Ресейдегі туристік және экскурсиялық ұйымдар, Ресейлік туристер қоғамы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 10:03, реферат

Краткое описание

Туристер және экскурсанттар.
«Мамандыққа кіріспе» оқу курсы жоғарғы оқу орнында туризмнің болашақ менеджерінің кәсіби даярлығының бастапқы бөлігі. Аталған пәннің зерттеу объектісі – туризмнің жаһандық әлеуметтік құбылыс және бизнестің ұтымды бағыты ретіндегі мағынасы.
Пән оқытудың мақсаты – туризм теориясы негіздерін: дүниежүзілік туристік үйымның халықаралық конвециялар мен ұсыныстары аспектілеріндегі негізгі ұғымдармен терминдерді игеру.

Файлы: 1 файл

МК Дәрістер.docx

— 61.76 Кб (Скачать)

Турға тікелей немесе қосалқы  түрде кіретін ұйымдастырылған  немесе ұйымдастырылмаған белсенді немесе пассивті ойын-сауық түрлері  саяхат түріне, туристер контингентіне  байланысты. Аттракцияға туристік-экскурсиялық қызмет, көңіл көтеру іс-шаралары (фестиваль, шоу, концерттер), спорт іс-шараларына қатысу, дүкендер, ойын кешендеріне  қатысу.  Көңіл көтеру мақсатында әр түрлі аттрактивті кешендері  бар тақырыптық парктер салынады.

Туризм инфрақұрылымы  ретінде құрылыс кешендерін, инженер  және коммункиация жүйелері, оның ішінде телекоммуникация байланысы, жолдар кешендерін қабылдайды.

Халықаралық келесімдер, келу мемлекеттің (аймақ) заңнамасына сәйкес  туроператор немесе турагент туристік шетелге шығу жолдаманы тек қана өмір және денсаулықты сақтандыру туралы күәлікті рәсімдеген кезде туристерге ұсына алады. Туризмдегі сақтандыру туристер медициналық көмегін және олардың белгілі бір мемлекетте (орталықта) келу кезінде қауіп жағдайы  туындаған кезде шығындарды өтейтін  сақтандыру полисін рәсімдеуді көздейді.  Аурулар, төтенше жағдайы болған кездегі сақтандырудан басқа  туристер талаптары бойынша туристік агент сапар кезінде туындайтын басқа да қауіп түрлерінен  сақтандыру бойынша қызмет көрсетеді.

Қазақстан Республикасының  азамат заңнаммасымен белгіленген  азамат-құқықтық Турагенттің немесе туроператордың жауапкершілігі - туристерге туристік қызмет көрсету барысында  пайда болып қалған шығындар мен  қауіптерді өтеуге міндетті. Қауіп жағдайы - туроператордың, азамат-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру келесімі  өз күшіне ене бастайтын жағдай.

Жарнама агенттіктер ассоциациясының  бағасы бойынша 2002 жылы жарнама нарығының  үлесі бойынша ТМД елдері Еуропалық  ең ірі он нарық қатарына кірді. Қазақстан  Республикасында нарық қарым-қатынасының  дамуы жарнама нарығының қарқынды өсуіне әкелді, 2002 жылы жарнама нарығы 2001 жылға қарағанда 1,5 есе үлкейіп 2,68 млр долларды құрады. Мемлекеттің  бір тұрғын үлесіне 18 "жарнамалық" доллар келеді, бұл басқа мемлекеттерге  қарағанда төмен. Мысалы, АҚШ бір  тұрғынға 1000 жарнамалық доллар кетеді. Әлем жарнама нарығының жыл сайын 3-5% төмендеуіне қарамастан, отандық  жарнама нарығының дамуы жалғасуда.

Туризм саласындағы жарнама  іс-әрекеті макро- және микро деңгейлерде  жүзеге асырылады. Макродеңгейдегі  жарнама мемлекет жарнамасын туристік дестинация ретінде де, мемлекеттің  бөлек аймақтардың жарнамасы  ретінде де анықталады. Бұл жарнама  мемлекеттік әкімшілік органдарымен - министрлікпен, басқарма, комиттеттермен іске асырылады.  Микродеңгейдегі  жарнама туристік фирмалармен, қонақ  үйлермен және басқа да туристік мекемелермен жүргізіледі. Бұл жарнаманың басты мақсаты - нарыққа белгілі бір туристік қызметтер және өнімдерді жылжыту, туристік индустрияның бөлек мекемелердің бедел жарнамасы.

Жарнама мақсаттары мақсатты аудиторияға және басқа да маркетингтік коммуникацияларға байланысты әр түрлі  болу мүмкін. Келесі негізгі мақсаттарды  бөліп атауға болады:

- фирма және оның қызметтері  туралы танымалдықты тудыру;

- фирма және оның қызметтері  туралы негізгі және қосымша  ақпарат беру;

- фирмаға мүмкін тұтынушылардың игі ниеттілігін (благосклонность) тудыру;

- жарнамалайтын қызметтердің  басқа ұқсас қызметтерден ерекшелігін  көрсету;

- клиенттен оның дәл  осы қызмет сатып алу керектігіне  көз жеткізу;

- жарнамалайтын қызметті  сатып алуға

Жарнаманың фирма және оның қызметтері туралы танымалдықты тудыру мақсаты  мақсатты аудитория  фирма және оның қызметі туралы білмеген жағдайда ғана бола алады. Әдеттегідей  бұл мақсат жаңадан құрылған фирма, жаңа нарыққа шуғу кезінде немесе жаңа өнім мен қызметті жылжыту үшін тән. Бұл жағдайда жарнама құралдары  арқылы фирма танымалдылығының, маркасы  және қызметтерінің танымалдығылығын дамытуға жету керек. Басты міндет болып, мүмкін тұтынушы фирманың бар болуы, іс-әрекет профилі туралы білуі, ал жаңа құрастырылып жатқан қызмет бар  болса, клиент қызметтер туралы ақпарат  алуы керек.

 

Бақылау сұрақтары.

 

1. Туристік шаруашылықтың  "қосалқы базасы" деп нені  түсінеміз?

2. Негізгі және қосалқы  туристік шаруашылықтың айырмашылықтары  неде?

3. Ұйымдық орналастыру  құралдарына қандай құралдар  жатады?

4. Жартылай пансион, толық  пансион, отелде орынды таңғы  аспен бірге ұсыну қандай әріптермен  белгіленеді?

5. Қоғамдық тамақтану  нысандарының классификациясы негізіне  қандай белгілер салынды?

6. "Швед дастарханы" тамақтану түрін ұйымдастыру

7. Туристерге көңіл көтеру  қызмет көрсетудің  қандай түрлері  бар?

8. Туризм инфрақұрылымы  түсінігіне анықтама беріңіз

9. Қазақстан Республикасының  "Туроператордың және турагенттің  міндетті сақтандыру азамат-құқықтық  жауапкершілігі" туралы Заң қашан  қабылданды?

10. Жарнамаға анықтама  беріңіз. Туристік өнім жарнамасының  ерекшелігі неде?

 

СӨЖ тапсырмалары: БАҚ-дағы туристік жарнама. Туризмдегі интернет маңызы. Қонақ үйлер белгілері. Турагенттік  іс-әрекет. Туристік жарнама және көрмелері. Трансфер.

 

 

Дәріс №6. Туризмдегі маркетингтік іс-әрекет және ақпараттық қамтамасыз етілу.

 

Сабақтың қысқа мазмұны.

  • туристік өнімді қалыптастыру және жылжытудағы маркетинг маңызы;
  • жарнама-ақпараттық қамтамасыз етілу;
  • халықаралық туристік ұйымдар;
  • Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO)
  • Халықаралық туристік жәрмеңкелер маркетинг құралы ретінде.

 

Тұңғыш рет маркетинг  концепциясы ХХ жылдарының 50 жылдарында интеграцияланған, тұтынушыға бағытталған  және бизнес философия табысы ретінде  құрастырылды.

60 жылдардың соңында назар  өнімнен тұтынушыға аударылды.  Мақсаты - пайда. Құралдар: өнім, баға, тарату жүйесі, нарыққа өнімді  жылжыту.

80 жылдары. Стратегиялық  маркетинг. Назар өнім немесе  тұтынушыдан сыртқы ортаға аударылды.  Тұтынушы белгілі бір ортада  зерттеледі (нарық және маркетинг  өзгерістерін анықтайтын бәсеке, мемлекеттік ретету, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және  басқа да факторлар).

Маркетинг технологияларын  туризмде пайдаланудың алғашқы қадамдары 1971 жылы швейцар Х.Крппендорфпен  жасалынды, дегенмен, туристік іс-әрекет феномені туралы жазбалар бұдан да ерте кездесе бастады. Туристік маркетинг - туристік кәсіпкерліктер іс-әрекетін, сонымен қатар, туризм саласындағы  мемлекеттік саясатты да жүйелі түрде  өзгерту және бақылау.

Туристік маркетингті  коммерциялық мақсатта туристік қызметтерге  қоғамның қажеттілігін анықтау және пайдалану стратегиясы ретінде  түсінуге болады.

Бүгінгі таңда маркетинг - нарықта мекеменің іс-әрекет стратегиясы, тактикасының концепциясы. Маркетинг  мақсаты нарық қажеттіліктерін  және талаптарын уақытында анықтау  және қоғам мен қоршаған орта талаптарын есепке ала отырып нарықтағы өз іс-әрекет стратегиясын құрастыру болып табылады.

Туристік қызметтер маркетингін  табыс алу мақсаттағы клиенттердің арнайы қажеттіліктерін анықтау  мен қанағаттандыруға бағытталған  фирманың туристік қызметтерді құрастыру, жылжыту және сату бойынша іс-әрекетін ұйымдастыру жүйесі ретінде анықтауға  болады.

Туристік маркетинг ерекшеліктері  туристік өнім ерекшеліктерімен және туристік өнімді өндірушілер мен  тұтынушылардың арнайы белгілерімен анықталады.

Маркетинг құралдарының түрлері  көп, олардың әрқайсысы бір-бірімен  тығыз байланысты.  Бұл құралдар бірге туристік мекме маркетинг  жүйесін құрайды, олардың әсерлілігіне фирма іс-әрекетінің сәттілігі тәуелді.

Қазіргі таңда маркетинг  және жарнама-ақпараттық мақсатта интернет мүмкіншіліктерін пайдалану перспективті болып табылады. Интернет сәтті маркетинг  құралдарының бірі болып табылады, оның дәстүрлі құралдардан ерекшеленетін  уникалды ерекшеліктері көп. Интернет қасиеттерінің бірі - ақпаратты қабылдау мен таратудың жоғары әсерлілігімен  гипермедиалық табиғаты, бұл маркетингтің туристік кәсіпкерліктер өзара байланысын нығайтудағы мүмкіншіліктерін жоғарылатады. Оның ішінде, электронды жарнама кең  таралған.

Жарнама кең географиялық нарықты қамтиды. Public Relations жүйеге қарағанда  жарнамалық өнім жарнама иеленушімен  толығымен бақыланады және өнім, қызмет пен фирманының өзін әсерлі таныстыруды  қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жарнама, мүмкін тұтынушымен сұхбатты (диалог) жүзеге асырады.

Кең мағынада жарнама мағынасында  өнім мен қызметтер туралы кез  келген ақпарат жатады. Кез келген жарнама-ақпараттық материалында тұтынушылардың белгілі бір фирма, қызмет пен  өнімге назарын аударту. Жарнама, әдеттегідей, ақылы ақпарат ақпарат болып  табылады, яғни, газет, теледидарда  пайда болу үшін жарнама беруші төлейді.

Туристік іс-әрекет субъекттеріне  жатады:

1) туристік операторлар  (туроператор);

2) туристік агенттер (турагенттер);

3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсовод;

4) туристер және олардың  бірлестіктері;

5) экскурсанттар;

6) туризм саласындағы  басқа да бірлестіктер;

7) туризм саласында қоғамдық  қарым-қатынастарды реттейтін мемлекеттік  органдар.

Туризм саласындағы түңғыш халықаралық негізгі конвенциялары  БҰҰ құрастырылып қабылданды. Бұл  ұйым қонақжай саласы үшін мамандарды даярлау мәселелері бойынша халықаралық  семинарлар мен коллоквиумдерді  ұйымдастырып, туризмдегі статистикалық  есептеу әдістерін құрастырушылардың  бірі болды.

Туристік ұйымдар мен  тасымалдаушылар арасындағы келісілген іс-әрекет қажеттілігі 20 жылдардан  бастап сезіле басталды. Мәселені шешу мақсатында 1925 жылы Туризмді насихаттау ресми ассоциациялардың халықаралық  конгрессі құрылды, 1927 жылы - Ресми  туристік ұйымдардың халықаралық конгрессі, 1930 жылы Туризмді насихаттау мен ресми  ұйымдардың халықаралық бірлестігі құрылды. Туризм саласындағы халықаралық  ынтымақтастықты бақылаудағы қарама-қайшылықтар  туризмнің дамуы үшін үлкен кедергіге  айналды. Осыған орай, жоғарыда аталған  үш ұйым негізінде Париж қаласында (1947 жылы) 116 мемлекет өкілдерін біріктірген  Ресми туристік ұйымдардың халықаралық  бірлесітігі (РТҰХБ - МСОТО) құрылды.

1969 жылы РТҰХБ өкімет  аралық Дүниежүзілік туристік  ұйымға қайта құрылды. ДТҰ жарғысы  өз күшіне 1975 жылы 51 мемлекетпен  ратификациялаудан кейін енді.

БҰҰ және ДТҰ арасындағы келісім қайталауларды алып тастау мақсатында екі жақтың ассамблеялар және конференциялар кезінде бақылаушы  ретінде қатысуын қамтамасыз етеді.

Туризм саласындағы ДТҰ  басқа қандай ірі халықаралық  ұйымдарды білесіз?

Туристік ұйым кәсіби ақпараттың 70% жәрмеңке мен көрмелер кезінде  жинайды.

Көрмелерді келесідей  классификациялауға болады:

  • дәрежесі бойынша (халықаралық, дүниежүзілік, ұлттық, аймақ аралық, жергілікті);
  • тақырып пен пәні бойынша (әмбебап, көпсалалы, жалпысалалы, арнайы, бөлшек сауда, жәрмеңкелік, авиа, авто шоу, ұлттық маусымдық сату жәрмеңкелері);
  • өткізу мерзімі (тұрақты, созылмалы, қысқа мерзімді);
  • өткізу жиілігі бойынша (жыл сайын, маусымдық, тұрақты, т.б.);
  • өткізу орнының тәуелдігіне байланысты (тұрақты жерде немесе ауыспалы).

Ең беделді туристік көрмелердің  бірі - Лондон туристік биржа (WTM - World Travel Market)

 

№7 дәріс. Ресейдегі туризмнің  дамуы

Дәрістің қысқаша мазмұны

  1. Ресейде туризмнің қалыптасуы.
  2. Вениамин Генштің «Өзге елге ұйымдастырылатын саяхаттың жоспары».
  3. Ресейдегі туристік және экскурсиялық ұйымдар, Ресейлік туристер қоғамы. Экскурсиялық комиссиялар, бюро, комитеттер.

Ағартушылық дәуірі (XIX ғ. 90ж. дейін)

Ресейдің алғашқы саяхаттары танымдық, сауда-саттық, саяси және діни мақсаттармен байланысты болды. IXғ Ольга ханым Византияда саяхаттады.  Тарихшы С.М.Соловьевтің пікірінше Ольга ханымның саяхатқа шығуының негізгі себептерінің бірі, «білімді әлемнің ғажаптарын көруге қызығушылық» және абырой, себебі «Константинопольда болғанның атағы көтеріледі» деген пікір тараған. Сонымен қатар алғашқы саяхаттарға Ежелгі Ресей ішінде және оның сыртында саяхаттаған (Византия, Астрахан мемлекеті) сауда керуендері жатады.

Христиан дінімен бірге  қажылық ету дәстүрі де пайда  болды. Қажылық сапарымен шыққандар, өз діндерін тарату, әулие жерлерге бару және оларды қорғау мақсатымен ұзақ әрі күрделі сапарларға щыққан. XIIғ басында игумен Даниил Константинополь және Иерусалимге қажылық сапармен барды.  Өзінің саяхатын діни жазуларда сипаттап берді. Діни мақсатымен қатар, мұндай саяхаттар танымдық мақсатта да ұйымдастырылды.  Қажылық жазуларда табиғат, мәдениет, түрлі елдер мен халықтардың  тұрмысы сипатталады. Қажылық етудің негізгі жерлері болып Палестина, Иерусалим, Афон тауы, Сергеев Посад   және т.б. танылды.

XVII ғ аяғында, Петр I билік етуінен бастап, батыс мәдениетінің әсерімен, шетелдік сапарлар Ұлы мәскеу елшілігі құрамында Батыс Еуропа елдеріне саяхатқа барды.  Бұдан бастап танымдық мақсатты сапарлар Ресей туризмінің кең тараған түріне айналды. Батыс Еуропа елдеріне саяхаттар нәтижесінде, патша дворяндардан шетел тілдерін (неміс, голланд, француз) меңгеруді талап етті. Саяхаттарға шығу тек патша әулиетіне ғана емес, кез келген дворянның қалаған уақытында саяхаттауға қолынан келетін іс еді.

Информация о работе Ресейдегі туристік және экскурсиялық ұйымдар, Ресейлік туристер қоғамы