобада көрсетілген толығымен автоматтандыруға мүмкіндік беретін есептерге процедуралар жазуға тура келеді.
  7. Тестілеу және дамыту қосымшаның жеке бөліктері бойынша жұмыстарды аяқтағаннан соң қосымшаның әрбір мүмкін режимінде жұмыс істеуін тексеру қажет. Пайдаланушылар өте маңызды және қажетті кезеңдер қосымшаның практикалық қолданысында ешқандай орын алмайтындығын байқады.

 

2.7  «Beeline» ұялы байланыс орталығының іс-әрекетін талдау

 

 «Beeline» ұялы байланыс орталығы келесі қызметтерді көрсетеді:

    1. карталарды алмастыру;
    2. номерлерді одақтасу/ одақтасуды ыдырату;
    3. келісім-шарттарды қайта рәсімдеу;
    4. наразылықтарды қарастыру;
    5. бірлескен қызмет ету;
    6. келісім-шарттарды қайта бастау;
    7. абонент номерін алмастыру;
    8. төлемдерді қабылдау;
    9. барлық тариф жоспарлары мен номиналдардын бастапқы пакеттері;
    10. төлеу карталарын сату;
    11. PIN – PUK кодтарын беру.

Карталарды ауыстыру, PIN – PUK кодтары мен абонент номерін алмастыру ақысыз жасалынады.

 

 

 

2.8 Есептің жалпы қойылымы 

 

Бұл дипломдық жобаның  мақсаты Access МҚБЖ-сә арқылы «Beeline» ұялы байланыс орталығының автоматандырылған ақпараттық жүйесін жасау болып табылады.

Автоматтандыруға жататын есептер:

    1. Клиент пен келісім-шарттар туралы мәліметтерді енгізу;
    2. Төлемдерді қабылдау;
    3. Келісім-шарттарды әртүрлі критерийлар бойынша іздеу;
    4. Клиенттер туралы ақпаратты іздеу;
    5. Тарифтар туралы ақпаратты іздеу;
    6. Статистикалық есептерді жасау;
    7. Анықтама беру.

Есептерді шығару уақыт тәртібі:

    • Қажетті ақпаратты сақтау өнебойы жасалынады;
    • Есептерді сұраныс түсу бойынша шығару;
    • Тексерулер бойынша ай сайынға есептерді шығару;
    • Квартал бойынша жасалған жұмыс туралы есеп беру.

Нәтижелер уақыт тәртібі  мен ізденістін қорытындылары бойынша есептер түрінде шығарылады.

Жасалынып жатқан мәліметтер қорынын жалпы мақсаттары:

    • кестелердегі сақталынып тұрған мәліметтерде жылдам қолжетерлікті қамсыздандыру, мәліметтердін қайталуын жою;
    • мәліметтердін бүтіндігін қамсыздандыру, нысандардын өзгеру барысында олармен байланысты нысандардын өзгеруі автоматты түрде жүзеге асатындай.

Жасалынып жатқан бағдарлама пайдаланушымен жұмыс жасауға ыңғайлы  интерфейске ие болу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. МӘЛIМЕТТЕР  БАЗАСЫН БАСҚАРУДЫ ЖҮЙЕЛЕУ

 

3.1 Бағдарламалау жүйесін таңдау

 

Қазіргі таңда қойылған тапсырманы шешуге рұқсат берілген көптеген программалық құралдар мен МББЖ-рін жасайтын жүйелер  бар. Windows қабығында жұмыс істейтін мәліметтер базасын басқару жүйесін жетілдіруде бірнеше әртүрлі жүйелер қарастырылған. Бұл жүйелер келесілерді білдіреді:

Microsoft  фирмасының FoxPro МББЖ – бұл жүйе жұмыс істегенде тиімді және ыңғайлы қосымшаларды жасауға мүмкіндік береді, бірақ онда орындалатын модулдердің сыртқы көрінісін келтіру және жобалаудың аз мүмкіндіктері  кірістірілген. 

Visual FoxPro бөлек компоненттерден тұрады, олар ақпаратты сақтауға және түсіндіруге пайдаланады. Бұл компоненттер кестелер, мәліметтерді түсіндіру, формалар, есептер, сұраулар, программалар және библиотекалар болып табылады.  Формаларды және есептерді жасауға конструкторлар пайдаланады, сондықтан оларды конструкторлық объекттер деп атайды.  Конструкторлық объекттер құрамалы объекттер болып табылады, яғни одан да майда  объекттер (мысалы алаң, кнопкалар, диаграммалар, рамкалар) тұрады, оларды интерфейстің объектілері деп атайды.

Интерфейстің объектілеріне келесілер  жатады:

    • Мәтіндік объектілер;
    • Тікбұрыш және сызық;
    • Алаңдар;
    • Кнопкалар;
    • Графикалық объектілер;
    • OLE - объектілер;

Visual FoxPro-да барлық ақпарат кестелерде орналасқан. Әрбір кестенің бірегей аты және ол бөлек файлда сақталады, оның аты кестенің атымен сәйкес келеді.  Кестелердің атын қою тапсырмасында Windows файлдарына ат қойған кезедегі ережелер пайдаланады, Visual FoxPro кестелері бар файлдарға автоматты түрде DBF  платасы кеңеюі беріледі.

Әрбір объект бөлек файлдарда  сақталады,  негізгі объекттері бар файлдардың атын  сіз өзінің  бересіз, ал  объектілері бар файлдардың кестемен байланысты аттары, кестенің  атымен сәйкес келеді. 

Microsoft Access – ол толық реляциялы  МББЖ. Онда мәліметтерді анықтауда  және өңдеуде барлық құралдар, сонымен қатар үлкен көлемді  ақпараттармен  жұмыс істеу  де қарастырылған.  Microsoft Access  пайдаланушының  интерфейсін тез жасауға мүмкіндік береді, бірақ алайда тез әрекетті  программаларды жасайды.

MS Access 2003 программалық өнім MS Office XP тобына жатады, өйткені ол реляциондық мәліметтер базасын басқару 32-разрядтық алымды және жоғары өндірімді жүйесі болып табылады, ол мәліметтер базасын және клиент-сервер архитектуралық мәліметтер базасының қосымшаларын жасауға арналған.

Информация о работе Ақпараттың негізгі ұғымы, құрылымы, формасы, өлшемі