Азамттық құқықтың субъектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 22:22, курсовая работа

Краткое описание

Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз. Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субъектілері» деп немесе тұлға деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға деп атауға болады. Азаматтық құқық субъектісі азаматтық құқықтық қатынастар элементін құрайды.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................2
I. Жеке тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде...............................3
1.1.Жеке тұлға ұғымы, азаматтың есімі................................................................3
1 . 2. Азаматтардың құқық қабілеттілігі................................................................4
1.3. Азаматтардың әрекет қабілеттігі...................................................................6

II . Заңды тұлғалар азаматтық құқық субъектісі ретінде...........................9
2.1. Заңды тұлға атауы, теориялық түсінік...........................................................9
2.2. Заңды тұлғанын түрлері.................................................................................12
2.2. Заңды тұлғанын пайда болуы.......................................................................16

III. Статистикалық қорытындылар...............................................................24
Қорытынды...........................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер...................................................................................33

Файлы: 1 файл

АҚ Субъектісі.docx

— 94.04 Кб (Скачать)

       Коммерциялық  емес ұйымның құрылтай кұжаттарының талаптары коммерциялық емес ұйымның  өзінің, оның кұрыл-тайшыларының (катысушыларының) орындауы үшін міндетті.

       Коммерциялық  емес ұйымның құрылтай шарты мен  жарғысы арасында қарамақайшылық болған жағдайда: 1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, кұрылтай шартының; 2) егер олардың қолданылуы заңды түлғаның үшінші тұлғалармен  қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары колданылуға тиіс.

       Бір адаммен кұрылған коммерциялық және коммерциялық емес ұйым тек жарғы  негізінде ғана жұмыс істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының 3-тармағына  сәйкес шаруашылық серіктестік пен  өндірістік кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс.

       Жарғының  міндетті шартының тізбесіңде бірқатар шарттар қамтылған, атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілік  пен еңбек ұжымы арасындағы өзара  қарым-қатынастарды және т.б. енгізу қажеттігін міндеттейді. Заңды тұлғаның кұрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылық туындаған жағдайда:

       1)егер  кұрылтайшының ішкі қатынастарына  қатысты болса, құрылтайшы шарты;

       2)егер  олардың колданылуы заңды тұлғаның  үшінші тұлғалармен қатынастарында  маңызы болса, жарғының ережелері  қолданылуы тиіс.

       Барлық  мүдделі адамдар жарғымен танысуға қүқылы.Заңды тұлғаны бiр немесе бiрнеше құрылтайшы құруы мүмкiн.

         Мүлiктi меншiктенушiлер не олар  уәкiлдiк берген органдар немесе  жақтар, ал заң құжаттарында арнайы  көзделген реттерде өзге де  заңды тұлғалар заңды тұлғаның  құрылтайшылары бола алады. Бұл  орайда, мүлiктi шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғалар меншiк иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның келiсiмiмен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.  Заңды тұлғаның құрылтайшылары, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы заңды тұлғаның құрылтайшылары болып табылмайтын оның басқа қатысушыларынан қандай да бiр артықшылықтарға ие бола алмайды.

       АК  және Қазақстан Республикасының  заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметiн жарғысы  және құрылтай шарты негiзiнде, немесе eгep заңды тұлғаны бiр тұлға  құрған болса, жарғысы және заңды  тұлға құру туралы жазбаша түрде  ресiмделген шешiмi (жалғыз құрылтайшының  шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады. Шағын  кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын  заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан  Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн  үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра  алады.

       Заңды тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекiтедi. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бiр адам болса, құрылтай шарты жасалмайды. Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттiк  кәсiпорынның құрылтай құжаттарында заңды  тұлға қызметiнiң мәнi мен мақсаты  белгiленуге тиiс.

       Заңды тұлғаның жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарын құру тәртiбi және олардың құзыретi, оның қызметiн қайта құру мен тоқтату  ережелерi белгiленедi. Егер заңды тұлғаны  бiр адам құрса, онда оның жарғысында мүлiктi құру және кiрiстердi бөлу тәртiбi де белгiленедi. Барлық мүдделi адамдар  заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.

               Мемлекеттік тіркеу  және қайта тіркеу

         Қажетті құжаттар тізбесі: мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (түпнұсқа); үш данадағы жарғы (не болмаса типтік жарғы, мемлекеттік кәсіпорын үшін  - жарғы); құрылтай жиналысы хаттамасының түпнұсқасы (мемлекеттік мекеме үшін – Үкіметтің немесе кәсіпорынды құру туралы жергілікті атқарушы органның шешімі); орналасқан жерін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған көшірмесі); түбіртек (не болмаса заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін және филиалдар мен өкiлдiктердi есептік тіркеу үшін бюджетке алым төлегенін растайтын құжат); заңды тұлғаның басшысын және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттарының, олардың салық төлеуші куәліктерінің көшірмелері. Егер заңды тұлға табиғи монополиялардың субъектісі болып табылса, онда монополияға қарсы органның жазбаша келісімі қажет. Егер заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама қажет. 

       Төлем: шағын кәсіпкерлік субъектілері, олардың филиалдары мен өкілдіктері – 2 АЕК; заңды тұлғалар (орта және ірі бизнес), олардың филиалдары мен өкілдіктері – 6,5 АЕК; мемлекеттік кәсіпорындар – 1 АЕК; саяси партиялар, олардың филиалдары мен өкілдіктері – 14 АЕК.

             Заңды тұлғаларды мемлекеттік  тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен  басқа, Қазақстан Республикасы  Президентінің 1995 жылы 17-сәуірде  шығарған "Заңды тұлғаларды мемлекеттік  тіркеу туралы" заң күші бар  Жарлығымен және Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінің заңды  тұлғаларды мемлекеттік тіркеу  туралы Ережесімен реттеледі.

       Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызына келетін  болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден  өткеннен бастап заңды тұлға бо-лып  саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі  заңды тұлғаға заң талабын  сақтауды және өзінің кұрылтай қүжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту тек сот  тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны  құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол  берілмейді.

       Заңды түлғаларды қайта тіркеу негіздері  Азаматтық кодекстің 42-бабынын 6-тармағында келтірілген. Заңды тұлға мынадай  жағдайларда: 1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған  жарғылык капиталының мөлшері азайғанда; 2) атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік коғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркеледі. Кұрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен тiркеледi. Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады. Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.

       Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына  енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға  қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып  табылады. Құрылтай құжаттарына басқа  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген ретте заңды тұлға бұл туралы тiркеушi органды бiр айлық мерзiмде  хабардар етедi.

       Заңды тұлгаларды қайта  құру және тарату.

       Қайта құру - дегеніміз заңды тұлғаның қүқықтары мен міндеттерінін мирасқорлыққа өтуіне байланысты токтатылу тәсілі болып табылады. Қайта құрудың бес түрі бар (АК-тің 45-бабы); косу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта кұру заңды тұлғаның мүлік меншік иесінің немесе құрылтай құжаттары бойынша қайта құруға өкілеттігі бар заңды тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ мынадай жәйтті ескеру керек, яғни заңды тұлғаның жекелеген түрлері үшін құжаттарының императивті (бұйрық) нормасы заңды тұлғаның нақты органдарының құзыретіне қатысты келіп, оны қайта құруға байланысты қабылдаған шешімге сәйкес болады. Азаматтық кодекстің 79-бабына сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы мәселені шешу жатады. Тиісінше заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті органның) немесе заң құжаттарымен уәкілдік ететін органның шешімімен, немесе қүрылтай күжатымен немесе заңда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен жүзеге асырылады.

       Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында көзделген  реттерде сот органдарының шешімі бойынша  жүзеге асырылуы мүмкін. Сөйтіп, Азаматтық  кодекс заңды тұлғаларды ықтиярсыз  таратуды сот тәртібімен ғана реттейді.

       Ықтиярсыз тарату тәртібі Азаматтық кодекстің 45-бабының 3-тармағында айқындалған, енді оны сөзбе-сөз келтіре кетелік: «Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар  немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта кұруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот  органының шешімінде белгіленген  мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды  тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны кайта  кұруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы  тағайындалған кезден бастап заңды  тұлғаның ісін басқару жөніндегі  өкілеттік соған ауысады. Басқарушы  сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны  заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде  туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге  соттың бекітуіне береді. Аталған  кұжаттарды соттың бекітуі жаңадан  пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік  тіркеу үшін негіз болады». Заңды тұлға, біріктіру нысанасында қайта құрылатын реттерді қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледі.

       Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың  әрқайсысының қүқықтары мен міндеттері өткізу кұжатына сәйкес жаңадан пайда  болған заңды тұлғаға ауысады.Заңды  тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға  біріктірген кезде біріктірілген  заңды тұлғаның кұкықтары мен  міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына  ауысады.Заңды тұлғаны бөлген кезде  оның құқыктары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда  болған заңды тұлғаларға ауысады.Заңды  тұлғаның кұрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.

       Тарату — заңды тұлганың құқықтары менміндеттерін мирасқорлыққа өткізбей тоқтату тәсілі. Тарату ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін.

       Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесінің уәкілдік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешім қабылдауға уәкілдік берілген заңды тұлға органның шешімі бойынша  заңды тұлға кез келген негіз  бойынша таратылуы мүмкін, әрине, бұл жерде әңгіме ерікті түрде  тарату туралы болып отыр.

       Ал  ыктиярсыз тарату сот шешімімен: 1) банкрот болған; 2) заңды тұлғаны құру кезінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған; 3) заңды тұлғаның жарғылық максаттарына қайшы келетін кызмет үнемі жүзеге асырылған; 4) тиісті рүқсат алынбаған (лицензия) кызметті, не заң кұжаттарына тыйым салынған кызметті жүзеге асырған, не кызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайда; 5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

       Заңды тұлғаны тарату оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті органының) немесе заңды тұлғаның тиісті органының тағайындаған тарату комиссиясымен жүзеге асырылады, бұл арада әңгіме ерікті тарату туралы болып отыр, ал басқа жағдайларда сот арқылы таратылады. Тарату жөніндегі комиссия тарату кезеңінде заңды тұлғаны басқарады және оның атынан әрекет етеді.

       Тарату  комиссиясы болатын тарату жөнінде  Әділет органдарына хабарлайды, тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылғаны  туралы және оның несие берушілерінің  талаптарын мәлімдеу тәртібі мен  мерзімі туралы ресми баспасөзде жариялайды. Бұл мерзім тарату туралы хабар жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмауы керек.

       Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру жөнінде АК-тің 51-бабында айтылған, әрі онда мынадай кезек бойынша  жүргізілетіндігі келтірілген:

       1)бірінші  кезекте — таратылатын заңды  тұлға өміріне немесе денсаулығына  залал келтіргені үшін жауапты  болған азаматтың талаптары тиісті  мерзімді төлемдерді капиталға  айналдыру жолымен қанағаттандырылады;

       2)екінші  кезекте — несие берушілердің  қамтамасыз ету сомасы шегінде таратылатын банкроттың мүлкін кепілге салып қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;

       3)үшінші  кезекте — еңбек шарты бойынша  жұмыс істейтін 
адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі;

       4)төртінші  кезекте — бюджетке және бюджеттен  тыс қорларға міндетті төлемдер  жөнінде берешек өтеледі;

       5)бесінші  кезекте — заң құжаттарына  сәйкес басқа да несие берушілермен  есеп айырысылады.

       Таратылатын заңды тұлға мүлкінің жеткіліксіз болуына байланысты несие берушілердің қанағаттандырылмаған, сондай-ақтарату балансын бекіткенге дейін мәлімделмеген талаптары өтелген деп есептеледі. Егер несие беруші талап қойып сотқа жүгінбесе, несие берушілердің тарату комиссиясы мойындамаған талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан бас тартылған талаптар да өтелген деп есептеледі.  
 
 
 

       III . Статистикалық қорытындылар.

                                       

         

       Қазақстан Республикасының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын шығарған ҚР Статистика агенттігі осындай  мәлімет таратып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Информация о работе Азамттық құқықтың субъектілері