Азамттық құқықтың субъектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 22:22, курсовая работа

Краткое описание

Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз. Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе тұлға деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Азаматтық құқық субъектісі азаматтық құқықтық қатынастар элементін құрайды.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................2
I. Жеке тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде...............................3
1.1.Жеке тұлға ұғымы, азаматтың есімі................................................................3
1 . 2. Азаматтардың құқық қабілеттілігі................................................................4
1.3. Азаматтардың әрекет қабілеттігі...................................................................6

II . Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде...........................9
2.1. Заңды тұлға атауы, теориялық түсінік...........................................................9
2.2. Заңды тұлғанын түрлері.................................................................................12
2.2. Заңды тұлғанын пайда болуы.......................................................................16

III. Статистикалық қорытындылар...............................................................24
Қорытынды...........................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер...................................................................................33

Файлы: 1 файл

АҚ Субъектісі.docx

— 94.04 Кб (Скачать)

                                 

                                  Заңды тұлға екі  түрге бөлінеді

         
      

       Коммерциялық  ұйым                               Коммерциялық емес ұйым 

       Коммерциялық  ұйым дегеніміз – меншік шаруашылық жүргізу құқығындағы қызметінен, іс-әрекетінен түсетін пайданы өз құрылтайшыларының арасында бөліске салатын заңды тұлғаны айтамыз ( шаруашылық серіктестік, толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершіліші бар серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын ) .

       Коммерциялық  емес ұйым -  пайда табу көзін көздейтін бірақ түскен пайданы құрылтайшылар арасында бөліске салынбайтын түскен пайда қайырымдылыққа жұмсалатын заңды тұлғаны айтамыз ( мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, тұтыну кооперативі, діни бірлестік ) .

       Заңды тұлғаны басқа заңды тұлғалардан  айыру мүмкін болу үшін өз атауы  болады. Заңды тұлғаның атауы заңды  тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды  түлғаның атауы құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Заңды тұлғаның атауына  байланысты қойылатын талаптармен  қоса оған белгілі бір дәрежеде шектеулер  де жасалады. Егер заңды тұлғаның атауы  заң талаптарына және қоғамдық мораль нормаларына қйшы келетін болса  ондай есімдерді пайдалануға  жол берілмейді.

       Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрақты тұрған жері болып есептеледі. Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін жүзеге асырушы оқшау  бөлімшесі филиал деп аталады.

       Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін  жүзеге асыратын оның атынан мәмілелер  жасайтын оқшау бөлімшесін өкілдік деп атаймыз.

       Статистика  агенттігінің бугінгі күнгі деректеріне  қарағанда, тіркелген заңды тұлғалар ішінде  278 мың 197 бірлігінің 50 адамнан кем емес қызметкерлері бар болып табылады. Сонымен бірге, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 186 мың 235-ті құраса, оның 171 мың 882-сі - шағын кәсіпорындар. Сондай-ақ қыркүйектегі жағдай бойынша республикадағы шағын бизнес субъектілерінің саны 210 мың 916 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға  артқан.

       Қазіргі таңда өзінің жеке меншік кәсіпорнын ашып, коммерциялық қызметпен айналысамын, өз қызметінен пайда табамын деген  азаматтар аз мерзімнің ішінде кәсіпорындарын ашып, жұмыстарын бастай алады. Оған қазіргі  уақытта түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, құжаттарды қабылдау және беру енді бір жерден жүргізілетін болды, тіркеу үшін ұсынылатын құжаттар саны да азайтылған. 
        2010 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет басшысы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жеңілдету мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, ол 12 ақпаннан бастап өз күшіне енді. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу мерзімдері азайтылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершіліктері бар серіктестіктер туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар заңды тұлғалардың жарғылық капиталының мөлшері 100 теңгеге дейін азайтылды. Бұған дейін жарғылық капиталдың мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш болатын. 
        Бұдан басқа, алғашқы тіркеуден өтетін, шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын жарғы, құрылтай шарты нотариалдық түрде куәландыру міндеті алынып тасталды.
 
 
 
 
 
 
 

2. 2. Заңды тұлғалардың  негізгі түрлері.

       Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялык емес.

       Коммерциялық  заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 2-бабы).

       Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің  әрқайсысын ерекше күқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға  мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік коғам, өндірістік кооператив нысан-дарыңда құрыла алады.

       Кұрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды  тұлғалардың мүлкіне құқықтары:

       а)     құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын; 
          ә)      қүрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;

       б)     құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік күкығы жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.

       Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер туралы жалпы ережелер. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Шаруашылық серіктестіктер және оның жекелеген түрлері туралы жалпы ереже Азаматтық кодекске енгізілген. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерді құру мен олардың қызметі 1998 жылы 10-шілдеде қабылданған Қазақстан Реслубликасының "Акционерлік қоғамдар туралы" заңымен және 1995 жылы 2-мамырда қабылданған Казақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" заң күші бар жарлығымен реттеледі. Шаруашылық серіктестік түрінде құрылған коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің құкықтык мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заң актілерімен қаралуы мүмкін, ал олардың нормалары Азаматтық кодекске сай келуі тиіс. Азаматық кодексте шаруашылық серіктестігінің төмендегідей түрлерін құру мүмкіндігі қарастырылған: 1) толык серіктестік; 2) жауапкершілігі шектеулі серіктестік; 3) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; 4) сенім (коммандиттік) серіктестігі. Шаруашылық серіктестігінің қүрылтайшылары тіркеуден өткеннен кейін қатысушы мәртебесін алады. Шаруашылық серіктестігінің құрылтайшылары жалпы ереже бойынша заңды тұлға да, жеке тұлға да бола алады.

       Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің  құрылтайшылары мен қатысушылары тек  азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік  қоғам бір тұлғамен кұрылуы мүмкін.

       Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз  болған жағдайда серіктестіктін міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі  барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте  болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады.

       Сенім серіктестігі - дегеніміз серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан да көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік болып табылады. Заң серіктестік түрінің әрқайсысы үшін жарғылық капиталына, мөлшеріне ең төменгі мөлшерді белгілеп, оның тәртібі мен мерзімін өзгертуге белгілі бір талаптар қояды.

       Жауапкершілігі  шектеулі сріктестік – бір немесе бірнеше адам құрған жарғы капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде улеске бөлінген серіктестікті айтамыз.

       Қосымша жауапкершілігі бар  серіктестік  – қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал ақша жеткіліксіз болғанда өздеріне тиесілі мүлікпен жауап беретін серіктестікті айтамыз.

       Өндірістік  кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруге негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.

       Акционерлік қоғам – өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында ақциялар шығаратын коммерциялық ұйымды айтамыз. Оның екі түрі бар ашық акционерлік қоғам және жабық акционерлік қоғам. Ашық акционерлік қоғам - өз акцияларын барлық адамдарға сата алатын және өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын қоғамды айтамыз. Ашық акционерлік қоғамның активтерінің мөлшері айлық есептік көрсеткіштің 200 мың еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлердің саны 500-ден асатын ұйым немесе қоғам деп аталады. Жабық акционерлік қоғам – акцияларды тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғғамды айтамыз. Оның акционерлердің саны 100-ден аспауы керек.

                  

       Коммерциялық  емес ұйым — заңды тұлға ретінде мекеме, коғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң күжаттарында көзделген езге де нысанда кұрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша: 1)коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады; 2) жекелеген ұйымдық-қүқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін; 3)коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасыңда белісуге болмайды. Ол жарғылық максаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.

       Коммерциялық  емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен  өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай  келуiне қарай ғана айналыса алады.Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк  бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын  заңды тұлға тек қана мемлекеттiк  мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады  заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы  туралы Заңның, өзге де заң құжаттары  мен құрылтай құжаттарының негiзiнде  жұмыс iстейдi.

       Басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым  мекеме деп танылады.

       Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады.

       Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм  беру және өзге де қоғамдық пайдалы  мақсаттарды көздейтiн мүшелiгi жоқ  коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады.

         Қатысушылардың материалдық және  өзге қажеттерiн қанағаттандыру  үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк  (үлестiк) жарналарын бiрiктiру  арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың  ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады.

       Рухани  қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде, заң құжаттарында белгiленген тәртiп  бойынша бiрiккен азаматтардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады. 

2.3. Заңды тұлғаның  пайда болуы

       Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде  жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінін жекелеген нормалары  нақталанады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап  енгізілген. Азаматгық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару кұқығымен иеленетін  заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен  басқа занды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.

       Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға  өз қызметін жарғысы не кұрылтай шарты  деп аталатын құрылтай құжаттары  негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына  сәйкес заңды тұлғаның басқа кұрылтай кұжаттары болуы мүмкін. Сонымен  қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін — меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінін) заңды тұлға  құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік коғам  қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды  тұлғалар бірлестігі үшін — құрылтайшылар  бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік  үшін — жарғы болып табылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңның 21-бабы).

Информация о работе Азамттық құқықтың субъектілері