Азамттық құқықтың субъектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 22:22, курсовая работа

Краткое описание

Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз. Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе тұлға деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Азаматтық құқық субъектісі азаматтық құқықтық қатынастар элементін құрайды.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................2
I. Жеке тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде...............................3
1.1.Жеке тұлға ұғымы, азаматтың есімі................................................................3
1 . 2. Азаматтардың құқық қабілеттілігі................................................................4
1.3. Азаматтардың әрекет қабілеттігі...................................................................6

II . Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде...........................9
2.1. Заңды тұлға атауы, теориялық түсінік...........................................................9
2.2. Заңды тұлғанын түрлері.................................................................................12
2.2. Заңды тұлғанын пайда болуы.......................................................................16

III. Статистикалық қорытындылар...............................................................24
Қорытынды...........................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер...................................................................................33

Файлы: 1 файл

АҚ Субъектісі.docx

— 94.04 Кб (Скачать)

       Статистика  агенттігі Агенттік деректеріне  қарағанда, тіркелген заңды тұлғалар ішінде  278 мың 197 бірлігінің 50 адамнан кем емес қызметкерлері бар болып табылады. Сонымен бірге, жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 186 мың 235-ті құраса, оның 171 мың 882-сі - шағын кәсіпорындар. Сондай-ақ қыркүйектегі жағдай бойынша республикадағы шағын бизнес субъектілерінің саны 210 мың 916 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,2 пайызға  артқан.

       Бұдан басқа, елімізде тұтыну бағаларының  индексі 2009 жылғы тамызда 2008 жылғы  желтоқсанмен салыстырғанда 104,3 пайызды  құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар - 2,7, азық-түлік емес тауарлар -  6,2, ақылы қызметтер көрсету 4,7 пайызға артқан. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2010 жылғы тамызда 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда  17,5 пайызға өскен. 2009 жылғы қаңтар-маусымда жедел деректер бойынша жалпы ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 6 трлн. 446,3 млрд. теңгені құрады. 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда нақты ЖІӨ-нің төмендеуі 2,3 пайызға тең болып отыр. 

       Іс  әрекеттегі заңды  тұлғалар саны бойынша  Қарағанды облысы Алматы қаласы (27,2%) және Астана қаласынан (9,8%) кейінгі 3 орынды алады. Оның  үлес салмағы 8%-ды құрайды.

       

       01.09.2010 жылға Қарағанды облысының статистика  департаменті статистикалық бизнес-тіркелімі  деректері бойынша 15,2 мыңнан астам  іс әрекеттегі заңды тұлғалар  тіркелген, бұл 01.09.2009 жылға қарағанда  6,2%-ға артық. Іс әрекеттегі  кәсіпорындар мен ұйымдардың 60%-ға  жуығы белсенді  болып саналады. Іс әрекеттегі заңды тұлғалардың басым бөлігі шағын кәсіпорындар санатына жатқызылған - 92%, белсенді іс әрекеттегілер санындағы шағын заңды тұлғалар үлесі 87,2%-ды құрайды.

       Белсенді  іс әрекеттегі кәсіпорындардың көбісі облыстың өнеркәсіп жағынан дамыған  және халықтың тығыз орналасқан Қарағанды (57,5%), Жезқазған (6,6%), Теміртау (10,1%), Балқаш (3,3%) сияқты өңірлерінде шоғырланған. Басқа аудандар мен қалалардың үлесіне 22,5% заңды тұлғалар келеді.

       Іс  әрекеттегі заңды тұлғалардың 31%-ға жуығы сауда қызметімен айналысатын  кәсіпорын болып тіркелген, оның ішінде 15,1% сауда кәсіпорындары белсенді қызмет атқарды. Іс әрекеттегі заңды  тұлғалардың тиісінше 7,4%-ы және 7,1%-ы  өңдеу өнеркәсібі, білім берумен  айналысқан. Экономиканың басқа салаларында іс әрекеттегі кәсіпорындар үлес салмағы 0,5%-дан 6,5%-ға дейінді құрады. 

       Іс  әрекеттегі кәсіпорындардың айтарлықтай  санына қарамастан, тіркелген заңды  тұлғалардың 5 мыңы (25%) экономикалық қызмет түрін іске асырмаған, негізінен  олардың барлығы (99%) шағын кәсіпорындар болған. Әрекетсіз кәсіпорындардың  жалпы санынан 96,2% заңды тұлғалар табылмаған, олармен екі жылдан астам  байланыс жоқ. Ұйымдардың 0,7%-ға жуығы  салық органдарының шешімдерімен қызметтерін  тоқтатқан, 3,1%-ы ресми түрде банкрот  болып жарияланған.

       Батыс Қазақстан облысында 1 желтоқсан күнгі дерек бойынша заңды тұлғалар 6947-ге, соның ішінде 50 адамнан аспайтындар саны 6335-ке жетті.

       Облыстық  статистика департаментінен хабарлағанындай, жұмыс істейтін заңды тұлғалар саны - 5483, соның ішінде шағын кәсіпорындар - 4882.

       Тіркелген заңды тұлғалардың көпшілігі  сауда, автомобиль, мотоцикл жөндеу саласында - 24,2 пайыз, құрылыста - 15,8 пайыз, білім  беруде - 9,2 пайыз. Осы үшеуінің үлесі 49,2 пайызды құрайды.

       Жылдан-жылға еліміздің экономикалық әлеуеті артқан сайын, жеке кәсіпкерлікке де кең тыныс ашылып, заңды тұлғалар саны күн сайын көбейіп келеді.

         

       ҚР  «Әділет органдары туралы» Заңына сәйкес, Астана қаласы Әділет Департаменті қызметінің бір саласы – заңды  тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар  мен өкілдіктерді есептік тіркеу болып табылады. 
Бүгінгі күні Астана қаласының Әділет департаменті 35 мыңнан астам заңды тұлғалар, 3500-ден астам заңды тұлға филиалдары мен өкілдіктері тіркелді. 
Күнделікті Әділет департаментіне түсіп жатқан заңды тұлғалар құжаттарына қарап, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын, заңды тұлғалардың көп тіркелетіндігін байқауға болады. Себебі шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың тіркеу мерзімі, төленетін алым ставкасы төмен, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, салық төлеу, кедендік рәсімдеу бойынша да біраз жеңілдіктер берілген. Бұл жеңілдіктер 2006 жылдың 31 қаңтарында қабылданған «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңында көрсетілген. Заңды тұлғаны тіркеу үшін белгіленген түрдегі арыз, заңды тұлғаның жарғысын, мекен-жайын анықтайтын құжат және тіркеу үшін төленген алым түбіртегін ұсынады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері Үкіметтің қаулысымен бекі-тілген, типтік жарғы негізінде өз қызметтерін жүзеге асыра алады. Бұл жағдайда тіркеу органына жарғы ұсынылмайды. Жарғының орнына типтік жарғы негізінде өз қызметін жүзеге асыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы арызы 3 данада ұсыналады. Сонымен қатар типтік жарғы негізінде өз қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны тіркеу мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. Ал шағын кәсіпкерлік субъектісін тіркеу мерзімі – 7 жұмыс күні. Тіркеу төлемінің сомасы 2 айлық есептік көрсеткішті құрайды, яғни 3024 теңге. Қазіргі таңда өзінің жеке меншік кәсіпорнын ашып, коммерциялық қызметпен айналысамын, өз қызметінен пайда табамын деген азаматтар аз мерзімнің ішінде кәсіп-орындарын ашып, жұмыстарын бастай алады. Оған қазіргі уақытта түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, құжаттарды қабылдау және беру енді бір жерден жүргізілетін болды, тіркеу үшін ұсынылатын құжаттар саны да азайтыл-ған. 2010 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет басшысы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жеңілдету мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, ол 12 ақпаннан бастап өз күшіне енді. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу мерзімдері азайтылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершіліктері бар серіктестіктер туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар заңды тұлғалардың жарғылық капиталының мөлшері 100 теңгеге дейін азайтылды. Бұған дейін жарғылық капиталдың мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш болатын. 
              Бұдан басқа, алғашқы тіркеуден өтетін, шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын /жарғы, құрылтай шарты/ нотариалдық түрде куәландыру міндеті алынып тасталды. 
2007 жылдың 12 қаңтарында «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының N 223 Заңы қабылданды. 
Осы Заңның 1-бабына сәйкес, «бизнес-сәйкестендiру нөмiрi – заңды тұлғаға (филиал мен өкiлдiкке) және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалып-тастырылатын бiрегей нөмiр». Оны алу үшін, тіркеу органына белгіленген түрдегі арыз, құрылтай құжаттарының түпнұсқасы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу /қайта тіркеу/ туралы куәлігі ұсынылады. Бизнес сәйкестендіру нөмірін алу тіркеу органдарының кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

         Қазақстан Республикасының «Заңды  тұлғаларды мемлекеттік тіркеу  және филиалдар мен өкілдіктерді  есептік тіркеу туралы» Заңының  16-бабымен таратуды тіркеуге мынадай  құжаттар тізімі тапсырылады:  ҚР Әділет министрлiгi белгілеген  нысан бойынша таратылуды тiркеу  туралы өтініш; заңды тұлға мүлкi меншік иесiнiң немесе меншік  иесі уәкілеттік берген органның  не оған заңды тұлғаның мөрi  басылған құрылтай құжаттарымен  уәкілеттік берген заңды тұлға  органының шешімі; құрылтай құжаттары;  мемлекеттiк тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк пен статистикалық  карточка; заңды тұлғаның таратылуы,  кредиторлар қойған талаптарды  мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмдері  туралы баспасөз басылымдарында  ақпараттың жарияланғанын растайтын  құжат; таратылатын заңды тұлға  мүлкiнiң құрамы; кредиторлар мәлiмдеген  талаптардың тiзбесi туралы мәлiметтер  қамтылған аралық тарату балансы,  сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi; заңды тұлға мөрiнiң жойыл-ғандығы  туралы және тағы да басқа  құжаттар. Осы құжаттардың толық  тізімін алғысы келген заңды  тұлғалар Астана қаласы Әділет  департаментінің Заңды тұлғаларды  тіркеу бөліміне хабарласып, ақпарат  алуына болады.

       Тіркелген заңды тұлғалар

       Қызмет  түрлері және м  еншік нысандары бойынша

       Астана  қаласы бойынша                              барлығы                    шағын        орта         ірі

                                                                               30492                         29533       734         225

       1    Ауыл, орман және балық    шаруашылығы        132        128        1        3
       2    Кен өндіру өнеркәсібі және қарьерлерді қазу        86        81        3        2
       3    Өндеу өнеркәсібі        1266        1208        45        13
       4    Электірмен  жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау        43        32        6        5
       5        Сумен жабдықтау, кәріз жүйесін таратылуын бақылау        65        61        1        3
       6        Құрылыс        7497        7409        65        23
       7        Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді  және мотоциклдерді жөндеу        10856        10748        98        10
       8        Көлік және қоймалау        944        901        21        22
       9        Тұру  және тамақтану бойынша қызметтер        327        311        14        2
       10        Ақпарат және байланыс        679        643        27        9
       11        Қаржы және сақтандыру қызметі        649        620        24        5
       12        Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар        1386        1344        33        9
       13        Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет        2248        2179        58        11
       14        Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы  қызмет        1229        1199        19        11
       15        Мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметік  қамтамасыз ету        331        181        102        48
       16        Білім беру        602        454        138        10
       17        Денсаулық сақтау және әлеуеттік қызметтер        339        284        28        27
       18        Өнер, ойын-сауық және демалыс        325        290        30        5
       19        Өзге  де қызмет түрлерін ұсыну        1488        1460        21        7
 

                                               
 
 
 
 
 
 

                                                Қорытынды

   Сонымен , Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуі екі шартпен тікелей байланысты. Ол — құқық қабілеттілік- пен әрекетқабілеттілік.

   Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлгалар жатады. Заңды тұлға — бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттеринституттаремханалар,дүкендерфирмалармемлекеттік органдарфабрикаларзауыттар, т.б. жатады.

    Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.

      Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі  шектеулі және қосымша жауапкершіліктері  бар серіктестіктер туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, шағын кәсіпкерлік  субъектісі мәртебесі бар заңды  тұлғалардың жарғылық капиталының  мөлшері 100 теңгеге дейін азайтылды. Бұған дейін жарғылық капиталдың мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш  болатын. 
         Бұдан басқа, алғашқы тіркеуден өтетін, шағын кәсіпкерлік субъектісі мәртебесі бар заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын /жарғы, құрылтай шарты/ нотариалдық түрде куәландыру міндеті алынып тасталды.

      Қазіргі таңда өзінің жеке меншік кәсіпорнын ашып, коммерциялық қызметпен айналысамын, өз қызметінен пайда табамын деген  азаматтар аз мерзімнің ішінде кәсіпорындарын ашып, жұмыстарын бастай алады.

      Менің ойымша Республика атынын көрсетілген жеңілдіктер өте маңызды, өйткені осының нәтижесінде жылдан-жылға еліміздің экономикалық әлеуеті артқан сайын, жеке кәсіпкерлікке де кең тыныс ашылып, заңды тұлғалар саны күн сайын көбейіп келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданған әдебиеттер: 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;
  4. Гражданский кодекс Республики Казахстан - толкование и коментирование (Общая часть), Алматы, 2000 жыл.;
  5. М. К. Сүлейманов. Азаматтық құқық (Академиялық курс, I том).;
  6. F. Төлеуғалиев. Қазақстан Республикасының Азаматтық Құқығы (Жалпы бөлім).;
  7. Е. А. Суханова. Гражданское право в 2 – томах;
  8. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007.
 
  1.  «Заңгер» - журналы ;
  2. «Заң» - журналы .

Информация о работе Азамттық құқықтың субъектілері