Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 13:07, курсовая работа
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс жастар арасындағы құқық бұзуға бейім мінез құлықтарға байланысты жасалған қылмыстардың криминологиялық сипаттамасына жан-жақты талдау жасауға арналған. Зерттеу жұмысында құқық бұзуға бейім жас адамдардың қылмысты жасау себептері мен жағдайлары, олардың жеке бас ерекшеліктері және қылмыстардың алдын-алу мәселелерін одан ары жетілдіру жолдары қарастырылған.
Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқы
және
оның алдын алудың
проблемалары
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс жастар арасындағы құқық бұзуға бейім мінез құлықтарға байланысты жасалған қылмыстардың криминологиялық сипаттамасына жан-жақты талдау жасауға арналған. Зерттеу жұмысында құқық бұзуға бейім жас адамдардың қылмысты жасау себептері мен жағдайлары, олардың жеке бас ерекшеліктері және қылмыстардың алдын-алу мәселелерін одан ары жетілдіру жолдары қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасында ересек адамдар арасында да, жастар арасында да қоғамға қауіпті қылмыс жасау барған сайын көбейіп келеді. Бұндай мәліметтерді біз Қазақстан Республикасының 2000-2007 жылдардағы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2006 жылға дейінгі статистикалық мәліметтерінен көруімізге болады. Мысалы, жыл сайын тіркелген (2000 және 2002 жылдардан басқа) қылмыстар саны бұл қаралып отырған кезең аяғында 61,2%-ға өскен.
Осы кезеңдерде Ішкі істер органдары жыл сайын орта есеппен 15 мыңға жуық қылмыстың бетін ашып отырған. Олардың жартысынан астамын жасағандар жастар (14-29 жастағылар). Мысалы, 2000 жылы Республикамызда 150 790 қылмыс жасалса, ондағы жас адамдардың үлес салмағы 52,9% болған, 2006 жылы 57%-ға жеткен. Әсіресе, студенттер арасындағы жағдай өте нашар. Қарастырылып отырған кезеңдегі студенттер қылмысы 12,5%-ға өскен.
Кәмелетке толмаған 16-17 жасар жастардың аса ауыр қылмыстарының өсу қарқыны 14-15 жастағыларға қарағанда едәуір жоғары. Ал Қазақстанда 2000–2007 жылдары аралығында қылмыс жасағандар ішінде 16-17 жастағылар саны 35,5%-ға кеміген, ал 14-15 жастағылар керісінше 34%-ға көбейген.
Бұл жас санаттары арасындағы қылмыстылық деңгейі де едәуір өзгеше. Мысалы, 14-15 жастағы 10 000 адамға шаққанда 2000 жылы 778, ал 2006 жылы 507 қылмыс жасалса, мұндай көрсеткіш 16-17 жастағылар арасында 2000 жылы 2318, 2006 жылы – 3103, ал студенттер арасында 2000 жылы 257, 2006 жылы – 392,5 болған.
Сондықтан да қылмыспен күресу үшін және оның алдын алу үшін, бүгінгі таңда жас адамдардың қылмысқа барудағы негізгі себептерін анықтай отырып, оған қатысты ұсыныстар жасалынуы аса қажет. Өйткені қазіргі таңда Қазақстан Республикасы аумағында осы бағытта жұмыстардың жеткіліксіз тұстары кездесуде. Мысал ретінде тоқталатын болсақ, соңғы жылдары криминологиялық зерттеулерде жастардың қарама-қарсы екі санатын – студенттер мен ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері бойынша бөлімшелерінде есепте тұрған жастарды біріктіріп, зерделеу мақсаты алға қойылған жоқ. Жасөспірімдердің құқық бұзуға бейім мінез-құлқын оларға нашар әлеуметтік орта әсер еткендіктен, сол ықпалдан барып қалыптасқан бейморальдық, бірақ қылмыстық емес мінез-құлық (девианттық) деп қарастырады. Сонымен қатар, құқық бұзуға бейім мінез-құлық криминогендік деп те қарастырылады. Әрине, ондай мінез-құлықтан (делинквенттік) қылмыстың жасалу мүмкіндігі зор. Бірақ бұл жерде құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін ортақ әлеуметтік жағдайлар ғана емес, жастарға тікелей әсер ететін кейбір келеңсіз жағдайларды, олардың жеке басының психикалық ауытқуларын қамтып зерделеуді қажет еді. Себебі соңғы жылдары Қазақстан Республикасында да күрделі криминогендік жағдай қалыптасты, онда қылмыстық көріністердің ауқымы жағынан да, азаматтың, қоғамның және мемлекеттің тірлік-тіршілігіне тигізетін келеңсіз ықпалы жағынан да едәуір ерекшеліктер бар. Сонымен қатар жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлық мәселесі сан қилы әрі күрделі сипат алған жағдай ұдайы өзгеріп отырады, мұның бәрі ғылыми зерттеулерді керек етеді. Жұмыста, 14-29 жастар аралығындағы адамдардың мінез құлқына қатысты бөлек қарастырады. Бұл Қазақстан Республикасы «Президентінің жастар саясаты туралы» тұжырымдамасына сәйкес келеді. Сонымен қатар, адам физиологиясының даму процессі осы аралықты қамтиды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Диссертацияның теориялық негізіне әлеуметтік-құқықтық ой классиктерінің: Аристотельдің, Гегельдің, Гоббстың, Канттың, Макиавеллидiң, Фейербахтың және басқалардың еңбектері алынған. Жұмыс барысында диссертант, сонымен қатар, мына ғалым-криминалистердің еңбектеріне сүйенді. Олар: А.И. Алексеев, Ю.М. Антонян, Г.А. Аванесов, А.Э. Жалинский, Л.Д. Гаухман, А.И. Долгова, К.Е. Игошев, В.Н. Кудрявцев, Н.Ф. Кузнецова, С.Я. Лебедев, В.В. Лунеев, Г.М. Миньковский, А.Б. Сахаров, Д.А. Шестаков және басқалар.
Сонымен қатар, отандық ғалымдар: Н.М. Әбдіров, А.Н. Ағыбаев, Е.О. Алауханов, Т.К. Акимжанов, С.Б. Бимурзин, Ү.С. Жекебаев, Е.І. Қайыржанов, Н. Дулатбеков, М.С. Нәрікбаев, А.Х. Миңдағұлов, Ғ.С. Мауленов, С.С. Молдабаев, А.А. Смағұлов, Е.А. Онгарбаев, С.Е. Еркінов, А.Ш. Ещанов, Г.Р. Рустемова, Қ.Ш. Уканов, Л.Қ. Ерінбетова, Д. Бұғыбайқызының және Қазақстанның философ-педагогтары: Ғ. Есім, Ш.Е. Жаманбалаева, Б.А. Тойлыбаев, Қ.Г. Габдулина, Б. Әбдікерімұлы, Ә. Әбуов, А.Т. Құлсариева, Н.Ж. Байтенова, А. Масалимовалардың, Қазақстанның белгілі ақындары Н. Оразалин, Ғ. Жайлыбай, А. Әлімнің, заманымыздың белгілі педагог-ғалымдары: Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов және шетел ғалымдарының социология, психология, этика, педагогика, заңтану проблемалары және зерттеу тақырыбына қатысы бар өзге ғылыми пәндер бойынша еңбектері пайдаланылды.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеті. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты – жастар ортасындағы рухани және өнегелік қасиеттің деңгейін зерделеу. Жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқының алдын алудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін қарастыру.
Осы қойылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешілуі тиіс:
– құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың биологиялық негіздерін зерделеу;
– құқық бұзуға бейім мінез-құлыққа әсер ететін әлеуметтік жағдайларды талдау;
– құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың түрлері бойынша талдау және олардың ары қарай даму үрдістерін анықтау;
– құқық бұзушының бастапқы кезде қалыптаса бастаған мінез-құлқының алдын алудағы гуманитарлық және дұрыс бағыттарының ерекшеліктерін зерттеу және оларды негіздеу;
– құқық бұзушылық рецидивінің алдын алудың негізгі тәсілдерін анықтау;
– құқық бұзушылыққа тікелей және сақтандырып ықпал етуді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар мен әдістемелік нұсқауларды даярлау және оларға дәлелдеме келтіру;
– педагогикалық үрдістің оларды қайта тәрбиелеудегі әдістері мен амалдарын ұтымды пайдалану.
Зерттеу объектісі. Жастар ортасындағы қылмыстылықтың жағдайын, құрылымын және динамикасын сипаттайтын мәліметтер қылмыстық жауапкершілігінің әртүрлі аспектілерін реттейтін бұрынғы және қазіргі отандық заңнамалардың нормалары мен институттары; жастар арасындағы қылмыстардың сот практикасының материалдары. Адам (оның ішінде құқық бұзушы адам) тіршілік ететін әлеуметтік тәжірибе саласы, оның әлеуметтік және биологиялық мінез-құлықтарының арақатынасының ғылыми тұжырымдары мен Қазақстан Республикасының заңдары болып табылады.
Зерттеудің пәні. Жастар арасындағы қылмыстардың салыстырғандағы үрдісі оның ерекшеліктері мен детерминанттары, қылмыстың өсуіне ықпал тудыратын процесстер, қылмыскердің жеке басы, қылмыстардың алдын алатын құқық-қорғау органдары мен басқа субъектілердің қызметі.
Қорғауға ұсынылған диссертацияның негізгі тұжырымдары:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Біріншіден, адамның дамуын және оның тұлға ретіндегі, биологиялық және әлеуметтік нысан ретіндегі өзара әрекеттестігіне түсініктеме беретін биоәлеуметтік тұжырымдама жасау болып табылады. Себебі, материалдық дүниедегі қылмыстарды түсіндіретін себептілік деген ұғым құқық бұзуға бейім (басқа да) мінез-құлықта мүлде жоқ (әйтпегенде, барлығы алдын ала анықталған болар еді). Құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың түп-тамырында ырық еркіндігі жатыр, ол еркіндігін адам кейде (көбіне) ойланбай (пайымдамай) көрсетеді. Оның ішінде бейәлеуметтік тұжырымдама жасаудың келешегі зор, криминологтар оны ары қарай дамытуға тиіс. Адамның жеке басын, оның мінез-құлқының нысандарын, өмір тіршілігі мен тәрбиесінің әлеуметтік жағдайын, адамның психикалық және өнегелік қасиетін және де оның іс-әрекеті көрініс табатын нақты жағдайды бөлек-бөлек қарастыру мүмкін емес. Ал бұлардың барлығы өзара тығыз байланыста.
Екіншіден, криминологиялық ғылым қылмыс жасаған адамды өз ақыл-ойын, ойластырылған іс-әрекетін басшылыққа алатын саналы адам деп ғана қарастырады, ал іс жүзінде олай емес. Себебі «саналы» деген ақылға қонымды, ал «санасыз» дегенді қисынсыз, интуиция бойынша істелген әрекет деп санау керек. Осыдан барып, адам қылмысты кейде нақты ұғынып, еркімен жасаса да, ол әрекеті қисынсыз, ақылға қонбайтындай болып шығады.
Үшіншіден,
криминологиядағы қарама-қайшы тұжырымдаманың
үзілді-кесілділігі мен
Сонымен қатар, экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени-тәрбие және ұйымдық-басқару саласындағы, құқық бұзуға жағдай тудыратын жалпыәлеуметтік келеңсіз құбылыстар монографиялық деңгейде талданған, бөлініп алынған және топтастырылған. Ал жастардың тобын құрайтын өзінше бөлек әлеуметтік-демографиялық топқа қатысты жағдайлар ерекше деңгейде бөлініп алынған. Жастар ортасында жиі кездесетін бірқатар әлеуметтік-психикалық ауытқулар дараланып көрсетілген. Соңғы он жылдықтар ішінде алғашқы рет студенттер ортасына назар аударылған, себебі ол ортада рухани және өнегелік құндылықтың бағасыздануы нәтижесінде келеңсіз үрдіс бой көтере бастады. Соған байланысты криминогендік деңгейде тәрбиенің негізгі шетелдік және отандық тұжырымдамалары қарастырылды, нақты ұсыныстар даярланды. Ол жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің қазіргі тұжырымдамасын жетілдіруде өз көмегін тигізуі тиіс. Сонымен қатар алғашқы да, қайталанған да қылмыстардың алдын алудың негізгі бағыттарын қарастыра отырып (криминологиялық бағыттар), ішкі істер органдарының КТІБ қызметкерлерінің сақтандыру жұмыстарын жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар жасалды.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Бұл диссертациялық зерттеудің теориялық маңыздылығы, оның жалпы тұжырымдамасы алынған жаңа ғылыми нәтижелер криминологиялық ғылымның дамуына елеулі үлес қосады, себебі олар құқық бұзуға бейім мінез-құлықтың себептілігі және оның алдын алуға қатысты қазіргі білім жүйесін толықтырады.
Диссертациялық зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы, бұл жұмыста келтірілген ережелер, қорытындылар, тұжырымдар және ұсыныстар заң шығару қызметтерінде, адамды рухани және өнегелік тәрбиелеу, қылмыстың алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ «Криминология» оқу курсын және кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкерлерінің біліктілігін көтеруге арналған курстарды оқыту үрдісінде пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негіздері. Диссертациялық зерттеудің негізі ғылыми теориялар мен тәжірибенің өзара байланысын анықтайтын әдіске негізделген. Құрылымына және оларды қолдану өрістеріне деген талаптарды анықтайтын философиялық ілімдер жүйесі болып табылады. Салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-құқықтық талдау әдістері. Социологиялық әдістер пайдаланылып, болжамдар жасау әдістері. Криминологиялық және этникалық-педагогикалық идеялар интерпретациясы қолданылған.
Жоғарыда көрсетілген әдістердің жиынтығы ретінде бұл зерттеу әдістемесі, сонымен қатар, қарастырылған проблеманы қозғайтын нормативтік көздерді де қамтиды.
Диссертациялық зерттеудің эмпирикалық базасын 2000-2008 жылдары Алматы қаласындағы қылмыстылықтың, әкімшілік құқық бұзушылықтың жайын, динамикасын және құрылымын, ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметін сипаттайтын қылмыстық және әкімшілік статистикасының мәліметтері құрады. 17-23 жастағы 175 студенттен және кәмелетке толмай қылмыс жасаған 16-17 жасар кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім есебінде тұрған 96 жастан арнайы сауалнама жасалынды. Сонымен қатар зерттеудің эмпирикалық базасы білімнің басқа салаларындағы мамандардың да, оның ішінде криминологтардың да соңғы жылдарда жүргізген, криминологиялық басылымдарда жарияланған әлеуметтік зерттеулерінің нәтижелерін де қамтиды.