Жастардың құқық бұзушылыққа бейімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 13:07, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс жастар арасындағы құқық бұзуға бейім мінез құлықтарға байланысты жасалған қылмыстардың криминологиялық сипаттамасына жан-жақты талдау жасауға арналған. Зерттеу жұмысында құқық бұзуға бейім жас адамдардың қылмысты жасау себептері мен жағдайлары, олардың жеке бас ерекшеліктері және қылмыстардың алдын-алу мәселелерін одан ары жетілдіру жолдары қарастырылған.

Файлы: 1 файл

as.doc

— 233.50 Кб (Скачать)

    Қорытындыда жүргізілген диссертациялық зерттеулер нәтижесінде келесідей негізгі қорытындылар жасалынған. Криминологиялық теория әлеуметтік биология ғылымымен үйлесімін тапқан жағдайда ғана табысты дами алады, себебі оларды ортақ мәселе – адам болмысын зерттеу мәселесі біріктіріп тұр. Желікпеліктің (маниакальность) қандай кейпі криминогендік мінез-құлықтың: агрессияның, қатыгездіктің, іш тарлықтың, сараңдықтың және т.б. негізінде жатыр. Бұл табиғи теріс қасиеттер белгілі бір қолайсыз әлеуметтік жағдайларда үдеп, керісінше, тәрбиелеу, оқыту, моральдық-өнегелік құндылықтарға баулу нәтижесінде ол қасиеттерден арылуға болады.

    Адамның құқыққа қарсы мінез көрсетуінің  басты себептері, негізінен, биологиялық факторларда жатыр, олар әртүрлі желікпелік тудырады. Адамның бұл психикалық қасиеттері қоғамның әлеуметтік-экономикалық ахуалынан, ата-ананың балаға қатыгездігінен, ата-ананың бір-біріне араздастығынан, сондай-ақ жасөспірімнің төңірегіндегі адамдардың оған көрсеткен зорлық-зомбылықтарынан шиеленісуі мүмкін.

    Егер  адамда (қоғамда да) агрессивтік, қатыгездік және желікпеліктің басқа түрлері  артатындай мүмкіндік болса, онда оларды қалыпты деңгейге дейін төмендететін де мүмкіндік бар. Ондай мүмкіндік тәрбиелеуде, оқытуда, этикалық және эстетикалық құндылықтарға баулуда жатыр.

    Адамның желікпелік қасиеттерінің ішінен агрессивтіктің ерекше түрін – «криминалдық агрессияны» бөліп алуға болады, бұл адамның айырықша психикалық күйі. Себебі әлеуметтік биология және этология ғылымдары агрессияны адам бойында болуға тиісті табиғи инстинкт деп есептейді.

    Қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық келеңсіз мән-жайлар (жұмыссыздық, дағдарыс, кедейшілік, өндірістегі қиындықтар, еңбектену  саласындағы қайшылықтар) құқыққа қарсы мінез-құлықтың себептері бола алмайды, олар тек адамның ондай мінез-құлқын қоздыратын, оның психикасының өзгеруіне себеп болатын жағдайлар ғана.

    Әртүрлі жас санаттарының жалпы құқыққа  қарсы мінез-құлқына сипат беретін  ортақ әлеуметтік жағдайлармен қатар (ортақ санат) екінші және үшінші деңгейдегілер де бар. Мысалы, келеңсіз сипаттағы объективтік жағдайлардың екінші деңгейіне жасөспірімді әлеуметтендіретін мән-жайлар және қалада бар барлық ерекше жағдайлар жатады (ерекше санат). Әртүрлi шамада барлық жастарға тән психикалық ауытқулар түрі үшінші деңгейді құрайды (бірлі-жарым санат).

    Сыртқы  мән-жай (жағдай), сөзсіз, құқыққа қарсы  мінез-құлықтың генезисінде маңызды  рөл атқарады. Адам болмысының күрделі жаратылысы генетикалық деңгейде айырықша жадының дамуын қарастырған (адамдар тіршілігінің ұтымды-әлеуметтік тәжірибесі), оны ең ұтымды тәжірибенің негізі – руханилық және өнегелік санаттар. Бұл аталғандар, адамда бойында бірімен-бірі тығыз байланысқан. Адамдардың құқыққа қарсы мінез-құлықтары сияқты, рухсыздық пен өнегесіздік, адамның тәжірибеде дұрыс болуын қалыптастыра алмайды, ал онсыз адам да, қоғам да жетіле алмайды.

    Руханилық пен имандылықтың қайта жандануы елдегі криминалдық жағдаймен тікелей  байланысты. Келеңсіз үрдістердің біртіндеп жинақталуы қоғамның, әсіресе зиялылардың сапалық күйінен көрініс тапты. Мұны қылмыстық статистика талдамасы, автордың зерттеулері көрсетіп отыр. Мысалы, руханилық деңгейді анықтауға және моральдық тиянақтың бар-жоқтығына қатысты сұрақтарға респондент – студенттердің 13,7%-ы әдептілік, өнегелік дегенді ұмытып, өте анайы, дөрекі сөздермен жауап берген. Олардың 15,4%-ы тоталитарлық режимге қайта оралу керек екендігін ашық айтқан.

    Ұлттық  рухани және имандылық қасиеттерінің  қайта жандануы исламдық этикаға негізделуі тиіс, оның моральдық нормалары жастарды тәрбиелеудің қазіргі тұжырымдамасында өз орнын алуы керек.

    Қазіргі тәрбиедегі басты мәселелердің бірі – еркін тәрбие мен мәжбүрлеп  тәрбиелеудің шегін анықтау. Педагогикада адам бостандығының дәрежесіне қарай тәрбие процесінде гуманистік және авторитарлық бағыттар бөлініп алынады. Гуманистік бағыт адамды қоғамдық дамудың жоғарғы мақсаты және құндылығы деп қарастырады, ал авторитарлық, керісінше, адамды оның қоғамға қосқан үлесіне қарай бағалайды. Яғни, тәрбиенің қазіргі тұжырымдамасы осы екі бағытты ұстауы тиіс. Мысалы, авторитарлық бағыт, кәмелетке толмаған құқық бұзушылар арасында және олар үшін жабық типтегі мекемелерде оқу ұйымдастырғанда тиімді болар еді.

    Сендіру әдісі шегінде авторитарлық педагогиканың тәрбиелік ықпалының әртүрлі тәсілдері, амалдары және құралдары қолданылады: криминалдық ортадағы жалған көзқарастар мен бедел иелерін әшкерелеу; жақын немесе әйгілі адамдарға еліктеуге болатындай келбет жасау; қандай да бір құқыққа қарсы іс-әрекеттің теріс салдарларын, оның психологияға және өнегеге жат жақтарын көрсету.

    Ықпал ету өрісіне байланысты (мысалы, санаға, мінезге, көңіл-күйге) тәрбие процесінің әдістері де, амалдары да, тәсілдері  де өзгереді. Басқа сөзбен айтқанда, негізінен, құқықтық пікірлерді, білімді, теріс қылықты бағалауды, оң мінездің бағыттылығын және т.б. қалыптастыруға бағытталған әдістер бар. Оларды сананы қалыптастыру әдістері дейді. Және де әдеттерді, таптаурын мінез-құлықты, бір типті реакциялар қалыптастыруға бағытталған әдістер де бар. Оларды мінез-құлықты қалыптастыру әдістері деп атайды. Кейде қосымша деп аталатын, оң мінездің қалыптасуына біршама көмек ететін, көңіл-күймен байланысты да әдістер бар (мадақтау, жазалау, жарысу және т.б.). Автор, бірінші топтың әдістерінің көмегімен кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкері жасөспірімде оң мінез-құлақтың нормалары туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы ұғым қалыптастыра алады деп ойлайды. Екінші топ әдістері кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметінде тәрбиені қолдануды іске асырады. Үшінші топтың әдістерінің көмегімен кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі бөлім қызметкері тиісті ықпал арқылы құқық бұзушының мінез-құлқын, іс-әрекетін реттей алады, себебі ресми құптау немесе құптамау мінез-құлаққа әсер етеді, құпталған қылық бекітіліп қалады, құптау таппаған іс-әрекет тежеледі. Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері жеке-дара сақтандыру ықпалының нәтижелерін талдауға және бағалауға бағытталған, олар адамның оң мінезінің қалыптасуына жанама әсер етеді.

    Жеке-дара сақтандыру ықпалының әдістері мен тәсілдерін қолданудың негізгі ұйымдық-тактикалық нысандарына келесілер жатады: сақтандыру мақсатында әңгімелесу, құқық бұзушының мінез-құлқын ұжымда талқылау, жасы толмағандарды қоғамға пайдалы жұмысқа тарту. 

Пайдаланылған қайнар көздердің тізімі 

    1 Ной И.С. Методологические проблемы криминологии. – М., 1999. – 106 с.

    2 Советский энциклопедический словарь. – М.: Сов. энц., 1981. – 1029 с.

    3 Психология. Педагогика. Этика: учебник для вузов. – М., 1999. – 257 с.

 

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектердің тізімі 

    1 Характеристика социальных условий, влияющих на противоправное поведение // Теоретические и практические вопросы предупреждения преступности: в деятельности правоохранительных органов и институтов гражданского общества: международный опыт и национальная практика Казахстана: мат-лы междунар. науч.-практ. конф. 12-13.10.2006. – Алматы: Казахстанская криминологическая ассоциация, 2007. – Б. 155-159.

    2 Криминологическое направление предупреждения противоправного поведения // Повышение правосознания правовой грамотности граждан в условиях развития правового государства и демократизации общества: мат-лы междунар. науч.-теорет.конф. 28.02.2007. – Алматы: Университет им. Д.А. Кунаева, 2007. – Б. 78-81.

    3 Жастардың құқық бұзуға бейім мінез-құлықтарын түрлері бойынша талдау // Актуальные проблемы борьбы с преступностью на современном этапе: мат-лы междунар. науч.-практ. конф. 07.06.2008. – Алматы: Академия МВД Республики Казахстан, 2008. – Б. 43-48.

    4 Характеристика социальных условий, влияющих на противоправное поведение // Фемида. – 2007. – № 1. – Б. 12-13.

    5 Этические направления предупреждения противоправного поведения // Предупреждение преступности. – 2007. – № 1. – Б. 23-25.

    6 Құқыққа қарсы мінез-құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы // Тураби. – 2007. – № 3. – Б. 61-63.

    7 Құқыққа қарсы мінез-құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы // Заң. – 2007. – № 6. – Б. 20-22. 

 

Резюме 

Карамырза Жаркынбек Тагайбекович 

Причины и условия, способствующие совершению правонарушений среди молодых людей, и проблемы их педупреждения 

12.00.08 –  уголовное право и криминология;

уголовно-исполнительное право 

    Общая характеристика работы. В работе проанализированы состояние, динамика и структура преступности молодых людей. Дается полная и объективная криминологическая характеристика личности молодого человека, совершившего преступление, систематизированы причины и условия, а также криминогенные факторы, оказывающие влияние на формирование не только личности, но и на их поведение, выработана система мер предупреждения преступности среди молодых людей. Кроме того, в диссертации дается сравнительный анализ об уровне преступности молодых людей (2000-2008 гг.), изучены и приобщены результаты анкетирования учащихся общеобразовательных и высших учебных заведений г. Алматы.

    Объектом  исследования являются общественные отношения в области борьбы с молодежной преступностью в Республике Казахстан.

    Предметом исследования является определение личности молодого человека, ее классификация на основе психолого-педагогической характеристики по возрастному признаку, а также формы и методы организации профилактических мероприятий по предупреждению преступлений, совершенных молодыми людьми и основные принципы их исправления и перевоспитания.

    Цель  исследования – определение системы мер борьбы с вовлечением несовершеннолетних и молодежи в преступную деятельность, соответствия норм действующего уголовного законодательства Республики Казахстан об уголовной ответственности за совершения такого преступления потребностям практики, выработка наиболее эффективных путей совершенствования системы мер предупреждения, в том числе оптимальных путей дальнейшего совершенствования уголовного законодательства и профилактика преступности среди подрастающего поколения, а также состояние предупредительной деятельности в данной сфере.

    В соответствии с обозначенной целью  поставлены следующие задачи: исследование правовых аспектов отечественного законодательства в сфере преступности молодых людей; анализ современного состояния преступности среди подрастающего поколения; разработка предложений и рекомендаций по совершенствованию уголовного законодательства и иных нормативно-правовых актов; разработка правовых новшеств в законодательство в области борьбы с преступностью, в том числе и среди молодых людей; вынесение предложений, направленные на развитие теории предупреждения преступности; изучение личностных характеристик молодежей (социально-демографических, культурно-образовательных, эмоционально-волевых свойств, потребности, интересов, стремлений, ценностных ориентаций, особенности правосознания); рассмотрение основных проблем взаимодействия педагогических коллективов общеобразовательных школ Республики Казахстан с некоторыми субъектами профилактики противоправного поведения учащихся общеобразовательных школ.

    Научная новизна диссертационного исследования заключается в том, что в работе на монографическом уровне проведено комплексное исследование особенностей преступности молодых людей, а также состояние предупредительной деятельности в данной сфере, с учетом возрастных и психологических, социальных и нравственных, демографических и правовых особенностей. Теоретическая значимость диссертационного исследования заключается в обосновании механизма создания сил противодействия преступному насилию в обществе и семье, включающая новые социальные институты из гражданского сектора. Практическая значимость исследования определяется тем, что положения и выводы, изложенные в нем, могут быть использованы: для совершенствования норм административного, уголовного, уголовно-процессуального и уголовно-исполнительного права; при разработке законодательства в области борьбы с преступностью, в том числе несовершеннолетних; при дальнейшем развитии теории предупреждения преступности; в правоприменительной практике для улучшения обеспечения прав и защиты молодых поколении. Некоторые рекомендации и предложения могут найти свое отражение в деятельности правоохранительных органов, а также могут быть реализованы при подготовке нормативных постановлений Верховного Суда Республики Казахстан.

    Основные  положения, выносимые  на защиту:

  1. Биосоциальная концепция в криминологии – это направление человека взаимосвязи в нарушении характера и психического изменения.
  2. Изменение агрессивных действии в обществе, это не только зависит от государственной социально-эконмичесой политики, но и зависит от воспитания человека.
  3. Причины определяющие материи – не определяется в частным и общим уголовным характером, потому что этого не существует.
  4. Характер человека определяют психические стремления, но во время принятия решения основную роль играет воля человека. Если нет воли человека, тогда имеет место невменяемость и конкретный случай, явившийся причиной преступления, которая освобождает человека от уголовной ответственности.
  5. Неблагоприятное социальное обстоятельство в обществе и материальные недостатки человека (безработица, бедность и т.д.) прямо действует на психику человека (появляются агрессивность, месть и т.д.). Такие обстоятельства влияют на человека, но не является фактором совершенствования преступлений, поэтому любые действия зависят от личности человека.
  6. «Личность преступника» – это криминологическая квалификация, она дает понятие «общественного отношения». Она реализуются путем воспитания, знания и внедрения (это – меры изпользовающие в правонарушениях).
  7. Дух и нравственность нации – должны возобновиться на основе религиозных обычаев, его нормы необходимо отразить в современной практической концепции. Там должны быть предусмотрены предложения направленные на укрепления семьи, улучшения учебы и воспитания в школе, оздровлении идеологии, повышения уровня воспитания молодежи и профилактики их противоправного поведения; предложения о необходимости принятия законов «О защите детей из малообеспеченных семей», «Об оказании медицинско-санитарной помощи молодым семьям»; «О защите восстановленного здоровья граждан»; сотрудникам подразделений по делам несовершеннолетних для проведения ими диагностических бесед подготовленные методические рекомендации о правовом воспитаний несовершеннолетних правонарушителей, учеников школ.

Информация о работе Жастардың құқық бұзушылыққа бейімі