Құқыұбұзушылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 11:31, курсовая работа

Краткое описание

Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әр түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады .

Оглавление

КІРІСПЕ.......................................................................................................4
1 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ........................................................6
1.1 Құқық бұзушылықтың түсінігі ........................................................6
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері ..........................................................7

2 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ ....................................................17
2.1 Құқық бұзушылықтың белгілері .......................................................17
2.2 Құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы ......................................................................................24
2.3 Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік...........28

ҚОРЫТЫНДЫ………..…………………………………….............................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................34

Файлы: 1 файл

ҚұқықбұзушылықWord.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

Заңдық жауаптылықпен  қатар құқық негізімен соның  шегінде жүзеге асырылатын мемлекеттік  ырықтандырудың басқа да түрлері  атқарылады, оларға қорғау шаралары, бұлтартқызбау  шаралары, тәжірибелік ырықтандыру  шаралары, медициналық сипаттағы  ырықтандыру шаралары жатады.

Егер заңдық жауаптылық, қосымша заңдық міндет жүктеумен байланысты болса (мысалы: еркінен айырумен), онда қорғау шарасы “ескі” яғни, “бұрынғы” осы субъектіге жүктелген міндетті орындаумен байланысты болады. Қорғау шарасының мақсаты  – жазалау емес, тек құқық бұзған адамды жауаптылыққа тартпай, бұзылған құқықты қалпына келтіру болып табылады (мысалы, балаларын бағып-қағу үшін оның әкесінен нәпақа өндіруді заң жолымен еріксіз түрде алу).

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша өндірістің қалыпты жүргізілуін қаматамасыз етуге бағытталған бұлтартпау шаралары (ешқайда кетпейтіндік қолхаты, ұстау), сондай-ақ бұлардан басқа іс жүргізу шараларында (дербес тексеріс, куәландыру, күш қолданып тінту және т.б.) заңдық жауапкершілік шараларына қарағандағы айырмашылығы, олар тек құқық бұзушылықтың алдын алып болдырмау мақсатында қолданылады.                       Осы айтылып (жоғарыда мысал  түрде келтірілген) отырған жағдайда құқық бұзушылықтың болмауы себебінен жазалау да орын алмайды.

Жаза қолданумен сипатталмайтын ырықтандыру шараларына:

  • еріксіз түрде сақтандыру (алдын алу) шаралары (мысалы, карантин жағдайында жүріп-тұру еркіндігін шектеу);
  • қоғамға қауіпті әрекеттерге (әрекеттіліктерге немесе әрекетсіздіктерге) барған үшін кәмелет жасқа толмаған жастарға (әрекет қабілеттілігі жоқ) қолданылатын тәрбиелік ырықтандыру шаралары;
  • мемлекеттің немесе қоғамның мүддесі үшін құнының өтемін төлеп, меншік иесінен мүліктерін төтенше, шұғыл жағдайларда (апатты ауыр жағдайларда, аварияларда, эпидемия-эпизоотия таралғанда) және басқа да төтенше сипаттағы жағдайларда қолданылатын алып қою шаралары жатады.

Сонымен, қоғамға, тұлғаға немесе мемлекетке зиян келтіретін жағдайлар да бар. Бірақ мұнда  зиян, залал келтірген тұлға заңдық жауаптылыққа тартылмайды. Міне, осы жағдайлар әрекеттің құқықтық қайшылықтарын жоққа шығаратын жағдайлар деп аталады. Бұларға мына жағдайлар жатады:

  • қабілетсіздік – тұлғаның өз әрекеттеріне есеп бере алмайтын ессіздік күйі;
  • қажетті қорғану – бұл жағадайда қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер телімін және басқа да құқықтарын, қоғамны немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан, сол қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса; [2]
  • қылмыс жасаған адамды ұстау – қылмыс жасаған адамды мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылыққа бару мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе;
  • аса қажеттілік – заң арқылы қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмеген жағдайда; [2]
  • күштеп және психикалық мәжбүрлеу (жүйкесіне зақым ету) – егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде заңдармен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайында. [2]
  • орнынды тәуекелге бару – қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте заң арқылы қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайы. [2]
  • бұйрықты немесе өкімді орындау – адамның өзі үшін міндетті болып табылатын бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасағанда оның заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайы – көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау жағдайы. [2]
  • елеулі маңызды болмайтын құқық бұзушылық – қоғамға мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туындатпаған жағдай. [2]
  • казус (оқиға, шытырман қиын жағдай) және тағы басқалар.
  • Құқық бұзып, кінәлі болған субъектіге мемлекет өзінің мәжбүрлеу шараларын қолданады. Ол бойынша кінәлі субъектінің жеке өз басы мүліктік шектеуге ұшырайды немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседі.
  • Заң алдындағы жауаптылық бірнеше түрге бөлінеді – қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіпсіздік және материалдық жауаптылық.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Сонымен, заңның талаптарына теріс пиғыл – құқық бұзушылықтың қайнар бұлағы. Құқық бұзушылық – заңдарға немқұрайлықпен қарау, олардың талаптарын орындамау. Құқықты бұзушылық – құқыққа қарсы қылықтан көрініс табады. Қылықтың екі түрі бар: іс-әрекет және әрекетсіздік. Адам заңды әрекет жасау арқылы да, ешқандай әрекет жасамай да бұзуы мүмкін. Егер адам біреудің денесін жарақаттандырса немесе мүлкін ұрласа – бұл әрекет, заңды бұзатын қылық. Егерде милиционер қызмет орнында тұрғанда бейбастақтықты тоқтатуға рекет жасамаса бұл әрекетсіздік заңды бұзатын қылық. Сондықтан заңның талабын әрекет арқылы немесе әрекетіздік арқылы бұзатын қылық үшін жауаптылық белгіленеді. Егерде заң қандай да болсын әрекетке тыйым салмаса немесе әрекетсіздік үшін жауаптылық белгілемесе, онда құқық бұзушылық та болмайды. Мысалы, адамның ойы үшн, нанымы үшін заң бойынша жауаптылыққа тартуға болмайды.

Қандай да болсын құқық бұзушылықтың маңызды белгісі  – оның зияндысалдары. Зиян нақты  адамға, ұйымға, қоғамға, мемлекетке келтірілуі мүмкін. Зиян – құқықты бұзушылықтың теріс салдары. Құқық бұзушылықтың нәтижесінде құнды зат жойылады, адам қаза болады, ар-намысқа нұқсан келеді, қоғамдық тәртіп бұзылады, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер туады т.с.с. Құқықты бұзушылықтың ауырлығына байланысты оның салдары да түрлі болады. Сондықтан оның салдарына байланысты заң жазаның әр түрін белгілейді.

Құқық бұзушылықтың маңызды белгісіне құқық бұзушының  өз қылығына қөзқарасы жатады. Адам өз қылығының заңды бұзатынын  сезінуі, түсінуі қажет. Егер адам заңды  саналы түрде бұзатын болса, ол құқық бұзғаны үшін кінәлі деп саналады. Адам өз іс-әрекетімен мәнін түсіну үшін белгілі бір жасқа толуы керек. Өз іс-әрекетімен өзінің құқықтарын пайдалана алса және өз қылығы үшін өзі жауап бере алатын қабілеті болса, оны әрекет қабілеттілігі деп атайды. Әрекет қабілеттілігі ішінара және толық болады. 18 жасқа дейін адамның, әдетте, әрекет қабілеттілігі ішінара болады. Былай айтқанда адам ішінара, нақтылы бір заң белгілеген көлемде әрекет жасап, сол әрекет үшін өзі жауап береді. Ал басқа оған қажетті әрекеттерді оның мүддесі үшін оның заңды өкілдері жасайды (ата-ана, қамқоршы).

Адамның толық  қабілеттілігі 18 жасқа толғаннан  кейін пайда болады. Кейде, заңда  көрсетілген жағдайда ересек адам сот  арқылы әрекет қабілеттілігі шектелген  немесе әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылуы мүмкін.

Құқық бұзушылықтың төрт түрі бар:

  1. қылмыс;
  2. әкімшілік теріс қылмыс;
  3. тәртіпсіздік (еңбек тәртібін бұзу);
  4. азаматтық теріс қылық.

Құқық бұзушылықтың әр түріне заңдардың ерекше саласы арналады. Қылмыс үшін жауаптылық қылмыстық заңдарда қаралады. Барлық қылмыстық құқық бұзушылық қылмыстық кодексте белгіленген. Әкімшілік құқықты бұзушылық сол атты кодексте қарастырылған. Қазақстанның Азаматтық Кодексі жеке тұлғаға, заңды тұлғаға мүліктік зиян, рухани кесел келтірген үшін жауаптылық белгілеген. Ал тәртіптік жауаптылық жұмыскердің өз еңбек міндеттерін бұзумен байланысты.

Құқықты бұзған үшін кінәлі заң бойынша жауапқа  тартылады. Мұндай жауаптылықтың белгілері  мыналар:

  1. кінәлі адам (заңды тұға) жауапқа тартылады;
  2. кінәсі бар деп табылса кінәліге мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қолданылады (бас бостандығынан айыру, мүліктік зиянды өтеу, жұмыстан босату т.с.с.) . Заң бойынша жауаптылыққа кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі, арнаулы мемлекеттік органдар (сот, тергеу комитеті, ұлттық қауіпсіздік органдары) тартады.

Құқықтық мемлекетте соттың алатын орны ерекше. Құқық бұзуға байланысты даулар негізінен сотта  қаралып, шешілуі керек, сондықтан  Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы соттардың қызмет істеу принциптеріне ерекше көңіл аударған. Әрине, бұл принциптер тек сот қызметіне ғана арналмаған. Сонда да сот үшін сол принциптердің маңызы зор. Конституцияда аталған принциптер негізінен қылмыстық істерді сотта қарағанда қолданылады.

Сонымен, қорыта келгенде, құқыққа  қарсы әрекет ол кінәлі болғанда құқық бұзушылыққа айналады. Құқық бұзушылық – қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.


Информация о работе Құқыұбұзушылық