Лизингті дамыту-кәсіпорынның негізгі құралдары жаңарту формасы ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 14:11, курсовая работа

Краткое описание

Өзіндік қаржылық ресурстардың, бюджеттік қаражаттардың және шетел инвестицияларының шектеулілігі шарттарында қазақстандық кәсіпорындардың жаңа техника алғандығы үшін бірден төлеуге мүмкіндігі жоқ, құрал-жабдықтарды өндірушілердің өздері үлкен қаржылық ресурстарды қажет етеді, ал банктер шаруашылық субъектілерді несиелеу үшін дереу кепілдік қамтамасыз етуді талап етеді.

Оглавление

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3
1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. ЛИЗИНГТІҢ МӘНІ, ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ…………………....…5
1.2. ЛИЗИНГТІҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ,ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ………………………………………………………….8
1.3. ЛИЗИНГТІК ТӨЛЕМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИЗИНГТІК ҰЙЫМДАР ……………………………………….……….…….……12
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ БИЗНЕСІ
2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ҚҰРЫЛУ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ……………………………………………………..……16
2.2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ……….....………22
2.3. ОТАНДЫҚ ЛИЗИНГ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ………………………………...……24
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТЕЗДЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК ЫНТАЛАНДЫРУ ……………...…………………26
3.2. «АЛЬЯНС ЛИЗИНГ» АҚ-НЫҢ МЫСАЛЫНДА ЛИЗИНГТІК ТӨЛЕМДЕРДІ
ЕСЕПТЕУ………………..……………..……………………………………………..33
ҚОРЫТЫНДЫ ………………..…..…………………………………………………42
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………….…………...44

Файлы: 1 файл

курстык жумысКіріспе.docx

— 101.00 Кб (Скачать)

1995 жылдың сәуірінде «Азия  лизинг» кең лизингтік қызметтер  көрсететін, құрал-жабдықтың лизингі  бойынша жобаларды қарастыратын, заңды тұлғаларға лизингке автомобильдер,  компьютерлік және күнделікті  техниканы беретін аймақтық компания  ретінде тіркелді.

1995 ж 23 желтоқсанындағы  № 1851 «агроөнеркәсіптік кешенді  лизинг негізінде машинақұрылыстық  өніммен қамтамасыз етуді ұйымдастыру  туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметінің қаулысында былай  делінген: Агроөнеркәсіптік кешендегі  лизингтің жағдайы. Бұл лизингтің  кең анықтамасы және оның қызметінің  шарттары, лизинг объектісінің және  субъектісінің түсініктері, лизинг  келісімінің анықтамасы, келісімге  қатысушылардың міндеттері мен  құқықтары, лизингтік төлемдердің  құрамы  көрсетілген ең маңызды  документтердің бірі. Берілген документ  «Қаржылық лизинг туралы» Заңның  құрылуына негіз болды. Дәл  осы уақытта республикаға комбайндарды  жеткізу бойынша «Joon Deer» АҚШ-тық және Батысгерманиялық «Claus Oh» екі фирмасымен келісім жасалды.

Лизингтің  құрылу және даму тарихын талдай отырып, лизингтік  қатынастарды ұйымдастырудың Қазақстандағы  бес бағытын айтуға болады: мемлекеттік  лизинг, мемлекетаралық лизинг, коммуналды лизинг, коммерциялық лизинг, аралас лизинг.

Қарқынды бастамасына  қарамай, бірінші мемлекеттік лизингтік  программалардың барлығы дерлік толық күйзеліске ұшырады. Лизинг механизмін толығымен дұрыс ұйымдастырмағаннан екі мың ресейлік комбайндарды жеткізуде  залалға ұшырады, «Енисей» және «Нива»-астық  жинағыш машиналардың көп бөлігі тек күзде келе бастады, ал жер  өңдеу бойынша негізгі жұмыстар ол кезде аяқталып қойған.

90-жылдары «Кең дала»  АҚ-ы несиеге алынған «Joon Deer»  американдық комбайндарын Қазақстанға  алып келумен айналысқан. Мемлекет  гарант ретінде болды. Лизинг  алушы-ауыл шаруашлық өндірушілер  машиналар үшін ақының орнына  астық беру керек болатын, ол  астықты «Кең дала» АҚ-ы сатып,  одан түскен ақшаны американдық  жаққа аудару керек болатын.  Алайда, әлемдік нарықта астық  бағасы күрт төмендеп кетті  да компанияның төлем қабілеттілігі  сұрақ астында болды. Мемлекет  «Кең дала» АҚ-ы үшін кепілдікке  тұрғандықтан, бұл іс сотқа дейін  барды. Нәтижесінде 630 «Joon Deer»  комбайны мемлекетке өтті, ал  ол «Казагрофинанс» компаниясы  арқылы лизингтік келісімдер  бойынша техниканы таратты.

Шетел инвесторлары қатысқан лизингтік компаниялар қатарына ЖАҚ формасындағы 1997 жылы құрылған «Central Asia Leasing» компаниясын жатқызуға  болады. Бұл компания «Lease holding B.V»  атты голландтық компанияның және «Казкоммерцбанк» Қазақстан банкінің қатысуымен құрылған. Бұл Қазақстандағы алғашқы жеке лизингтік компаниялардың бірі.

Қазақстан нарығындағы белсенді лизингтік жұмыс 1997 жылдың аяғында  басталды, алайда лизинг, қаржылық жалға  беру ретінде Қазақстандағы салыстырмалы жаңа қызмет түрі болуымен күрделендірілді. Сондықтан да, заңның кейбір қаулылары  үнемі өзгере отырып, лизингтік компанияларды  мәміленің шарттарын өзгертуді  мұқтаж етеді.

«Central Asia Leasing» компаниясының  лизингтік қызметтер нарығындағы  көрсететін қызметтер ауқымы негізінен  кіші бизнесті қамтиды және кесте 3-те көрсетілген коммерциялық лизинг болып  табылады.

«Central Asia Leasing» компаниясының  алғашқы клиенті «Жібек Жолы»  АҚ-ы болып табылады және ол лизингтік  келісім бойынша диірмен алған.

 

 

 

 

 

 

Кесте-3. 1997-2001жж «Central Asia Leasing» компаниясының лизингтік қызметтерінің ассортименті*

 

Атауы

Амортизация мерзімі

Келісімнің минималды  уақыты

%  қойылымдары

Кіші наубайхана

15 жыл

          3 жыл

11.2

Сыраны дайындау және құю  бойынша мини-зауыт

10 жыл

2.5 жыл

10

Алкогольсіз сусынды дайындау және құю бойынша мини-зауыт 

10 жыл

2.5 жыл

10

Өсімдік майын дайындау және құю бойынша мини-зауыт 

10 жыл

3 жыл

10.5

Магазиндерге арналған құрал-жабдықтар

8 жыл

2 жыл

9.2

Диірмен

25 жыл

4 жыл

11.5


*Қайнар көзі: кесте (41) берілгені бойынша құрылған

 

Смагулов А.С байқағандай, Қазақстанда лизингтің дамуы 4 канал  бойынша жүреді:

  • аймақтық көтерме-делдал фирмалар мен компанияларды жүргізуде болатын техникалық қаражаттардың прокаты бойынша кәсіпорындар мен қызмет істейтін пункттер
  • екінші деңгейлі банктердің лизингтік операциялары
  • қайтадан құрылып жатқан мамандандырылған лизингтік фирмалар
  • республика территориясындағы бірлескен лизингтік компаниялардың және халықаралық-экспорттық, импорттық, компенсациялық лизинг формаларының дамуы

Осылайша, Қазақстандағы  әзірше ұзақ емес лизинг бизнесінің даму тарихын төрт этапқа бөлуге болады:

І -  1989-1992 жж- лизингтің, 120 банк пен 20 лизингтік компанияның  дүниеге келуі және коммерциялық банктердің көлемі бойынша үлкен  емес лизингтік операцияларды жүзеге асыруы. («Крамдс-лизинг» (1989), «Техника-лизинг» (1991), «Алма-ата лизинг», «Туран-лизинг» және т.б)

ІІ -  1993-1994 жж- сыртқы және ішкі нарықтағы экономикалық күйзелістің  нәтижесінде лизинг бизнесінің күйреуі.

ІІІ - 1995-2000 жж- инновацияның бір түрі ретінде лизинг механизміне  деген қызығушылықтың қайта жандануы немесе аграрлық кезең.

ІV -  2001 ж бүгінгі күнге  дейін- лизингті ынталандыруға және мемлекеттік қолдауға бағыт, лизингтің  нормативті-құқықтық базаны қабылдауы, коммерциялық лизингтің құрылу кезеңі.

І кезең рентабельді экономиканың жаңа моделін астан-кестен ізденісімен  сипатталады, осымен байланысты өңдегіш  өнеркәсіптік кәсіпорындар лизинг сияқты, инвестициялаудың жаңа дәстүрлі емес формаларын қолдануға тырысты, ал сол  кездегі лизингтік компаниялар 20 шақтыдай болды. Осы период ішінде Қазақстан  лизинг негізінде 42 000 трактор, 25 000 комбайн  алды.

ІІ кезеңде болған экономикалық процесстердің негізгі сипаттамалары- бұрынғы СССР республикаларымен  экономикалық байланыстың жоғалуы, рубльдік зонадан Қазақстанды шығарып  тастауы, ол республика үшін жабдықтаушылардың  және өткізу нарықтарының жоғалуын білдіреді, ал бұдан шығатын салдар- жаппай банкроттылық, кәсіпорындардың тоқтауы, кішірек бағадағы импорт өндірісінің  триумфы.

ІІІ кезеңде республикалық  бюджеттен лизингтік операцияларды  өткізуге 1.4 млрд тг сомасында ақшалай  қаражаттар бөлінді, 1996 ж- 600 млн.тг, 1997 ж- 800 млн.тг

1990-1997 жж лизингтің даму  тәжірибесінің талдауы жалпы  Қазақстандағы лизингтің дамуын  тежейтін негізгі мәселелерді  көруге және біздің мемлекеттің  нақты шарттарында осы инвестициялаудың  жаңа механизмін қолдану бойынша  нақты мүмкіндіктерді көруге  мүмкіндік туғызады. Лизингтік операциялардың  ішкі нарықтағы дамуының жақсы  болашағы бар болатын, бірақ  1992 жылдан бастап бағалардың жаппай  либерализациялануынан кейін, жоғары  инфляция мен несиелік ресурстардың  тапшылығы және оларды алудың  жоғарғы қиындығы периодында  барлық жаңадан құрылған лизингтік  фирмалар үшін ішкі экономикалық  климат қолайлы жағдай туғызбады.  Лизингтік қызметтер нарығында  пайда болып, олардың көбі өз  қызметтерін тоқтатып, делдалдыққа,  саудаға ауысты. Лизингтің Қазақстан  Республикасындағы тұрақтануын  тежейтін және оның инвестициялық  потенциалын әлсіздендіретін басқа  бір маңызды мәселе- құқықтық  өрістің дұрыс дамымағандығы  және дұрыс өңделмегендігі, ал  жаңадан құрылған лизингтік компанияларға  осында жұмыс істеуге тура  келеді.

«Лизинг» түсінігі қазақстандық заң шығарушылық үшін мүлдем болмады. Лизингтік мәмілелердің өңделуі  және өткізілуі жалға беру, мүліктік жал заңдарының негізінде жүргізілді, ол болса лизингтік қаржыландырудың  ерекшеліктерін және өзгешілігін аз ескерді.

 

 

 

 

2.2. Қазақстан Республикасындағы  лизингтік операциялардың

құқықтық қамтамасыз етілуі

 

Қазақстан Республикасындағы  лизингтік қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу 1999 ж шілдеде қабылданған  Азаматтық Кодекстің 29 «Мүліктік  жал» бөлімінің және 2000 ж қабылданған  Қазақстан Республикасының «Қаржылық  лизинг туралы» қабылданған Заңының  негізінде жүзеге асырылады. Азаматтық  Кодекске және Заңға 2004 жылдың 18 ақпанында  түзетулер енгізілді. 

Қазақстандағы лизингтік  қатынастарды реттеген бірінші нормативті документ Қазақстан Үкіметінің 1995 ж 23 желтоқсанындағы № 1851 «агроөнеркәсіптік  кешенді лизинг негізінде машинақұрылыстық өніммен қамтамасыз етуді ұйымдастыру  туралы» қаулысы болды, онда «агроөнеркәсіптік  кешендегі лизинг туралы» тәртіп бекітілді.

Қазақстандағы лизингтің  уақытша тәртібі, ресейлікке қарағанда  тек агроөнеркәсіптік кешенде ғана лизингтік қатынастарды реттеуге шақырылды. Қаржылық лизинг операцияларының негізінде  ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін  техникалық қайта жабдықтаумен қамтамасыз ету үшін Қазақстанның бюджетінде арнайы лизингтік қор құрылды. Қазақстандық лизингтік компанияларының пікірінше, 2000 жылға дейін Қазақстандағы  лизинг өне бастау қалпында болды. Азаматтық  кодексте лизингтік қатынастарды заңды  қамтамасыз ету қажет болды және (немесе) лизинг туралы арнайы заң қажет  болды.

Бұл оқиғаны екі жылдан аса уақыт күтуге тура келді және 1999 ж 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің ерекше бөлімі қабылданды (бұдан былай АК), мұнда  «Мүліктік жал» 29 бөлімінің 2 «Лизинг» параграфында лизинг келісіміне 8 статья арналған.

АК-ке сай «лизинг келісімі бойынша лизинг беруші сатушыдан  лизинг алушы көрсеткен мүлікті  меншігіне алуға міндеттенеді және бұл мүлікті лизинг алушыға белгілі-бір  ақыға кәсіпкерлік мақсаттарға  уақытша иеленуге және қолдануға  беру тиіс. Келісімде мүлікті немесе сатушыны таңдау лизинг берушінің еркінде деп айтылған»(17,б.18).

Лизингтің объектісі ғимараттар, құрал-жабдықтар, машиналар, құралдар, инвентарь, транспорттық қаражаттар, жер  учаскелері және т.б қолданылмайтын заттар бола алады. Лизинг объектісі  бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар  бола алмайды.

Қазақстан Республикасының  АК-де лизингке жер учаскелерін беру қарастырылған, ал ол жылжымайтын мүлік  лизингінің дамуына ықпал жасайды.

Лизингті нормативті қамтамасыз етуді дамытудың келесі кезеңі Қазақстан  Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңының 2000 ж 5 шілдесінде № 78-ІІ қабылдануы, бұл оқиғадан кейін  көптеген банктер лизингті жаңа қаржылық құрал ретінде қарастырып, жаңа еншілес  лизингтік компанияларын құруға кірісті. 2004 жылдың 10 наурызында лизинг бойынша заңға жаңа өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасының күші бар заңдарында лизингтің келесі түрлері мен формалары қарастырылады.

Лизинг формалары:

  • Ішкі лизинг
  • Халықаралық лизинг
  • Лизинг түрлері:
  • Қайтарылатын лизинг
  • Екінші ретті лизинг
  • Банктік лизинг-лизинг беруші ретінде банк болатын лизингтің түрі
  • Толық лизинг
  • Сублизинг
  • Таза лизинг

Қазақстан Республикасының  «Қаржылық лизинг туралы» Заңы, Салық  кодексі негізінен қаржылық лизингті реттеуге бағытталған. Қаржылық лизинг,Қазақстан  Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңына сәйкес,- бұл инвестициялық  қызметтің бір түрі. Қазақстан  Республикасының Азаматтық Кодексінің 565 статьясының ережесінде шығатыны, лизинг- бұл кәсіпкерлік қызметтің  бір түрі.

Қаржылық лизинг түсінігінің  ерекшелігі «Қаржылық лизинг туралы»  Қазақстан Республикасының Заңында  берілген анықтамада нақты бейнеленген.

Заңға сәйкес, қаржылық лизинг-бұл  кәсіпкерлік мақсаттар үшін 3 жылдан кем емес уақытқа уақытша иеленуге немесе пайдаланылуға белгілі-бір  ақыға және белгілі-бір шарттарда  лизинг беруші сатушыдан меншігіне  алынған лизинг объектісін лизинг алушыға  беруге міндеттелетін инвестициялық  қызметтің бір түрі. Және мұнда  лизинг объектісі келесі шарттардың біріне немесе бірнешесіне жауап  беру керек:

  • Лизинг объектісін лизинг алушының меншігіне аудару немесе лизинг алушыға берілген объектіні тұрақты бағамен меншігіне алуға құқығының берілуі лизинг келісімімен анықталады.
  • Лизингтің уақыт мерзімі лизинг объектісінің пайдалы уақытының 75%-нан асуы керек.
  • Лизингтік төлемдердің барлық лизинг уақытысындағы ағымдық құны берілетін лизинг объектісі құнының 90%-нан асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. ОТАНДЫҚ ЛИЗИНГ БИЗНЕСІНІҢ  ДАМУЫНЫҢ

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ

 

Дамыған мемлекеттердің жетекші  мамандарының пікірінше, бәсекелік  күресте ішкі сұранысы шетелдік емес, отандық тауар өндірушілердің өніміне  бағытталған мемлекеттер жеңіп  шығады. Бұл факт Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады, себебі мемлекеттің бүгінгі стратегиясы  өзінің отандық өндірушілерінің  экономикалық потенциалын көтеруге және мемлекеттің ішкі нарығында  өнімді өткізу масштабтарын үлкейтуге  бағытталған.

Информация о работе Лизингті дамыту-кәсіпорынның негізгі құралдары жаңарту формасы ретінде