Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 17:50, реферат
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан аймағында көлемі жағынан ең ірі ортағасырлық қала Отырар болып табылады. Зерттеу жұмысында Отырардың ортағасырдағы тарихы аңыз әңгімелер, жазба және археологиялық деректер негізінде қарастырылады. Отырар-Фараб иелігінің тарихи географиясы, елді мекендері, керуен жолдарының бағыттары, Отырардың ерте ортағасырдағы, ортағасырдың орта беліндегі, кейінгі ортағасырдағы археологиялық белгілері жазба мәліметтермен, аңыздармен салыстырыла отырып, әр кезеңдегі саяси тарихы, қолөнері, егіншілік пен ирригациясы, сауда-саттығы, мәдениет пен наным-сенімдері сипатталады. Көп ғасырлық тарихы бар Отырар қаласының ХVІІІ ғ. ортасында құлдырап босап қалу себептері көрсетіледі.
Кейінгі ортағасырлық Түркістан қаласына қатысты деректерді қарасақ, онда қазақтың көшпелі бөлігінің өкілдері де тұрғанын аңғарамыз. Мысалы, атақты Нияз батырдың тұрақты мекен жайы «түркістандық» деген мәлімет бар. Ол арғын руынан екені белгілі. 1740 ж. орыс өкілдерімен болған кездесуде Нияз батыр «түркістандық» екені, оның сауда-саттықты дамытуға мүделлі болғаны қағазға түскен: «А по нем Нияз-батыр примолвил: «Которые-де у нас лутшие старшины усердственно желают, чтобы торги к ним в Туркестант (ибо он, Нияз-батыр, житель туркестанский) и в Ташкент беспрепятственно продолжались» [59, с. 164]. Бұқара қаласында қазақтар тұрған жеке орам белгілі, онда 15 үй болыпты. Чоршанби мақаласында мешітті салдырған Шоқас бидің баласы Сәрсенбі қазақ екен. Бұл кісі керуенбасы, не үлкен саудагерлердің басшысы екен, осы мешіт айналасында топтасып қазақтар тұрған екен [60, с. 232, 320]. Осы тарихи жағдайларды ескере отырып, Қазақстанның ортағасырлық қала мәдениеті қазақ халқына да тиесілі, қалаларда қазақтар да тұрған демекпіз. Қала халқының бір бөлігі қазақ халқының құрамына кірді деген тұжырымға келеміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Отырар
қаласының пайда болуы
Отырар VІ-VІІ ғғ. Түркі қағанаты құрамына еніп, Шаш - Тарбанд иелігінің астанасына айналды. Қала айналасында үлкен шаруашылық аймақ, бір топ серіктес елді мекендер орналасқан. І-V ғғ. жататын ыдыстардағы жазулар Отырар өңірінің халқы мәдениеттің жоғары жетістігі әліппені пайдаланғанын көрсетеді. Отырар алқабында тұрған халық түрлі наным - сенімдерді ұстанды.
«Насабнама» VІІІ ғ. арабтардың Сүткент арқылы Сырдарияның екі жағалауымен жүріп, Отырарды басып алғаны жөнінде хабарлайды. Біз Отырартөбенің шағын шеткі бөлігіндегі қазбадағы 13- еден мен 14- еден арасын, және 14- еденнің өзін іліккен үйлердің бос, иесіз қалып қаңырап қалуын арабтар әскерінің жорығынан кейінгі көрініс деп есептейміз. Отырартөбенің стратиграфиялық кесіндісінде Х-ХІ ғғ. қабаты мен VІІ-VІІІ ғғ. қабаттары анықталып, жеке-дара суреттеледі де ортасындағы ІХ ғ. қабаты жоқ болып шығады. Бұл Отырардың кем дегенде осы бөлігінің бір ғасырдай қаңырап тұрғанын көрсетсе керек. VІІ ғ.– VІІІ ғ. ортасынан кейін тек ІХ ғ. басында ғана Отырарда теңге соғыла бастады. ІХ ғ. бастап деректерде Тарбан-Тарбандпен қатар Фараб қаласы, не уалаяты, Х ғ. бас қала ретінде Кедер қаласы атала бастайды.
Қарахандар заманы Отырар үшін гүлденіп өсу дәуірі болды. Отырар қолөнерінің жаңа түрлері пайда болды. Жаңа археологиялық материал негізінде мата өндірісімен айналысқан шеберхана орны, ою-өрнек түсіретін керамикалық қалып, бұрын-соңды кездеспеген химиялық шишалар, етікшінің құрал-саймандары, шыны өндірісінің орны анықталды.
Ислам қағидалары мен араб жазуының кең тарала бастағанының куәсі деп Отырардан табылған заттар бетіндегі жазуларды айту керек. ХІІ ғ. Отырарда Сопы Данышпан қабірінің болуы, деректерде Сопыхананың болғаны жөніндегі хабарлар, Арыстанбаб кесенесіндегі қарахандық дәуірдің құрылыс қалдықтарының табылуы сопылықтың тарағанын көрсетеді. Қарахандықтар тұсында теңге соғу ісінің қолға алынуын қаланың экономикалық тұрғыдан өсіп-көркеюінің бір айғағы деп түсінуіміз қажет.
1210
ж. Отырар Хорезмшах
Зерттеуімізде
Отырартөбені қазу барысында табылған
өрт іздерін белгілі тарихи оқиғалармен
сәйкестендіру жұмыстары
Біз Отырарда ХV ғ. екінші жартысында бүкіл қалалық екінші өртті Отырар әкімінің темірліктерге қарсы көтерілісімен байланыстырамыз. Көтеріліс себептері, оның барысы бізге беймәлім болғанымен жазба деректер темірлік Әбу Саидтың 1455 ж. Отырардағы бүлікті басқаны жөнінде хабарлайды. Археологиялық қазбаларды талдау «екінші өртке» байланысты оқиғалар Отырар халқын ойсыратып тастағанын көрсетіп тұр. ХV ғ. бірінші ширегінде Отырар астаналық дәрежесінен айырылып, қатардағы өлкелік қалалардың біріне айналды. Отырарда соғылған ең соңғы теңге 1415-16 ж. жатады.
Отырар
тарихының соңғы кезеңі археологиялық
қабаттарда соңғы бүкіл қалалық өртпен
таңбаланады. Отырардағы соңғы бүкіл қалалық
өрт жоңғар ханының 1681-1682 жж. жасаған жорығымен
байланысты. Отырарлықтардың ерлікпен
қарсылық көрсетуіне орай қаланы жоңғарлар
өртеді. Халқының бір бөлігін өзімен бірге
айдап әкетті. Көптеген үйлер иесіз бос
қалып, ол жерлер мазаратқа айналды. Алайда
Галдан билігі ұзаққа созылмады. Монғол
билеушілері арасындағы өзара қақтығысты
пайдалана отырып, 1688 ж. қазақ жасақтары
Жоңғарияны шабуылдап шекаралық аймақтарында
ойран салды. ХVІІ ғ. 80-ші жылдарынан кейін
кейбір өртенген және тастап кеткен үйлер
жөнделді, аса шектеулі аудандарда жаңа
үйлер салынды. Бұл кезеңде қаладағы тіршілік
құлдырауда. ХVІІІ-ХІХ ғғ. жазба мәліметтер
шоғыры, археологиялық деректер (нумизматиқалық
және керамикалық кешен), жергілікті аңыз
әңгімелер Отырарда тіршілік 1750 ж. тоқтағанын
көрсетеді. Отырарда тіршілік тоқтауына
бірнеше факторлар әсер етті. Біріншіден
жоңғар шапқыншылығы кезінде арық-каналдардың
бұзылуы және Отырар халқы санының күрт
кемуінде. Отырарда ХVІІІ ғ. бірінші жартысында
200-280 адам болған. Осындай аз қол күшімен
көктемде суы мол арнасынан шығып жататын,
жазда суы биік арнасының төменінде жататын
Арыс өзенін бөгеп арыққа су шығару, жер
деңгейі жазық аймақта оман-арық қазып
суды жүргізу көп күшті, көп шығынды қажет
етті. Яғни, Отырарға су жеткізетін Темірарықты
қалпына келтіруге отырарлықтарда шама
болмады. Бұған қоса ХVІІІ ғ. ауа райы өзгеріп,
қуаңшылық үстем болып өзендердегі су
деңгейі төмендеп кетті. Отырардың соңғы
тұрғындары Түркістан, Шымкент, Шілік
елді мекендеріне көшкен. Отырар қаласының
халқы басқа да қазақ жеріндегі ескі қалалықтардың
ұрпақтары іспетті қазақ халқының құрамына
кірді.
Информация о работе Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде