Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 17:50, реферат

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан аймағында көлемі жағынан ең ірі ортағасырлық қала Отырар болып табылады. Зерттеу жұмысында Отырардың ортағасырдағы тарихы аңыз әңгімелер, жазба және археологиялық деректер негізінде қарастырылады. Отырар-Фараб иелігінің тарихи географиясы, елді мекендері, керуен жолдарының бағыттары, Отырардың ерте ортағасырдағы, ортағасырдың орта беліндегі, кейінгі ортағасырдағы археологиялық белгілері жазба мәліметтермен, аңыздармен салыстырыла отырып, әр кезеңдегі саяси тарихы, қолөнері, егіншілік пен ирригациясы, сауда-саттығы, мәдениет пен наным-сенімдері сипатталады. Көп ғасырлық тарихы бар Отырар қаласының ХVІІІ ғ. ортасында құлдырап босап қалу себептері көрсетіледі.

Файлы: 1 файл

Ортағасырлық Отырар.doc

— 304.00 Кб (Скачать)

    - Отырар қаласында тіршіліктің  тоқтауының басты себептері: 1. Жоңғар  шапқыншылығы және соның салдарынан ирригациялық жүйенің бұзылуында. 2. Саны азайған отырарлықтардың егістіктерге, қалаға су алып келу мәселесін тұрақты түрде шеше алмауында. 3. ХVІІІ ғ. бастап климаттың өзгеруінде.

    - Отырардың халқы Оңтүстік Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындары айналасындағы көшпелі және жартылай көшпелі халықпен тығыз шаруашылық, этникалық байланыста болды. Археологиялық және басқа да деректер Оңтүстік Қазақстанның қалаларында қазақтар да тұрған көрсетеді. Қала халқының бір бөлігі қазақ халқының құрамына кірді деген тұжырымға келеміз.

    Зерттеудің  қолданыстық маңызы. Зерттеу жұмысының ғылыми тұжырымдары мен материалдарын Қазақстан тарихы мен археологиясына арналған еңбектерді жазуда, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жасауға пайдалануға болады. Зерттеу барысында табылған жаңа ескерткіштер еліміздің тарихи-мәдени мұра қатарын толықтырып, «Оңтүстік Қазақстан облысы тарих және мәдениет ескерткіштер жинағы. Отырар ауданы» атты энциклопедиялық жинаққа енді.

    Еңбек Отырар ескерткіштерін әлемдік мұра тізіміне енгізу тұрғысынан пайдалы болмақ. Қазба кезінде табылған заттар Қазақстанның орталық музейі, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі экспозициясы мен қорларында сақтаулы тұр.

    Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері мен қорытындалары ғылыми монографияда, Астана, Алматы, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Түркістан, Нукус-Бустан-Беруни қалаларында өткенхалықаралық және республикалықғылыми практикалықконференцияларда баяндалды. Зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес 1 монография, 69 мақала Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Түркия және Рессейде шығатын ғылыми басылымдарда жарияланды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау комитеті бекіткен тізімге енген 7 түрлі басылымда 16 мақала (төртеу бірлескен авторлықта), 5 мақала шетелдік басылымдарда, 13 мақала республикалық және халықаралық ғылыми конференция материалдарының жинақтарында, әр түрлі басылымдарда 35 мақала жарық көрді. Диссертация қолжазбасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Ғылыми кеңесі мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды (хаттама № 6, 30 сәуір 2009 ж.).

      Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыстың құрылымы тақырыпты және алға қойған міндеттерді ашуда логикалық бір ізділік бойынша жасалды. Диссертациялық жұмыс кіріспе, алты тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қысқартулар тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыс сызбалармен, суреттермен толықтырылған. 

    НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

    Кіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың өзектілігі негізделіп, жұмыстың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, методологиялық негіздері, хронологиялық ауқымы, практикалық маңызы және қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар көрсетілген.

    1 «Отырардың ортағасырлық тарихына байланысты деректер» деп аталатын тарауда Отырар тарихына қатысты белгілі  барлық дерек көздері қарастырылады. 1.1 «Отырар туралы тарихи-археологиялық зерттеулер» деп аталатын бөлімде Отырар жөніндегі археологиялық деректер төрт кезеңге: 1. 1.1832 - 1946 жж.; 2. 1947–1966 жж.; 3. ХХ ғ. 60 - шы жж. аяғы - 1991 ж. аралығы; 4. Қазақстанның егемендік алған 1991 ж. бастап 2008 ж. ортасына дейінгі аралық деп бөлініп баяндалады.

    ХІХ ғ. А.И. Левшиннің, Н.А. Маевтың, Н. Дингельштедттың, Е.Т. Смирновтың зерттеулерінде Отырар қиранды, қала құландысы ретінде  аталады. Баспасөзде Отырар қаласының  құландыларын алғаш И.Т. Пославский сипаттады. Сырдарияның орта ағысының сол жағалауындағы ескерткіштерді алғашқылардың бірі болып аралап суреттеген Н.В. Руднев болды. Отырар тарихы жөнінде Н.С. Лыкошин, В.В. Бартольд, Н. Жетпісбаев баспасөз бетінде пікір алысты. Соңғы уақытқа дейін археологиялық әдебиетте Отырарда алғашқы қазбаны А.К. Кларе мен А.А. Черкасов 1904 ж. жүргізген деп саналатын. Алайда Н.И. Веселовскийдің бізге жеткен «Қазалыдан Ташкентке барар жолдағы көне қалалар қалдықтарының сипаттамасы» деп аталатын қолжазбасына сүйенсек, әйгілі шығыстанушы Қазақстанның оңтүстігінің бір топ ескерткіштерін зерттеп, солардың ішінде Отырарда қазба жұмыстар жүргізген екен. Отырарға қатысты мәтін жұмыста толығымен келтіріледі және мәтінді талдау арқылы Отырарда Н.И. Веселовскийдің қашан болғаны негізделеді. Сонымен, аталған құжаттарға сүйене отырып, Отырар қалдықтарының алғашқы сипаттамасын жасаған және Отырартөбеде тұңғыш қазба жұмыстарын жүргізген шығыстанушы, һәм археолог Н.И. Веселовский деуге толық негіз бар. Алайда бұл жұмыстар жөнінде баспасөз бетінде ғылыми есеп жарияланбаған соң Отырардағы алғашқы қазбалар ғылыми орта үшін белгісіз болып келді. А.К. Кларенің «Ежелгі Отырар және оның құландыларындағы 1904 жылы жүргізілген қазбалар» атты еңбегі қазба жөніндегі әдеттегі есеп шеңберінен асып сол кездегі ғылыми айналымға енген жазба деректерді қамтыған Отырардың тарихын жазуға деген алғашқы талпыныс деп бағалауымыз керек. Онда Отырар мен Фараб атауларының шығу тегі жөнінде жорамал жасалған, қала арқылы өткен жолдар бағыты суреттелген, ел арасында сақталған бірнеше тарихи аңыз әңгімелер алғаш жарияланды.

    Сырдарияның сол жағалауындағы ескерткіштерді алғашқылардың бірі болып аралап көрген Н.В. Руднев болды. Оның 1900 ж. мақаласында  Сырдарияның бойындағы Қысты  деген жерден Түркістан қаласына дейінгі аймақта 11 қала орны аталады. Н.В. Руднев 1903 ж. «Туркестанские ведомости» газетінде Сырдарияның орта ағысы жағалауының картасын жариялады. Археологиялық әдебиетте аталмайтын осы картада 51 ескерткіш белгіленген. Бұны осы аймақтың тұңғыш археологиялық картасының нобайы деп бағалауымыз керек.

    ХХ  ғ. басында Отырар ескерткіштерін Д.Н. Люшин, И.А. Кастанье атап өтті. Сонымен 1832-1911 жж. аралығында Отырар өңірінің бір топ ескерткіштері өлкетанушылар тарапынан есепке алынып суреттелді. Отырартөбеде және Отырар өңірінің кейбір ескерткіштерінде алғашқы шағын қазба жұмыстары жүргізілді, Отырар тарихына қатысты жазба деректердегі мәліметтер ғылыми айналымға енді, ел арасындағы аңыз әңгімелер жинақталып, баспасөз бетінде жариялана бастады. Бұл жұмыстарды Отырардың ғылыми тұрғыдан зерттелуінің алғашқы қадамдары деп бағалауымыз қажет.

    1917 ж. Қазан төңкерісі, одан кейінгі  азамат пен екінші дүниежүзілік  соғысы Отырар ескерткіштерін  зерттеуге мұрша бермеді. Шетелде  тек жазба деректерге сүйенген  Отырарға арналған қысқаша J.H. Kramerдың мақаласы басылды [1]. Көп үзілістен кейін 1947 ж. бастап Отырар ескерткіштерін зерттеуді А.Н. Бернштам басқарған, Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич, А.Г. Максимова, басқа да зерттеушілер қатысқан Оңтүстік Қазақстандық археологиялық экспедициясы бастады. Олар Отырар алқабының басты-басты ескерткіштерін есепке алып, олардың бірнешеуінде шағын қазбалар жүргізді, Қангюй–қаңлы мәселесін көтерді, кангюй–қаратау мәдениетін белгіледі. Ескерткіштерді топографиялық, типологиялық жағынан жіктеу, керамиканы жүйелеу мәселелері 1958 ж. Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевичтың «Оңтүстік Қазақстанның тұрақты қоныстары мен қалалары тарихынан» атты зерттеуінде  көрініс тапты [2]. Отырар ескерткіштері «Қазақстанның археологиялық картасына» енгізілді. 1960 жылдары бұзыла бастаған Отырар ескерткіштеріне М.О. Әуезов, Ә.Х. Марғұлан араша түсті. Ә.Х. Марғұлан «Отырар қаласының орнында» атты шағын мақаласында Отырардың тарихи маңызын көрсетіп тарихи ескерткішерді қорғау, ел аузындағы аңыз әңгімелерді жинау мәселесін көтерді [3, 6-7-бб.]. Бұрын Отырарға қатысты археологиялық әдебиетте аталмаған осы мақала диссертацияда талданады. Аталған зиялыларымыздың араша түсуінің арқасында Отырартөбе кең көлемдегі бұзылудан сақталды.

    1966 ж. Отырар өңірінің солтүстік  бөлігіндегі Хорезм археологиялық-этнографиялық  экспедициясының бір отряды барлау-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Л.М. Левина кангюй – қаратау мәдениеті деп А.Н. Бернштам атаған археологиялық мәдениеттің атын біршама өзгертіп, отырар – қаратау мәдениеті деп атауды ұсынды. 1967 ж. К.А. Ақышев басқарған Жетісу археологиялық экспедициясы Оңтүстік Қазақстан аумағы мен Отырар алқабы ескерткіштерін барлады.

    Отырар  ескерткіштерінің зерттелу тарихының  жаңа кезеңі 1969 ж. К.А. Ақышевтың Отырар археологиялық экспедициясын ұйымдастыруымен  басталады [4, с. 25]. Екі жылдан соң  бұл экспедиция Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедиция (басшысы К.А. Ақышев) болып құрылып, оның құрамында К.М. Байпақов, Л.Б. Ерзакович, С.М. Ақынжанов, Х.А. Алпысбаев, В.А. Грошев, С.Ж. Жолдасбаев, Ж.Қ. Таймағамбетов, Т.В. Савельева, А.Н. Подушкин, А.К. Ақышев, Е.А. Смағұлов, Б. Нұрмұханбетов, Ю.И. Трифонов, Н.О. Алдабергенов, К.Н. Бурханов, Ю.А. Мотов, басқа да археологтар Отырар қаласы мен алқаптың ескерткіштерін зерттеуге атсалысты. Отырар ескерткіштерін жаңаша тәсілдермен зерттеу қолға алынды. ХХ ғ. 60–шы жж. аяғы мен 1991 ж. арасында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Отырар Қазақстан мен Орта Азия аумағында ең көп зерттелген кейінгі ортағасырлық қалаға айналды. Отырар ескерткіштерін зерттеу барысында археология ғылымының сол кездегі жаңа тәсілдері қолданылды. Отырар ескерткіштері алғаш рет ұшақтан фотосуретке түсірілді, Қазақстанда алғаш рет ортағасырлық қаланы кең көлемде қазу жұмыстары жүргізілді, палеоэтнографиялық, ирригациялық, нумизматикалық ізденістермен, керамикалық ыдыстардың саз құрамын анықтау, олардан тарихи мәліметтер алу жұмыстары қатар жүргізілді. Отырар археологиясына арналған монографиялар, жүздеген мақала-хабарлар жарық көрді [5].

    Қазақстан егемендік алған соң мәдени мұраны зерттеу мен сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөліне бастады. 2004 ж. мемлекеттік «Мәдени мұра» және «Көне Отырарды қалпына келтіру» атты бағдарламалар қолға алынды. Қарастырылған кезеңде Отырар тарихы мен археологиясын зерттеу жаңа сатыға көтерілді. К.М. Байпақов басқарған Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедиция зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Отырар ескерткіштерін зерттеу, сақтау және құжаттау мәселелерімен Қазақстандық ғалымдармен қатар ЮНЕСКО/Жапония мамандары айналысты. Отырар ескерткіштерін зерттеуде жаңа технологиялар пайдаланылды. Отырар археологиясын қамтыған кітаптар, көптеген мақала–хабарлар жарық көрді. Бұл кезеңде К.М. Байпақовтың жеке дара кітаптары, және Н.О. Алдабергеновпен бірге дайындаған фотоальбомы, Е.А. Смағұлов, А.А. Ержігітовалармен, З.Ж. Шарденовамен, Г.А. Терноваямен, Д.А. Воякинмен тағы басқалармен бірге дайындаған монографиялары, кітапшалары мен мақалалары жарық көрді. 2008 ж. Отырар ауданының ескерткіштер жиынтығы басылып шықты. Оған аудан аймағындағы жаңа ескерткіштер, соңғы жылдары жаңа технологиялар негізінде алынған нәтижелер, жаңа ұшақтан түсірілген суреттер енгізілді [6].

    ХХ  ғ. екінші жартысы мен ХХІ ғ. басында  Отырар тарихының кейбір мәселелері этнография саласындағы белгілі  ғалымдар Ө. Жәнібеков, У.Х. Шәлекенов  зерттеулерінде, Отырар нумизматикасы  Р.З. Бурнашева, В.Н. Настич, Е.А. Давидович, Б.Д. Кочнев, С.М. Юсупова, С.М. Аитова зерттеулерінде, керамика өндірісінің мәселелері Э.Ф. Кузнецова, Т.М. Тепловодская, Н.И. Синенькая, шиша өндірісі Т.С. Дощанова зерттеулерінде қарастырылды. Отырардың сәулет өнері ескерткіштерінің зерттеу және жәдігерлерді сақтау, қорғау мәселелерімен В.В. Константинова, Т.К. Бәсенов, М.М. Мендикулов, В.Л. Воронина, М.К. Сембин, Н.П. Егорова, Г.М. Камалова, Б.Т. Тұяқбаева, Ю.А. Елгин, А. Қонысбаев, Е.Х. Хорош, Н. Иманжанов, Е. Репинская және Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қызметкерлері айналысты.

    D. Clarke , R. Sala, J.M. Deom, E. Meseth, Б. Аубекеров [7] Отырардың тарихи кезеңдердегі геоморфологиясына, геологиясына, гидрологиясына, климатына және осыларға байланысты ирригацияға назар салып зерттеу жүргізді.

      Археологиялық-тарихи әдебиетті  шолу зерттеу жұмыстарының әртүрлі  бағытта жеке-жеке бағытта тереңдетіліп  жүргізіліп, үлкен нәтижелерге жеткенін  көрсетті. Аталған өңірдегі қалалық  мәдениеттің басталу мәселесі, арабтардың  Фараб-Отырар иелігін жаулап алуы, ортағасырдағы қолөнердің көптеген мәселелері, Отырар қалалық мәдениетінің этникалық аспекті және басқа да мәселелер зерттеуді талап етеді.

    1.2 «Отырар тарихы  мен тарихи орындары  туралы аңыздар»  деп аталатын бөлімде Отырар өңірінің байырғы аңыздары қаралды. Арыстанбаб және оның кесенесі туралы, Ақарықты қазған Шәміл хақында, Сырдария суының тасып, Отырар халқының қырылуы, Отырар қаласында тіршіліктің тоқтауы, Отырарда Әмір Темірдің дүние салуы және Өгіз жылғасы бойындағы қалалар туралы аңыздар, Мұңлық–Зарлық қисса-хикаяты – бұлардың барлығы Отырар өңірінің төл аңыздары. Аталған аңыздар немесе аңыздардың қысқа нұсқалары немесе оларда баян етілетін оқиғалар тым құрығанда бір ауыз сөзбен болса да, ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Отырар туралы жазған зерттеушілердің жазбаларында кездеседі. Олардың бір бөлігі баспасөз бетінде жарияланса, бір бөлігін Отырар ауданы тұрғындары Нарымбетов Мамасадықтан, Егемжар Жаңғабылдан  жазып алдық. Жұмыста аталған аңыздардың барлығы тарихи деректердегі мәліметтермен, археологиялық ізденіс нәтижелерімен салыстырылып талдау жасалған. Аңыздардағы оқиғалар толығымен болмаса да, мейлің, жарым–жартылай болсын, жазба деректермен қошталады. Жоғарыда келтірілген аңыздардың төртеуі Отырар өңіріндегі арықтарға байланысты болып отыр. В.В. Бартольдтың Отырар туралы әңгіме ете келе  осы өңірге қатысты жазба деректерде Сырдария немесе Арыс өзендерінен шығарылған арықтар туралы еш мәлімет жоқ деп көрсеткенін ескерсек, бұл аңыздар аса құнды болып табылады. Отырар өңіріндегі отырықшылық пен қала мәдениетінің дамуы, не құлдырауы сол каналдарға байланысты болғанын осы аңыздардан байқауға болады. Отырар алқабында алып каналдар қазылуы жөнінде мәлімет басқа деректерде кездеспейді. Темір өлімі туралы аңыз жазба деректердегі мәліметтермен үндесіп жатады. Онда қала топографиясына қатысты мәлімет табуға болады.

    Отырар  аңыздарын, тарихи әңгімелерін ең алдымен  деректану сынынан өткізіп, саралап, олардың байырғы заман туындысы ма, жоқ кейін жасалған жасанды  «аңыз» ба, соны ажыратып алу жұмысы жүргізілді. Көп жағдайда Отырар аңыздары жазба деректерде айтылмаған оқиғаларды суреттейді, ал жазба деректерінде көрсетілген жағдайлардың өзін қайталап жатқанның өзінде оқиғаны жаңа қырынан танытады, толықтырады. Сонымен қатар Отырардың төл аңыздарында жалпы аңыз атаулыға тән көрініс - халықтың қиялынан туған суреттеу, әсірелеу тұстары да бар. Мысалы, Шәмілдің Бөген мен Арыс өзендерін жалғаған Ақарықты жалғыз өзінің қазуы. Аңыздағы мәліметтерді қосалқы тарихи пәндер деректерімен, жазба және археологиялық деректермен салыстырып, тексеріп отыру керек. Тек осы жолмен ғана аңыздағы жорамалдар мен хикаяттар ішінен тарихи шындықтың дәнін ажыратып алуға болады. Деректану тезінен, сынынан өткен Отырар аңыздары ғана ортағасырлық Отырар өлкесінің тарихының жаңа беттерін ашуға қажетті дерек көздері бола алады.

Информация о работе Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде