Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 18:39, курсовая работа
Адамдар іс-әрекетінің көп түрлері жобаларды жүзеге асырумен байланысты, ал жобалаудың тарихы көптеген мыңжылдықтарды қамтиды.
“Жоба” ұғымы толық негізінде көптүрлі обьектілерге қолданыла алады. Мысалы, жоба ретінде, басқалардан өз миссиясы, масштабы, күрделілігі және т.б. ерекшеленетін, жаңа құрылыс немесе жаңартылып жатқан кәсіпорын бола алады.
ТДТ=∑Дi / (1+TIH) – K= 0
i-1
Жобадағы инвестициялар кезеңдер бойынша бөлінсе, ТІН есептеу үшін келесі теңдеу қолданылады:
n n n n
ТДТ=∑Дi / (1+TIH) – ∑Ki / (1+TIH) - 0
i-1 i-1
Егер ТІН шамасы оның берілген шектік шамасынан үлкен болса, жоба тиімді деп саналады. Кері жағдайда жобаны жүзеге асыру экономикалық мақсатсыз деп саналады.
ТІН көрсеткіштері жобалардың табыстылық дәрежесін бағалауды жоғарылатады, өйткені оны есептеудің сұлбасы оң ақша ағындарын, жобаның ТІН тең ставкасымен қайта инвестициялауды ұйғарды, бұл іс-жүзінде мүлдем кездеспейді. Мұндай кемшілігі жоқ көрсеткіш – табыстылықтың модификацияланған ішкі нормасы (Modified Internal Rate of Return – MIRR) – ТМІН, ол келесі теңдеудің көмегімен есептеледі:
n n n n
∑Ki / (1+TIH) = ∑Di / (1+r) /- (1+TMIH)
i-1 i-1
Шығындардың орнын толтырудың дисконтталған мерзімі (Payback Period – PP) келесі формуламен есептеледі:
n n n n
ШДМ =∑Ki / (1+r) / ∑Di / (1+r) .
i-0 i-0
Бұл көрсеткіш жобаны жүзеге асырудың басталуынан таза дисконтталған табыс оң болатын және өз мәнін жоба аяқталуына дейін өзгертпейтін кезеңге дейінгі уақыт кезеңін көрсетеді. Ол қосымша ретінде қолданылады да, таза дисконтталған табыс пен табыстылықтың ішкі нормасы көрсеткіштерін толықтырады.
Жоба тиімділігінің басқа да қосымша көрсеткіштері:
Жоғарыда
келтірілген жобалар
Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер: 3 нег. (52-63); 7 нег. (140-159), 8 нег. (130-146)
Қосымша әдебиеттер: 13 қос. (27-39)
Бақылау сұрақтары:
№11 дәріс тақырыбы. Жоба тәуекелдерін басқару.
Әрбір жобаға белгісіздік тән болады, өйткені жобалық іс-әрекет ешкім болжай алмайтын болашаққа бағытталған. Осы болашақтың белгісіздігі жобалық тәуекелдердің басты себебі болып табылады.
Тәукелдердің өте көп түрі бар, сондықтан оларды реттеу үшін оларды нақты белгілері бойынша топтайды.
Ішкі тәуекелдер – жоба қатысушыларының іс-әрекетіне тікелей қатысты тәуекелдер және олра жеткілікті дәрежеде басқарылады. Мұндай тәуекелдерге жобалық технологиялық, техникалы, ұйымдық және қаржылық тәуекелдер жатады.
Сыртқы тәуекелдер – жоба қатысушыларына тәуелсіз пайда болады және оның сыртқы ортасына тәуелді болады.
Сыртқы тәуекелдер болжанатын (бағалар, валюта курсының өзгерісі, бәсекелестіктің күшеюі және т.б.) және болжанбайтын (табиғи апаттар, басшылықтың ауысуы, қаржыландырудың тоқтатылуы, әлеуметтік және т.б.) деп бөлінеді.
Белгісіздік пен тәуекелдің жеткілікті жоғары дәрежесінде, оларды айқындау, жан-жақты бағалау мен жобаға теріс әсерін төмендету үшін жоба тәуекелдерін басқарудың арнайы әдістері қолданылады.
Тәуекелдерді басқару – тәуекелдік жағдайлардың басталуының теріс нәтижелерін минимизациялау және оң жақтарын максимизациялауға бағытталған, тәуекелдерді иднтификациялау мен талдаудың және шешімдер қабылдау үрдістерінің жиынтығы.
Көптеген басқарушылардың әдеттегі қатесі тәуекелдерін болжаудың мүмкіндігін теріске шығару. Сондықтан жиі тәуекелдерді басқаруды бар проблемаларды шешуге сәйкестіреді. Мұндай басқару реактивті болып табылады, өйткені шешім қабылдайтын тұлғалар «жағдайлар тізгінінде» жүреді. Олар болашақтағы әрекеттерге тәуекелдің қандай факторлары әсер ететіндігін, олардың қайсысы болжамды және қайсысы болжамсыз, теріс тәуекелдерді нейтралдау және басқарылатын жүйкенің жұмыс нәтижелеріне оң факторлардың әсерін күшейту сияқты жағдайларда ешқандай әрекет жасамайды.
Тәуекелдердің көп түрлерінің басталуы болжамды екенін және олармен байланысты проблемалардың пайда болуын болдырмау үшін мүмкін шараларды жасау керектігін ескерген жөн, ал егер пайда болса, тәуекел шығындарын минимизациялап, олардың жобаға теріс әсерінен сақтану қажет.
Жоба тәуекелдердің басқару – үздіксіз үрдіс, ол оның бүкіл өмірлік циклының бойында орындалуы қажет, яғни инициациядан кейін басталып, аяқталғанға дейін жалғасуы керек. Жоба алдындағы кезеңде тәуекелдердің пайда болу көздерін анықтау, оларды топтау және олардың мәнділігіне негізделген баға беру қажет.
Тәуекелдің деңгейі мен түріне, сонымен қатар жоба мәнділігінің дәрежесіне пара-пар болатын жоба тәуекелдерін басқарудың әдеттегі процедуралары келесідей:
1. Тәуекелді басқаруды жоспарлау – жоба тәуеклдерін басқару процедураларын ұйымдастыру, олардың кадрлық қамсыздануы, көбінесе артықшылығы бар әдістемені, тәуекелді идентификациялау үшін деректер көздерін, нақты жобаның тәуекелдерін талдау үшін уақыттық инервалды таңдау бойынша шешімдер қабылдау үрдісі.
2. Тәуекелдерді идентификациялау – жобаға әсер ететін тәуекелдерді анықтау және сипаттамалрын құжаттаудыңі итерационды үрдісі, ол жоба іс-әрекетінің түгел циклының бойында орындалады. Топтық жұмыс әдісіне (ми шабуылы, Дельфи әдісі және т.б.) негізделген бұл үрдісте жоба менеджерлері, заказ берушілер, пайдаланушылар мен тәуелсіз мамандар қатысады.
3. Тәуекелдерді сапалық бағалау – сапалық талдау және тәуекелдердің мәнділік дәрежесін анықтау, тез арада шешіді талап ететін тәуекелдерді айқындау үрдісі. Жобаның бүкіл өмірлік циклының бойында орындалатын осындай бағалау тәуекелдерге жауап қайтарудың дұрыс шешімін қабылдауға мүмкіндік береді.
4. Тәуекелдерді мөлшерлік бағалау – тәуекелдердің пайда болу ықтималдығын анықтау, тәуекел нәтижелерінің жобаға әсерін бағалау, қорытынды мақсатқа жету дәрежесін және жобаға қатысатын қорлардың ойда болмаған шығындарының деңгейіне әсер ету дәрежесін анықтау үрдісі.
5. Тәуекелдерге жауап қайтаруды жоспарлау – жобаға тәуекелдердің теріс әсерін төмендетудің әдістері мен технологиясын жасап шығару, осы әсерлерден қорғанудың барабар шараларын жасап шығару үрдісі.
6. Тәуекелдер мониторингі мен бақылау – тәуекелдердің идентификациясы мен бағалауын үздіксіз қадағалау, оларға жауап қайтару нәтижелерін құадағалау мен калдық тәуекелдерді айқындаудың үрдісі, ол тәуекелдің төмендеуі көзқарасынан тәуекелдерді басқару жоспарының орындалуы мен оның тиімділігін бағалауды қамтамасыз етеді.
Жоба тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін «антитәуекелдік» шаралардың тізіміне келесілер кіреді:
Кез-келген жобаның негізгі сипаттамалары оның ұзақтығы мен құны болып табылады, оларға көптегене белгісіз факторлардың әсерінен олар әдеттегі кездейсоқ шамалар болып табылады.
PERT – талдауды жүргізуде жоба ұзақтылығы нақти сандық шама ретінде емес, оның мүмкін мәндерінің диапозонында Х±t £ келтіріледі, мұндағы Х – жоба ұзақтылығының орташа (күтілетін) мәні, t – сенімділік коэффициенті, жоба ұзақтылығы берілген диапазондағы мәнге ие болатындығының менімділік ықтималдығына сәйкес келеді, £ жоба ұзақтылығының орташа квадраттық ауытқуы. Мысалы жоба ұзақтылығын бөлудің қалыпты заңы жайлы гипотезаны орындауда және t=2 болғанда, жоба аяқталуының нақты күні Х±2£ диапазонында 95% ықтималдықпен болады деп айтуға болады.
Х орташа мәні мен £ стандартты ауытқуы келесі формулаларды пайдаланумен есептелді: Х=(Х1+4*Х2+Х3)/6 және £=(Х3-Х1)/6, мұндағы Х1 – жоба ұзақтылығының оптимистік мәні, Х2 және Х3 – сараптық жолмен анықталған көбінесе ықтималды және пессимистік мәндері.
Осындай үш бағалауды (оптимистік, көбінесе ықтималды және пессимистік) әрбір жоба жұмысының орындалу ұзақтылығын, осы жұмыстардың құны мен жоба құнын анықтауды пайдалануға болады.
Кез-келген тәуекелді жоба жұмысты ретінде қарастыруға болады, ол оны орындау үрдісінде райда болуы да, пайда болмауы да мүмкін. Сондықтан әрбір тәуекелге оның пайда болуы ықтималдығының сәйкес нақты мәнін қою қажет. Егер тәуекел пайда болса, ол жұмысқа айналады, оған нақты ақша-қаражаттарының сомасын жұмсау қажет болады, бұл «тәуекелдің әрекеті» (impact) деп аталады.
Жоба тәуекелдерін талдау және мәні бойынша ранжирлеу үшін тәуекел әрекетінің күтілетін шамасы атты шама енгізіледі:
КШ=ықтималдық әрекет, (ақша бірл.)
Жоғарыда келтірілген шамалар көмегімен «көптік құндар сметасы» құралады.
Жоба құнының пессимистік мәні осы жобамен байланысты барық тәуекелдердің толық әрекетін есепке алғанда анықталады. Жоба құнының оптимистік мәні берілген жобаны онымен байланысты тәуекелдер мүлдем пайда болмайтын болжаммен есептеледі (тәуекел пайда болуының ықтималдығы=0).
Жоба құнының көбінесе ықтималды мәні, жобаны жүзеге асыру үрдісіне белгіленген тәуекелдер толық көлемде пайда болады, ал кейбір бөлігі мүлдем пайда болмайды немесе мүмкін жағдайда жойылады деген болжаммен есептеледі.
Жобаны жүзеге
асыру үрдісінде тәуекелдердің
бөлігі міндетті түрде толық немесе
бөлшектей көлемде пайда
Жобаны жүзеге асыру кезеңінде Есептелген құн жайлы есеп беру (earned value reports) құрастырылады. Есептелген құнның классикалық әдісінде «уақыт-ақша» екі шамалы кеңістігінде деректердің үш типіне сәйкес келетін үш графикті құрып талдайды.: АС – іс-жүзіндегі шығындар, PV – жоспарланған құн және EV – есептелген құн. АС іс-жүзіндегі шығындар мен EV – есептелген құн графиктері ағымды деректер негізінде салынады, ал PV жоспарланатын құн графигі жобаның бастапқы жоспарының деректері негізінде салынады.
Жобаны жүзеге
асыруда түрлі тәуекелдердің
бюджетке әсері іс-жүзіндегі
Жоба тәуекелінің
құндық сипатын есепке алу мен
басқарудан басқа, жоба кестесінің тәуекелдерін
есепке алу мен басқару қажет.
Егер жобаны орындау уақыты дұрыс
заң бойынша бөлінген болса, онда
жобаны орындау уақытының көбінесе
ықтималды мәніне сәйкес келетін
жобаның уақытында анықтау
Жобаның нақты ұзақтылығына тек шиеленісті жолдағы жұмыстардың кездейсоқ сипаты ғана емес, шиеленісті жол жұмыстарының алдындағы жобаның басқа да жұмыстары әсер ете алады. Бұл әсер Голдраттың шиеленістік тізбек теориясында есепке алынады, мұнда жобаның барлық шиеленісті емес жұмыстарын жоба жұмыстарының кіріс тізбектері түрінде келтіреді. Осындай әрбір тізбек үшін қосынды шама 2 – б есептеледі, мұндағы б - кіріс тізбегі жұмысының орындалу уақытының орташа квадраттық ауытқуы. Осыдан кейін кіріс тізбегінің барлық жұмыстарын, толық жобаның орындалу уақытын өзгертпей, олардың кеш басталуы мен аяқталуы күні бойынша жоспарлайды. Шиеленісті жолдың жұмыстарын орындау тәуекелін төмендету үшін, яғни түгел жобаның орындалу уақытын төмендету үшін, бөлінген уақыттық буфердің нақты бөлігін кіріс тізбегінің жұмыстарына жатқызады. Осының есебінен берілген уақытта жобаны орындамау тәуекелі төмендейді.
Тәуекелдерді
басқарудың әдістері мен құралдары
күрделі процедуралар мен математикалық
есептеулерді талап ететіні жайлы
қате пікір бар. Бірақ өте жиі
жоба тәуекелдерін сапалы талдаудың
қарапайым әдістемесін