Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 11:31, курсовая работа
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады .
КІРІСПЕ.......................................................................................................4
1 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ........................................................6
1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі ........................................................6
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері ..........................................................7
2 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ ....................................................17
2.1 Құқық бұзушылықтың белгілері .......................................................17
2.2 Құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы ......................................................................................24
2.3 Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік...........28
ҚОРЫТЫНДЫ………..…………………………………….............................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................34
Қалай болса
да заң бұзушылық қоғам үшін
зиянды іс-әрекет, өйткені жоғарыда
айтылғандай жеке адамға (өміріне,
денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына),
мүлікке, қоғамдық тәртіпке
Құқықбұзушылық ең алдымен заңның қоғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне қаіп төндіреді. Дегенмен адамның барлық мүддесіне заңмен қорғала бермейді, сондықтан да оларға нұқсан кетіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттерімен байланысты болады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайлықпен қараса, әрекет жанама ниетпен жасалған деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілдікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, бұл менменшілдік деп танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық акалықтарын біле отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде жол апатына кезігеді.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауі туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе бұл менменшілдік деп танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатына кезігеді.
Егер адам қажетті ұқыптылықпен сақтық болғанда ол зардаптарды юолжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, әрекет немқұрайдылықпен сипатталады. Мәселен, жүргізуші жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты орын алады.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық белгісімен сипатталады:
- мемлекеттік мәжбүрлеу;
- құқық бұзушыны жауапқа тарту;
- құқық бұзушының
өзіне жағымсыз жағдай тудыру.
Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағилаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқық норманың қағидалары бұзылытын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға құқылы.
- заң бұзушының
мемлекет жауапқа тартады.
Әркез құқық бұзушы өзіне лайық жағымсыз қылықты жүзеге асырады. Ал оның мүлкіне немесе өз басының бостандығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі адам біреудің мүлкіне келтіретін зиянды төлейді немесе оның орнын толтырады. Көп жағдайда шара кінәлі адамның жеке басына қолданылады. Оны бас бостандығынан айырады, жүріп-тұру еркінділігін шектейді. Осы айтылғандардың құқықтық жауаптылықтың мақсаты:
- кінәлі адамның зұлымдығын бетіне басып, оның іс-әрекетінің қоғам үшін қауіпті екенін көрсету;
- қоғамға, жеке адамға істеген қиянат сұраусыз қалмайтынын, кінәлі адамның өз басына да күн туатынын дәлеледеу;
- заңды бұзушылықтан
басқа адамдарды сақтандыру
Әрекет – әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығы және құқыққа қайшылығын анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіншілік бергенмен де, оның мазмұнды белгілерін нақтылау қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта заң ғылымында құқыққа қайшы әрекет әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың заңды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.
Құқық бұзушылықтың объективтік жағы құқыққа қайшы деп саналатын әрекет-әрекетсіздікті жасау немесе құқық нормаларында көрсетілген құқыққа сай әрекетті жасамаудан туды. Қай жағдайда болмасын құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздік саналы түрде жасалып, әлеуметтік зиянды салалардың тууына әкеліп соғады. Ол құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастарға тікелей зиян келтіруі немесе осындай зиян келтіруге байланысты қауіп төндіреді.
Іс жүзінде жүзеге асырылмаған ой-өріс, сезім, болжам заң бойынша объектіге кірмейді. Кей жағдайда құқық қорғайтын мүддеге әдепсіздік, белсенділік (балағаттау, жалған сөз) арқылы да зиялы келеді.
1. Объективтік
жағы – құқыққа қайшы (қарсы)
әрекеттің (әрекетсіздіктің)
Зиян – қолайсыз салдар, бұлармүліктік, мүліктік емес, ұйымдық, жекелік (дербес) және басқалай да сипаттар түрінде болуы мүмкін. Зиянның объективтік жағына сондай-ақ құқық бұзушылықтың болған орны мен уақыты да кіреді.
Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болып, жеке мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің сипаты және одан келген зиян қоғамға қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін қалайды.
Құқық бұзушылық фактісін бекіту үшін барлық себепті байланыс айтарлықтай мәнге ие бола бермейді. Субъектінің кінәсі оның қоғамға зиянды салдарын болжаумен байланысты болады. Ал сол әрекеттен міндетті түрде келетін зиянды ғана болжау мүмкін болмақ, Демек, әрекет-әрекетсіздікпен қоғамға зиянды салдардың арасында қажетті себепті байланыс болады. Басқаша айтқанда, келтірілген зиян жасалған әрекеттің тікелей нәтижесі екендігі анықталуға жатады. Әрекет-әрекетсіздікпен оның нәтижесі арасындағы байланыстың қажетті немесе кездейсоқ сипаты істің барлық фактілік жағдайын жан-жақты зерттеудің негізінде ғана бекітіледі.
2. Объект –
құқық нормалары қорғайтын
Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүделері көп түрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықтың объектілері де бірнеше болуы мүмкін.
3. Субъективтік
жағы – бұған өзінің жасаған
әрекетіне және оның салдарына
сол тұлғаның субъективтік
Субъектінің кінәсінің деңгейі оның өз іс-әрекетінің әлеуметтік зиянды – нәтижесін алдын-ала болжағандығы немесе болжамандығына қатысты анықталады және қасақаналық немесе абайсыздық нысанында бейнеленеді. Қасақаналықта адам өз іс-әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын-ала біледі және осы зардаптардың болуын тілейді. Ал, абайсыздықта адам өз іс-әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкін екенін білмеу, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтелікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді немесе қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда, ол зардаптарды болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екендігін болжай алмайды. Яғни, кінә (қасақаналық немесе абайсыздық) адамның еркімен байланысты болатын, ішкі психологиялық жай-күй болып табылмақ. [11, 156б]
Дегенмен, мұнда құқық бұзушыллыққа жол берген психологиялық факторлар да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір мақсатты көздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына әрекет-әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты да кіреді. Мұндағы ниет деп отырғанымыз - құқық бұзушылықты жасауға түрткі салатын, ең басты негіз, ал мақсат – құқық бұзушы жетуге тырысатын нәтиже. Сондықтан осы элементтерін тани білу әрекет-әрекетсіздіктің барлық психологиялық ерекшеліктерін ашу және құқықты қорғалатын қоғамның, мемлекеттің және азаматтардың мүдделерін зиян келтіруші құқық бұзушылықтың субъективтік жағын айқындауға мүмкіндік береді.
4. Субъект
- әрекет қабілеттігі бар заңды
бұзушы тұлға. Құқық
Құқық бұзушылықтың субъектісі жайлы мәселелердің барлығы теория мен практикада біркелкі шешілмеген, құқық бұзушылық субъектісінің түсінігіне келгенде қылмыстық және азаматтық құқықта алшақтық байқалады. Азаматтық құқық жеке құқық бұзушыларды (жеке адамдар) да, ұжымдық құқық бұзушыларды (заңды тұлғалар) да құқық бұзушылар деп таниды. Қылмыстық және әкімшілік құқық тек қана жеке құқық бұзушыны сондай деп таниды, өйткені істелген әрекеттің ауырлығына және кінәнің нысанына қарай құқықтық жауапкершілікті дараландыру мен саралауды міндетті түрде қажет етеді (дегенмен, жанама түрде, қылмысқа қатысу институты арқылы құқықтың бұл салаларында ұжымдық субъектілерді де бөлу мүмкін).
Қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі мен жауапкершіліктің субъектісі сәйкес келеді, ал азаматтық құқықта жауапкершілікке тек құқық бұзушылыққа жол берген субъект қана тартылып қоймайды, құқық бұзушы субъект ретінде адамдардың ұжымын тану мәселесі де күрделі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша бұл сұрақ бір жолмен шешіледі – жауапкершілікке жеке тұлға тартылады. Қылмыс топ болып жасалса да, оның әрбір қатысушысы өзінің істеген жеке әрекеті үшін жауап береді. Өзге құқық салаларында, бір тобы адамдардың тобын құқық бұзушылық субъектісі деп таныса, екіншілері бұлай санамайды.