Ресейдегі туристік және экскурсиялық ұйымдар, Ресейлік туристер қоғамы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 10:03, реферат

Краткое описание

Туристер және экскурсанттар.
«Мамандыққа кіріспе» оқу курсы жоғарғы оқу орнында туризмнің болашақ менеджерінің кәсіби даярлығының бастапқы бөлігі. Аталған пәннің зерттеу объектісі – туризмнің жаһандық әлеуметтік құбылыс және бизнестің ұтымды бағыты ретіндегі мағынасы.
Пән оқытудың мақсаты – туризм теориясы негіздерін: дүниежүзілік туристік үйымның халықаралық конвециялар мен ұсыныстары аспектілеріндегі негізгі ұғымдармен терминдерді игеру.

Файлы: 1 файл

МК Дәрістер.docx

— 61.76 Кб (Скачать)

"Түнеу орны" - туристік шаруашылықтың негізгі элементі, оның ішіне туристердің түнеуіне барлық қолайлы жағдайлар жасайтын обьектілер мен құрылғылар жиынын жатқызуға болады. Оны екі түрде қарастыруға болады: түнеу мекемелері (қонақ үйлер, турбазалар, демалыс орындары, пансионаттар, мотельдер) және лагерлер (кемпинг, палаталар қалашығы). Қолданыс ерекшелігіне байланысты: жыл бойғы және маусым аралық; қызмет көрсету жағынан - ашық (бәріне қол жетерлік) және жабық (арнайы тұтынушылар тобы). Түнеу орындары мемлекеттік немесе жекеменшік (тұрғылықты халықтың пәтерді жалға беру) болуы мүмкін.

Туристер мен демалушылардың тамақ  пен сусындарға деген сұраныс- қанағаттарын өтеуге "тамақтандыру орындары" көмектеседі, оның ішіне мейрамхана, кафе, бар, буфет, асхана және т.б. кіреді. Түнеу орындары сияқты жыл бойғы немесе маусым аралық болып бөлінеді; қызмет көрсету жағынан - ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, жекеменшік немесе өзге меншік басшылығында болуы мүмкін.

     "Коммуникациялық база" негізінен көліктік қызмет көрсетумен байланысты. Көліксіз туристік қызметті ұйымдастыру өте қиын, жаяу туризмді есепке алмағанда. Соңғы кездері, туризм саласында ақпаратық байланыс жүйесі ерекше рөл алуда, оның өсу қарқына жаһандық тұрғыда кеңею үстінде.

"Қосалқы қызмет базасына" туристерге келесі негізгі қызмет  көрсету түрлері кіреді: табиғаттың  қолайлы жақтары (пляждар ұйымдастыру,  шомылу орындары, тамашалау алаңдары  және т.б.); спорттпен шұғылдану;  ойын-сауықтарды ұйымдастыру; туристік  құрал-жабдықтар мен сувенирлерді  өндіріп шығару; ақпараттық қызметтер  және т.б.

"Туристік территория  немесе объект сыйымдылығы" - түнеу орнының (түнеу орындарының саны), тамақтандыру мекемесінің (ас мәзірі берілетін орындар саны) және қосалқы қызмет базасының (орындар саны немесе аудан көлемі) жалпы сыйымдылығы негізінде анықталатын, туристік базаның жекелеген объектілерін бір мезетте қолдана алатын, туристік ағымға қатысушылардың жалпы саны.

Туризм географиясының негізгі  түсініктерінің біріне, тұрғылықты жердің немесе объектінің "туристік аттрактивтілігі" (тартымдылығы) кіреді. Туризмнің көптеген түрлері мен формаларына байланысты бұл түсініктің құрылым өте күрделі  болып келеді. Туристік аттрактивтілік "туристік ұсыныс" түсінігімен  көп ұқсастықтары байқалады.

 

 

Қорытынды сұрақтар:

  1. "Туризм" түсінігінің қазіргі заман анықтамасын беріңіздер.
  2. Рекреациялық сабаққа мысал келтіріңіздер.
  3. "Туризм орталығына" анықтама беріңіздер.
  4. Туризмнің негізгі әлеуметтік функцияларын атап көрсетіңіз.
  5. Халықаралық Туризм күні алғаш рет қашан тойланды?
  6. Туризм географиясының негізгі таксономикалық категорияларын атап шығыңыз.

СӨЖ тапсырмасы: Туристік іс-әрекеттің әлеуметтік-экономикалық аспектілері.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1. Биржаков М.Б. Введение в туризм: Учебник. - Изд.6-е, перераб. и доп. - СПб.: "Издательский дом Герда", 2004.
  2. Вуколов В.Н. Введение в специальность "Туризм". Алматы, 2004.

Қосымша:

  1. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. - Алматы, 2000. -336с.
  2. О туристской деятельности в Республике Казахстан. Закон Республики Казахстан от 13 июня 2001 года № 211-11.

 

 

Лекция 4. Әлемдік  туризм индустриясының жалпы сипаттамасы

 

Сабақтың қысқаша  мазмұны

 

  1. Туризм индустриясы түсінігі, оның негізгі ерекшеліктері мен байланыстары
  2. "Туристік ресурстар" және "туристік аудандастыру" түсініктерінің сипаттамасы
  3. Туристік ағымдар және туризмдегі маусымдылық

 

Кез-келген экономикалық шаруашылық, белгілі туристік тауар мен қызмет көрсету көлемі мен түрінің өндіруге кеткен уақытпен, өндірілетін орнымен  және тағы басқа шаруашылық факторлары көрсеткіштерімен анықталады. Өндірілетін  тауар және көрсетілетін қызметтер  адамдардың қажеттіліктерін өтеуге бағытталуы қажет, қарастырып отырған  жағдайда, туризмдегі қажеттіліктерді.

Туристік қызмет көрсету  жүйесін, халық шаруашылығына кіретін  басқа да бір сатылы жүйелердің қатарында  қарастыру керек. "Халық шаруашылығы" жүйесі тұтынушылардың туристік туарлар  мен қызметтерге қажеттіліктері мен сұранысын қарастырады, туризм индустриясының қаржылық, материалды-техникалық, еңбек ресурстары, құқықтық тұрғыдан дамуын айқындайды, басқа да жүйелермен қатынасын реттеп отырады.

Турист энциклопедиясы (М., 1993 ж) келесі анықтаманы ұсынған: "Туризм индустриясы - туристік-экскурсиялық ресурстарды  зерттеп, жүзеге асыратын, туризм базасының  материалды-техникалық тұрғыдан құрастырылуын,   туристерге арналған туарлар мен  қызметтерді өндіру, сұрыптау, айырбас  және тұтынуды қамтамасыз ететін, өндірістің материалды және материалды емес саласында  жұмыс жасайтын мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдардың жиынтығы. Негізінен  алғанда, туризм индустриясындағы мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар 3 топқа бөлініп  қарастырылады:

  1. Маршруттар мен демалыс орындарында комплексті туристік-экскурсиялық қызмет көрсетенін мекемелер (турбазалар, қонақ үйлер, санаторилар, кемпингер және т.б.); саяхат және экскурсиялық бюролар (шетелде - туроператорлар, турагенттер); туристік-экскурсиялық тасымалдауды жүзеге асыратын арнайы көлік мекемелері; демалыс орындары мен туристік орталықтарда туристерге сауықтыру, сувенир сату, олардың сұраныс қызметтерін жүзеге асыратын мекемелер мен кәсіпорындар (бальнеологиялық курорттар, арнайы дүкендер және т.б.).
  2. Туризм және демалыс орындарында туристер мен тұрғылықты халыққа кез-келген қызмет түрін көрсететін - тұрмыстық, мәдени-танымдық, сауда саттық және т.б. (қоғамдық көлік тасымалы, қонақ үйлер, емханалар, дүкендер, кинотеатрлар мен клубтар және т.б.) мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар.
  3. Туризм базасын материалды-техникалық тұрғыдан қамтамасыздандыратын және оған еңбек , шикізат, құрал-сайман және жеке тұтыну тауарларын жеткізетін, туризм саласында арнайы мамандандырылған кадрлар даярлайтын өндірістік мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар.

Халықаралық Ресей туризм академиясы даярлап шығарған "Менеджмент туризма" оқу құралында (М., 1996 ж) келесідей  анықтама берілген: "Туризм индустриясы - бос уақытта, адамдардың кез-келген және әр дайым өсіп тұратын демалыс  пен ойын-сауықтыруды қанағаттандыруға бағытталған мақсаттын көздейтін, салааралық және кәсіпорындар тобынан  құралған, ірі жеке дара шаруашылық комплексі".

Туризм индустриясында, тауарлар мен қызмет түрлерін өндіріп шығаратын  мекемелерге:

  • қонақ үй кәсіпорындары;
  • тамақтандыру мекемелері;
  • көлік мекемелері;
  • экскурсиялық, туристік бюролар мен агенттіктер;
  • сувенир өндірумен айналысатын мекемелер;
  • туризм мамандарын даярлайтын мекемелер;
  • ақпараттық және жарнама қызмет агенттіктері;
  • туризм саласында ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдары;
  • туристік тауар өндіруші кәсіпорындар.

Туризм индустриясының өзіне  тән 3 ерекшелігі бар: біріншісі, туристік кәсіпорындарды ұйымдастырып, орналастыруда  ресурстарға тәуелділік, екініші, туристік тауарды өндіруде маусымдылыққа  тәуелділік, үшінші, жалпы инфрақұрылым даму деңгейінің жоғары талаптарға сәйкес келуі, соның ішінде ақпараттық және әлеуметтік.

Туризм индучтриясының негізгі  ерекшелігі - тауарды өндіру мен  сатудың бір мезетте жүргізілуі. Бұл дегеніміз, туристік қызмет (турөнім) бір жерде өндіріліп, сол жерде  пайдаланылады, тасымалдау уақыты нөльге сәйкес келеді. Оның екінші ерекшелігі, турөнім болашаққа қажет қор  ретінде өндірілмейді, болашақта  оны сатуға немесе сақтап қоюға болмайды. Сондықтан да, турөнімді дер кезінде  өндіріп, сол мезетте сатып отыру  қажет.

Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекшелігі, тұтынушыны өндіріс объектісіне қызмет көрсету  аясынан бұрын тасымалдау. Турист өндірілген турөнімді айналмалы  түрде "өзінде" сақтайды: саяхаттан  алған жақсы әсерлері, денсаулығының  түзелуі, жаңа білімдер мен дағдылардың  пайда болуы, жаңа ақпараттар мен  кездесулер, адамдармен қарым-қатынасы және т.б.

Рекреациялық және туристік ресурстар ұғымдары бір-біріне ұқсайды, алайда, біріншісі ауқымды мағынаны қамтиды, ал екіншісі соның бір бөлігі ретінде қарастырылады. Туризмнің  ресурстық диапозонына көптеген объектілер кіреді: таулар, өзен-көлдер, ормандар, архитектуралық ғимараттар, өндірістік-шаруашылық құрылыстар.

Рекреациялық бағалауға  тұрарлық тек қана табиғи ресурстар  ғана жатпайды, сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық ресурстар (тарихи-танымдық ескерткіштер, қаражат, материалдық және еңбек  ресурстары). Олар жеке дара туристік ағымды тартушы ресурсттар бола алады.

Территориялық классификацияның анықтаушы формасы ретінде, туристік аудандастыру, туризм географиясының негізгі теориялық және методологиялық шешілмеген мәселелерінің бір бөлігін  құрайды.

Туризмнің тағы бір ерекшелігі - оның маусымдылыққа тәуелдігі. Ол туристік қызмет көрсету нарығында  мекеменің жұмыс істеу стратегиясы  мен тактикасына әсер етеді. Стратегиялық тұрғыдан, маусымдылық, туристік өнімге деген сұраныстың төмен немесе жоғарлау көрсеткішіне ықпал етеді. Тактика, сұраныс жоғарлаған маусым кезінде, мекеменің нарықта өзін белсенділік  таныту керектігін айқындайды.

 

   Қорытынды сұрақтар:

  1. "Туризм индустриясына" анықтама беріңіз.
  2. Туризм индустриясы шаруашылықтың басқа салаларымен қалай байланысады?
  3. Туризм индустриясы жоғары дамыған мемлекеттерді атаңыз.
  4. Маусымдылқ факторы туризмге қалай әсер етеді.
  5. Туристік аудандастырудың негізгі мақсаты неде?
  6. Туристік ресурс дегеніміз не? Оның класификациясы.

СӨЖ тапсырмасы: Туристік нарық құрылымы. Қонақ үй торлары. Туристер көп саяхаттайтын елдер. Туризмдегі маусымдылық

 

№5 дәріс. Туристік шаруашылық

Сабақ мазмұны

  • Туристік шаруашылық
  • туризмді ұйымдастырушылар;
  • туристік тасымал
  • қонақ үй шаруашылығы (орналастыру индустриясы)
  • тамақтану  жүйесі
  • ойын-сауық және аттракция жүйесі
  • туризм инфрақұрылымы
  • туристерді сақтандыру
  • туризмдегі ақпарат және жарнама

Туристік шаруашылық (ТШ) - туристердің келуімен ынталандырылатын экономиканың әр секторларының кешені (іс-әрекет бағыттары). Тікелей ТШ тек  қана туристерге қызмет көрсетуге бағытталған  нысандар және мекемелер (туристік қонақ  үйлер, турбазалар, арнайы туристік көлік, туристік орталықтарында тамақтану  мекемелер, т.б.).  Жанама ТШ туристік емес (жалпы), бірақ туристермен пайдаланылатын нысандар және мекемелер (жалпы мемлекеттік  көліктік магистральдар, коммуникациялар, мейрамхана жүйесі, дүкен, мәдениет мекемелері, тұрмыс жүйесі және т.б.).  Функционалды белгілер бойынша бұл кешен төрт базаға бөлінеді: түнеу (орналастыру), тамақтану, коммуникация және қосалқы базалар.

Туризмді басқару және туристік іс-әрекетті ұйымдастыру мемлекет дәрежесінде - туризм бойынша үәкілетті  орган (ұлттық туристің әкімшілік) және басқа да жергілікті бөлімшелерде (аймақтарда) жүзеге асырылады . Сонымен қатар, туристік салада болып жүрген өзгерістер мен  процесстерге  халықаралық және жергілікті қоғамдық туристік ұйымдар  әсер етеді.

Ұлттық туристік әкімішілік (ҰТӘ) іс-әрекеті. ҰТӘ - туристік іс-әрекетті реттеуші басты мемлекеттік орган. Әлемнің әр мемлекеттегі ҰТӘ маңызы және іс-әрекет қағидалары.

Заң бойынша, үәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Өкіметімен бекітілетін туристік іс-әрекет саласында  мемлекеттік басқару функцияларын орындайтын орталық атқарушы орган.

Қазіргі таңда туризм

Көлік қызметі  (әуе жолдары, көлік тасымалы, темір жол, жолаушы  немесе круиз кемелері). Туристік көлік - туристерді тасымалдауға арнайы жабдықталған көлік құралдары және жалпы көлік, оның ішінде қоғамдық көлік. Туристердің  қозғалыс құралдары: адамның бұлшық күшін (қайық, велосипед), жануарлардың күші (піл, түйе, жылқы), жергілікті құралдар (қозғалыстың механикалық түрлері: автомобиль, темір жол), әуе және ғарыш құралдары , мотор және желкен қайығы, су асты кемелері, т.б. Жұмыс  кезеңдері бойынша бөліп көрсетуге  болады: трансфер (туристерді негізгі/магистральды тасымалдаушыға жеткізу, әуежай/вокзал терминалынан отелге жеткізу), туристерді алыс қашықтыққа жеткізу және дестинация шебіндегі жергілікті тасымал, қозғалыс құралы түнеу құралы да болатын көлік  сапарлары, экскурсиялық маршруттағы  тасымал, шоппинг турларға арналған жүк сапарлары.

Орналастыру индустриясы  жеке ұйым орналастыру құралдарымен анықталады: отелдер, қонақ үйлер, пансионаттар, жастар хостелдері, апартамент, жалға  алынған пәтерлер. Туристерді қабылдау бойынша туристік орталық немесе аймақ потенциалын сипаттауға пайдаланылатын басты көрсеткіштердің бірі - төсек-орын саны. Кең таралған жүйелердің бірі - қонақ үй классификациясының француз жүйесі, жүйе бойынша "жұлдыздар" деп  комфорт деңгейі бойынша категорияларға бөлу көзделген. 5 жұлдыз категориясы ең жоғары комфортпен сипатталады.

Туристерді орналастыру  құралдары туристерге тұрақты немесе уақытша түрде түнеуге орынды беретін  кез-келген нысандар. Қосымша  шарт ретінде көрсетіледі: 1) түнеу  орындарының жалпы саны кейбір минимумнан асады (Қазақстан мен Ресейде 10 орын), 2) орналастыру нысанының басшылығы  бар, 3) нысанды басқару коммерциялық негізде жүзеге асады. ДТҰ ұсыныстары бойынша орналастыру құралдары  екі категорияға бөлінеді: ұйым және жеке құралдары.

Тамақтану құралдары үш белгі  бойынша классификацияланады: белгілі  бір іс-әрекет түріне жатқызылуы, қатысу формасы, тағам өнімдерін шығарудағы маңызы. Қоғамдық тамақтану жүйесі туристік орталықтың немесе аймақтың туристердің және жергілікті халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын  әр түрлі класстағы бар, кафе, мейрамхана, асхана, жедел тамақтану және өз-өзіне  қызмет көрсету орындарымен анықталады. Тамақтану түрлері: таңғы ас, жартылай пансион, толық пансион. Еуропалық  стандарт бойынша таңғы ас қонақ  үй номер құнына кіргізіледі.

Информация о работе Ресейдегі туристік және экскурсиялық ұйымдар, Ресейлік туристер қоғамы