Геометрия

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2013 в 15:48, курсовая работа

Краткое описание

Бала бақшада ересек топ ерекше орын алады. Педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ тулганың өзінің оқуына

Оглавление

Кіріспе
I.
1. Оқытудың дидактикалық принциптерінің сипаттамасы.
2. Балабақшада математика сабақтарын жүргізуде және құрастыруда қойылатын жалпы әдістемелік талаптар.
3. Жақсы бір топта балаларды қарапайым математиалық ұғымдарды қалыптастыр сабағының календарлық жоспарын

Файлы: 1 файл

геометрия.docx

— 25.25 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

Мазмұны

Кіріспе

I.

1. Оқытудың дидактикалық  принциптерінің  сипаттамасы.

2. Балабақшада математика  сабақтарын  жүргізуде  және  құрастыруда қойылатын  жалпы  әдістемелік  талаптар.

3. Жақсы  бір  топта балаларды қарапайым математиалық  ұғымдарды қалыптастыр   сабағының календарлық жоспарын 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Бала бақшада ересек топ ерекше орын алады. Педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтнжесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ тулганың өзінің оқуына, өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей өзгеріс болуы керек. Бала балалар бақшасында көптеген эмпирикалық білім алды, ал мектепке көшкенде барған сайын тереңдете берілетін ғылыми білім бірте-бірте ашыла береді де, мұның өзі абстрактілі ұғымдармен операциялар жасауға дайындықты талап етеді. Бұл тұста басты мәселе тек жеке функциялардың (түйсіктің, естің, зейіннің т. б.) дамуы ғана емес, баланың санасындағы функционалдық байланыстар мен қатынастардың өзгеруі. «Сана әрбір жеке функцияның дамуында болып жататын жеке бір өзгерістердің қосындысы ретінде дамымай, өзінің ішкі құрылысы мен бөліктерінің байланысын әрбір жаңа кезеңде өзгерте отырып, бүтін бір нәрсе ретінде дамиды. Сананың дамуындағы әрбір функционалдық бөліктің тағдыры бүтіннің өзгерісіне байланысты болады, бірақ керісінше емес», - деп жазды Л. С. Выготский, сананың мұндай функционалдық өзгерісі жеке адамның дамуындағы басты және ең елеулі нәрсе болып табылады.

Ересек топтағы балалар өздерін балалар бақшасында ересектер ретінде сезінеді. Мектепке көшуге дайындалған ересек балалардың бұл позициясы олардың өзіне деген қатынасын өзгертеді, оларға кішкентайлардың қарым-қатынасының өзгеретіні сияқты, басқа топта балаларға қарым-қатынасын өзгертеді. «Мен қазір тек ересек балалар тобындамын, келесі жылы даярлық топта боламын, сонан кейін мектепке барамын», - деп бала ең ересек бала болуды қиялдайды.

Курстық жұмысымның өзектілігі: Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар  негізінде жетілдіру қоғам алдында  тұрған ауқымды істердің бірі, сол  себепті де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде сондай-ақ даярлық  тобында математика элементтерін оқыту  бағдарламасы мен әдістемесі бүгінгі  күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Объектісі: балабақшадағы ересек тобына арналған материал, өткізілетін сабақтар үлгісі. Есептеу әрекетінің элементтері, арифметикалық есептер шығару тәсілдері.

Курстық жұмысымдағы мақсатым: осы берілген «Ересек тобында математикалық элементтерін оқыту бағдарламасы мен әдістемесі» тақырыбын ашу.

Мақсатқа қойылатын міндеттер:

- ересек тобына арналған бағдарламалық материал;

- ереск тобында өткізілетін сабақтар үлгісі;

- есептеу әрекетінің элементтері;

- арифметикалық есептерді  шығаруды үйрету тәсілдері.

Курстық жұмысымның құрылымы кіріспеден, негізгі төрт бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мақсаты: мектепке дейінгі  ересек жастағы балалардың көңілін  заттардың саны мен қоршаған орта құбылыстарына аударту негізінде  математикалық ойлауын қалыптастыру.

Міндеттері:

- зейін, ес, түйсік, шығармашылық  қабілеттерін, қиялын, ойлау вариативтілігі  сияқты танымдық үдерістерін  дамыту;

- танымдық қызығушылықтарын  дамыту барысында белсенді оқу  іс-әрекеттерін қалыптастыру;

- ақыл-ой әрекетінің (талдау, жинақтау, салыстыру, қорыту, топтастыру, үлгі жасау, құрастыру, байланыстың  себеп-салдарын орнату) тәсілдерін  үйрету;

- мектеп жасына дейінгі  баланың сөздік қорына математикалық  атауларды енгізу, сабақта алған білімдері мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдану;

- заттардың әр түрлі топтарын санау, оның саны мен сапасын анықтау дағдысын үйрету, олардың бір-бірімен арақатынасын анықтау;

- кеңістікті, уақытты қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын дамыту;

- геометриялық пішіндер мен денелер, өлшемдер туралы түсініктерін қалыптастыру.

 

 

Мазмұны:

Көп. Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі жайлы түсінігін қалыптастыру.

Көп элемент бір заттан, сонымен қатар, тұтас топтан құралатыны туралы түсініктерін дамыту.

«Көп», «аз», «біреу» деген ұғымдармен таныстыру. «Бір» деген ұғымның бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру.

Көп заттың ішінен белгілі бір ерекшеліктеріне қарай заттарды іріктеп алып топтастыру қабілетін дамыту.

Көп және оның құрамы арасындағы қатынастарды орнату іскерліктерін жаттықтыру. Бүтін өзінің бөліктерінен үлкен екендігін, бірдей сандардың өзара бірыңғай сәйкес екендігі туралы түсінік беру.

Сан және санау. 10 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оларды танып және атау іскерліктеріне үйрету.

Көрнекі негізінде 10 санының  пайда болуымен таныстыру.

10 көлеміндегі санды тура  және кері санауға үйрету.

Сөздік қорына математикалық  атауларды енгізіп, «Қанша?», «Қандай?», «Нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру іскерліктерін қалыптастыру.

10 көлеміндегі сандарды  қасында тұрған сандармен салыстыруға, теңсіздіктен теңдік алуға (теңдіктен теңсіздік алуға), саны азға бір затты қосу, ал көп заттан бір затты шегеру арқылы («6 саны 7-ден кіші, егер 6-ға 1 затты қосса, онда екеуі тең болады», «7 саны 6-дан артық, егер 7-ден – затты шегерсе, онда екеуі тең болады») үйрету.

Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды  орындауға жаттықтыру.

Теңдік туралы ұғымдарын  қалыптастыру. Топтағы әр түрлі заттардың тең мөлшерін анықтау іскерліктеріне үйрету. Санау мен салыстыру арқылы санның мағынасын дұрыс қорыту («Мұнда барлық ойыншыққа теңдей алты сәбіз, алты қоян, алты тәрелке»).

Сан заттың көлеміне, ара  қашықтығына, орналасу кеңістігіне және санау бағытына (оңнан солға, солдан оңға) байланысты емес екендігін түсіндіру.

Заттарды (алма, парақ қағаз, дөңгелек және т.б.) бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінік беру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші.

Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды  орындауға жаттықтыру.

Көлем. Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен  жуандығын белгілеу іскерлігіне  үйрету. Заттарды көлеміне қарай өсу  және кему ретімен орналастыру.

Заттардың көлемдерінің бір-бірінен айырмашылықтарын математикалық терминдерді қолдана отырып анықтап айту шеберлігін қалыптастыру. Мысалы, («Жасыл матрешка – ең биігі, қызыл – аласалау, сары одан аласа, бірақ көктен биігірек, ал қызғылт сары бәрінен де аласа және т.б.).

Шартты өлшемнің көмегімен  екі заттың көлемін (ұзындығы, ені, биіктігі) салыстыруға үйрету.

Шартты өлшеммен өлшеуде  заттың бөлігін бөліп көрсетуге үйрету, өлшенетін нысанда шартты өлшем қанша рет орналасатынын анықтау.

Шартты өлшеуіштің көмегімен заттың көлемін (ұзындығын, енін, биіктігін) салыстыру дағдыларын бекіту.

Арнайы ұйымдастырылған  жағдайда заттардың ұзынырақ (қысқа), жоғары (төмен), кең (тар), қалың (жұқа) үлгісінде  және оларға тең екендігін табу іскерлігіне үйрету. Баланың көзбен өлшеуін дамыту.

Геометриялық пішіндер. Геометриялық денелер – куб, шар туралы білімдерін кеңейту. Пирамида мен көпбұрыштарпен таныстыру.

Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, төртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр, пирамида) дұрыс атап оларды бір-бірінен ажырату іскерліктеріне жаттықтыру.

Шаршы мен тіктөртбұрыш төртбұрыштың түріне жататындығы туралы түсіндіру.

Айналасына қарап геометриялық пішіндерді табу, олардың пішіндеріне талдау жасау іскерліктерін қалыптастыру. Геометриялық пішіндер мен денелерді атап, ажыратуға жаттықтыру.

Кеңістікті бағдарлау. Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын, арасында, қасында) туралы білімдерін бекіту.

Қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру.

Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.

Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру.

Уақытты бағдарлау. Уақытты бағдарлау (күн, таңертең, сәске түс, бесін, ақшам, ымырт, бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні) туралы білімдерін бекіту.

Таңертең, күн, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Кеше қай күн болғаны, бүгін қай күн екенін, ертең қай күн болатынын анықтап, бұрын не болғанын, одан кейін не болатыны, аптаның қай күні екені туралы түрлі жағдайларды ретімен орналастыра білуге үйрету.

Жыл 12 айдан тұратынын, оларды ретімен дұрыс айта білу шеберлігін қалыптастыру.

Заттың салмағын анықтау. Зат өлшемін анықтай білу сезімдерін дамыту («салмақ сезімі»).

Заттардың салмағын өлшеміне қарай тең және тең еместігін  алақанына салып өлшеп, анықтауға үйрету.

Заттың салмағы оның көлеміне байланысты емес екендігін түсіндіру.

Заттарды салмағына қарай  анықтай білу, оларды өлшемдеріне  қарай орналастыру шеберлігін дамыту.

Заттың салмағын таразының  көмегімен өлшеу дәлірек болатынын түсіндіру.

Дүкенде қолданылатын таразы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Заттың салмағын өлшеуге қызықтыру.

 

Құрастыру

Мақсаты: қағаздан, құрастыру  бөлшектерінен, құрылыс және табиғи материалдардан әртүрлі заттарды құрастыру  дағдыларын қалыптастыру арқылыі ересек балалардың қисынды ойлауын дамыту.

Міндеттері:

- құрылыс материалдарынан,  конструктор бөліктерінен, табиғи  және қалдық материалдардан құрастыруға үйрету;

- өзі жоспарлаған құрылыстың  құрастыру кезеңдерін жоспарлап,  құрастырушылық шешім қабылдай  білу іскерлігін қалыптастыру;

- қажетті бөлшекті таңдап  алу, оларды тиісті орнына дұрыс қою, бір бөлшекті екінші бөлшекпен ауыстыру шеберліктерін қалыптастыру (тығыз, қасына, қашығырақ);

- желіммен, қайшымен жұмыс  істеу дағдыларын жетілдіру;

- құрастырған затын безендіруге  үйрету арқылы ұқыптылыққа, әдемілікке  баулу;

- шығармашылық қиялы мен  көркемдік талғамын дамыту.

 

Мазмұны:

Құрылыс материалдары мен  конструктор бөлшектерінен құрастыру. Әр түрлі пішіні мен көлемі бойынша пластинаның, қырлы бөрененің, цилиндрдің (ұзын, қысқа, жалпақ, жіңішке, шаршы және үшбұрыш) жаңа бөлшектерімен, олардың ерекшеліктерімен таныстыру.

Құрылыс жиынтығының элементтерін атау, олардың міндеттері мен құрастыру  қасиеттері бойынша бір бөлігін басқа бөліктермен ауыстыру іскерліктеріне үйрету.

Конструктордың бөлшектеріне тән және негізгі бөліктерін атауға, оларға талдау жасауға, оның құрастыру нысанының реттілігін сақтауға үйрету.

Үлкен емес жазықтықты үлкен етіп біріктіру, кірпіштердің, қырлы бөренелердің араларын бірін-біріне жиі қойып құрылысты берік ету, биіктігі қиын құрылысты бөлу сияқты құрастырудың жаңа әдістерін меңгерту.

Құрастырудың жаңа әдістерін  меңгерте отырып, үлкен емес жазықтықты үлкен бір майда бөліктерді біріктіріп үлкен және берік етіп жасау шеберлігін қалыптастыру.

Ұйымшылдықпен жұмыс істеу, құрылыстарын ортақ оймен біріктіру, құрбыларымен жұмысты бөліп алып орындау іскерліктерін бекіту.

Ойдан шығарып, шығармашылық ынта білдіру, ауызша суреттеу, берілген тақырып бойынша, талапқа байланысты, сурет, фотосурет бойынша құрылыс салуға үйрету.

Қағаздан құрастыру. Қағазды  ортасынан, төртке бөліп бүктеу, түрлі бағытта, тегістеп бүктеу іскерліктеріне үйрету.

16 бірдей бөлікке қиғаштай  бөлінген (бұрыштарының басын дәл  қосу) ұсақ-түйектерді дайындауда шаршы қағазын бүктеу іскерліктерін қалыптастыру.

Қағазды қатпарлап бүктеуге және симметриялық пішіндерді кесуге, қағаздан құрастыру әдістерін (конусты жартылай айналдырып бұрау, тіктөрбұрышты цилиндрге, шаршыны кубке өзгерту, шырмау) қолданып көлемді формадағы жазық материалды өзгерту іскерліктерін бекіту.

Ұжымдық сюжеттік құрастыру  сезімдерін ояту.

Дайын пішілген кескіндермен жұмыс жасау, күрделі емес сызба сызу, қайшымен нұсқаны тілік етіп кесу мен ойып алу іскерліктерін қалыптастыру.

Шығармашылық ойлау мен  қиялын дамыту.

Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен және пенопласт, поролон, сым  темір, пластиканың қасиеттерімен таныстыру.

Ұсақ-түйек заттар мен сіріңкенің қораптарынан әртүрлі үйлестіру жолдары арқылы құрастыру іскерліктерін қалыптастыру.

Желімнің, сіріңкенің, ермексаздың көмегімен жеке бөлшектерді жалғау дағдыларын қалыптастыру.

Түрлі ұсақ-түйектер дайындауда табиғи материалдарды орынды қолдану іскерліктерін қалыптастыру.

Шығармашылық қиялын, ұсақ-түйек заттар жасауды көрнекіліктерді қолдану арқылы және ойдан шығару, өзінің көз алдына елестету арқылы жасау іскерлігін дамыту.


Информация о работе Геометрия