Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 17:50, реферат

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан аймағында көлемі жағынан ең ірі ортағасырлық қала Отырар болып табылады. Зерттеу жұмысында Отырардың ортағасырдағы тарихы аңыз әңгімелер, жазба және археологиялық деректер негізінде қарастырылады. Отырар-Фараб иелігінің тарихи географиясы, елді мекендері, керуен жолдарының бағыттары, Отырардың ерте ортағасырдағы, ортағасырдың орта беліндегі, кейінгі ортағасырдағы археологиялық белгілері жазба мәліметтермен, аңыздармен салыстырыла отырып, әр кезеңдегі саяси тарихы, қолөнері, егіншілік пен ирригациясы, сауда-саттығы, мәдениет пен наным-сенімдері сипатталады. Көп ғасырлық тарихы бар Отырар қаласының ХVІІІ ғ. ортасында құлдырап босап қалу себептері көрсетіледі.

Файлы: 1 файл

Ортағасырлық Отырар.doc

— 304.00 Кб (Скачать)

     
 
 

                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Ортағасырлық  Отырар:

    тарихи-археологиялық  деректер негізінде   

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе 

      Жұмыстың жалпы  сипаттамасы. Қазақстан аймағында көлемі жағынан ең ірі ортағасырлық қала Отырар болып табылады. Зерттеу жұмысында Отырардың ортағасырдағы тарихы аңыз әңгімелер, жазба және археологиялық деректер негізінде қарастырылады. Отырар-Фараб иелігінің тарихи географиясы, елді мекендері, керуен жолдарының бағыттары, Отырардың ерте ортағасырдағы, ортағасырдың орта беліндегі, кейінгі ортағасырдағы археологиялық белгілері жазба мәліметтермен, аңыздармен салыстырыла отырып, әр кезеңдегі саяси тарихы, қолөнері, егіншілік пен ирригациясы, сауда-саттығы, мәдениет пен наным-сенімдері сипатталады. Көп ғасырлық тарихы бар Отырар қаласының ХVІІІ ғ. ортасында құлдырап босап қалу себептері көрсетіледі.

    Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кешенді археологиялық-тарихи зерттеулердің нәтижесінде Қазақстан аумағы Евразияның байырғы және ортағасырлық тарихында аса маңызды роль атқарған орталықтардың бірі болғаны анықталып отыр. Алайда тоталитарлық жүйе үстемдік еткен кезеңде еліміздің ортағасырлық тарихы, оның мәдени және рухани жетістіктері өз дәрежесінде  көрсетілмеді.

    Тек тәуелсіздігіміздің арқасында байырғы  тарихымызды терең тануға даңғыл жол ашылды. Тәуелсіздік алғалы бері қолға алынған және «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы атқарылған жұмыстардың негізінде ғылыми айналымға жаңа тарихи және археологиялық деректер қосылды.

    Археологиялық зерттеулер нәтижесінде Қазақстан  аумағын ортағасырлық дәуірде мекен еткен халықтың бір бөлігі көшпенділікпен қатар отырықшы, жартылай отырықшы болғаны, Қазақстанның едәуір бөлігінде ортағасырда қалалар мен тұрақты елді мекендердің болғаны жөнінде материалдар көптеп жинала бастады. Әрине, әр қаланың қайталанбас өзіне ғана тән тарихы бар. Бірақ қазақ даласындағы кез-келген қала өзі орналасқан аймақпен, жалпы Қазақстанмен тығыз байланыста дамыды. Сондықтан ортағасырлық қалалар тарихынсыз туған еліміздің тарихын қалпына келтіру мүмкін емес. Қалалар - сауда, қолөнер, діни, әкімшілік орталықтары болды, ал Қаялық, Отырар, Сарайшық, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Тараз, Түркістан - қазақ жеріндегі жеке хандықтардың, ірі феодалдық иеліктердің астаналары қызметін атқарды. Аталған қалаларда Еуразия аумағы үшін маңызды шешімдер қабылданып отырды. Мысалы,  1763 ж. Түркістан қаласында қазақ билеушілері жиналып, Қытай империясы тарапынан Орталық Азия елдеріне жаулап алу қаупі төнуіне орай көрші мұсылман мемлекеттерімен, Ауғанстан билеушісімен бірлесіп әскери одақ құру мәселесін қарап мақұлдады. Ал 1771 ж. Түркістан қаласында  Абылайды үш жүздің ханы етіп көтеру рәсімі өтті. Мұндай кеңестік дәуірде назар аударыла бермейтін фактілер қалалар мен тұрақты елді мекендер тарихын тану қажеттілігін күшейте түседі.

    Қазақстан мен Орта Азияның ортағасырлық тарихында маңызды роль атқарған қалалардың бірі Отырар болды. Бұл қала Әбу Насыр әл-Фарабидің отаны ретінде әлемге танымал. Деректер оны түркілердің, Түркістан өлкесінің астанасы болғанын көрсетеді. Отырар Қазақстан аумағында күміс, мыс теңгелермен қатар алтын ақша соққан жалғыз қала. Отырардың аса құнды тарихи ескерткіш екенін онда ЮНЕСКО/ Жапонның мақсатты қорының «Көне Отырар қалашығын сақтау мен реставрациялау» жұмыстарының жүргені және оны Қазақстан тарапынан ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізуге ұсынуы айғақтай түседі. Отырар Қазақстанның басқа ортағасырлық қалаларымен салыстырғанда археологиялық тұрғыдан ең көп қазылған және қазбалар көлемі жағынан алып қарағанда кең ауқымда жүргізілген қала болып табылады.

    Отырар  қаласын зерттеу жұмыстары ХІХ ғ. аяғында басталды. ХХ ғ. ортасында Отырар өңірінде А.Н. Бернштам басқарған ОҚАЭ (құрамында Е.И. Агеева, Г.И. Пацевич бар) жұмыс істеді. 1969 ж. К.А. Ақышев басқарған Отырар археологиялық экспедициясы Отырар ескерткіштерін жаңаша тәсілдермен  зерттеуді қолға алды. 1970 ж. К.А. Ақышев басқарған ОҚКАЭ Отырартөбенің стратиграфиясы мен топографиясын зерттеді. 1971 ж. бастап кең көлемді аудандарды ашу тәсілімен қазба жұмыстары басталды. Әсіресе, ХХ ғ. екінші жартысында К.А. Ақышев, К.М. Байпақов, Л.Б. Ерзакович, В.А. Грошев, Е.А. Смағұлов, Р.З. Бурнашева бастаған зерттеушілер тобы қала тарихының көптеген экономикалық, әлеуметтік-саяси мәселелерін қарастырды.

    Үлкен жетістіктерге қарамастан Отырардың  ортағасырдағы тарихын қамтыған еңбек әлі жазылмаған. Соңғы кездері Отырар ауданы мен көрші аймақтарда жаңа археологиялық ескеркіштер тобының табылуы, Отырартөбе мен көршілес ескерткіштерді қазу барысында жаңа археологиялық материалдардың жиналуы, ғылыми айналымға жаңа жазба тарихи деректердің қосылуы, археологиялық ескерткіштер жөніндегі аңыздарды тарихи дерек ретінде қарастыру сияқты мәселелер туындап, Отырар тарихын жаңаша зерделеуді талап етеді.

    Қазіргі таңда мақта және басқа да дақылдарды өсіру үшін егістіктер ауданы ұлғайып, жәдігерлерге едәуір қауіп төніп тұрған кезде аймақтағы археологиялық ескерткіштерді тіркеу, тарихи ескерткіштердің барлығын тізімге алу, тарихи ландшафтың құндылығын анықтау өте-мөте қажет. Осы жұмыстар «Отырар алқабы ескерткіштері» деген атпен белгілі кешенді ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізу үшін, Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері жиынтығын жасау үшін қажетті қадам деп санаймыз. Осы бағыттағы жұмыстар «Мәдени мұра» мен «Көне Отырарды қалпына келтіру» мемлекеттік бағдарламалары бойынша ескерткішті сақтау, күту, мұражайландыру және оны туристік нысанаға айналдыру жұмыстарының ойдағыдай жүргізілуі үшін де керек-ті.

    Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері. Зерттеу жұмысын талдау барысында біз соңғы жылдары Отандық археология ғылымында болып жатқан өзгерістерді негізге алдық. Біз өз зерттеуімізде жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарды, сыннан өткен, жаңа көзқарастар тұрғысынан жазылған отандық және шет елдік зерттеулерді басшылыққа алдық, ғалымдардың тарих пен археология саласындағы жаңа әдіс-тәсілдері қолданылды. Зерттеуде осындай әдіс-тәсілдерді қолдану Отырардың тарихын объективті түрде сипаттауға қол жеткіздіреді.

    Зерттеу жұмысының мақсаты  мен міндеттері. Зерттеу барысында табылған тың деректік материалдарды бұрынғы дерек көздердегі мәліметтермен салыстыру, талдау мен қорытындылау негізінде Отырардың ортағасырдағы тарихын жазу - зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатта келесі міндеттер белгіленіп шешілді:

    - Отырар тарихына қатысты барлық  жазба деректерді, археологиялық  және тарихи зерттеулерді талдап сипаттау;

    - Отырардың өткен тарихына байланысты  ауыз–әдебиет үлгілерін жинақтау, аңыз әңгімелерді тарихи дерек көзі ретінде қарап, оларды талдаудан өткізіп, мәліметтер алу, бұрын жарияланбаған аңыздарды ғылыми айналымға енгізу;

    - Отырар-Фараб иелігі жөніндегі мәліметтерді талдап иеліктің шекарасын белгілеу, Отырар алқабының ортағасырдағы табиғи ортасы жайлы мәліметтер жинастыру, табиғи ортаның тұрақты елді мекендерге тигізген ықпалын белгілеу, географиялық атауларды талдап, деректердегі елді мекендерді археологиялық ескерткіштермен баламалау, байырғы керуен жолдарының тармақтарын анықтау;

    - Отырардың ерте ортағасырда, ортағасырдың  орта белінде, кейінгі ортағасырдағы  археологиялық белгілерін жазба  мәліметтермен салыстыра отырып, әр кезеңдегі саяси тарихты, қолөнерді, егіншілік пен ирригацияны, сауда-саттықты, мәдениет пен наным-сенімдерін сипаттау;

    - Көп ғасырлық тарихы бар Отырар  қаласының ХVІІІ ғ. ортасында құлдырау, босап қалу себептерін айқындау;

    - Отырар қала мәдениетінің қазақ  халқының этникалық тарихына қатысын анықтау.

    Зерттеу жұмысының нысаны – ортағасырлық Отырар қаласының қалдықтары, алқаптың  археологиялық ескерткіштері, археологиялық қазба барысында алынған және кездейсоқ табылған заттар, басқа да заттық және заттық емес мұралар.

    Зерттеу жұмысының пәні – ортағасырдағы Отырар тарихы, оның өзекті мәселелеріне тарихи талдау жасау.

    Зерттеу жұмысының хронологиялық  шеңбері ерте ортағасырлық дәуірдің басынан (б.з. ІV ғ.) бастап қаланы соңғы тұрғыны тастап кеткен 1750 ж. дейінгі, яғни, ХVІІІ ғ. ортасына дейінгі мерзімді қамтиды.

    Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы алға қойылған міндеттердің өзектілігінен туындайды. Кең көлемдегі деректік материалдар негізінде Отырар қаласы мен аттас иеліктің ортағасырлық дәуіріндегі тарихының тұтастай қарастырылуы зерттеу жұмысының негізгі жаңалығы болып табылады. Осыған байланысты диссертацияда мынадай ғылыми жаңалықтар көрініс тапты:

    - Ортағасырлық Отырардың зерттелу тарихнамасы жаңа мәліметтер негізінде толықтырылып сараланды;

    - Отырар тарихын тануда жергілікті аңыздар басқа да деректермен салыстырылып, тексеріліп тарихи дерек ретінде қарастырылды;

    - Ғылыми айналымға соңғы жылдары  енген жазба деректердегі мәліметер  және археологиялық материалдар  тарихи дерек ретінде талданған;

    - Отырар-Фараб иелігінің тарихи географиясы алғаш рет сипатталды, елді мекендер, керуен жолдар бағыттары айқындалған;

    - ортағасырлық Отырардағы отырықшы тіршілікке табиғи ортаның ықпалы жан жақты сипатталып ашылған;

    - Тарихи-археологиялық материалдар  негізінде ерте ортағасырлық  Отырар тарихы сипатталды. Отырар аймағында тұңғыш табылып отырған жазу айғақтары, байырғы наным–сенім жөніндегі материалдар қарастырылған.

    - Отырар аймағын мұсылман әскерлерінің  басып алуы жазба және археологиялық  деректер негізінде сипатталды

    - Отырардың ортағасырдағы қолөнері жаңа материалдар негізінде толықтырылған.

    - Отырарды монғол әскерінің басып  алу мәселесі жаңаша тұрғыдан  қарастырылды. Отырардың ХІІІ-ХV ғғ. сауда-саттығы, ирригациясы, мәдениеті жаңа материалдар негізінде сипаталды.

    - Отырар қаласында тіршіліктің біржолата тоқтау себептері, кейінгі ортағасырлық Отырар қалалық мәдениетінің этникалық аспекті нақтылы мәліметтер негізінде көрсетілген.

    Қорғауға  ұсынылатын негізгі  тұжырымдар.

    - Отырар қалашығы орнында тұңғыш қазба жұмыстарын 1884 ж. Н.И. Веселовский жүргізді. Отырар аумағындағы археологиялық ескерткіштер алғаш рет Рудневтың картасында бейнеленді. ХХ ғ. ортасында Отырар ескерткіштерінің сақталуы мен зерттелуіне Ә.Х. Марғұлан үлес қосты.

    - Отырар аңыздары ортағасырлық Отырар жөніндегі бірден–бір тарихи дерек болып табылады;

    - Отырар тарихына  қатысты жаңа және  құнды мәліметтер - «Насаб–намада», Елюй Чуцайдың жазбасында, Қожа Ахмет Ясауи «хикметтерінде»  бар

    - Отырар –Фараб  иелігінің оңтүстік  шекарасы қазіргі  Шардарадан басталған,  солтүстікте Қарашық-Шавгар уалаяты – қазіргі Түркістан ауданы, шығыста Қаратау жоталарымен, батыста Қызылқұммен өткен. Сырдарияның сол жағалауында оңтүстіктен солтүстікке қарай тарихи деректерде аталатын Ақсулат, Ұзыната, Пулқожашайқы, Сүткент, Камарши-Ата, Пулқожашайқы, Султайн-шайх, Ешкілі, Рабатуғұз елді мекендер, тұрақ орындары баламаланды. Барлау барысында Отырар алқабының жаңа археологиялық нысаналары табылды. Отырар қаласы ішінде және айналасында келесі микротопонимдердің бары нақтыланды: Арыстанбаб қабірі, Сопыхана, Бердібек сарайы, Қабұғ Йарық, қорған.

    - Отырар –Фарабиелігінде  тұрақты тіршілік  үшін қажетті су  көздері – Сырдария, Арыс, Бөген өзендері  болып табылады. Аталған  өзендерде арнаның  өзгеру, су деңгейінің  көтерілуіне, не  түсуі елді мекендерге, олардың шаруашылығына қатты әсер етті.

    - Қаракөншек пен Шардара маңынан табылған жазуы бар ыдыстар Отырар-Тарбанд иелігінің халқы ерте ортағасырда мәдениеттің жоғары жетістігі әліппені пайдаланғанын көрсетеді. Құйрықтөбедегі сарайда түркі билеушілері өз құдайларын, арғы бабаларын бейнеледі. Отырарға таяу жерде – Қаратауда түркілік мүсіндер қойылған қорымдар болды. Мұсылмандықтан бұрын Отырар халқы түркілік манихейлікті, христиандықты, басқа да наным-сенімдерді ұстанды.

    - «Насаб–нама» мәліметтері мен археологиялық материалдарды салыстыру араб әскерлері VІІІ ғ. екінші ширегінде Фараб-Отырар иелігіне Сүткент арқылы еніп, Сырдарияның екі жағалауымен жүре отырып, Отырарды басып алғанын көрсетеді. Археологиялық материалдар қарахандардықтар заманында мата өндірісі, етікшілік, шыны өндірісі болғанын айғақтайды.

    - 1210 ж. Отырар Хорезмшах мемлекетіне күштеп қосылғандықтан. Отырарда Шыңғысхан әскеріне  қарсы соғысқан тек Хорезмшах жіберген әскер болды. Археологиялық зерттеулер Отырар жермен жексен болмағанын көрсетті. Бүкіл қалалық өрт іздері жоқ. Қала халқының біршама уақыт өткен соң өз үйлеріне қайта оралған. Қаланың монғол империясының құрамына қосылуы зардаптармен қатар позитивті өзгерістерді де әкелді. Отырар халықаралық сауданың маңызды орталығына айналды. Отырарда ХІІІ ғ. екінші жартысы мен ХV ғ. сәулетті құрылыстар салынды. Олардың бірінде шахмат тасы табылды. Ақарық атты бір өзен суын екінші өзенге жеткізетін өзгеше ирригациялық құрылыс салынды.

Информация о работе Ортағасырлық Отырар: тарихи-археологиялық деректер негізінде