Түрік дәуірінің кезеңделуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2013 в 18:44, реферат

Краткое описание

Бұл шығарма ерте ортағасырлық және дамыған ортағасырлық мемлекеттер туралы сыр шертпек.
Сол кезеңдерде өмір сүрген елдердің кейінгі құрылатын мемлекеттердің негізі болғанын және Қазақстан аумағында біртіндеп өркениеттің дамуына септігін тигізді.
Алғаш құрылған мемлекеттер әскер күшіне сенген феодаодық мемлекеттер болды.Билеушілер көп жағдайда ең жоғары тап өкілі,бүкіл жердің иесі саналды,әрбір құрылған мемлекеттер өздерінен әлсіз тайпалар мен елдерді саяси ықпал ету аймағына айналдырып отырды,бұл оларға мемлекеттік қазына үшін маңызды болды.Бұл мемлекеттер жайлы мәліметтер

Оглавление

I. Кіріспе
Бұл шығарма ерте ортағасырлық және дамыған ортағасырлық мемлекеттер туралы сыр шертпек.
Сол кезеңдерде өмір сүрген елдердің кейінгі құрылатын мемлекеттердің негізі болғанын және Қазақстан аумағында біртіндеп өркениеттің дамуына септігін тигізді.
Алғаш құрылған мемлекеттер әскер күшіне сенген феодаодық мемлекеттер болды.Билеушілер көп жағдайда ең жоғары тап өкілі,бүкіл жердің иесі саналды,әрбір құрылған мемлекеттер өздерінен әлсіз тайпалар мен елдерді саяси ықпал ету аймағына айналдырып отырды,бұл оларға мемлекеттік қазына үшін маңызды болды.Бұл мемлекеттер жайлы мәліметтер Қытай жылнамаларында,Махмұд Қашғаридің «Диуани-Лұғат-ат-түрік»,Жүсіп Хас-Хаджибтің «Құтадғу білік» шығармасында,Әл-Якубидің еңбектерінде,Руна жазуларында, т.б шығармаларда толық жазылған. Менің еңбегім солардың тамшысы арқылы ғана дайындалды.Осы мемлекеттер туралы қысқаша мәлімет алуға мүмкіндік береді.
II. Негізгі бөлім: А)Ерте ортағасырлық мемлекеттер (VI – Xғ.ғ)
1) Этникалық құрамы
2) Қоғамдық құрылысы
3) Саяси тарихы
4) Саяси нәтижелері
5) Шаруашылығы
Ә)Дамыған орта ғасыр мемлекеттері (X – XIIғ.ғ)
1) Этникалық құрамы
2) Қоғамдық құрылысы
3) Саяси тарихы
4) Саяси нәтижелері
5) Шаруашылығы
6) Қала мәдениеті

ІІІ. Қорытынды

Файлы: 1 файл

Реферат Түрік дәуірінің кезеңделуі.docx

— 62.22 Кб (Скачать)

Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық                Университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

                                                Тақырыбы: «Түрік дәуірінің кезеңделуі»

                           Орындаған: Нұрбай Шолпан 

                           Группа: ММ-12-01                                                                     

                           Қабылдаған: Қозыбақова.Ф.А

 

 

 

 

 

                                           2013ж

                                  Жоспар:

  1. Кіріспе

Бұл шығарма ерте ортағасырлық және дамыған ортағасырлық мемлекеттер  туралы сыр шертпек.

 Сол кезеңдерде өмір сүрген елдердің кейінгі құрылатын мемлекеттердің негізі болғанын және Қазақстан аумағында біртіндеп өркениеттің дамуына септігін тигізді.

Алғаш құрылған мемлекеттер  әскер күшіне сенген феодаодық мемлекеттер  болды.Билеушілер көп жағдайда ең жоғары тап өкілі,бүкіл жердің иесі саналды,әрбір құрылған мемлекеттер өздерінен әлсіз тайпалар мен елдерді саяси ықпал ету аймағына айналдырып отырды,бұл оларға мемлекеттік  қазына үшін маңызды болды.Бұл мемлекеттер жайлы мәліметтер Қытай жылнамаларында,Махмұд Қашғаридің «Диуани-Лұғат-ат-түрік»,Жүсіп Хас-Хаджибтің «Құтадғу білік» шығармасында,Әл-Якубидің еңбектерінде,Руна жазуларында, т.б шығармаларда толық жазылған. Менің еңбегім солардың тамшысы арқылы ғана дайындалды.Осы мемлекеттер туралы қысқаша мәлімет алуға мүмкіндік береді.

  1. Негізгі бөлім:                                                                                                  А)Ерте ортағасырлық мемлекеттер (VI – Xғ.ғ)
          1. Этникалық құрамы
          1. Қоғамдық құрылысы
          2. Саяси тарихы
          3. Саяси нәтижелері
          4. Шаруашылығы                                                                                                                                                         

         Ә)Дамыған орта ғасыр мемлекеттері (X – XIIғ.ғ)

          1. Этникалық құрамы
          2. Қоғамдық құрылысы
          3. Саяси тарихы
          4. Саяси нәтижелері
          5. Шаруашылығы
          6. Қала мәдениеті

                                                                                                                                              

ІІІ.    Қорытынды

 

                1Түрік дәуірінің кезеңделуі

Тарихта орта ғасырлардағы мемлекеттерді қағандықтар деп атаған. Бесінші ғасырларға қарай Солтүстік Монғолиядан Орта Азияға дейін (Әмударияға дейін) кейін тіпті Шығыс Еуропаға дейін Тирек деген атпен бірнеше тайпалар мекен етті.

      Қытай деректерінде түркілерді «шонжарлар» деп атаған.Солардың ішінднгі ең ірісі түрік (түркі) тайпасы, олармен қатар үйсіндер, қаңлылар, түргештер т.б болған. Ең алғаш түрік деген ат 542ж яғни  6- ғасырда кездеседі. Ондай былай деп жазылған. Вей (Қытайдың солтүстік батысы) князьдігіне түрікткер шабуылды жыл сайын жасап отырды. Қытай деректерінде оларды сюнну ғұндар    деп атаған. 546 жылы Теле тайпалары Монғолияның оңтүстігін мекендеген аварларға (чуань-чуань) қарсы жорық жасайды. Оларды жеңіп елумыңнан астам әскерін тұтқынға алып , өз армиясына қосады.Енді түріктер күшейіп, аварларға шарт қояды. Шарттары:

  • Ханшасын әйелдікке беруін талап етеді
  • Жеңілгендігін мойындасын дейді. Бірақ жауап болмайды. 552 жылы түріктердің билеушісі Бумын аварларға қарсы шабуыл жасап жеңіске жетеді. Ал олардың басшысы Анағұй қаған өзін-өзі өлтіреді.Осы жылы көктемде   Бумын  Түрік қағанатын  құрады. Осылайша Түрік қағанаты құрылып, оның алғашқы қағаны Бумын болады.

Түрік қағанаты

 

Хронологиялық шеңбері

552-603ж.ж

Аумағы

6-ғасырдағы Қазақстан жері, Солтүстік Монғолиядан бастап Шығыс Еуропаға дейін созылып, қоныс өрісі Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетеді

Діні

Түріктер Көкке(Тәңір  )Жерге ,Суға табынды.Түрік қағанаты   Көк тәңірінің желеуімен билік жүргізді.Түріктердің діни түсінігінде Көктен кейін отбасының және балалардың қамқоршысы Ұмай ана саналған

Әлеуметтік -экономикалық дамуы

Бумын 552ж өзін бүкіл түркілнрдің ханы «елхан»деп жариялайды.553ж шайқас кезінде қаза табады.553ж оның інісі Қара Еске билік басына келеді.Бірақ сол жылдың соңында олда қайтыс болады.Одан соң таққа Мұқан қаған  отырады.Мұқан қаған 553-572ж.ж билік етеді.Оның кезінде Түрік қағанаты Орта азияда саяси үстемдікке ие болды.572ж Мұқан қаған қайтыс болады.Енді билікке әскери қолбасшы Естеми қаған келді.582жылға дейін билік етті.Естеми қайтыс болғаннан кейін билік үшін қырқыс басталады.Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік империясының өз тілінде 7-8ғ.ғ жазылған Орхон-Енисей жазбалары арқылы белгілі.

Саяси тарихы

553-554ж.жМұқан қаған қайларды,қидандарды(қарақытай),оғыз, татарларды, Енисей қырғыздарын,Жетісудың түркештерін өзіне қосып алады.563-567ж.ж Эфталит патшалығын өзіне қосып алып, шекарасын ұлғайтады. Тіпті Орта Азияны жаулап алып Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік жасайды.568ж.ж түріктер Константинопольге елшілік жібереді.Оны көпес Маниах басқсрады.Мақсаты: Византиялықтармен бірігіп Иранға қарсы күресу.571ж Мұқанның әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады.576ж Естемидің ұлы әскери қолбасшысы Түрік санов Қырымға шабуыл жасайды.Территориясын кеңейтеді.Естеми қайтыс болғаннан кейін билік үшін қырқыс өршіп, Қағандық әлсірей бастайды.Күшейген Ирандықтар 588ж Герат түбінде түріктерді жеңеді.Осыны пайдаланып 590ж Византиялықтар түріктерге шабуыл жасайды.Көп территорияны басып алады.

Саяси нәтижелері

Өз ішіндегі қырқыстан соң  Түрік қағанаты 603ж екіге бөлінеді.Батыс түрік қағанаты және Шығыс түрік қағанаты болып. Шығыс түрік қағанаты Қытай жерінде Шығыс Түркістанда қалып қояды.Ал Батыс Түрік қағанатының орналасқан жері Жетісу болады.




 

 

 

 

 

Батыс  түрік  қағанаты

Хронологиялық шеңбері

603-704ж.ж

Аумағы

Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін, Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді  жайлады.

Діні

Түріктер Көкке(Тәңір  )Жерге ,Суға табынды.Түрік қағанаты   Көк тәңірінің желеуімен билік жүргізді.Түріктердің діни түсінігінде Көктен кейін отбасының және балалардың қамқоршысы Ұмай ана саналған

Әлеуметтік -экономикалық дамуы

Орталығы – ЖетісудағыСуяб қаласы (Қазіргі Тоқымақтың маңындағы Ақбешім). Қағанаттың құрамында үйсіндер, түркештер,қаңлылар,т.б болды.Этникалық құрамы он тайпалы елден құралды. Бес тайпасы дулу, бес тайпасы нушеби немесе он ақ будундар немесе он оқ будундар. Жазғы орталығы – Мыңбұлаққаласы(Түркістан қаласы жанында).Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі әдісі басыңқы және отырықшы – егіншілік түрі қоса жүргізілетін бірегей жүйесі болып табылады.Елдің халқы бәрі бірдей сауда саттықпен, қолөнер кәсібімен, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысып отырған.Орта Азия мен Қытай жерлерімен сауда жасасқан.Қалалар өркендеді.Қағанаттағы бірінші тұлға – бірінші тұлға, әскери қолбасшы,бәлкім күллі жердің иесі де –қағанболған.Жоғарғы лауазымдылар – жабғы, шад, елтебердеп қаған әулетіне тән адамдар аталған.Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарған.Халықтан салықты тудундаржинады.Қағанаттың негізгі халқы мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған, оларды қара бұдұндеп атаған.Қоғамақсүйек және тәуелді тайпа деп екіге бөлінді. Тәуелді тайпа үнемі алым салық төлеп отырған.Түріктердің көрші тайпалар мен халықтарға шапқыншылық жасағандағы мақсаттарының бірі – құлдар әкету болған.

Мәдениет, әдебиет дамыды, жазу пайда болды. Көне түрік жазуы Рунадеп аталды.Ол отыз бестайпаның алғашқы таңбасынан жинақталды.Бұл жазу Орхон Енисей немесе Күлтегін ескерткіштері деп аталды.Білге қаған жаздырған Тадас өзенінің бойындағы Тоныкөк батыр ескерткіші.Руна ескерткіштері бірнеше топқа бөлінді: Монғолия аумағындағы,Тува және Минусин аумағындағы ескерткіштер, Алтай тобының ескерткіштері, Шығыс Түркістан ескерткіштері,Жетісулық ескерткіштер.

Қағанатты 610 —618ж.ж  Жеғуй қаған басқарды.618 — 630 ж.ж елді Тонжабғы қаған билеген.Осы кездерде қағанат күш қуаты арта түсті.Түрік қағанаты жылқылар патшалығы деген атаққа ие болды.

Саяси тарихы

Олар Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды.Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.Жеғуй қаған мен оның інісі  Тонжалебғы қаған билеген кезде қағанат күшейе түскен. Тохарстан мен Ауғаныстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның Солтүстік – батысына  дейін кеңейтеді.

Саяси нәтижелері

Қарауындағы халықтар мен тайпаларды ұдайы бағынышты етіп ұстап отыруға Батыс түрік қағанаты Орталық өкіметінің әскери саяси рессурсы жетпейтін болып шықты.

Қағанат ішінде өзара тартыс үздіксіз жүріп, билеушілер жиі – жиі ауысып жатты, бұл ыдыраушылықты асқындырып жіберді.Он алты жылға созылған тайпалар арасындағы соғыс пен ішкі әлеуеттік ішкі қырқыстар (640 – 657 ж.ж) Жетісуға Тан империясының баса көктеп кіруіне әкеліп соқты.Тан губернаторлары Батыс түрік тайпаларын қаған әулетінен  өздері қалап сайлаған  сыбайластары арқылы басқаруға тырысты.Алайда түріктердің Тан басқыншылығына және оның сыбайластарына қарсы жүргізген   тынымсыз күресі түркештердің күшейіп көтерілуіне, сөйтіп 704ж. Жетісуда олардың саяси жетекші күш болып шығуына себепші болды.


 

Түргеш қағанаты

Хронологиялық шеңбері

(704 – 756ж.ж)

Аумағы

Түркеш қағанаты 704ж құрылды .

Қағанаттың аумағы Орта азияның  Оңтүстік – Шығысында Шаш(Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы  Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі  аумақты қамтыды.

Діні

Түрікт ер Көкке (Тәңір), жерге,суға(Иер  суб) табынды.Қағандар нақ осы көктің еркімен билік құрып,олар “Көк тектестер  және Көкте туғандар” деп аталды.Өзінің мәні жөнінен  бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай – отбасы мен  бала шағаны қорғаушы болған.Ертедегі орта ғасырлардағы барлық түркі тайпалардың  наным сенімдерінде қасиетті тауларға деген (ыдұқ баш) табынушылыұтың маңызды  мәні болды.Ежелгі түріктер арасында әр түрлі діндер тараған, олардың ішінде ең әйгілілері – отқа табыну,жануарларға  табыну, өсімдіктерге табыну

Әлеуметтік -экономикалық дамуы

  Қағанаттың негізін салушы – Үшелік қаған (704 – 706ж.ж) VI ғ ТяньШань таулы аймақтарында өмір сүрген түркештерVII ғ Жетісуға қонысаударып,Батыс түрік қағанатының сол қанатының құрамына енген,халқы ең көп тайпа болған. Халқының  этникалық құрамы  негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрды.

Саяси орталығы

Суяб(Шу мен Талас өзеніне  жақын)

Күнгіт(Жазғы ордасыІле  өзені бойында орналасты.Түркештердің ең қымбат өнімі мускус болды.

Саяси әкімшілік билік  қағандықтың ең жоғарғы билеушісі  қағанның  қолында болды.

Ел  20 ұлысқа бөлінді . Әр ұлыста 7мыңнан әскер болған.

Сауда жақсы дамыды.

 

Саяси тарихы

705ж Арабтар шабуыл  жасап Мауереннахрды басып алды. Түргештер соғдылықтарға көмектесіп арабтарға қарсы шықты.  709ж. Арабтар Бұқараны басып алады. 706 – 711ж.ж билікке ұлы Сақал қаған келеді.Елдің ішінде талас тартыс басталады.Қытайлар Шығыс түрік қағанатына маза бермейді. 712 – 713ж.ж түргештер,соғдылықтар,ферғаналықтар,шаштықтар бірігіп арабтарға қарсы шығады.Арабтар Шаш қаласын өртейді.714ж Испиджабқа шабуыл жасайды.Түргеш қағанатында Сұлу қаған (715 – 738)билік жүргізді.Осы кезде қағанат күшейді. Астанасын Тараз қаласына көшіреді.Әрі айлакер әрі қолбасшы Сұлу екі майданда шабуыл ұйымдастырады.Батысы Арабтарға және Шығысы Тон империясына қарсы(Қытайға). 723ж Ферғана қарлұқтарымен,Шаш тқрғындарымен бірігіп Арабтарға қарсы соғыс болады.Бұл ұзаққа созылды. 732ж Арабтар қайта күш жинапТүргештерден Бұқар қаласын ьартып алады. 737ж Сұлу қаған арабтарға қарсы жорық ұйымдастырыпТоқарыстанға дейін жетті,бірақ қайтар жолда қаза табады.

 

 

Саяси нәтижелері

  • Оның орнына баласы Тұқарсан Құтшар қаған болды.Оның тұсында ел ішінде 20 жылға созылған ұзақ күрес басталып, қағанат мүлдем әлсірейді. Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан қарлұқ тайпалары көшіп келе бастады.Түркештер қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады.Ішкі талас тартыстардан әлсіреген Түргеш қағанаты қайта қалпына келмей 756ж қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай,біржола құлайды.
   

Қарлұқ қағанаты

Хронологиялық шеңбері

(756-940ж.ж)

Аумағы

Қарлұқ  қағанаты 756ж Жетуісуда билікке келеді.

Қарлұқ  тайпаларының орналасқан жері  Батыс  Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке. 7-ғ аяғында Жетісу жеріне қарай ауысқан. 8-9ғ.ғ Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта аймағына дейінгі жерді мекендеген.

Астанасы  Қойлық қаласы

Діні

Қарлұқтарда ислам діні орнайды.

Әлеуметтік -экономикалық дамуы

Араб географы Ибн – Хаукаль Хғ былай хазды“Қарлұқтардың жерінің батысынан

Шығысына  жетуі үшін 30күн керек»Олар туралы Қытай деректерінде 581-618ж.ж Қарлұқтардың басты тайпасы бұлақ(болат)Ақтах(Алтай)жерін мекендеді. Қарлұқ бірлестігінің құрамы негізінен үш тайпалық бірлестік:Бұлақ , Шігіл, Талшық тайпаларынан тұрды. Кейбір деректерде 5ғ кездеседі.Шу аңғарын мекендеген Қарлұқтардың астанасы Баласағұн болды. Қарлұқтарда 25 қала мен қоныстар болған.

Ең  ірі қалалары: Баласағұн,Тараз, Мерке, Аталық,Тұзун, Балық,Барсхан,Сикуль,Талғар,Тоң,Пенчуль,т.б

Көсемдерін  жабғу деп атаған.

Ұлы жібек  жолында жатқандықтан сауда дамыды.

 

 

 

 

Саяси тарихы

.Олар көбінесе ұйғырлармен қырғыздармен соғысы отырды. Оларға IX ғасырдан бастап арабтар маза бермеді.  810ж Арабтар шабуыл жасап Құлан қаласын алады. 812ж Арабтар мен Қырғыздар Отырарға шабуыл жасап,басып алады. 840ж Енисей қырғыздары ұйғыр қағанатын құлатады,оның халқын Турфан,Ганчжоу ауданына көшіреді.Исмаил Ибн Ахмед Таразға жорық ұйымдастырады.Қарлұқ қағаны Таразды қорғағанымен қала құлап ислам діні қабылданады.

 

 

Саяси нәтижесі

Сонымен қарлұқтар Жетісу жеріндегі түріктерді қолдай отырып, Жетісуға 200жылдай билік етті(170,180)

940ж көоші отырған Қашқарлықтар  мемлекет ішіндегі билік үшін  қырқысты пайдаланып Баласағұн  қаласын басып алды.

Қарлұқ мемлекеті  құлады.


 

Оғыз мемлекеті

Хронологиялық шеңбері

(9ғ соңы – 11ғ басы)

 

Аумағы

Қашқаридың  айтуына қарағанда оғыздардың алғашқы  отаны Жетісу болғандығына күмән  жоқ.

Олар  Қазақстанның батысы Сырдарияның ортаңғы  ағысын мекендеген

Діні

Оғыздар алғашында пұтқа  табынған.Кейін ислам дінін қабылдаған.

Әлеуметтік -экономикалық дамуы

 

Оғыздарды Истархидің және Қашғаридің еңбегінде ОҚ жерінде,әсіресе  Ыстықкөл мен Шудың орта бойында  қырғыз,қыпшақ, оғыз, шағма, чігіл, имек сияқты түркі тілдес тайпалардың  өмір сүргендігі белгілі. Махмұд Қашқари оғыздар 22,кейбір деректерде  24тайпадан құралған дейді.

Деректемелердің айырмашылықтары оғыздардың екі  экзогамиялық  фратрифға:бұзұқтар мен ұшұқтарға бөлінуімен сипатталады.Әрбір топта 24тайпадан,бұлардың өзі тепе-тең екіге бөлінді. Тайпалық және рулық бөлімшелер “оба”,”бой”,”көк” деп аталды. 
“Ұрұғ”деген терминмен патрономия құратын атақты тұқымдар,әулеттер аталғанОғыз даласын «оғыз сахарасы» деп атаған.Оған Хазария,Арал,Қызылқұм жері кірген. 10ғ Оғыз мамлакетінің астанасы – Янгикент немесе “Жаңа гузия” қаласы болған.

Оғыз  мемлекеті билеушісінің титулы «Жабғу»  деп аталған.

 Жабғудың  кеңесшілері «күл-еркіндер”

Жабғудың  “инал” атты мұрагері және оны тәрбиелеуші  “атабектер” болған.

Оғыз  әскерінің бастығы “сюбашы” деп  аталған.

Ақсақалдар кеңесі жұмыс жасаған

Ірі Қалалары: Жент,  Фараб,Сауран, Қармақ

Сүткент,  Сығанақ т.б 

 

 

Саяси тарихы

Оғыздар Хорезм,Жетісу,Мәуеренахрмен  байланыс орнатқан.Еуразияда олар маңызды  рөл атқарды.

10ғ соңында орыс деректерінде оғыздардың ұ,965ж.Киев князді Святославпен бірігіп хазарларды,985ж князь Владимрмен одақтасып,Еділ,Калма бұлғарларын талқандағны туралы айтылады.

Шахмәлік тұсында  мемлекет кұшейіп,1041ж. Хорезмді жаулап алады.

Алайда оғыздардың соңғы жабғуы Шахмәлік салжұқтардың қолынан қаза табады.  

Саяси нәтижесі

Селжұқтармен  көп жылғы күрес нәтижесінде  оғыздар әлсірейді.

Осылайша,11ғ  күшейіп келе жатқан қыпшақтар  оларды Арал,Сыр бойынан ығыстырды.

 Оғыз  тайпалары қазақ,қырғыз,татар,башқұрт,түркімен ,өзбек,қарақалпақ халықтарының  қалыптастырушы түріктердің бірі  болды. 

Информация о работе Түрік дәуірінің кезеңделуі