Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 16:30, курсовая работа
Азаматтық Кодекстің Ерекше бөлімінде сақтау шартын құқықтық реттеуге арналған нормалар бар. Сақтау шарты жөнінде толық және дұрыс мағлұмат беретін материалдарды дипломдық жұмыс барысында ашып, анықтап, саралап, тұжырымдап көрсете келе, оны жасаудағы маңыздылықты, ұқыптылықты, тәртіпті сақтау жөнінде мәлімдемелер сипатталады.
Сонымен қатар сақтау шартының пайда болып, даму сатысындағы жетістіктер, қоғамның өзгеруіне байланысты туындаған ерекшеліктер, нарықтық экономикаға өту кезеңінде пайда болған қажеттіліктер туралы ақпараттар жүйесі дипломдық жұмыстың тақырыбына арқау болып отыр.
КІРІСПЕ .....3
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........6
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................6
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....15
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................18
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..25
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..31
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................31
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................36
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..42
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................43
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .........
Қорытындылай келгенде, сірә, сақгаудың басқа да жекелеген түрлері сияқты, құндылықтарды банктерде сақтау шартын құқықгық реттеу әлі де өзінің жетілдірілуін талап етеді. Соның ішінде, банктерді өздеріне сақтауға өткізілетін құндылықтарды сақтандыруды міндеттеу қажет, сақтау құжатына қойылатын талаптарды толығырақ реттеу керек және т.б. Банк бағалы қағаздарды, қымбат металдарды, тастарды және өзге де құндылықтарды, сондай-ақ құжаттарды сақтауға қабылдай алады. Құндылықтарды банкте сақтау шарты банктiң жүк берушiге атаулы сақтау құжатын беруiмен ресiмделедi, оны көрсету банктiң жүк берушiге немесе оның өкiлiне сақтаудағы құндылықтарды беруi үшiн негiз болып табылады. Жеке банк сейфiн (сейфтiң ұясын, сақтауға арналған бөлек үй-жайды) пайдалану арқылы құндылықтарды сақтау шарты банктiң құндылықтарды сақтауға қабылдау жөнiнде iс-әрекет жасауы және жүк берушiге сейфтiң кiлтiн, жүк берушiнiң сәйкестендiрме карточкаларын, көрсетушiнiң сейфтi ашу мен одан құндылықтарды алу құқығын куәландыратын өзге де белгi немесе құжат беруi жолымен жасалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк берушi кез келген уақытта сейфтен құндылықтарды алуға, оларды қайта қоюға, сақтаулы жатқан құжаттармен жұмыс iстеуге құқылы. Банктiң бұл орайда жүк берушiнiң құндылықтарды алғандығын және қайтарғандығын есепке алуға құқығы бар. Жүк берушi сейфтегi құндылықтардың бiр бөлiгiн, оның ішінде уақытша алған жағдайда банк құндылықтардың қалған бөлігінің сақталуына жауапты болады. Азаматтық Кодексте белгiленген құндылықтарды банк сейфiнде сақтау ережелерi банк өз сейфін (сейфтің ұясын, сақтауға арналған бөлек үй-жайды) мүліктік жалдау талабымен басқа тұлғаға пайдалануға берген жағдайда қолданылмайды.
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері
Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау, ең алдымен. олардағы белгіленген тәртіпте сақтау қажеттілігімен тікелей байланысты болатындығын ескере отырып, осы сақтау жалпы ереже бойынша ақысыз сипатқа ие болады. Коммерциялық емес ұйымдар, егер бұл оларға рұқсат етілген кәсіпкерлік негіз аясында немесе бір жолғы негізде мәселен, семинар конференция, съезд ие соған ұқсас басқа да іс-шаралар өткізілгенде, сақтау үшін төлем белгіленуі мүмкін. Киім ілгіште сақтаудың шығындары аталған іс шараларға катысу үшін белгіленген төлемге енгізілуі мүмкін. Мемлекеттік мекемелер, егер ақылы сақтау оларға белгіленген тәртіпте рұқсат етілген ақылы қызмет көрсету қатарына кіретін болса. сақтау үшін ақы белгілей алады.
Заңда осы шарттың жария сипаттылығына қатысты нұсқау жоқ. Ол логикаға сүйенетін болсақ, керісінше, мақсатты сипатқа ие болуға және сол бір иемесе өзге ұйымиың келіпдік етушілерінің заттарын сақтау үшін арналуға тиіс.Шарт нысаны ауызша. Сақтаушы заттың киім ілгішке сақтауға қабылданғанын растап, жүк берушіге заттың сақтауға қабылданғандығын растайтын нөмірлі жетон немесе басқада таңба береді[16].
Осындай шарт бекітілетін өзіне тән жағдайларды ескере отырып, заңнама жүк берушіге заттарды киім ілгіште сақтау шартын бекітудің атаулы растау белгісін емес, затты оны ұсынып көрсеткен кез келген тұлғамен алу құкығын куәландыратын белгіні беруді көздейді. Бұл ретте сақтаушы жетонды (басқа растайтын белгіні) ұсынып көрсетушінің затты алуға өкілеттігін гексеруге міндетті емес. Егер ұрлықшымен бөтеннің жетонын ұсынып көрсету жолымен затты ұрлау орын алса, онда заттың меншік иесі қылмыстық іс қозғау үшін (ұрлықшыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін) ұрлық туралы арыздана алады.
Сақтаушы жетонның оны ұсынып көрсеткен адамға тиесілі екендігіне күмән келтірсе, затты жетон беруші жетонды жоғалтып алғанда да киім ілгіштен затты беруге құқылы (тиісті), бірақ оның киім ілгішке зат өткізгендігі фактісі немесе оның жүк берушінікі екендігі күмән тудырмауы немесе жүк өткізуші оны дәлелдеуі керек.
Зат киім ілгіште қалдырылған және жүк беруші оны қайтып алуға оралмаған жағдайда затты мерзімінен артық сақгауға қатысты сақтау шарты туралы жалпы ережелер қолданылуға тиіс.
Қызмет көрсетудің тиісті кешенінде көрсету көзделетін қонақ үйлерде, яғни адамдардың уақытша тұруыиа арналған үй-жайларда сақтаудың ерекшелігі сақтау міндеттемесінің қонақ үйде тікелей заң нұсқауы бойынша туындайтындығында. Мұндай міндеттеменің болуын, әрине құрамдас бөлік ретінде сақтау бойынша міндеттеме кіретін, жоғары да қарастырылган күрделі шарт құрылымына сүйене отырып түсіндіруге болады, бірақ қонақ үйлік қызметтерді көрсету шартында қонақ үйдің сақтау бойынша міндеттері көрініс таппауы да мүмкін. Соның салдарынан уақытша тұрушылардың заттарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қонақ үйдің міндеттемесі сактау туралы жалпы нор-маларға сәйкес анықталатын болады.
Мұнда қонақ үйдің бөлмелеріиде орналасқан уақытша тұрушылардың жеке заттары туралы сөз болып отыр. Егер де бұл алдырмайтын күштің, заттың өз қасиетінен не тұрушының оның қасындағы тұлғалардың немесе оған келушілердің кінәсінен болмаса, олар заттың жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауап беретін болады.
Өз заттары жоғалған немесе бүлінген жағдайда тұрушы тұлғаға өз құқықтарын жүзеге асыру үшін хабарлауы қажет. Ол бұл туралы дереу қонақ үй экімшілігіне хабарлауға міндетті. Бұлай жасалмаған жағдайда қонақ үй заттың сақталмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
Аталған талапты сақтаған кезде қонақ үй барлық жағдайларда жауап береді. Қонақ үй заттардың жоғалуы немесе бүлінуі үшін өзіне жауапкершілік алмайтындығы туралы мәлімдесе де ол сонда тұрушылардың заттарын сақтау жөніндегі жауапкершіліктен босатылмайды.
Қонақ үй ақшаны, өзге де валюталық құндылықтар мен бағалы қағаздарды егер осыған орай жеке шарт бекітілген болса, ол аталған заттардың өздері қонақ үйдің сақтау камераларына орналастырылған болса, сақтау бойынша өзіне міндеттеме қабылдайды. Қонақ үйде сақтау туралы нормалар үй-жайлар тұлғаларға, мотельдерде, демалыс үйлерінде, шипажайларда, жатақханалар тәрізді ұйымдарда берілетін басқа да бірқатар жағдайларда қолданылады.
Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты жолаушыларға, алдағы уақытта тасымалдануға жататын өз заттарын, сақ-тауға мүмкіндік бере отырып, көліктік қызмет көрсету шарттарын логикалық тұрғыдан толықтырады. Заңнама шартты аталған мақсатына сай қолдану талаптарын қамтымайды, яғни ол басқа мақсаттарда да қолданыла алады. Азаматтық кодекс, керісінше, көлік ұйымдарының карамағындағы сақтау камераларын жолаушылардың және өзге де азаматтардың заттарын, олардың тасымалдау шарттарын бекітуіне (жол жүру құжаттарының болуына) қарамастан, сақтауға қабылдауға міндеттейді.
Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты жоғарыда қарастырылған сақтау шарттары сияқты жария шарт болып табылады. Оны ерекше құкықтық реттеу ерекшелендіреді, көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтауды реттейтін актілердің иерархияда жоғарғы орынды әрине, Азаматгық кодекс нормалары соның ішінде 787-бап нормалары иеленеді. Арнайы көлік заңнамасы осы сақтаута қатысты болады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, оны оның мерзімділігі ерекшелендіретін болады (мерзім осы қосылу шартының мэнді жағдайы болып табылады). Бірақ бұл сақтау мерзімінің тараптардың келісімімен анықталатындығын білдірмейді. Сақтауға өткізіле алатын заттардың мөлшері (салмағы) бойынша арнайы шектеулер белгіленуі мүмкін. Жануарлар мен құстарды, атыс қаруын, сасық иісті, өртке қауіпті уландыратын тез тұтанатын жарылған немесе өзге де қауіпті заттарды, сондай-ақ басқа жолаушылардың заттарын және камераның өзін ластайтын немесе бүлдіретін заттарды сақтауға өткізуге болмайды. Арнайы (лицензиясы бар) сақтау камерасы болмаған кезде ақшаны, бағалы қағаздарды, басқа да құныдылықтарды, сондай-ақ құжаттарды сақтауға өткізуте рұқсат етілмейді.
Заттардың сақтау камерасына (автоматты камерадан басқа) қабылдануын растап жүк берушіге түбіртек немесе нөмірлі жетон беріледі. Түбіртек немесе жетон жоғалған жағдайда сақтау камерасына өткізілген заттар жүк берушіге бұл заттардың оған тиесілі екендігіне дәлелдер көрсетуі бойынша беріледі[16].
Сақтаудың басқа шарттарына қарағанда көлік ұйымдарының сақтау камераларында заттарды сақтау шарты жүк беруші үшін артықшылықтар көздейді. Сақтау камерасына өткізілген заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлінуінен жүк беруші шеккен залалдардың сомасы егер заттарды сактауға өткізу кезінде оған бағалау жүргізілген болса не егер тараптар өтелуге тиісті залалдардың сомасына қатысты келісімге келген болса, жүк берушіге тәуліктік мерзімде төленуге тиіс. Осы ережені енгізу негізінен жүк берушілер болып жолаушылар табылатындығымен және олар жол жүру барысында елеулі қиыншылықтар көрмеуге тиістігімен байланысты. Әйтпесе мүліктік емес залалды өтеу сомасын да қамти алатын елеулі талаптар үшін негіздер пайда болады.
Ломбардтарда сия қты, көлік ұйымдарының сақтау камераларына да талап етілмеген заттарды үш айлық мерзімге дейін сактау жүктеледі. Сақ-таушыға жүкберушінің орналасқан немесе тұрып жатқан орны белгілі болған жағдайларда, ол сақтау туралы жалпы талаптарға сәйкес ескертуге міндетті екені сөзсіз
Затты алып қойғаннан кейін алынған соманы бөлу жалпы ережелер бойыншажүргізілетін болады. Көлiк ұйымдарының қарамағындағы сақтау камералары жол жүру құжаттарының болуына қарамастан жолаушылардың және өзге де азаматтардың заттарын сақтауға қабылдауға мiндеттi. Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты жария шарт деп танылады .
Заттардың сақтау камерасына (автоматты камерадан басқа) қабылдануын растап жүк берушiге түбiртек немесе нөмiрлi жетон берiледi. Түбiртек немесе жетон жоғалған жағдайда сақтау камерасына өткiзiлген заттар жүк берушiге бұл заттардың оған тиесiлi екендiгiне дәлелдер көрсетуi бойынша берiледi. Сақтау камерасына өткiзiлген заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен жүк берушi шеккен залалдардың сомасы, егер заттарды сақтауға өткiзу кезiнде оған бағалау жүргiзiлген болса не егер тараптар өтелуге тиiстi залалдардың сомасына қатысты келiсiмге келген болса, жүк берушiге тәулiктiк мерзiмде төленедi. Заттар сақтау камерасына арнайы ережелерде немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленген шектердегi мерзiмге өткiзiледi. Көрсетiлген мерзiмде талап етiлмеген заттарды сақтау камерасы тағы да үш ай бойына сақтауға мiндеттi. Бұл мерзiм өткен соң талап етiлмеген заттар сатылуы, ал сатудан түскен сомалар Азаматтық Кодекстiң 181-бабына сәйкес бөлiнуi мүмкiн.
Егер затты сақтауға өткiзу кезiнде сақтағаны үшiн сыйақы беру айтылмаған болса, ұйымдардың киiмiлгiштерiнде сақтау тегiн болады деп ұйғарылады. Сақтаушы заттың киiмiлгiште сақтауға қабылданғанын растап, жүк берушiге заттың сақтауға қабылданғандығын растайтын нөмiрлi жетон немесе басқа да таңба бередi. Киiмiлгiшке өткiзiлген зат жетонды көрсеткен адамға берiледi. Бұл ретте сақтаушы жетонды көрсетушiнiң затты алуға өкiлеттiгiн тексеруге мiндеттi емес. Алайда сақтаушы жетонның оны көрсеткен адамға тиесiлi екендiгiне күмән келтiрсе, затты жетон көрсетушiге қайтаруды тоқтата тұруға құқылы. Сақтаушы жүк берушi жетонды жоғалтып алғанда да киiмiлгiштен затты беруге құқылы, бiрақ оның киiмiлгiшке зат өткiзгендiгi фактiсi немесе оның жүк берушiнiкi екендiгi күмән тудырмауы немесе жүк өткiзушi оны дәлелдеуi керек.
Қонақүй сақтаушы ретiнде, онда тұратын адамның қонақүйге енгізген ақшасын, өзге де валюталық құндылықтары мен бағалы қағаздарын қоспағанда, жоғалу мен бүлiну дүлей күштiң, заттың өз ерекшелiктерi салдарынан не тұратын адамның өзiнiң, оның қасында жүргендердiң немесе оған келушiлердiң кiнәсiнен болған жағдайлардан басқа кезде, бұл туралы ерекше келiсiм жасамай-ақ, заттың жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап береді. Қонақүй ақшаның, өзге де валюталық құндылықтар мен бағалы қағаздардың жоғалғаны үшiн олар сақтауға қабылданған жағдайда ғана жауап бередi. Қонақүйде тұратын адам өз затының жоғалғанын немесе бүлiнгенiн байқаған бойда бұл туралы дереу қонақүй әкiмшiлiгiне мәлiмдеуге мiндеттi. Бұлай жасамаған жағдайда қонақүй заттың сақталмағаны үшiн жауапкершiлiктен босатылады[17].
Қонақүй мұндай жауапкершiлiктi өзiне алмайтындығы туралы хабарлама бергенмен, онда тұратындардың заттарын сақтау жөнiндегi жауапкершiлiктен босатылмайды.
Азаматтық Кодекстің ережелерi мейманханаларға, демалыс үйлерiне, санаторийлерге, жатақханаларға және осы сияқты ұйымдарға, сондай-ақ ұйымға келушi азаматтардың сыртқы киiмдерiн, бас киімдерiн және өзге де заттарын сақтау үшiн арнайы орын бөлінген ұйымдарға қатыста да қолданылады.
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы
Бұрын әрекет еткен заңнамамен секвестр көзделмеген болатын. Нарық пен толыққанды меншік қатынастарының калыптасуымен барлық қажетті құқықтық атрибуттар да қалыптаса бастады. Олардың қатарына секвестрді де жатқызуға болады. Секвестр дауласушы тараптардан дау пәнін "бірдей аластатуға" мүмкіндік береді, яғни дауға қатысушылардың мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беред[10]і.
Секвестр туралы шарт бойынша затқа деген құқық жөнінде араларында дау туған екі немесе бірнеше адам даулы затты даудың шешілуі бойынша соттың шешімі не дауласып жүрген барлық тұлғалардың келісуі бойынша бұл зат кімге берілсе, соған кайтаруды міндетіне алатын үшінші адамға береді. Мұндай секвестр шарттық секвестр деген атауга ие, ойткеиі ол нағыз борышқорды затты беруге мәжбүрлеуге негізделмеген. Бұған қарағанда соттық секвестр бойынша зат үшінші тұлғаға, соттың басқа да актілері сияқты барлық тұлғалар үшін міндетті сипатқа ие болатын сот анықтамасының негізінде беріледі және сол себептен секвестр мәжбүрлеуші болып табылады. Секвестрді Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізушілік кодексінің 15-тарауына сәйкес борышқордың мүлкін арестке алу сияқты талап арызды қамтамасыз ету бойынша осындай шараны жүзеге асырудың нотариалды-құкықтық механизмі ретінде қарастыруға болады.
Зат сақталу үшін сотпен тағайындалған адамға да немесе дауласушы тараптардың өзара келісуі бойынша белгіленген адамға да беріле алады. Екі жағдайда да, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, осы адамдар даулы мүлікті сақтайтын сақтаушы болуға өз келісімдерін беруге міндетті. Егер сақтау шартымен немесе заң актілерімен өзгеше көзделмесе, секвестр ақылы болып табылады. Секвестр ерекшеліктерінің бірі бол ып, оның пәні ретінде жылжитын да, жылжымайтын да заттар бола алатындығында. Басқа жағдайларға қарағанда жылжымайтын мүлік іс жүзінде сақтаушының иелігіне берілетін болғандықтан секвестр үшін осыған қатысты ерекшелік беріледі. Бұған қоса мұндай шешім секвестрді қолданудың ерекшелігімен де қамтамасыз етіледі. (Яғни мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін басқа амалдың болмауымен). Секвестрге жылжымайтын заттар берілгенде, сақтау мәмілелері белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге алынуға жатады.Секвестр туралы шарт бойынша затқа деген құқық жөнiнде араларында дау туған екi немесе бiрнеше адам даулы затты даудың шешiлуi бойынша соттың шешiмi не дауласып жүрген барлық адамның келiсуi (шарттық секвестр) бойынша бұл зат кiмге берiлсе, соған қайтаруды мiндетiне алатын үшiншi адамға бередi. Даулы зат соттың шешiмi бойынша секвестр тәртiбiмен сақтауға берiлуi мүмкiн (сот секвестрi).
Информация о работе Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі