Құқыұбұзушылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 11:31, курсовая работа

Краткое описание

Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады .

Оглавление

КІРІСПЕ.......................................................................................................4
1 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ........................................................6
1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі ........................................................6
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері ..........................................................7

2 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ ....................................................17
2.1 Құқық бұзушылықтың белгілері .......................................................17
2.2 Құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы ......................................................................................24
2.3 Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік...........28

ҚОРЫТЫНДЫ………..…………………………………….............................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................34

Файлы: 1 файл

ҚұқықбұзушылықWord.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

К.Маркс былай  деген болатын: қоғам тек адамдардан ғана тұрмайды, олардың ара байланысы  мен қарым-қатынасын бейнелейді (К.Маркс, Ф,Энгельс) [3, 3б] .

Сондықтан да құқық бұзушылықтың себебін жекелеген құқыққа қайшы әрекеттер арқылы түсіну мүмкін емес.

Ғылыми зерттеу  нәтижесі құқық бұзушылықтың себебі жеке адамның қажеттіліктері мен  оны қанағаттандырудың әлеуметтік мүмкіндігінің арасындағы қайшылықта деп түсіндіреді. Яғни бұл өз кезегінде  қоғамдық жағадайдың сипатына тәуелді болады. Бұл дегеніміз қоғамдық қатынастар жүйесінде өндіріс, саясат, мәдениет, шаруашылық, тұтыну салаларында белгілі бір орынға ие болу. Ал қалыпты өмір сүру жағдайда бұлар бір-бірімен сәкес келіп отыруы тиіс. Қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі белгілі бір орынды иелену адамның кәсіпқойлық дәрежесін, білімін және мәдени мәртебелігін айқындайды. [11, 67б]

Жеке адамның  әлеметтік мәртебелерінің бір-бірінесәйкес келмеуі оны қоғамдық тәртпті  бұзуға итермелейді. Яғни саяси-экономикалық үстемдікке әлеуметтік саладағы жағдай сәйкес келмеуі, жеке адамдардың білім мәртебесіне экономика, мәдениет саласында тиісті орынды қамтамасыз етпеген жағдайда, олар заңсыз әрекеттерге барады. Кейбір саяси қызметкер өзінің жағдайын мемлекеттегі рөлімен теңестіру үшін, билікті теріс мақсатта пайдаланады. Ең арысы жалданбалы жұмысшы да, сатқын жұмыс күшінің ақысы оның қоғамдық қажеттігін өтемесе қолайсыз мүмкіндіктерді пайдалануға бет бұрады.

Жоғарыда  айтып өткен құқық бұзушылықтың негізгі себептерін тұжырымдай келе байқайтынымыз заңды мінез-құлық, құқықтық сана, құқықтық мәдениеттің бұл тұрғыда алатын орны ерекше.

Заңды мінез-құлық  құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Ол арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.

Азаматтар құқық  нормаларының талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді:

  1. Белсенді заңды мінез-құлық лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделеген заңды әрекеттері оның түрлері сан алуан.
  2. Енжарлы мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді салақтық пен сапалы орындамайды, өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Әрине мұндай мінез-құлық, құқық нормаларына қайшы келмесе де адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлық қоғам да ештеңе ұмытпайды. Демек, екі тарапта ұтылыста болады. Мұндайда енжар мінез-құлық басым болса мемлекетке зиян келеді. Азаматтардың енжарлығын немқұрайлығын пайдаланып, теріс ниеттің лауазымды тұлғалар мемлекет органдарының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға әрекет жасауы мүмкін.
  1. Заң белгілеген қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқару-орындау саласындағы қатынастарға нұқсан келтіру әкімшілік құқық бұзушылықтар деп аталады.

Жеке адамның  құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыздық) іс әрекет жасаған әрекет немесе әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. [4]

Мұндай құқық  бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады (жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б.), азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.

Әкімшілік құқықытық  нормаларды талдау барысында барлық әкімшілік құқық бұзушылықтарға тән, жалпы белгілерді анықтауға  болады және осы белгілері арқылы заңсыз мінез-құлықты, заңды мінез-құлықты, сонымен бірге басқа да құқық  бұзушылыққа тән (қылмыстан, тәртіптік қылықтар және т.б.) ерекшеліктерді айырға болады. Бұл белгілердің қатарына  мыналарды жатқызуға болды:

  • Теріс қоғамдық;
  • Құқыққа қарсылық;
  • Кінәлілік;
  • Әрекеттің жазалануы.

Әкімшілік құқық  бұзушылықтар тек объектілерінің жалпы  сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталғандығымен ғана емес, жазалау сипатында қолданылатын санкциялармен де ерекшеленеді.

Мәселен ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою  және т.б.

Әкімшілік құқық  бұзушылықтың белгілерін оның заңдылық құрамынан айыра білу қажет. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына, мынадай элементтерді құрайды:

  1. Құқық бұзушылық объектісі (қандай да болмасын аядағы қоғамдық қатынастардың тұрақты жетілуіне құқық бұзушының қол сұғуы)
  2. Объективтік жағы (белгіленген ережелерді бұзуға байланысты нақты әрекет);
  3. Құқық бұзушылықтың суъектісі –есі дұрыс 16 жасқа толған жеке тұлға.

Әкімшілік құқық  бұзушылықтың субъектісі болып нақты  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  жеке тұлға саналады.

Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі субъектілердің 8- тобын белгілейді:

  1. ҚР азаматтары
  2. Кәмелетке толмағандар
  3. Лауазымды адамдар
  4. Заңды тұлғалар
  5. Артықшылықтары және әкімшілік жауаптылықтан қоғанышы бар адамдар
  6. Жеке кәсіпкерлер
  7. Дипломатиялық қорғаныш бар адамдар
  8. Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдар[4]

Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде мынандай топтағы әкімшілік  құқық бұзушылықтар көрсетілген:

  • Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын;
  • Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын;
  • Кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын;
  • Меншікке қол сұғатын;
  • Кәсіпкерлік қызмет саласындағы;
  • Сауда және қаржы саласындағы;
  • Салық салу саласындағы;
  • Салық салу саласындағы;
  • Өнеркәсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану саласындағы;
  • Сәулет-құрылыс қызмет саласындағы;
  • Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
  • Карантиндік ережелер мен мал дәрігерлік қадағалауда әлеуметтік құқық бұзушылық;
  • Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық;
  • Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қарсы қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
  • Баспасөз және ақпарат сласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
  • Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
  • Кеден істері саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
  • Көлікте жол шаруашылығында және байланыста әкімшілік құқық бұзушылықтар;
  • Жалпыға бірдей әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
  • Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар;
  • Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар.

Аталған топтағы  құқық бұзушылықтардың түрлері, қоғамдық әр түрлі аясындағы қоғамдық қатынастардың қорғалғандығын көруге болады.

  1. Еңбек қатынастары аясындағы кәсіпорындар, мекемелер, ұымдардың ішкі еңбек ұйымдастыру тәртібіне нұқсан келтіру тәртіптік құқық бұзушылықтар деп аталады.

Тәртіптік құқықбұзушылық қызметттік қатынас саласында бағынушылық  тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекетТәртіптік құқықбұзушылық қызметттік қатынас саласында бағынушылық  тәртібін бұзуға бағытталатын, әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында тұрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады.  Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін: ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару және т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ  БЕЛГІЛЕРІ

 

2.1  Құқық  бұзушылықтың белгілері

 

 

Құқық бұзушылық  өзіндік пайда болу, даму және жойылу заңдылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады, олардың  барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен заңды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді.    

Құқық бұзушылық  – биологиялық, физиологиялық, технологиялық  ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі. [5, 250б] 

Құқық бұзушылық  – құқыққа оның талаптарына қарсы  бағытталған мінез-құлық. Демек, құқықтық бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық- нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі. 






 


 




 

Құқық бұзушылықтың белгілері:

  1. Қоғамға зияндылығы, қауіптілігі – құқық бұзушылықтың негізгі объективтік нышаны, айырымдық белгісі және оның заңнан құқыққа қайшы болу шегін ажыратуға негіз болатын объективтік тұғыры. Құқық бұзушылықтың қоғамға келтіретін зияна мен оның қауіптілігі қоғамға маңызды құндылықтар мен оның тіршілік ету жағдайларына қол сұғулардан тұрады;
  2. Құқыққа қайшы келушілік –әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін, зияндылығын заң атауы арқылы білдірілуі. Құқыққа қайшы (қарсы) келудің және ол үшін жауапты болудың шегін, мөлшері мен шамасын мемлекет анықтайды, әрі оны бекітеді;
  3. Кінәлілік – басқаша айтқында, құқық бұзушылыққа бару – құқық бұзушының тысқарында ешбір ықпалсыз-ақ өзінің ерік ықтиярына әлгіндей түрде білдіруі, ал мұның өзі кінәлі іс-әрекет (мінез-құлық). Егер де жеке адамды таңдау еркі (ықтияры) болмаса, егер ол өзінің іс-әрекетінің құқыққа қайшы келетінін жете түсінуге қабілеті болмаса, онда оның кінәлі әрекеті құқық бұзушылық болмайды да, ол объективті түрдегі құқыққа қайшы әрекеттік болып шығады. Сондықтан мұндай адам заң алдындаға жауаптылыққа тартылмайды;
  4. Әрекеттілік немесе әрекетсіздік түріндегі әрекеттер. Мұндағы әрекетсіздік түріндегі құқық бұзушылық тұлға заңдық талаптарды орындауға міндетті бола тұрып, оларды орындамаған жағдайдаболады;
  5. Жазаланушылық – мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шараларының қолданылу мүмкіндігі.

Құқық бұзушылықты  сипаттайтын белгі-нышандар:

  1. Құқық бұзушылық құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
  2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.  Зиянның көлемі, мөлшері түрлі болуы мүмкін.

Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:      

1. Құқық бұзушылық  – қоғамға зиянды әрекеттің  объективтік нысандағы бейнесі,  сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік заңда құқыққа қайшы  сипатта ресми түрде бекітілуі  керек деген мағынаны білдіреді.     

2. Құқық бұзушылық  – объективтік процесс болып  табылады. Бұндағы объективті деп  отырғанымыз, кез келген құқық  бұзушылық құқықтың қорғайтын  әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде,  қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді.  Дәл осы мағынада  құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.      

Формальді –  логикалық жағынан бұл былай  бейнеленуі мүмкін: қоғамға зияндының  бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше, құқыққа қайшы, қоғамға  зиянды әрекет - әрекетсіздік деп саналады. Шындығына келгенде бұл тұжырымнан екі терістік.   

  • Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау. 
  • Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.   

Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:

Информация о работе Құқыұбұзушылық